Урок на тему Әлемді география мен таны

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

09.01.16ж

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оңтүстік Американың географиялық орына, зерттелу тарихына сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.Дамытушылық: оқыту барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың бесенділігін, қызығуын арттыру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: "Кім көп біледі?""Сен-маған, мен-саған" ойындары, сәйкестендіру тесті, географиялық диктант.
Сабақтың көрнектілігі: дүние жүзінің және Оңтүстік Американың физикалық карталары.
Сабақтың барысы:I.Қызығушылықты ояту кезеңі.
"Кім көп біледі?" ойыны - оқушыларға Оңтүстік Америка аясында сұрақтар беріледі:
1. Оңтүстік Америка жер көлемі жөнінен нешінші орын алады?(4)
2. Қандай ежелгі материктің қалдығы?(Гондвана)
3. Ең биік тауы?(Анды)
4. Ең үлкен өзені?(Амазонка)
"Сен-маған, мен-саған" ойыны - оқыушылар бір-біріне сұрақ қояды.
1.Оңтүстік жарты шар материктерін ата?( Оңтүстік Америка,Антрактида,Аустралия )
2. Оңтүстік жарты шар материктеріндегі жел бедерінің қандай түрі басым?(Жазықтар)
3. Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді?(Солтүстік Америка)
II.Мағынаны тану кезеңі. Сабақтың бұл кезеңінде жаңа материалдарды меңгеру жүзеге асырылады.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Оңтүстік Американың географиялық орны.
2. Жағалаудағы мұхиттар мен теңіздер.
3. Зерттелу тарихы.
1.Жер көлемі 18,3 млн км2, аралдардың ең ірісі - Отты жер аралы. Су мол өзен -Амазонка. Ең биік сарқырамасы - Анхель сарқырамасы. Аса ірі тау жүйесі - Анд таулары.Жер шарындағы ең ылғалды, ең жасыл материк. Ең биік нүктесі - Аконкагуа 6960м, ең томен нүктесі - Валдес түбегінде -40м.
2.Материктің батысын - Тынық мұхиты, шығыс жағалауларын - Атлант мұхитының сулары шайып жатыр, солтүстік жағалауын - Кариб теңізі шайып жатыр.
Перуана суық ағысы, Эль-Ниньо жылы ағысы, Фолкленд суық ағысы.
3.Христофор Колумб - Орталық Америка аралдарын, Саргасс теңізін, Ариноко өзені 1498 жылы зерттеді.
Америго Веспучи - 1499 жылы Амазонка сағасын, 1501 жылы Бразилия жағалауына саяхат жасады.
Фернан Магеллан-Оңтүстіктегі бұғазы арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен.
Александр Гумбольдт Бонпланмен бірігіп Оңтүстік Америка табиғатын зерттеген.
А.И.Ваейков материктің климатын зерттеген.
Н.И.Вавлов егіншілік орталықтарын анықтаған. Мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтығ отаны екенің дәлелдеген.
III.Ой толғаныс сабақты бекіту кезеңі.
1-тапсырма.Шеткі нүктелері бойынша сәйкестендіру.
1.Солтүстігінде а) Кабу-Бранку м.
2.Оңтүстігінде б ) Париньяс м.
3.Батысында в) Гальнас м.
4. Шығысында г) Фроуард м.
2-тапсырма.
Географиялық диктант.
Оңтүстік Америка жерінің ауданы жөнінен _________ материк. Тілдік ерекшелігіне қарай материикті Орталық Америкамен қосып, ___________ деп атайды. Материктің батысын ____________ мұхитының сулары шайып жатыр. Материктің ең биік нүктесі ______________,______________ түбегінде материктің ең томенгі нүктесі орналасқан.
Керекті сөздер: Латын Америкасы, төртінші, Аконкагуа, Тынық, Атлант,Валдес
3-тапсырма.
Зерттелу тарихы. Кесте толтыру.
Зерттелуі Уақыты Қай жерлерді зерттеді?

4-тапсырма.
Картамен жұмыс. Кесікн картаға материктің шеткі нүктелірің, жағалауындағы мұхиттарды түсіру.
IV Ой қорыту кезеңі.
Сиқырлы сандық. Сиқырлы сандарды алып оларға сипаттама беріп, ой қорыту .
18,3 млн км2 ,41054 м, 4, 9000 км, 6960 м, -40 м, 1498 жыл, 1499 жыл, 1874 , 1932-33, XVI ғасыр.
V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: "Оңтүстік Американың физикалық географиялық орны мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі" оқу.

















Тақырып:Әлемді география мен таны

Мақсаты:Екі топтың Африка елдерінің халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін туғызу.География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту,оқушыларды ұйымшылдыққа , достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу

.Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд

.Өткізілу түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:Оқушыларды сабаққа дайындау,топқа бөлу

Мұғаләмнің сөзі:Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі география пәнінен 7 «Ә» сынып оқушыларының арасындағы өткізгеліп отырған «Әлемді география мен таны» сайысына қош келдіңіздер.

Мен Африка! Қос мұхит арасында Белімді экватор кескен құрлықпын.

Еуропадан үш есе құрлықпын Маймыл, піл,жираф,зебра мекен ет

Түп атым «Еуразия»тайпасында, кен.Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын-дей отырып жарысымызды бастаймыз.

І-топ Танганика ІІ-топ Виктория

Жүргізуші: -Ал енді сайысымызды бастайық! Сайыстың жоспарымен таныс болайық

1.Топтардың өзін таныстыруы.

2.Капитандар сайысы. «Блиц турнир»

3.Бұл кім?Бұл не?

4.Артық сөзді табу

5.Сәтті сапар

6.Бұл қай ел?

7.Бейне сұрақ

8.Қорытынды.Марапаттау

1.Оқу ісінің меңгерушісі Алимова Құралай Айдаровна

2.География пәні мұғалімі:Рақым Жаңыл

3.Биология пәні мұғалімі:Дәкей Гүлсім

1-кезеңі Топтар өздерін таныстыру

Урок на тему Әлемді география мен таны

2-ші кезеңі. «Капитандар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.

І-топ 1.Дүниежүзінде қанша материк бар?

2.Африканың солтүстігіндегі шеткі нүктесі

3.Африканың биік тауы

4.Африка неше климаттық белдеу бар?

5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы 11022м)

ІІ-топ.1.Дүниежүзінде неше мұхит бар?

2.Африканың батысындағы шеткі нүктесі

3.Виктория сарқырамасын кім ашты?

4.Африканың теңіз деңгейінен ең төмен жері

5.Африкадағы қалдық көл?

3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»

Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау

Секретарь-Жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі жыртқыш құс

Уэд - (кеуіп қалған өзен арналары)

Самум - Шаң мен құмды боратып , аңызақ құрғақ жел

Шұрат- шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында қалыптасады

Хамада -Үгілу әсеріне тау жыныстары қиыршық тастарға айналған тасты шөлдер

Цеце- Адамдармен жануарларға ұйқы ауруын жұқтыратын шыбын

Урок на тему Әлемді география мен таны

4-кезең. «Артық сөзді табу» Сөздер беріледі артығын табу керек

1.Африка ,Мадагаскар,Камея,Маракко, Грекия

2,Замбези,Нигер, Ніл, Конго,Виктория

3. Айдахар, Қап, Атлас,Дарфур,Қырым

4.Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек

5.Сахара, Намиб, Калахари,Атакама

5-кезең. «Сәтті сапар» Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттің халқы ,халқының саны,жер аумағын атау қажет.

I-топ. Алжир,Нигерия, ОАР,Эфиопия,Лифия

II-топ.Египет, Чад,Ангола,Мадагаскар,Маракко

Жауабы:Алжир Халық Демографиялық Республика, ауданы- 2,42 млн км кв,халқы-14,9 млн адам.Халқының 99 пайызы мұсылман суниттерді құрайды.Мемлекет тілі -араб тілі.Астанасы-Алжир.

Нигерия Федерациялық Республика. 923768 мың км кв,Халқы 174,5 млн,ресми тілі-ағылшын тілі, халқының 50 пайызы мұсылмандар,40 пайызы христиандар.Астанасы -Абуджа,ақша бірлігі-найра.

ОАР-сы көп ұлтты мемлекет. Халқы-48 601 098 адам.астанасы-Претория.

Эфиопия Федерактивтік Республика аумағы-1 127 127 км кв,Халқы-59,1 млн адам.Гректер, армяндар,арабтар,үндістандықтар,тәжікстандықтардың халықтары тұрады.50 пайызына жуықы мұсылмандар, 45 пайызы хрестиандар,қалған 1 пайызы басқа дін.Астанасы -Адес-Абеба ,Ақша бірлігі-быр.

Либия аумағы-176 млн км кв,халқы-5,4 адам,негізі халқы арабтар, бермерлер, гректер,түріктер, үнділер.Астанасы-Каир

II-топ.Египет-98 пайызы -арабтар.халқы-70,5млн адам.Тұрғындардың 98 пайызы -шаруалар, ресми тілі -арабтар.

Чад Республикасы,астанасы-Нджамена, ауданы-1,284 000км кв.халқы-8 707 078 адам,1км кв жерге 4,8 адамнан тура келеді.Ресми тілі-француз,араб тілдері.

АнголаРеспубликасы,ауданы124,7 мың км кв,халқы-16 млн адам, астанасы-Луанда.Мемлекеттік тілі-партугал тілі.

Мадагаскар Республикасы. Ауданы -5 870 41км кв халқы-16,4 млн адам,негізгі тұрғындары малагасилер 98пайызы,астанасы-Антананариву,мемлекеттік тілі-малагаси тілі,француз тілі

Маракко Корольдығы ауданы-446,5мың км кв,халқы -30,1млн адам, мемлекеттік тілі-араб тілі, француз тілі,астанасы-Рабат

6-кезең. «Бұл қай ел?» 1-топ

Бұл Еуразия материгінде ,Орталық Азия бөлігінде орналасқан.Көлемі бойынша төртінші орын алады.Ол бес мемлекетпен шектеседі.Жер бедері алуан түрлі болып келеді.Оның теніз деңгейінен биік түктесі -6995 м. Климаты қоңыржай белдеуде континентті құрғақ болып келеді.Тілі-түркі тілдес елдерге жатады.Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Қазақстан)

2-топ Дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет.Жерінің 97 % Азияда,ал 3% Еуропада жатыр.Солтүстігінде Қара теңіз,батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңіз сулары шайып жатыр.Халықаралық туризм өте жақсы дамыған. Бұл қай мемлекет туралы айтылып отыр? (Туркия)

Урок на тему Әлемді география мен таны

7-кезең. «Бейне сұрақ»

Биология мұғалімі: «Африканың солтүстік бөлігінде болып 6000-нан астам мәдени өсімдіктерді ,Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны екенін дәлелдеген орыс ғалымы».

Жауабы (Н.И.Вавилов)

Қазақтілі пән мұғалімі: « Оңтүстік Африканы батыстан-шығысқа қарай Замбези өзенін, Замбези өзенінің бойындағы Виктория сарқырамасын ашқан кім»? Жауабы:Ағылшын ғалымы Давид Ливингстон

Қорытынды.Марапаттау

Әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды



© 2010-2022