• Преподавателю
  • География
  • БАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасы

БАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасы

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБАЯНДАМА Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасыБаяндама

Тақырыбы: Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім

алушылардың базалық , негізгі және пәндік құзыреттіліктерін

қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасы.

Сен жассың, көп нәрсені үйренуге,

көп нәрсені ести білуге,

көп нәрсені көкейге түюге тиістісің.

Софокл

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар , ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік , елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан , тәні және сұлу ,өзіне-өзі сенімді, ғылыми- теориялық білімділігі мен қабілеттері арқылы күрделі әлемдік , өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік , білімділік , шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата- аналардың , мұғалімдердің алдында жаңа міндет тұр: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны дамыту ,соның негізінде олардың болашағына бағыт беру.Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оған қолдау көрсету аса дәлелдеуді қажет етпейді.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер -бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай , тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде б болады,яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси- және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасағаны бекерден бекер емес. ХІХғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» дейді. Ш.Уәлиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген.Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынандай «Қазақтар табиғатынан ақыл -ой жүйріктігімен ,таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді.» Ш.Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып ,адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады. А.Құнанбаев адамды қоршаған орта табиғаттың бір бөлігі дей келе ,табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы туылғаннан бастап білуге , түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Жеке тұлғаның рухани өсу дегеніміз - кісілік қасиетін, шығармашылық қасиетін,дүниетанымын кеңейту. Біреулер айналадағы құбылысқа таңдана, тамашалай қарайды, ал енді біреулер сын көзбен қарап, ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Таңдана, тамашалай қараған баладан шығармашылық қасиетті тани білу - мұғалім паразы.

Қазіргі кездегі қоғамның білім ордаларының алдына қойып отырған негізгі мақсаты - жан-жақты жетілген білімді жас ұрпақты тәрбиелеу.Жан-жақты білімді жеке тұлғаның логикалық ойлау қабілеті дамыған болу керек. Бұл мейлінше қиын да ұзақ үрдіс, өйткені бұған жету үшін алдымен ұғымдар беріліп, ол ұғымдар санамен игеріліп, жүйеленіп қалыптасуы керек. Оқушының білімі де осылайша қалыптасады. Ол логикалық түрде ойлап, саналы, жан-жақты қабылдайтын болуы қажет. Бірақ табиғатынан адам әртүрлі қабілетті болып туылады және қабілеттердің дамуы да әр түрлі болады.

Қабылдау 5 топқа бөлінеді:

  1. Механикалық қабылдау. Мұнда оқушы білімді жаттап алады, практикада пайдалана алмайды.

  2. Индуктивті қабылдау. Мұнда да оқушы білімді жаттап алады да практикада қолдана алмайды.

  3. Саналы қабылдау. Оқушылар ережені дұрыс қабылдайды, практикада қолдана алады.

  4. Ішкі қабылдау. Оқушы ережелерді, оны дәлелдеуді толық түсінеді, дұрыстығына күмәнданбайды.

  5. Толық қабылдау. Қабылдаған, бекітілген, байланысқан, бір сөзбен айтқанда, жүйеленген білімді қабылдау.

Бұл қабылдауларға тек оқушылармен түрлі бағытта(іс-әрекетке, ізденушілікке

баулу жұмыстары) жұмыс жүргізу негізінде қол жеткізуге болады. Көп оқушылар механикалық қабылдау деңгейінде қалып қояды, алған білімін практикада пайдалана алмайды. Сондықтан оқушылардың білімді қабылдауын жоғарлатуда жобалау әдісін пайдалану тиімді рөл атқарады. Жобалау(құрастыру) мақсат қоюдан бастап,жаңа жүйе тиімділігін тексеруге дейінгі аралықты қамтиды.

Жоба әдісі 1920 жылдары Америкада жасалған, негізінен, белсенді оқуға негізделген. Бұл кезде оқушы белсенді қызмет етеді, өзінің қызығушылығын танытады, білімін пайдалана алуға мүмкіндік туады. Мәні бар проблемаларды не үшін қайд қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, мұғалім оған жол көрсетеді. Мұғалімнің қызметі - оқушыны уақытылы дұрыс бағытқа, дұрыс ақпарат алатын жаққа қарай бағыттау, ал оқушының қызметі - өз бетімен өз күшімен әртүрлі білімдерін пайдаланып, проблеманы шешуі тиіс. Шынайы ізденіс үшін оқушыда байыптылық, аңғарымпаздылық, ойлылық,зерделілік, сыни көз қараспен қарай білу дағдылары болуы керек.Үстірт оқу, баға үшін оқу, ұстаздың айтқанын ғана қайталау ізденіске жетімсіз.

Жобалауға қойылатын негізгі талаптар:

  • Зерттеу не шығармашылық бағыттағы мәні бар мәселелерді таңдау.

  • Теориялық білім мен тәжірибелік іс-әрекет жасау белсенділігін көрсететін нәтижелер.

  • Оқушының іс-әрекеті.

  • Жобаның құрылымы, ондағы кезеңдер нәтижелері

  • Зерттеу арқылы іс-әрекет жүйесін көрсету.

Шығармашылық - оқушылардың өз беттерімен зерттеу, іздену, қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі болып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді.

Зерттеу - жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу мақсатындағы ізденіс, танымдық іс-әрекет.

Жоба - бір нәрсенің жаңа өнімді жасау үшін керекті құжаттар, сызбалар жиынтығы, алдын-ала жасалған жоспар, мәтін, нобайлар.Оқушылардың зерттеушілік ізденіс нәтижесі туралы сөз қорғағанда мұғалім мына маңызды жайтты ұғып алуы қажет: жұмыстың барлық кезеңдерінде біздің күтетін ең маңызды нәтижеміз - оқушының шығармашылық қабілетінің дамуы, жаңа білім дағдыларын игеруі, зерттеушілік әрекеттерінің қалыптасуы, нәтиже, яғни оқушылардың өзі ойлап тапқан шығармашылық өнімі.

Жалпы шығармашылық әрекеттерін зерттей келе мамандар бұл ұғымға «шығармашылық - бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл - ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында білім мен ептілік, қызығушылық қабілеттерінің әсерімен айқындалатын қоғамдық маңызды нәтиже. Шығармашылық потенциал әр адамның миында әрбір іс-әрекеттердің формасы ретінде жинақталады» деп тұжырымдады.

Оқушының зерттеушілік-шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениетін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын өзекті мәселе болып есептеледі. Оқушыны оқыту, тәрбиелеу процесінде өзіндік іздену, зерттеу мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жобалау әдісі ұсынылып отыр. Бұл әдіс жас ұрпақтың экологиялық, эстетикалық мәдениетін, оқушы мен оқытушы және ата-ана арасындағы жақын қарым-қатынаста жұмыс істеу мүмкіндіктерін қанағаттандыруда, қажеттілік пен сұраныстың экономикалық тиімділік жақтарын пайдалана алуға үйретуде ерекше практикалық тұрғыдан маңызды болмақ. Шығармашылық жоба жұмысы барысындағы оқушы, оқытушы және ата-ана арасындағы іс-әрекеттік қарым-қатынасты, олардың әрқайсысының атқаратын қызметінің орнын төмендегі схемадан көруге болады.

көмекші

мұғалім

Ата-ана

оқушы

салыстыру

ізденіс

зерттеу

жинақтау

таңдау

талдау

модельдеу

Жобаны қорғау

Жобаға салу

Өздігінен жұмыс істеу

Баланы ізденушілік, шығармашылыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеу жүргізу керек.Зерттеу жүргізудегі ең маңызды нәрсе- проблеманы көре алу болып табылады. Мұғалім оқушының қабілетін жан-жақты зерттемей отырып,оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.

Оқушылар жобамен жұмыс істеуге дайындықта жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзіреттіліктерді меңгеруі керек:

  • Проблемаларды шешу мен өзіндік менеджмент:

  • Проблемалық жағдайларды көре алуы;

  • Қажеттілікті анықтай алуы;

  • Мақсат қоя білу, міндеттерді анықтай алу;

  • Ақпараттық мәліметтерді жинақтап, оның негізгісін анықтай алуы;

  • Нақты нәтижені анық айқындап көрсете алуы;

  • Өз мүмкіндігін дұрыс бағалай білуі;

  • Ақпараттық құзіреттілік:

  • Жоба бойынша ақпараттарды алудың түрлі көздерін білуі;

  • Әдебиеттер, анықтама құралдар, ғылыми мақалалар мен оқулықтар, түрлі кешендерді пайдалану;

  • Әдебиеттерге талдау жасай алу және қажетті мәліметтерді бөліп алуы;

  • Интернет байланыстарын пайдалана алуы;

  • Жоба туралы ақпаратты, оның нәтижесін сауатты түрде ұсыну;

  • Әлеуметтік құзіреттілік:

  • Топта жұмыс істей отырып, топ мүшелерін тыңдай білуі. Өзгенің пікірін құрметтеп, сұрақтарды талдай алуы;

  • Жоба бойынша серіктесімен қарым-қатынас орнатуы;

  • Өз ой-пікірін анық, нақты және сауатты жеткізуі;

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше зерттеушілік, ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс.Бұл белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі «жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі-ішсем, жесем,кисем деп тұрады, екіншісі - көрсем, білсем деп тұрады, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді» деген ой-тұжырымын растайды.

Жобалай оқыту әдісі бойынша күтілетін нәтиже төмендегідей болмақ:

  • Оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды;

  • Ұқыптылық, жинақтылық, икемділікке дағдыланады;

  • Жауапкершілікке үйренеді;

  • Шығармашылық қабілеті дамиды;

  • Өз елінің ұлттық рухани және материалдық құндылықтарын құрметтей алатын, патриот тұлға болып қалыптасады.

География шеңбері кең пән.Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана ұштай алады.Шығармашылық арқалы ойлауы, қиялдауы, сана сезімі өседі, нақты біліммен қаруланады.Шығармашылық жұмыспен айналысатын баланың өз бойында туа біткен дарыны болуы щартт немесе пәнге қызығушылығы басым болуы керек.Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші рқл атқарады.Мысалы: 5-7 сынып оқушыларына дүниетану, жаратылыстану пәндерінен алған білімдеріне сүйеніп жергілікті жердің экологиялық жағдайын зерттейміз.5 сынып оқушысы Сайынов Алихан «Ауыл экологиясы», 7 сынып оқушысы Ахметханова Аяулым «Амал - бабалар болжамы» тақырыбында жүйелі жұмыс жасап жүр. Шығармашылық жұмысты ғылыми зерттеу жұмысына ұштастыру үшін гегорафия ғылымының теориялық тұжырымдамаларын білуі тиіс. Бұл - ХХІ ғасыр талабы.

Түйін:

Өз ойымды Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қанатты сөзімен қорытындылай отырып, мынадай ұсыныстарға тоқталғым келеді:

  • Оқушының алған білімін өмір сүруіне пайдалана алуына дайындау;

  • Оқушыларда өз бетінше танып-білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Ақпаратты жинақтау, талдай білу, іріктеу және пайдалана алуға үйрету,

  • Зерттеу, болжам жасау, қорытынды мен шешім қабылдау қабілеттерін дамыту;

  • Мақсатқа жете білетін азамат тәрбиелеу;




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан мектебі журналы 2012 №2

2.Қазақстан мектебі журналы 2013 №12

3.Қазақстан мектебі журналы 2013 №7

4.География және табиғат журналы 2009-2010









Аудандық тамыз мәжілісі

БАЯНДАМА

Тақырыбы:

Оқушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін дамыту, білім

алушылардың базалық, негізгі және пәндік құзыреттіліктерін

қалыптастырудың маңызды дидактикалық қағидасы



Дайындаған: Сейсембаева А.С

© 2010-2022