Ашық сабақ географиядан Солтүстік Қазақ жазығы аймағы 8 сынып

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сол

8 сынып География

Сабақ тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы аймағы

Сабақтың мақсаты:

- Оқушылар Солтүстік Қазақ жазығы аймағы тақырыбымен оқып танысады.Тақырып бойынша тірек-сызба жасап,бір-біріне түсіндіреді.

-Жұмыс жасау барысында өзара сыйластық сезімдері артады.

-Өзіндігінен жұмыс жасау арқылы шығармашылық ізденісі үстінде болады.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

-Оқушылар Солтүстік Қазақ жазығы жайлы оқып мағлұмат алады.Жазыққа географиялық тұрғыдан сипаттама бере алады.

-Тақырып бойынша өз білімін және бір-бірінің білімін бағалайды.

Сабақ түрі: интербелсенді

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:

Диалог,ой тастау,пікірлерді жүйелеу,тірек сызба жасау,ой тұжырымдау т.б.

Сабаққа қажетті ресурстар:

Маркерлер,стикерлер, А3формат қағазы,Қазақстанның физикалық картасы,

Атлас т.б.

Пәнаралық байланыс:тарих, Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.

Жағымды орта қалыптасады. «Жеміс-жидектер»дүкені.

Оқушылар айнала отырады.Әр түрлі жеміс-жидек суреттері таратылады.Жүргізуші дүкенге келіп,қандай жемістер алғысы келетінін айтқан кезде олар орын ауыстыру керек. Сол кезде босаған орындардың біріне жүргізуші отырып үлгеруі керек.Кім бос қалса сол ойынды әрі қарай жалғастырады.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Дәптерге орындалған тапсырманы тескерген соң, өткен сабақты бекіту мақсатында «сөйлемді аяқтап жаз» тапсырмасын орындату.

1.Тұран жазығы алып жатыр-( Батыстан шығысқа дейінгі үлкен аумақты)

2.Тұран жазығына кіреді- (Маңғыстау облысының жартасы,Үстірт,Торғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Мойынқұм,Балқаш-Алакөл аймағы)

3.Тұран жазығында көп кездесетін пайдалы қазбалар-мұнай мен газ,құрылыс материалдары,ас тұзы,сода)

4.Қаңтардың орташа температурасы- ( с-18,-19 ,о -5, -7)

Шілденің орташа температурасы- (+22,+23 )

5.Шауын-шашын мөлшері- (80-100)

6.Тұран жазығының ірі өзендері-(Сырдария,Шу, Талас,Іле)

7.Тұран жазығының шаруашылық маңызы- (мал шаруашылығына қолайлы)

8.Тұран жазығындағы қорықтар- (Барсакелмес,Үстірт)

Ауызша талдай отырып оқушылар бір-бірінің жұмысын тескеріп, бағалайды.

Бағалау критериі тақтаға жазылып қойылады:

7,8 дұрыс жауап-5 5,6 дұрыс жауап-4 3-4 дұрыс жауап-3

Жаңа сабақ: Ойтүрткі.

- Еліміздің аумағын қанша географиялық аймаққа бөлеміз?

-Біз қай аймақта тұрамыз ?

-Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабағымыз еліміздің қай аймағы туралы болмақ?

Иә,сабағымыздың тақырыбы: «Солтүстік Қазақ жазығы аймағы»

-Бұл тақырыпты оқуда алдымызға қандай мақсат қоямыз?

-Сабақ соңында нені біліп шығуымыз керек?

Оқушылар айтқан бірнеше критерииді тақтаға жазып қою керек.

Табыс критерииі:

-Солтүстік Қазақ жазығын картадан көрсете алу.

-Жазыққа географиялық тұрғыдан сипаттама беру.

-Тақырып бойынша өз білімін және сыныптастарын бағалай алу.

Жаңа сабақты оқып игеру үшін «Солтүстік Қазақ жазығына галлереялық саяхат» жасаймыз.

(Егер оқушылар көп болса 4 топқа бөлуге болады.)

Оқушыларға тақырып бөлініп беріледі.Әр оқушы өз тақырыпшасымен жұмыс жасап, постерге тірек-сызба немесе кластер жасайды.Жасалған постерлер айнала ілініп қойылады.

Оқушылар айнала саяхат жасайды,әр оқушы өз постерін таныстырып отырады.Сөйтіп оқушылар тақырыппен толық танысып шығады.

Әр оқушыға бағыт-бағдар беріп,қосымша сұрақтар қойып отырамын.

1-оқушы

Географиялық орны.Жер бедері мен геологиялық құрылысы.

2-оқушы

Ішкі ерекшеліктері.Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөліктері

3-оқушы

Пайдалы қазбалары,климаты,өзендері мен көлдері

4-оқушы

Өсімдіктері,жануарлары

Әр оқушы атласты,картаны пайдаланады.

Жасалған постер үшін бір баға,түсіндіргені үшін бір баға.

Әр оқушының постерінің жанында стикер жабыстырылыр тұрады,оқушылар сол стикерге түсіндірген оқушыға баға қойып кетеді.

Әр оқушы түсіндірген соң,басқа оқушылардан не түсінгендері жайлы сұрап отыру.

Қорытынды:

Сонымен,сабағымыздың мақсатына жеттік пе?

Солтүстік Қазақ жазығы жайлы не білдік, өзіміздің бүгінгі тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенімізді тексеру үшін шағын тест орындайық.

1.Солтүстік қазақ жазығы Қазақстанның мына аймағында орналасқан:

А.Оңтүстікте В.Шығыста С.Батыста Д. Солтүстікте

2.Солтүстік қазақ жазығының қазіргі жер бедері қалыптасқан дәуір:

А.Кайнозой В.Мезазой С.Архей Д.Полезой

3.Жазықтың жер бедері негізінен:

А.Таулы В. Таулы-үстіртті С. Жазық Д.Ойлы

4.Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік қазақ жазығы ауданға бөлінеді:

А. 3 В. 2 С. 5 Д. 4

5.Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары дұрыс көрсетілген тізімді көрсет:

А. Темір,никель,көмір,уран,хромит В. Мұнай,газ,көмір

С. Алтын,мыс,күміс Д. Мұнай,алтын,боксит

6.Жазықтағы шілденің орташа температурасы:

А. +15, +19 градус В. +18, +20 градус

С. +12, +18 градус Д. +10, +20грдус

7.Жазықтың негізгі өзені:

А. Әйет В. Шідерті С. Ертіс Д.Обаған

8.Солтүстік қазақ жазығының орманында өсетін ағаштар:

А.Шырша,емен В.Қайың,көктерек С.Қайың, шырша Д.Балқарағай,шырша

9.Жазықтағы қызыл кітапқа енген жануар:

А. Орман сусары В.Елік С.Түлкі Д.Сілеусін

10.Жазықта орналасқан қорық:

А. Ақсу-Жабағылы В.Наурызым С.Қорғалжың Д. Барсакелмес

Жауабы: 1-Д 2-А 3-С 4-Д 5-А 6-В 7-С 8-В 9-А 10-В

Жауабы тақтаға ілініп,оқушылар бір-бірінің жұмысын ауысып тексеріп бағалайды.

9,10-5 7,8-4 5,6-3

Бағалау: Қорытынды баға шығарады:

Бағалау парағы:

Аты-жөні

Үй

жұмысы

Постер үшін

Түсіндірген үшін

Қорытынды

тест

Қорытынды баға




Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек»

Әр оқушы бүгінгі сабақта өзіне ұнаған екі жағдайды және бір тілегін айтады.

Үйге тапсырма:

1.Солтүстік Қазақ жазығының аудандары бойынша кесте жасау.

2.Атласқа Солтүстік қазақ жазығын түсіру.





© 2010-2022