География пәнінен үйірме жоспары Жаратылыстану жұмбақтары

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№2 ЖОББМГ




«Жаратылыстану жұмбақтыры» бағдарламасы

5 класқа арналған















Ақтөбе 2015 жыл

Бағдарлама негізі: Абдиманапов Б.Ш., Прищепина А.В., Фокина Л.М., Абулгазиев А. «Жаратылыстану», Лавров С.Б., Гладкий Ю.Н. "Глобальная география" еңбектеріне сүйене отырып Каренова Б.С. №2 ЖОББМГ мұғалімі жасақтаған «Жаратылыстану жұмбақтары» бағдарламасы.

Құрастырған: география пәнінің мұғалімі

Каренова Ботакоз Сериковна

«Жаратылыстану жұмбақтары» атты бағдарлама №2 ЖОББМГ- ның әдістемелік кеңес отырысында талқыланды.

Хаттама №______ «____» ___________2015 жыл





Мектеп директоры Данишева С.Ш.




























№2 жалпы орта білім беретің мектеп гимназиясының география пәнінің мұғалімі

Б.С. Каренованың

«Жаратылыстану жұмбақтары» атты бағдарламасына



Пікір

5 - сыныпқа арналған «Жаратылыстану жұмбақтары» бағдарламасы оқушылардың білімін тереңдетіп, таным - белсенділіктерін арттырады. Негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгертеді. Күнделікті өмірге қажетті бағыт пен мәдениеттілікті, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты арттырады.

Бағдарлама оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық белсенділіктерін дамытады. Зерттеушілік қабілетін дамыту, практикалық іс - қабілетін дамытуға және оны өміршен етуге баулиды. Оқулық көлемінде игерген дағдыларын одан әрі жетілдіріп, оқушы сыныпта үйренген білімдерін күнделікті өз өмірімен, әс - әрекетімен ұштастырып, өз ойын еркін жеткізе алатын қабілеттерін арттыруға талаптандырады.

«Жаратылыстану жұмбақтары» типтік бағдарламасы Жер ғаламшары және оның табиғаты жайлы негізгі ғылыми түсініктерін қалыптастырады. Оқушылардың алған білімдерін нығайтуға, білімдерін қайталауға тигізер көмегі мол.


Мектеп әдіскері: Утянова Р.Н.




Түсінік хат


Бұл бағдарлама жаратылыстанудан өтіліп жатқан материалдарды нақтылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында орта мектепте мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып 5 класқа «Жаратылыстану жұмбақтары» тақырыптарында арнайы курс бағдарламасы 3 жылға жасалынды.

«Жаратылыстану жұмбақтары» бағдарламасы 5 класқа қосымша оқытуға арналған. Қазіргі еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайындағы жаңалықтар мен өзгерістерді терең меңгеру оқушыдан үлкен білімділікті талап етіп отырғаны белгілі. Сондықтан бұл бағдарлама оқушыға мемлекеттік стандартқа сай білім алу деңгейін қамтамасыз ете отырып, кең көлемде жаратылыстану мәліметтерін меңгерту негізінде құрастырылған.

Бағдарламаның жылдық сағат саны 34, аптасына 1сағат. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады. Осыған орай түрлі сұрақтар мен тапсырмалар, әңгіме , пікірлесу, шолу дәріс, саяхат сабақтар оқытудың теориялық бөліммен қатар практикалық жағы да қарастырылған.

Бағдарламаның өзектілігі: Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы жас ұрпақ. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім оқушылардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс-әрекетке тәрбиелейді. Осы мақсатта табиғаттың, қоршаған ортаның қадір-қасиетін ұғындыру оқушылардың неғұрлым күрделі біліммен қарулануын көздейді.

Мақсаты:

  1. Оқушыларды функционалды сауаттылықтың негізімен, білім және іскерлікпен жігерлендіру;

  2. Күнделікті өмірге қажет бағыт пен мәдениеттілік, жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықты арттыру;

  3. Білімқұмарлықты дамытуға қызмет ету.

Міндеттері:

  1. Бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдыны әрі қарай жалғастыру;

  2. Отаның, туған табиғатын сүюге леген жоғары рухани ізгілікті, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеу;

  3. Ізденушілік, зерттеушілік қасиетін, жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Білім беру жүйесіндегі курстың орны:

«Жаратылыстану жұмбақтары» бағдарламасының қазіргі кездегі өзекті мәселелерді зерделеуде. Жан - жақты меңгерту пәнаралық байланыстармен байланыстырып оқытудың маңызы зор.

«Жаратылыстану жұмбақтары» бағдарламасы негізінен мынадай қағидалар мен міндеттерге негізделіп құрылған :

  • ғылыми- қоғамдық, тарихи, мәдени, әдеби-эстетикалық қағидалар;

  • оқу мазмұнындағы жүйелілік, сабақтастық қағидалары;

  • курс бағдарламасында берілген материалдардың көлемі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай алынуы;

  • Республикалық және халықаралық деңгейдегі экология және табиғатты пайдалану жөніндегі заңдарды білгізу.

Бағдарлама бойынша оқушылар нені меңгеру керек:

- қоршаған ортаның тазалығын сақтау;

-табиғатта болып жатқан өзгерістердің себептерін анықтау;

- баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу;

- туған жердің қадір-қасиетін түсіну;

- өз ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту;

- Жер және Ғарыштық кеңістік, Жер ғаламшары және оның табиғаты жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми түсініктерін.

Күтілетін нәтижелер:

  • Тақырыпты жан жағынан ашу мақсатында пәнаралық байланысты тиімді пайдалану;

Мысалы:экономика,экология,тарих

  • Оқушылардығ білім деғгейін арттыру және бақылау үшін: тест, шығаршашылық тапсырма, жоба қорғау, сарамандық жұмыс т.б.

  • Оқушылардың жан жақтылығының қызығушылығын артуы;

  • Өз бетімен жұмыс жасауға дағдылану;

  • Пікір сайыстарға қатысып өз ойын анық, нақты жеткізе білу;

  • Сыныптастарының жауаптарына баға беру;






Тақырыптық жоспар

5 класс

Барлық сағат саны 34 , аптасына 1 сағат.

Өткізілетін тақырыптар

Сағат саны

Сабақтың

түрі

Сабақтың әдіс- тәсілдері

1

Табиғатты оқып үйренейік

1

Дәріс

Баяндау

2

Жаратылыстанушы ғалымдар жайлы не білеміз?

1

Дәріс

Баяндау, пікір

3

Аспан әлеміне саяхат

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

4

Күн жүйесі

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

5

Жұлдызды аспан мен жұлдыздар жүйесі

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

6

Ай - Жердің табиғи серігі

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

7

Адамдардың Жерді танып - білуі

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

8

Жердің Күнді айнала қозғалуы

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

9

Материктер мен аралдарға саяхат

1

Конференция

Пікірталас

10

Материктердің ғажайыптары

1

Конференция

Пікірталас

11

Су - ерекше қайталанбас зат

1

Сарамандық жұмыс

Картамен жұмыс

12

Бізді қоршаған ауа

1

Топсеруен

Саяхат

13

Тірі организмдер дүниесі

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

14

Дене жіне табиғаттағы заттар

1

Дәріс

Баяндау, пікір

15

Табиғаттың тылсым күштері

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

16

Табиғат құбылыстарының алуантүрлілігі

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

17

Айналамыздағы құбылыстар

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

18

Тіршілік әлеміне саяхат

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

19

Жануарлар дүниесі

1

Сарамандық жұмыс

Картамен жұмыс

20

Жабай және үй жануарлары

1

Конференция

Пікірталас

21

Өсімдіктер әлемі

1

Сарамандық жұмыс

Картамен жұмыс

22

Бөлме өсімдіктерінің маңызы

1

дәріс

баяндау

23

Саңырауқұлақтар туралы не білеміз?

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

24

Табиғат пен адамның байланысы

1

Саяхат сабақ

Саяхат жүргізу

25

Қазыналы табиғатқа саяхат

1

дәріс

баяндау

26

Адамның табиғатқа тигізіетін әсері

1

Саяхат сабақ

Саяхат жүргізу

27

Табиғатты аялайық

1

Ойын сабақ

Жарыс өткізу

28

Ерекше қорғалатың аумақтар

1

Ізденіс

Пікірталас, сұрақ- жауап

29

Ұлттық саябақтарға саяхат

1

Саяхат сабақ

Картамен жұмыс

30

31

Қазақстанның «Қызыл Кітабы»

2

Конференция

Пікірталас

32

Қоршаған ортаның экологиясы. Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау Заңы

1

Дәріс

Баяндау, сұрақ-жауап

33

«Туған жерді сүю парыз, сүю үшін күю парыз» атты кеш өткізу.

1

Өлкетану кеші

баяндама, тақпақтар

34

Қорытынды

1

қайталау

қорытынды









«Жаратылыстану жұмбақтыры» бағдарламасының мазмұны:

1. Кіріспе.

Мұнда негізгі курстың мақсаты мен міндеттерін, мәнін айтып түсіндіру. Оқушылардың білімдерін тереңдетіп, толықтырып нақтылау. Өз бетінше іздену, қосымша материалдармен жұмыс жасау керек екенін айту, оны бойларына сіңіру, дағдыға айналдыру.

2. Тақырыптар:

Түрлі тақырыптар беру арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Белгілі тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстар жүргізу, білім сапасын арттыру, дамыту.

3. Қосымшалар:

Атлас картамен жұмыс, сұрақ - жауаптар, тест тапсырмалар, мәнжазба, баяндама, жатттығулар, өзіндік жұмыстар т.б. жүргізу.








Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер:


  1. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ. 5-класс Оқулық Абдиманапов Б.Ш., Прищепина А.В., Фокина Л.М., Абулгазиев А. «Атамұра» 2010 ж.

  2. Анықтамалық көмекші. Х.Хасенова. Жас баспасы 2007

  3. География, биология және химия журналдар жинағы. 1991-1993

  4. Қазақстанның географиясы және экологиясы. 1991- 2008

  5. Қазақстан энциклопедиясы

  6. Е.Н. Сағындыков, М. Қ. Тәжібаев, Қ.С. Нұрғалымова. «Ақтөбе облысының тарихы» 1999 жыл.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер


  1. Энциклопедический справочник. Изд.»Веге», 2003 ж., Все страны. И.О.Родин, Г.М.Пимекова.

  2. "Жалпы география" Москва 1997ж.

  3. Атлас мира. Федеральная служба геодезии и картографии России. Москва, «Картография», Изд.дом «ОНИКС 21 век», 2003 г.

  4. Большой иллюстрированный справочник страны и континенты», Москва, «Махаон», 2005

  5. Бейсенова Ә, Каймулдинова К. География Мектеп - 2007ж.

  6. Лавров С.Б., Гладкий Ю.Н. "Глобальная география" Москва 1997г.

  7. Қадірәлі Д. "Ізгілік Феномені" Алматы - 2009

  8. «Туристік Қазақстан» Ердәулетов С.Р. Алматы «Қайнар», 1989 ж

  9. 4 Қазақ совет энциклопедиясы. №1-№14 том

  10. Е.Н. Сағындыков, М. Қ. Тәжібаев, Қ.С. Нұрғалымова. «Ақтөбе облысының тарихы» 1999 жыл.

  11. 6. «Ақтөбе» газеті, 2011жыл 18 мамыр

  12. 7. «Ақтөбе» газеті, 2009жыл 2 сәуір





© 2010-2022