Презентация по географий на тему Строение Земли (10 класс)

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 «А» сынып

Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері

Сабақтың тақырыбы:

Жердің құрылысы

Сабақтың мақсаты:

А)Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұратынын, олардың өзара байланысы, жер қыртысы мен литосфералық тақталар туралы білімді кеңейту және бекіту.

Ә)Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Б)Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Нәтижесі

Жер ішкі құрылысы туралы түсініктерін кеңейтіп жер құрылысы туралы толық ақпарат алады.

Сабақтың әдіс - тәсілі:

пікірталас, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:

интерактивті тақта, оқулық, карта, атлас.

Қызығушылығын арттыру

Бейнефильм

Жаңа сабақ:

Жердің құрылысы

Кезең

Сабақтың өту барысы

Оқушының іс-әрекеті

Білім

Ең алдымен мұғалім балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды қояды.

1. Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады?

2. Жер қыртысы дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

3. Литосфераалық тақталар дегеніміз не?

4. Жер қыртысын қандай тау жыныстары құрайды?

Сосын дәптерлер мен кескін карталарын тексереді де, жылу белдеулерді картадан көрсетіңдер деп тақта алдына балаларды шығарады.

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.

Түсіну

Ең алдымен мұғалім жердің ішкі құрылысы суретін сызғызады және жердің ішкі қабаттарын (ядро, мантия, жер қыртысы) атайды. Сосын жер қыртысын құрайтын әр түрлі агрегаттық күйдегі минералдар жиынтығының тұрақты құрамын тау жыныстары құрайтынын айтады. Сосын балаларға тау жыныстар мен минералдардің бір-бірінен айырмашылығы неде деп сұрайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.


Қолдану

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі тапсырмаларды береді.

1. Келесі жоспар бойынша жер қыртысы туралы әңгімелеңдер: а) қабықтарының аты; ә) неден түзілгені;

б) шамамен алғандағы қалыңдығы

2. Литосфера деген не?

3. Оқулық мәтінін пайдаланып төмендегі кестені толтыру:

Магмалық жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфты жыныстар

органикалық

химиялық

кесек

















Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.

Жинақтау (синтез.)

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Бағалау

Оқушылардың сабақ соңындағы түйін сөзі.

Формативті бағалау.

Үйге тапсырма:Жердің құрылысы

Пән мұғалімі: Естемесов Т.Т

Тексерген:


© 2010-2022