География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы

Өткен тақырыптарды қайталау және дүние жүзі елдеріне логикалық сұрақтар арқылы саяхат жасау.Мысалы: 1-кезең.«Сандықшада не бар?» 1-топқа: XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуеліТартуфоль деп атапты.Рес...
Раздел География
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе автожол колледжі



Ә\Б отырысында қаралды: Келісемін Бекітемін

Хаттама № Әдіскер Директордың ОІЖ орынбасары

_____________________ ______________А.Д.Жиенғазина ____________С.Қ.Елеусизова

«_____»_________2015ж. «_____»_________2015ж. «_____»_________2015ж.




География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы






Тақырыбы: Қайталау сабағы






Өткізген: География пәнінің оқытушысы Жанбырбаева Ж.Н.

Тобы: 101 топ



Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен материалдарды естеріне түсіріп, карталарды пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, проблемалық сұрақтар қою арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Дамытушылық: білім алушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, ой - өрісін, ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, Отан, халқына, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Топпен жұмыс істеу дағдыларын молайту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен жұмыс.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қиынды карта,
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу. Кабинеттің, білім алушылардың сабаққа дайындықтарын тексеріп, сабақты бастау.

ІІ. Өткен материалды қайталау жұмыстары.

Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында бүгінгі сабақты өткен 6 - 7 сыныптарда оқыған «Физикалық география» материалдарынан алған білімдеріңді таңғажайып саяхат түрінде қайталаймыз.


«Семантикалық карта»


Р/С

Тақырыбы

Мұхит

Теңіз

Көл

Өзен

Арал

Шығанақ

Бұғаз

Түбек

1.

Гренландия


+

2.

Байкал

+


3.

Саргасс

+


4.

Үнді

+


5.

Ертіс

+


6.

Баренц

+


7.

Мозамбик


+

8,

Парсы


+

9,

Тынық

+


10,

Каспий

+


11,

Аравия


+

12,

Амазонка

+

+

13.

Сомали


+

14.

Мадагаскар


+

15.

Каспий

+


Ойын ережесі: Топ оқушылары екі топқа бөлінеді.

1 топ - Еуропа

2 топ - Азия

Сайыс бес кезеңнен тұрады.

1 - ші кезең «Сандықшада не бар?»

2 - ші кезең «Географиялық лабиринт»

3 - ші кезең «Елдерге саяхат»

4 - ші кезең «Құпиялы ағаш»

5 - ші кезең «Модель жасау»

1-кезең.«Сандықшада не бар?»

1-топқа:

XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.

Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуелі

Тартуфоль деп атапты.Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор.

Сандықшада не бар?(Картоп)

2-топқа:

Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті,өте жеңіл.Одан түрлі ыдыс-аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады.Әсіресе,оның басқа металдармен қоспасы өте құнды.Мұндай қоспалар әрі берік,әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңнен қолданылады.Ол таза күйінде XIX ғасырдың басында өндіріле бастады.Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті.Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат,сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.

Сандықшада не бар?(Алюминий)

2-кезең. «Географиялық лабиринт»

1-топқа:

1.Ауа райын болжайтын адамдар.(Синоптиктер)

2. Экватор ұзындығы ? (40 000 км)

3.Күн жүйесіндегі планета саны.(9)

4. Ең үлкен материк ? (Еуразия)

5.Ең ыстық материк.(Африка)

6.Гүлдер елі.(Голландия)

7.Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам.(Ф.Магеллан)

8.Ұлыбританияны материктен бөліп тұрған бұғаз.(Ла-Манш)

9.Үш үлкен нәсілді ата? (еуропеоид, монголоид, негроид)

10. Орамалды әйел - ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
(Португалия, Испания)
11. Олимпиада ойындарының отаны.(Грекия)

12. Бразилиялықтар қай тілде сөйлейді?(Португал)

13. Ең күшті жел қалай аталады? (Дауыл)
14.Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)

15. Жер шарын кішірейтілген моделін ? (Глобус)

2-топқа:

1. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал).

2. Ватикан мемлекеті қай қалада орналасқан?(Рим)

3.Атмосферадағы оттегінің пайыздық мөлшері.(21℅)

4.Ең үлкен шөл.(Сахара)

5.Шайдың отаны.(Қытай)

6. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).

7. Еуразия нешеге бөлінеді? (Европа, Азия)

8.Қазақстан қай материкте орналасқан.(Еуразия)

9. Экватордың ұзындығы қанша? (40000 км)
10.Аспанмен тілдескен тау (Тянь-Шань)

11. Африкадағы ең ежелгі мемлекет (Египет)

12. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
(Африка)
13. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?(5)

14. Ауыспалы жел қалай аталады? (Муссон)

15. Дүниежүзінде неше құрлық бар? (6)

3-кезең.«Елдерге саяхат»

Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл
табыспақшы болып, оларға әртүрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал олар сіздерге «Кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді? Бұл қай материк?
Жауабы: Австралия материгі. Жергілікті халық тілінде «Кенгуру» сөзі
«түсінбедім» деген мағынаны білдіреді.
1-топқа:

Бұл - фламенко мен фиестаның елі.Олардың көпшілігі - котоликтер. Сондық-

тан болар діни меймандар ұлттық киім киіп,музыка және би шеруімен өткізіледі.Елдің шаруашылығының айрықша саласы коррида үшін арнайы бұқалар өсіреді. Бұл қай ел?(Испания)

Жоғары дәрежеде дамыған индустриялы - аграрлы ел.Олар өз елін «гексагон»(алтыбұрыш)деп атайды.Бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.Әр провинцияның өзіндік көз жауын алатын тағамдары бар.

Бірақ барлығы картоптан жасалған бифштексті,сарымсақ сорпасын тамсана жейді.Атаулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады. Ал елдің оңтүстігінде тағамдар зәйтүн қосып әзірленеді.Сірә,бұл елде ірімшікті сүймейтін адам жоқ шығар.(Франция)

Бұл ел өздерінің ұлттық әдет - дәстүрлерін сақтап қалған.Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы,сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттер -

дің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас

киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт),аяғына темір таспалы дөрекі башмақ киеді.(Ұлыбритания)

2-топқа:

Гүл шоғын құрастыру,гүлдер мен ағаштардың бұтағын орналастыру өнері-икебана, тырбиған ағаштарды өсіру өнері - бансай, қыл қаламмен және тушпен көркем жазу өнері - каллиграфия,қағаз бен жібекке сурет салу,өзіндік храмдармен саябақ архитектурасы,көлеңке театры,шай дайындау рәсімі,әйел киімі,ауыр салмақтылар күресі,ас дайындау,дастарқанды безендіру сияқты дәстүрлермен ерекшеленетін елдің бірі.(Жапония)

Бұл ел өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі.Жылына шығаратын кинофильмдерінің саны жөнінен(жылына 750 фильм)онымен дүние жүзінің бірде-бір елі теңдесе алмайды.Сонымен бірге шахматтың отаны, қасиетті құсы - тауыс, қасиетті гүлі - тұңғиық гүлі болып табылады.(Үндістан)

Бұл ел дүниежүзілік өнер мен мәдениеттің дамуына үлкен үлесқосқан елдің бірі.Олардың әсіресе музыка саласындағы жетістіктері таңғалдырады. XI ғасырда монах Г.Ареццо нотаны ойлап тауып,жеті нотаға ат береді.XVI

ғасырда бұл елде алғашқы опера дүниеге келді.Сонымен бірге сауық сүйгіш және көпшіл елге жатады.Діни және т.б мейрамдарды міндетті түрде атап өтеді.Ішіндегі ең маңыздысы - Рождество.Сыйлықтардың тарататын кемпір - Бефана.Жаңа жылға қарсы ескі заттың барлығын терезеден лақтырады: ыдыс-аяқ,киім,жиhаз,аяқ-киім т.б.Ал көктемдегі мейрамдардан Пасха мен негізгі кейіпкерлері Арлекин, Пьеро, Пульчинелло болып саналатын карнавалды жақсы көреді.(Италия)

4-кезең.«Құпиялы ағаш»

1. Европалықтар алғаш рет бұл жануарды Гаитиге апарғанда, жергілікті тұрғындар оны «басында тісі бар шошқа» деп атаған жануарды ата.
Жауабы: Сиыр

2.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы Ш.Уәлиханов өз жазбаларында«Бұл жерде соққан желдің күшіне қарсы салт адам да жүре алмайды.Желдің әсерінен Алакөл мен Сасықкөл бетінде 5-6 м толқын көтеріледі»деп жазады. Сайқан, Ебі желдері соғады.Осы жер арқылы Қазақстан мен Қытай байланысады.

Жауабы: Жоңғар қақпасы

3.Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте "даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.
Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауабы: Лавр жапырағы.
4. Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.
Бірінші көмек: Отаны - Қытай
Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.
Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.
Жауабы: Шай
5. Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан. Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы - материктегі аса ірі агломерациялардың бірі. Тарихи - мәдени ескерткіштер мен рекреациялы ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған. Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта - ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.
Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.
Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.
Үшінші көмек: Пирамидалар елі.
Жауабы: Египет
6. Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер" деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. Ел аумағында халық өте тығыз орналасқан. Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады. Ауыл шаруашылығының басты саласы - көкөніс және жеміс - жидек өсіру. Мал шаруашылығының негізі - сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.
Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.
Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп те атайды.
Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.
Жауабы: Нидерланд
5-кезең. «Модель жасау»

Бұл кезеңде шөл дала мен орманды даланың яғни, «Еуропа» мен «Азия» елдерінің модельдерін жасау ұсынылады. Модель жасауға әрдайым оңай табылатын заттар қолданылады: құм,топырақ, қатты қағаз, қағаз кесінділері,шыны, ағаш бұтақтары, таяқшалар, тиісті ірілі-ұсақты тастар,су,ермексаз т.б.Арнайы уақыт беріледі. Модель жасаудың дидактикалық бағалылығы,оны оқушылар бір жағынан көзімен көріп қабылдаса,екінші жағынан модель жасаған кезде олардың өз беттерінше шығармашылық жасауында.

Әр топ жинаған ұпайы бойынша бағаланады.




Бағалау парағы

Тапсырма

Топ

1

2

3

4

5

Қорытынды

баға

  1. - топ

Еуразия



2 - топ

Азия



Бағалау. Сабақты « бағалау парағы » бойынша топ басшылары

бағалайды.

Бағалау: Сабақ бойынша

География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы- «5»

География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы- «4»

География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы- «3»







География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы

География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы

География пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағыГеография пәнінен ашық сабақҚайталау сабағы





















© 2010-2022