«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Бұл мақала фариза Оңғарсынова, Жұбан молдағалиев Қадыр Мырзалиевтің өмірі мен шығармалары туралы жазылған. Соның ішінде Фариза Оңғарсынованың лирикалары, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы туралы жоба қорғалынды. Жайық ақындарының жобасы «Өрлеу» мұғалімдерінің біліктілігін арттыру институтында қорғалды. Педагогикалық жобаға Ақтөбе қаласынан және аудандарынан мұғалімдер мен кітапханашылар қатысты. Сонымен қатаросы жобаға Ақтөбе қаласының жергілікті ақыны Ертай Ашықбаев сөз сөйлеп, өз өле...
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»





































Тақырыбы: «Жайық алқабы ақындарының Ж.Молдағалиевтің, Қ.Мырзалиевтің, Ф.Оңғарсынованың мұраларын заманауи бағытта оқытудың өзекті мәселелері»

Жайық алқабы ақындарының мұраларын заманауи бағытта оқытудың өзекті мәселелері:

Өр мінезді жайық ақындарының поэзиясын дамыту негізінде оқушыларға ақындардың өмірін, шығармашылық жолын және тағы басқа көптеген қасиеттерін танымдық-тәрбиелік мақсатта баяндау, жастардың қазақ әдебиетіне деген зор ықыласын дамыту, ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеу.

Жоба жоспары:

1.Жайық ақындарының өмірі мен шығармашылығ;

2. Жаңашыл туындыларының сипаты;

3. Жайық ақындарының қазақ әдебиетіндегі орны;

4. Жайық ақындарының шығармаларын талдау.

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Фариза Оңғарсынованың өмірі


Фариза Оңғарсынова 1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дуниеге келген.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітіріп,

Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

1966-1968жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия турмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970ж. Республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

1970-1978ж.ж. Республикалық Қазақстан пионері» журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы болып істеген.

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Ж.Молдағалиевтің өмірі


Ж.Молдағалиев 5 қазан 1920 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Сайқұдық деген жерде дүниеге келген. Ақын, Казақстанның халық жазушысы.

Орал ауыл шаруашылық техникумын бітірген.

1940 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1942 - 52 жылдары майдандарда қазақ тілінде шығып тұрған «Отан үшін», "Майдан шындығы", 'Жеңіс жалауы" газеттерінің редакцияларында түрлі қызметтер атқарды.

1948 - 83 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш" ) газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, "Қазақ әдебиеті" газетінде редактордың орынбасары.

1958 - 63 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші, бірінші хатшысы болған.

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Қадыр Мырза Әлидің өмірбаяны


Туылған күні 5 қаңтар 1935

Туылған жері Жымпиты, Орал облысы,Қаз КСР.

Қайтыс болған күні 24 қаңтар 2011 (76 жас)

Қайтыс болған жері Алматы, Қазақстан.

Азаматтығы КСРО → Қазақстан

Ұлты қазақ

Мансабы ақын, жазушы, аудармашы

Шығармалардың тілі Қазақ тілі

Дебюті«Көктем» жыр жинағы (1959)

Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылыҚазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан»бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары«Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ол Қазақстанның халық жазушысы. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Сүйгенім - өлең ғана құлай талып

Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп, «Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы - заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек.

Фаризада халықтық рух бар, ол - елімен бірге, қазағынан бөлінбейтін ақын.

Оның тілі жүйрік, өткірлігі мен тапқырлығы, қанағаттығы бәрімізді де қызықтыратын, қуантатын ақын.

Ғ. Мүсірепов.

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

«Қадыр Мырза Әли - халық ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғышығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да, ойшыл ақын. Ұлы ақын.»

К.Ахметова.

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері» «Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

"Мен - қазақпын" дегенді айта тұрдым, - деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрып" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:

....Күй емес пе, ботасыз нар идірген?

Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?

Жыр емес пе жүрекке жел бітірген?

Олар барда қалайша тарылды іргем? - деп, қазақ халқының ән-күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын:

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап

Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді... - деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді.

Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы "мың өліп, мың тірілген" кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады.

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Ақын Жұбан Молдағалиевтің ескерткіш - бюсті

Фрунзе көшесіндегі гүлзарда жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің туғанына 80 жыл толу құрметіне ескерткіш бюст орнатылған.

Жұбанның өлеңдері мен поэмалары көп ұлтты поэзияның асыл қазынасына сом алтындай құйылып, қалың оқырманның сүйіп оқыр

шығармасына айналды. Ж. Молдағалиевтің туып-өскен жерінде Орал қаласында ескерткіш орнатылып, оның есімі №2 орта мектепке

берілген.

Қалың қазақ

Қастерлейді Жұбанын,

Жырларымен

Қандырған ел құмарын,

Сара сөзден

Сұлу сарай тұрғызып,

Өз қолымен

Жаққан сөнбес шырағын!

«Жұбан Молдағалиевтің өлеңдері - мол дүние, әрі алуан сипатты сырлы жырлар» М.Әлімбаев

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Кітап көрмесі- кітап насихаттаудың ең қолайлы формасы

Марапаттары «Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

«Отан соғысының ІІ дәрежелі» ордені,

«Құрмет белгісі»,

«Еңбек Қызыл Ту» ордені

Совет одағының үш медалі

Поляк Халық Республикасының екі медалі,

КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері,

Қазақстан Абай атындағы мемелекттік сыйлығының иегері.


Ақын апамыздың әдебиет айдынындағы жаңашыл туындылары

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері» «Дауа» кітабы -Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады.

"Дауа" кітабының негізгі мазмұндық идеясы - жастарға шығармашылық жол; яғни, соның ішінде, өзіндік ойымен өлең шығару дарындылығын пайдалану арқылы кез-келген жаман істерге, арам ниетке, биәдеп қылықтарға, тіпті жазылмас дертке де қарсы тұруға үйрету.

Алғашқы сабақ

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

1 том: Көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларын балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік

мәнді өлеңдері енді.

2 том: Орыс халқының қазіргі заманғы көрнекті жазушысы Валентин Распутиннің бұл шағын повесі - қалың оқырманның ілтипатына бөленген шығарма.

3 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітбына халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын

түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық

салт-дәстүрлеріміз жайлы балаларға

пайдалы пікірлері енгізілді.

Лирикалары.

Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен

трагедиясына дастандар арнады. Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі

дауасы - поэзия.

Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. Мұның біріншісі - бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі - сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе - бағы, өзіне тиесілі сыбағасы. Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше ден қойғанынды, өте-мөте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес.

Ф.Оңғарсынова - өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік

сияқты болсандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын. Ақын бұрын-соңды өткен ой иелері мен сөз шеберлерінің немесе әлемнің әр түкпірінде өтіп жатқан оқиғалар мен болмыстарға өзінше баға беріп, жыр жолдарына айналдырады. Фариза ақын «Сапфомен сырласу», «Айша бибі», «Баба әже», «Омар Хайяммен әңгіме», «Шекспир шындығы» өлеңдеріндегі адамдарға деген ізгілік, мейірім сезімі, достық махаббат жайлары бүгінгі ұрпақтардың түсінігіне қажет тұрғыдан жырланады.

Ф.Оңғарсынованың жетістіктері.

Ақынның творчествосына тән басты қасиет - шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады. 1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды,

салмақты көрініс тапқан.

1984 жылы «Үйім - менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі»,

«Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Қадыр Мырза Әлидің кітаптары

1. Күміс қоңырау

2. Дала дидары

3. Бұлбұл бағы

4. Ақ отау

5. Ой орманы

6. Домбыра

7. Жер қыры

8. Көш

9. Биік баспалдақтар

Бұл музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сыншы, драматург, публицист, Жастар сыйлығының, Мемлекеттік Халықаралық және «Тарлан» сыйлығының иегері, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмір жолынан, ерекше дарынынан қазіргі ұрпаққа үлгі -өнеге, тағылым беру мақсатында жинақталған материалдар төмендегідей:

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»


«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

«Жайық алқабы ақындарының өзекті мәселелері»

Қорытынды

Жайық ақындарының озық үлгілі туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан жаухарлар қатарынан орын алып, болашақта да ұлтымыздың рухани қазынасына айнала бермек.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  • Асқар О. Қазақ жырының Қадыры: Қадыр Мырза Әли - 70 жыл Қаңтарда туған қыран. // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 7 қаңтар.

  • Әлімұлы А. Талант тағылымы: жазушы Қадыр Мырза Әли. //Ана тілі.-2009.-10-16 желтоқсан.

  • Бақаш Е. Әдебиет ұлттық болуы керек: Жазушы Мырза Әлимен сұхбат. //Заң газеті.-2009.-12 ақпан.

  • Жайлыбай Ғ. «Ғұмыр сәттерден тұрады...»: Жазушы Қадыр Мырза Әлимен сұхбат. // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 18 қараша.

  • Шайхыұлы Е. Ұлы ақындар көп, ұлт ақындар аз: Қадыр Мырза Әли, халық жазушысы мен сұхбат. //Айқын.- 2007.- 3 ақпан.

  • Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы. ҚМБ, 1960

  • Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі Алматы, Ана тілі, 1995

  • Мүтиев З. Оңғарсынова лирикасы. Канд.дис.Алматы, 2000

  • Ақүрпекова Г. Ф.Оңғарсынованың табиғат лирикасы жайлы сыр// Қазақстан мұғалімі, 1995, 26 шілде

  • abyroi.kz/

  • nklibrary.kz

  • art.gazeta.kz/

  • retro-almaty.kz/


© 2010-2022