Ашық сабақ: Африка материгін қайталау 7 - сынып

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: география Сыныбы: 7 Күні:.................................

Тақырыбы: Саяхат сабақ

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушылардың Африка материгі туралы алған материалдарын саралап қорытындылау;

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен

жұмысты жүргізуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, топтасып жұмыс істеуге, бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер, слайдтар, жарты шарлар картасы

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: СТО, Блум таксономиясы, Венн диаграммасы, картамен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

А. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

Б. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушыларды 2 - топқа бөлу:

1 - топ: Васко да Гама

2 - топ: Давид Ливинстон

Оқушылар екі топқа бөліп экспедицияға шықты. Онда оқушылар әр түрлі сынақтардан өтеді. Тапсырмаларға жауап бере отырып «Қазақстанның жеті кереметін» аралап көреді.

І. Ең.....ең......ең ойыны:

  1. Ең ұзын өзені - Ніл өзені, ұзындығы 6671 км

  2. Ең үлкен континенттік шөлі - Сахара, ауданы 7 млн км

  3. Ең жоғарғы температура тіркелген қаласы - Әл - Азизия, + 58 С

  4. Ең ірі жануары - Африка пілі, салмағы 7,5 тонна

  5. Ең биік орналасқан нүктесі - Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895 м

  6. Ең төмен орналасқан нүктесі - Ассаль көлі, -153 м

  7. Ең ірі аралы - Мадагаскар, ауданы 590 мың км

  8. Ең ірі көлі - Виктория, ауданы 68 мың км

  9. Ең терең көлі - Танганьика, тереңдігі 1470 м

  10. Ең ірі сарқырамасы - Тугела, биіктігі 933 м

ІІ. Африканың шеткі нүктелерін картадан көрсету:

Солт - Эль - Абъяд мүйісі

Оңт - Игольный мүйісі

Батыста - Альмади мүйісі

Шығыста - Хафун мүйісі

ІІІ. «Мені түсін» ойыны:

Онда оқушыларға интерактивті тақтадан саяхатшылардың экспедициясы туралы беріледі. Оқушылар кім екенін табады.

1 - топқа: 1497 - 1499 жылдары португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға жетті. Бұл экспедицияны кім басқарды?

2 - топқа: Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайын танып білуде зор еңбек атқарған саяхатшы ғалым.

ІҮ. Сәйкестендір:

Ылғалды экваторлық орман

Ергежейлі бегемот

Саванналар

Дум пальмасы

Тропиктік шөлдер

Папирус

Субтропиктік қатты жапырақты ормандар

Олеандр ағашы

Ү. Блум таксономиясы.

Ніл және Конго (Заир) өзендеріне жоспар бойынша сипаттама беру.

  1. Өзеннің материктегі орнын, қай алапқа жататындығын анықтау;

  2. Өзен қайдан басталады, қайда құяды?

  3. Қоректену көздері;

  4. Шаруашылық маңызы

ҮІ. Үй тапсырмасын сұрау: Венн диаграммасы

ҮІІ. «Бинго» ойыны

Қай топтың жеңіске жетіп «Қазақстанның жеті кереметін» бірінші аралап шыққандығын анықтау:

Бағалау:



© 2010-2022