9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін________ Сыныбы_____________ Күні__________

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

Тақырыбы: Қалалары, ауылдық елді мекендері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты - Шығыс Қазақстанның халыққа қызмет ететін және өнеркәсіптің көмекші салаларын анықтау, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстар, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарына тоқталу.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Пәнаралық байланыс: тарих, химия.

Сабақтың жоспары

Сабақтың кезеңдері

1.

Ұйымдастыру

2.

Үй тапсырмасын сұрау

3.

Жаңа сабақ

4.

Сабақты бекіту

5.

Қорытындылау

6.

Бағалау

7.

Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау

1. Шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы

2. Марал шаруашылығы

3. Егін шаруашылығы

4. Омарта шаруашылығы

Жаңа сабақ

Шығыс Қазақстан халқының саны жөнiнен Қазақстандағы бес экономикалық а9 сынып Шығыс Қазақстан қалаларыудандардың iшiнде соңғы орында. Халқының орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 6 адам, бұл республикадағы орташа көрсеткiштен сәл жоғары. Аудан халқының ең жиi орналасқан жерлерi Кендi Алтайдың солтүстiк-батыс бөлiктерi, тау аңғарларындағы өнеркәсiп орталықтарының шоғырланған жерлерiнде және Сарыарқаның Түркiстан - Сiбiр темiр жолы өтетін жері. Климат жағдайлары егiншiлiкке қолайлы, қара топырақты Белағаш даласында халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 15 адамнан асады. Ал темiр жол бойында, Предгорное - Өскемен, Ертiс бойында халықтың бiр шаршы шақырымға тығыздығы 40-65 адамға жетедi. Тарбағатай мен Зайсан қазан шұңқырында халық сирек қоныстанған, мұнда 1 шаршы шақырымға 2-4 адамнан, тiптi одан да азырақ келедi. Ауданның солтүстiк, батыс және оңтүстiк-шығысындағы тау бөктерiндегi ауыр өнеркәсiптi аймақтарында қала халқы жетекшi орынды алады. Шығыс Қазақстанда қала халқы басым, ол бүкiл халқының 60%-ын құрайды. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елдi мекендер бар. Қалалық елдi мекендердiң қалыптасуы пайдалы қазбалар өндiру, байыту комбинаттары мен металлургия кәсiпорындарының орналасуымен байланысты. Олар ауданның шығысында, өнеркәсiп орындары басым жерлерде шоғырланған.

Сабақты бекіту

1. Өскемен қаласы

2. Семей қаласы

3. Риддер қаласы

Қорытындылау

Бұғы-марал Шығыс Қазақстанның биiк таулы бөктерлерiнде, әсiресе Қатонқарағай ауданында өсiрiлетiн мал шаруашылығының оған тән, ерекше саласы. Марал мен шұбар бұғының мұйiздерi пантокрин алудың шикiзаты, яғни панта өндiрiледi.

Бағалау

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне апарады.

Үйге тапсырма беру

1. Қалалары, ауылдық елді мекендері.

2. Реферат жазу

9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары9 сынып Шығыс Қазақстан қалалары

© 2010-2022