Сабақ жостары Жер асты сулары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жер асты сулары.
Сабақтың мақсаты: жер асты суының пайда болуы және оның шаруашылықтағы маңызын түсіндіру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ақылды тақта, қосымша дәптер.т.б.
Әдіс-тәсілдер: топтық, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, мадақтау.
Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.психологиялық жаттығу.

Мұғалімнің сұрағы,оқушының жауабы.

Әрбір адам?досым,сыныптасым.

Әрбір сабақ?үйрену,оқу,іздену.

Әрбір ісің?тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің?шындық,бірлік,адалдық.

3.үй жұмысын тексеру.

Адасқан әріптерден сөз құра.

Тұбл(бұлт)осы сөзден кейін оқушылар сабақ айта бастайды.

Мақал-мәтелге назар аударайық.

Жаңбыр-жауса жер ырысы.осы мақалдың мағынасын ашу.

Жауын-шашын туралы сабақ айтылады.

Жұмбақты шешу.

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.(су)

Жаңа сабақ

Бүгін «жер асты сулары» деген тақырыппен танысамыз ,онда жер асты суының пайда болуы және оның шаруашылыққа пайдасымен танысамыз, құдықтың түрлерімен танысамыз, адамның тіршілік ету барысындағы жер асты суының маңызы туралы айтамыз.Оқушылар айтады мақсатын айтады.

Қалай ойлайсыңдар.Жер асты сулары қалай қалыптасады?

Суды қалай аламыз?

Ауылдағы адамдар суды қайдан алады?

Оқулықпен жұмыс жасайды.Оқулықты оқиды.

Бөлімдерге бөліп оқу.талданады.

Тапсырмалар беріледі.

  • 1 топ:

  • Жер асты сулары туралы аңыз.

  • Курортты аймақтардың атына байланысты ребус шешу.

  • 2 топ:

  • "Теңіз тамшыдан құралады" тақырыбына салынған суретті қорғау.

  • "Су - тіршілік көзі" тақырыбына эссе.

  • EXPO 2017 "Болашақ қуаты"

  • 3 топ:

  • Минералды сулардың адам ағзасына пайдасы.

  • "Ақбұлақ" программасы (ауылдағы ауыз су мәселесін шешу)

Қорытынды

1деңгей: динамикалық диктант.бұл тапсырмада оқушылар тек қана қосу мен алу таңбасымен белгілейді.

Суды жақсы өткізетін

құм

+

малтатас

+

саз

-

Судың күйін белгіле

сұйық

+

тас

-

бу

+

Су өткізбейтін қабат

Гранит

+

Қатты тау жыныстары

+

қиыршықтас

-

2деңгей : биологиялық диктант.

Жер асты суларының негізгі көзі жауын- шашын…………… суы.

Топырақтағы еріген минералды заттары бар суды……….тамыры арқылы сіңіріп,жапырағы арқылы буландырады.

Топырақ қабатынан өткен……….сүзіліп тазарады.

Терең қабаттарға жиналған жер асты суын……..қазу арқылы пайдаланады.

Керек сөздер:қар,өсімдік,су,құдық.

мен үшін қызық!

Бір терек өзі жазда 2000 литр суды тамыры арқылы сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады.

Оқушыларға сұрақ қойылып мадақтап, бағалаймын.

Я, Конкабаева Орынкуль. У меня пятеро детей. У меня 30 лет стаж работы. В этот 30 лет я увидела многое. Я поняло что, быть учителем, это не просто преподавать детям, и еще воспитыватьи быть психологом. Жизнь в школе и трудно, и иногда легко, а иногда даже слишком устаем. Но этот жизнью я живу. И я горжусь этим. "Посредственный учитель излагает. Хороший учитель объясняет. Выдающийся учитель показывает. Великий учитель вдохновляет". Это мое кредо.

© 2010-2022