Солтүстік Америка тарауын қорытындылау сабағы

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7ә 09.03

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка тарауын қорытындылау сабағы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға дүниежүзіндегі жерінің көлемі жөнінен 2-ші орынды алатын ел-Канада елінің жалпы тарихы мен шаруашылығын,байырғы халықтарынының негізгі кәсібі мен қазіргі таңдағы осы елдің әлемде алатын орыны туралы түсінік беру.Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып,бағалау критерилерін пысықтау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Канада елі туралы жалпы мағлұматтарды оқулықпен ,картамен ,кестемен жұмыс жасау барысында білетін болады.Топтық жұмыс ережелерін еске түсіріп ынтымақтаса отырып жұмыс жасай біледі.

Түйінді идеясы: Жалпы Канада елін толық меңгереді.

Сабақтың әдісі:, Таныстырылым,жаттығулары.геодиктант,электронды оқулық тапсырмасы.

Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану

Сабақтың барысы:

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Мұғалім оқушылармен амандасып,сынып оқушыларының көшбасшылығымен топқа ынтымақтаса отыртып бөлдірту.

2. Жалпы географиялық шолу жасайды ,оқушыларға сұрақтар қояды.

1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.

2.Сұрақтарға жауап береді,өткен курстарға пысықтау жасайды.

10 мин

Тұсаукеср

1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

2. «Ой талқы»Саяси картаға көз жүгіртеміз. Жері үлкен елдерді атаймыз,соның ішінде 2-ші орында тұрған қай ел?

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

2.Дәптерге картадан тапқан елдер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.

25

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар 3-топқа бөліне отырып

1топ:Канада елінің географиялық орналасуы мен ерекшеліктеріне сипаттама 2топ:Канада елінің жалпы шаруашылығына жалпы сипаттама бердірту.

3 топ :Орталық Америка елдеріне жалпылама сипаттама бердірту.

2. Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды

3. Картамен жұптық жұмыс: карта бойынша Канада елінің саяси орналасуы мен пайдалы қазбаларын картаға түсірту.

1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.

2.Топтық жұмыс: оқушылар «Қара,оқып шық,жап,жаз»әдісі

мен оқулытан оқи отырып ,постерге берілген тапсырмаларды тортасып отырып сипаттама береді.

3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, Канада елін пайдалы қазбаларының шартты белгілерін түсіреді.

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды. «Серпілген он сауал»сұрақтармен сұрау

2.Үйге тапсырма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.

1) А деңгей: «Канада еліне саяхат» жоба қорғату.

2) В деңгей: Қазақстан мен Канада елінің географиялық орны мен пайдалы қазбаларына сипаттама бердірту.

3) С деңгей: Картамен жұмыс жасату(номенклатура тапсырту)

1.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар кері байланыс жасайды

Не ұнады:............................................

Не қиын болды: ................................

Тілегім: ...............................................



© 2010-2022