Разработка по географии на тему Қайталау сайыс сабағы 6-класс

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Атмосфералық қысым

Мақсаты:

Білімділік: Атмосфералық қысым туралы толық мәлімет беру, атмосфера қабаты туралы түсініктерді жалғастыра отырып, ауа салмағын, ауа қысымының әр түрлі болу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Ауа қысымын өлшейтін құралдармен таныстырып, оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ;

Құрал-жабдықтар: бейнетізбек, электронды оқулық, слайд, суреттер

Негізгі ұғымдар: атмосфералық қысым, қалыпты атмосфералық қысым, барометр, сынап барометрі, анероид барометр

Пәнаралық байланыс: физика, қазақ тілі

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеп, назарларын сабаққа аудару;

2. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

Жаңа сабаққа көшу үшін кіріспе сұрақтары қойылады.

1) Атмосфера туралы не білесіңдер?

2) Жердің сыртқы қабаттарын ата.

3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсірді. Орта бойлы адамға шамамен 15000см -дей салмақ түсіреді екен. Сонда оған түсетін қысым 15500кг немесе 15 тоннадан астам болады. Адамның алақаны шамамен 150см ауа оған 150 кг салмақ қысым түсіреді. Бұл ересек екі адамның салмағы деген сөз. Біз мұндай қысымды сезбейміз, өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе тең келеді.

Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр - анероидпен өлшейді.

Қысымның биіктік бойынша өзгеруі. Ауаның негізгі салмағы төменгі, жер бетіне таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5кг биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, ал 15 км ден жоғарыдағы қабатына оның 0, 1 бөлігі тиеді.

Биіктік артқан сайын ауа қысымы азая береді. 100 км биіктікке көтерілгенде қысым жербетіндегімен салыстырғанда миллион есе азаяды. 100 км ден биіктегі құралмен өлшеу қиын сондықтан үлкен биіктіктегі атмосфералық қысым ауа температурасының және тығыздығының таралуына орай есептеу жолымен анықталады.

Тапсырмалар

А)Терминдерді жазып ал.

- Барометр - атмосфералық қысымды өлшейтін құрал (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін) Барометрдің екі түрі болады: сынап барометрі және анероид барометр (анероид - грекше ылғалсыз) қолданылады. Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллибар (мб) өлшемі қолданылады.

- Скафандр - ғарышкерлер жеке басын қорғайтын киім;

Разработка по географии на тему Қайталау сайыс сабағы 6-класс Разработка по географии на тему Қайталау сайыс сабағы 6-класс

Бейнебаянда берілген тәжірибені қарау және тәжірибе жасау.

  • Үстелдің үстіне шетін онымен бірдей етіп газет жаямыз. Оның астына орта тұсына келетіндей етіп кәдімгі ағаш сызғыш немесе фанера коямыз. Фанераның ені 2-3 см, ал ұзындығы 50-60 см үстелдің шетінен шығып тұрсын. Енді фанераның шетіне үстінен жұдырықпен қойып қаламыз. Қағаз орнынан қозғалмағанын байқаймыз.фанерамыз опырылып сынып кетті. Бұған себеп фанераға тиген соққы тек оның үстіндегі газеттің салмағы ғана емес, сонымен бірге оны басып тұрған ауаның салмағы қарсылық жасады. Газеттің жалпы ұзындығы 60см, ені 42 см, сонда 2520 шаршы см шығады. Сонда 2520 тонна ауа қысым жасайды.


  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

  • Тест сұрақтары

1. Атмосфералық қысым дегеніміз не?

а) ауаның атмосфераға түсірген салмағы;ә) ауаның жер бетіне түсірген салмағы; б) ауаның температураға түсірген салмағы

2.Атмосфералық қысымды адам сезе ме?

а) сезеді; ә) сезбейді; б) мүлдем сезбейді

3. Қалыпты атмосфералық қысымның шамасы

а) 750; ә) 760; б)770;

4. Барометрдің неше түрі бар?

а) 4; ә) 3; б)2;

5.Топсеруенге шыққанда ауа қысымын өлшеуге қандай барометр түрі қолданылады?

а) анероид; ә) сынап барометрі; б) екеуі де;


  1. Сабақты қорытындылау кезеңі

Есте сақта!

  • атмосфералық қысым тек биіктік бойынша емес, сонымен бірге ауа-райы жағдайына байланысты да өзгереді.

  1. Бағалау кезеңі.

Сабаққа қатысқан оқушыларды марапаттап бағалаймын және тест сұрақтарының жауабын да ескеремін.

  1. Үйге тапсырма беру кезеңі

§25. Атмосфералық қысым туралы БАҚ-нан мәлімет


© 2010-2022