8 сынып, Шығыс еуропа жазығы

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8 Күні:

Сабақ тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы

Сабақ мақсаты:

Білімділік:Еуропа жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, геоглогиялық тарихы, пайдалы қазбалары мен климаты, ішікі сулары, табиғат зоналары туралы білім беру .

Дамытушылық: Ойлау қабілеттірін дамыту, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, тіл байлығын, оқу дағдысын, белсенділігін арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен білім алуға, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру, достық қарым-қатынасқа, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап ,салыстыру, жинақтау, талдау.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.

Шаттық шеңбер құру. Топқа бөлу (стикерлерге жазылған сандар бойынша топқа бөлу).

ІІ.Жаңа сабақ.Сабақты бастамас бұрын Мұқағалидің өлеңін оқу, қайндай жерді сипаттап жатқаны жайында оқушылардан сұрау.

Оралым - Ордам менің таныс маған,

Бораның Махамбет боп дауыстаған.

Армысың, Атырауым, бозаң далам

Каспий менен Жайықтан көз алмаған.

Ойылы ма бұл маңның Ырғызы ма,

Бәрі дағы бергісіз қырмызыға.

Бір пенде бас имей өте алмайды,

Жерде жанған Шығанақ, жұлдызына

2.Жаңа сабақтың барысы.

І. Оқушыларға Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны қысқаша айтылып өтіледі. (бейнебаян көрсетіледі)

ІІ . Оқушылар топқа бөлініп төмендегі тапсырмаларды орындайды және түсіндіріп қорғайды (постер құру)

1-топ. Шығыс Еуропа жазығының геологиялық құрылысы мен жер бедері, пайдалы қазбалары

2-топ. Климаты мен өзен-көлдері

3-топ. Шығыс Еуропа жазығының табиғат зоналары

3.Бекіту сұрақтары.

«Дәптермен жұмыс»

  • Ірі аудан:

  • Шекаралары: солтүстікте:

  • оңтүстікте:

  • батысында:

  • шығысында:

  • Климаты:

  • Шілденің орташа температурасы:

  • Қаңтардың орташа температурасы:

  • Жылдық жауын- шашын мөлшері:

  • Ірі өзендері:

  • Табиғат зоналары:

  • Пайдалы қазбалары:

«Кім жылдам» 3 топқа сұрақтар рет-ретімен қойылады, топ жауап бере алмаған жағдайда келесі топ толықтырады.

1.Шығыс Еуропа платформасының фундаменті қандай жыныстардан қалыптасқан? (кристалды қатты)

2.Каспий теңізі теңіз деңгейінен неше метр төмен ? (- 27)

3. Алғаш мұнай фонтаны атқылаған жыл (1899)

1. Жем өзені қандай сумен қоректенеді.? (қар)

2. Ойыл өзені қай өзеннің саласы? (Жайық)

3. Шығыс Еуропа жазығында бэр төбешіктер қайда кездеседі? (Каспий маңы ойпатында).

1. Құм, саз , балшық, ұлутас бұлар (құрылыс материялдары)

2. Шығыс Еуропа жазығының жаздағы температурасы (+22°,+24°)

3. каспий теңізінде балықтардың қандай түрлері кездеседі?(қызыл балық, бекіре)

1. Каспий маңы ойпатының жер бедері неліктен жазық болып келеді? (ұзақ уақыт су астында жатуынан)

2.Табиғат эрозиясының қандай түрі басым? (аңызақ жел)

3.Шығыс Еуропа жазығындағы қазіргі экологиялық проблемалары (ауа, топырақ, теңіздердің мұнай - газбен ластануы.)

4. Сабақты бекіту.

Шығыс Еуропа табиғатының қолайлы және қолайсыз жақтары. ( қолайлы болса ия деп жауап береді, қолайсыз болған жағдайда жоқ деп жауап береді)

Климаты құрғақ, суға тапшы

Булану өте жоғары.

Органикалық дүниесі аз

Қар жұқа түседі, мал жақсы жайылады

Теңізбен шектесіп, балық шығарады.

Пайдалы қазбалары көп.

5. Оқушыларға жаңа сабақ бойынша төмендегі әр түрлі тапсырмаларды орындайды.

1 топ. Оқушыларға төмендегі семантикалық картаны толтырту.

Шығыс Еуропа жазығына тән келетін, табиғатын сипаттайтын сөздерді табу.

Мұнай,газ ,никель,әктас, хром, континентті, тегіс жазық, қара қоңыр, қайың, көктерек , жусан, селеу, қоян, қосаяқ , кірпі, суыр, түлкі, торғай, тышқан, дала , шөл, шөлейт, Жайық, Қобда, Жем, Ойыл, Балықты, Шалқар, Аралсор, Бесоба.

2-топ. «Географиялық диктант» Оқулық мәтінің пайдаланып сөйлемдерді аяқта.

Жазық негізінде ..................................жатады.

................................қазіргі жер бедері қалыптасқан

.........................теңіз деңгейінен төмен орналасқан

Жазық.................................................. еңіс тартады

Тұз күмбез дегеніміз.................................................

Алғашқы мұнай ұңғысы............................................

Шөгінді түрінде пайда болған қазба байлықтары-.........

3-топ. «Жұмбақтас» - оқушылар физикалық картадан наменклатура көрсетеді.

(Шығыс Еуропа, Жалпы Сырт, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты, Жайық, Ойыл, Жем, Каспий.)

6.Тақтадан көрсетілген тест тапсырмасын орындау.

Тест. Шығыс Еуропа.

1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қай бөлігі енеді.?

А) оңтүстік -шығыс

В)Батыс

С)Солтүстік

Д)Оңтүстік

2. Шығыс Еуропа аймағына кіретіндер:

А) Мұғалжар,Алатау, Орал

В) Жалпы Сырт,Каспий маңы, Орал алды үстірті

С) Каспий маңы, Маңғыстау, Үстірт.

Д) Алтай, Сарыарқа , Жалпы Сырт

3. Платформа фундаменті қай эрада қалыптасты?

А) Архей

В) Протерезой

С) Мезозой, қайназой

Д) Архей-протерезой

4. Шығыс Еуропа жазығын қандай эралардың шөгінді жыныстары жапқан?

А) палезой, архей, протерозой

В) мезозой, кайназой;

С) палеозой, мезозой, кайназой

Д) кайназой

5. Шығыс Еуропа жазығының өзендері:

А) Жайық, Ырғыз,Сарысу

В) Ембі, Сағыз, Ырғыз.

С) Жем,Шу, Іле.

Д) Жайық, ОЙыл,Жем.

6.Қаңтар айындағы температурасы.

А)-15°,-8° ,-40°

В)-20°,-15°,-45°

С)-17° ,-10°,33°

Д)-5°,-12°, -18°

7. Жауын-шашын мөлшері.

А) 200мм

В) 140-350 мм

С) 100-200мм

Д) 250 -300мм

8. Шығыс Еуропа жазығының табиғат белдемдері.

А) орманды дала, дала;

В) шөл, шөлейт;

С) Орманды дала,шөл;

Д) дала, шөлейт, шөл.

9. Каспий теңізінің ауданы.

А)180 мың км²

В) 360 мың км²

С) 390 мың км²

Д) 420 мың км²

10.Шығыс Еуропа жазығының пайдалы қазбалары.

А)көмір, мыс, шымтезек;

В) мұнай, газ, құрылыс материялдары;

С) ұлутас,хром,никель

Д) мұнай, боксит, темір

11. Көлдері.

А) Шалқар, Аралсор,Индер,Каспий,

В) Балықты, Каспий, Арал,Балқаш.

С) Каспий,Теңіз,Сілтетеңіз;

Д) Әулиекөл, Шағлытеңіз, Каспий.

12.Бэр төбешіктері қайда кездеседі?

А) Жалпы Сырт

В) Жем Орал алды үстірті;

С) Каспий маңы;

Д) Аталғандардың бәрінде

7. Бағалау

Оқушының аты

Білу

Түсіну

(постер)

Қолдану

(сұрақ - жауап)

Талдау

(қолайлы, қолайсыз)

Жинақтау

(сипаттама, сөздерді қою, номенклатура)

бағалау








Бағалау критерийлері (оқушылар өзін-өзі бағалауы)

«20-25»-5 «15-20»-4 «15-10»-3

8. Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу.

Шығыс Еуропаны кескін картаға түсіру.


© 2010-2022