Презентация по родному краю на тему Қазақстаң облыс орталығы

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ш.Уалиханов» орта мектеп.

Алматы облысы, Ұзынағаш аулы.

Биология пәнінін мұғалімі Калиева Г.Б.

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан облыс орталығы.

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен туған өлкеміздің қызықты жерлерін танысу, ойлау қабілетін дамыту.

Білімділік: Оқушыларды Қазақстан картамен, орналасқан жерімен, көлемімен, әр облыстың өз ерекшелігімен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, туған өлкеміздің сүйе білу.

Керекті құрал- жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік картасы, табиғат және әр облыстың орталығының слайдтар, пайдалы қазбалар.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақстанның аумағына неше мемлекет сыйып кетеді? (8)

Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы? (15000км)

Республикадағы ең төмен жер?(Қарақия ойпаты)

Республикадағы ең биік жер?(Хан тәңір шыңы)

Қазақстанда климаттық аймақтары қандай түрлері кездеседі?

(4шөл, шөлейт, орманды, дала)

ІІІ. Жаңа сабақ өту

Еліміздің бүкіл аумағы обылыстарға бөлінген. Қазақстанда 14 облыс бар. Облыстар белгіленген карта әкімшілік карта деп аталады. Әр облыстағы басты қала облыс орталығы арнайы белгімен белгіленген. Біздің отанымыздың елордасы Астана мен ерекше мәртебеге ие Алматы және картада белгіленген айырықша белгіленген қалалар.

Астана-елімнің бас қаласы!

Астана-ән қала,

Астана-сән қала!

Еліңмен егеменді өркендей бер,

Ақ қала, Aрман қала, Астана.

Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана. 1998 жылы 10 маусымда жана Астананың тұсаукесері болып өтті. 1998 жылы 6 мамыр күні Ақмола қаласы Астанадеп атауға жарлық шығарды.

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы

Ақ басты тауы бар-Алматы қаласы.

Ақындар ағасы-тұр Абай дарасы.

Көшесі көрікті-Алматы қаласы.

Кешкілік қарашы,

Шамдарын санашы.

Қызылды жасылды-Алматы қаласы.

Қосылған әнге аты,

Өшпейді мәнгі аты

Жанатты жерімнің-Алматы қаласы!

C. Оспанов.

Әр ауылды-ән отау

Жетісу-жер жанатты

Асқарлы Алатау

Құшағында-Алматы.

Келесі облысы Оңтүстік Қазақстан. Түркістанның ірге көтергеніне мың жарым жылдан асты. Қалада кезінде көптеген ұлы ғұламалар мен ақындар өмір сүрген.

Қазіргі күндері ғалымдар мен қайта қалпына келтіріп жөндеу шеберлері өткен мыңжылдық басында салынған ғимараттардың кей бөліктерін жаңғырта алды. Олардың әсемділігі мен ортағасырлық ұлылығы қазіргі күндері ғалымдар мен қайта қалпына келтіріп жөндеу шеберлері өткен мыңжылдық басында салынған ғимараттардың кей бөлектерін жанғырта алды. Олардың әсемдігі мен ортағасырлық ұлылығы қазіргі заман адамдарының өзін таңгалдырады. Мұсылман әулиелері мәңгі тыншыған мазары көп Туркистанды жұрт екінші Мекке деп санайды.

Әр облыстың өз ерекшелігі бар. Басты қаласы Ақтау болып табылатын Маңгыстау облысы Каспий теңізінен әнгілі.

Кеше батпақ құба шөл

Маңғыстаудың даласы

Бұгін байлық тұмасы ол.

Батыс Қазақстан облысы мұнай мен газ қорына бай. Облыстың басты қаласы Орал. Бұл қала тарихи оқиғаларымен әйгілі. Қалада көптеген музей бар. Мұнда Александр Сергеевич Пушкин болған.

Актөбе облысы фосфорит, хром, никель сияқты пайдалы қазбаларға бай.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары астықты алқапқа жатады. Көкшетау облысы шипайжайларымен, демалыс орындарымен, балаларды сауқтыру мекемелерімен әйгілі. Демалушылар ондағы таза көлдер, орман жидектері мен саңырауқұлақтарға бай қарағайлы ормандарды тамашалай алады.

Қазақстан туған Отан алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан көпте көрген қария,

Қазақстан мейірлі ана, дос қымбат.

Қазақстан бізді туған Ұлы Отан,

Жайнай берсін, жайнай бер сін мәңгілік!

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Егер сенің қолында сиқырлы таяқ болса, елемізге, жерімізге қандай жақсылық жасап, қандай көмек көрсетер едіндер?

Ү. Қорытынды.

Қазақстанда неше облыс бар? Оларды ата.

Қазақстанды облыстары белгіленген карта қалай аталады?

Әр облыстың шаруашылық ерекшелігін айт?

ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Ұй тапсырма. Әр облыстарының мақаланы жазып келініз.

© 2010-2022