Разработка внеклассногоЖаратылыстану пәндер апталығы

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаратылыстану - дене шынықтыру бірлестігінің апталығы

Мақсаты:
Оқушылардың ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу. Халықаралық химия жылы, Қазақстан өндірісінің дамуы туралы оқушыларға кеңнен насихаттау, сонымен бірге экологиялық тәлім - тәрбие беру.
Көрнекіліктер:
Биология ,химия, экология, ауылымыздағы химиялық өндіріс туралы бейне материал, слайдтар.


1-жүргізуші : Армысыздар ,бармысыздар ардақты ұстаздар мен құрметті оқушылар!

2-жүргізуші : М.Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернатының жаратылыстану - дене шынықтыру бірлестігінің «Білімдінің келешегі жарқын » атты айдарымен өтелетін апталықтың ашылу салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

1-жүргізуші:

Дүниеде құбылыстың мәнінде ,

Зерттейді ол өзгерістің бәрінде

Нақты ғылым дүние кілті бүгінде ,

Бүкіл әлем сөйлейді ,нақты ғылым тілінде

Ғылымдардың патшасы - нақты ғылым жайында ,

Апталықты бастаймыз

Пәндер туралы оқушы тақпақтары Өзін - өзі тану

Нурай 7а..... сынып оқушысы: .
1.Мен тілеймін,жарқыным,сен де тіле,
Орнасын де жақсылық жер бетінде.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.

2. Мен аңсаймын,сен дағы аңса,жаным,
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.
Аңса,жаным,зарығып шарша,жаным,
Қанша ғұмыр қалса да,қанша амалың.

Лейла М 8ә сынып оқушысы:
3.Мен сағынсам,сен дағы сағын,жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Алакөзсіз,ашусыз бауырлардың
Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.


4.Болса дағы көңілім қанша жарым,
Білінбейді солармен шаршағаным.
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын,
Аңса,жаным,жабықпай аңса,жаным.

Гүлшнар 7а сынып оқушысы:

Жақсы адам көңілі-күн
Жақсы адам көңілі-күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі-түн,
Кеудеден отты өшірген.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп,өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіңдей жан болсаң,
Ел сүйсінсін ісіңе.
Ақыл қуған адаспас,
Ақылда,дос,бар тетік.
Қапта жатпас таза алмас,
Шығар бір күн жарқ етіп...

Гүлшат 7а...сынып оқушысы:
Еңбек етсем,ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іспен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен
Өнеріме сенемін!
Арым таза,ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Арым таза,ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін!

Биология

Фариза 7а...сынып оқушысы:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
Айзада 7а
Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір уа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешлімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,беретіне қарызға.
Мадина 7а сынып
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
Ерден 7 а сынып
Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!

Химия Гүлбақыт 7 ә сынып
1.Периодтық жүйеге арнау
Элементтерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен
Ол заңмен жеті период орналасқан,
Тігінен сегіз топқа арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орынын,
Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.
Жүрмейсің мұны біліп, қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.

Ботагөз 7 а сынып
2. Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз - химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Айгерім 6а сынып

Экология!

Бөтен сөз.

Бір туғаның бірақ та.

Білгенге бұл көсем сөз,

Мәңгі қалар құлақта.

Эко - эко - үй, Отан,

Ежелден-ақ ерекше.

Сөз патшасын ұнатам,

Жүрегіме гүл ексе.

Тұтқасы бар әлемнің.

Бізше ғылым - логия.

Онсыз мекен, жоқ ұя,

Жоқ киесі өлеңнің.

Өз үй - өлең төсегің

Табиғат боп қалады.

Оған атқан кесегің,

Өз басыңды жарады.

1-жүргізуші

О,табиғат, қандайсың,
Тіл жете ме сыйыңа.
Қыр гүліндей жайнайсың,
Ақыл беріп миыма
Адамзаттың керегін
Өзің берін тұрасың.
Жұтсаң ауа, ішсең су
Табиғатым тумасың.

2-жүргізуші

Көрініс: Экологиялық әліппе немесе «сарқылмайтын шексіз байлықтар»: жер, су, ауа, жан-жануарлар мен өсімдіктер туралы Дана ата мен қос бала - Жайлау мен Суаттың мұңды да сырлы әңгімесі.

Дана ата: Айналаға қарасаңдар, адамзат қоғамының қазір экологиялық тоқырау босағасында тұрғанын байқау қиын емес. Адам баласы бұған тиісті дәрежеде көңіл бөліп, күн ұзартпай сол табалдырықты қашықтатуға әрекет етпесе, жер үстіндегі тіршілік атаулыға апат қауіп төнері хақ. Адамзат халықтардан, халықтар жеке адамдардан тұрады. Сондықтан әр кісінің экологияның жақсаруы жолында күресуі керек. Теңіздер тамшылардан құралады ... Мысалы, Арал, Балқаш ...

Жайлау: Е-е, енді бірдеңе түсіне бастаған сияқтымын. Ал фотосинтез дегеніміз не?

Суат: Фотосинтез - Жерге түскен Күн сәулесінің энергияға айналуы.

Жайлау: Солай деңіз ...

Дана ата: Балалар, әлемдегі жан - жануар, адамзат пен өсімдіктер дүниесінің тіршілігі сол фотосинтезге тәуелді. Басқаша айтсақ, фотосинтез дегеніміз - органикалық заттар. Ол - оттегі. Ал, жер бетіндегі тіршілік оттегісіз күн кеше алмайды.

Суат: Орман - тоғай, жасыл алаңның жойылуы тек фотосинтез қорын кемітіп қоймайды, топырақ эрозиясын күшейтіп, ауа райын өзгертеді дегенді естіп едім:

Дана ата: Иә, Адамзат баласының ұзақ жылдар бойы Жер - Анаға жасаған озбырлықтарының нәтижесі экологиялық апат деген алып айдаһар боп өзіне қайта шапқалы тұр. Сол жеті басты айдаһардың бір басы-ауа.Адам тамақсыз 30-35 күн,сусыз бес күн шыдаса, ауасыз бар болғаны бес-ақ минут өмір сүре алатыны сендерге белгілі ме?

Жайлау: Мұны бір жерден оқыған сияқтымын.

Дана ата: Ал, ауа деген негізінен оттегіден тұратынын білесіңдер ғой?

Суат: Білеміз, ата.

Дана ата: Білсеңдер жақсы. Ал Республикамыздан күніне неше рет ұшып жатқан самолеттердің әрқайсысы 50 тонна оттегі жұтады.Жер бетіндегі миллиондаған машиналар мен әуедегі қаптаған самолеттердің қанша оттегін обып жатқанын, кәне, өздерің есептеп көріңдерші.

Суат: Ата,ол сұмдық көп сан болады ғой. Есептеу машинасы керек шығар.

Дана ата: Бұдан жиырма шақты жыл бұрын мектептерде «дүниедегі таусылмайтын шексіз байлықтар - ауа мен су, орман - тоғай» деп оқытылатын. Ал, қазір ауаның да азайып,тоғайдың да жойылып, теңіздің де тартылатынына көзіміз жетті.

Жайлау: Иә, қазір солай, ата. Мысалы, Қарабұғаз мүлде жойылып барады.

Суат: Ал, Арал, Каспий теңіздері мен Балқаш көліне кім араша болады?

Жайлау: Атай, оттегігіз от жағуға бола ма?

Суат: Меніңше, оттегісіз от жағылмайды.

Дана ата: Жер бетіндегі 502 миллиард адам отсыз тамақ іше алмайды. Сонда байқайсыңдар ма, әлемдік ауа бассейінінің бүлінуіне көкке ұшып жатқан ракетелардан бастап, үй шаруасындағы әрбір тамақ пісіретін әйелдерге дейін «атсалысады» екен. Ал, пайдасыз жанып жатқан оттар қаншама ...

Жайлау: Апырай, ә! Сонда орынсыз от жақсақ, ол да табиғатқа зиянды екен ғой.

Суат: Әрине, ол да азайып бара жатқан оттегіні одан әрі төмендетуге өз үлесін қосады ғой.

Дана ата: Ол тек ауадағы оттегіні азайтып қана қоймайды, көмір қышқыл газдарын көбейтетіндерін ұмытпаңдар.

1-Жүргізуші: Өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен экологиялық проблемалардың шығу себептерінің көп екенін көрдік. Енді осы проблеманы болдырмауға болама деген сұраққа жауап іздеп көрсек

Саним 8ә сынып оқушысы :

Өсімдіксіз өмір өрге басқан ба ?

Сұқты көзбен қарамайық , жас талға .

Желек жайып өсе берсін өсімдік ,

Сырын айтсын айлы түнгі аспанға

Жердің көркі -жасыл әлем саялы

Қамқоршы бол алақанмен аялы .

Қиын -қыстау күн түссе егер басына

Жапырағын көлеңке етіп жаяды.

Жасыл әлем басты байлық ырысым ,

Ол тырғанда тарылмайды тынысым .

Туған жерде өсіп тұрған әр ағаш,

Ақындардың жүрегінің жырысын

Лунара 8а сынып

Сол ағашты халқыл да аялаған ,

Малын бағып , бауырын саялаған .

Тамылжыған тамаша табиғаттан ,

Қамқорлығын ешқашан аямаған

Қадір тұтып табиғат қасиетін ,

Әділдіктің алдында бас иетін ,

«мал қалғанша атаңнан ,тал қалсын » деп

Бабам айтқан орынды қасиетін

Жарасып түр табиғат келбеті де ,

Жайқалсын жасыл, әлем өлкемізде ,

Сән түзеп, көрік,берсін Жер бетіне !

1-жүргізуші

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш
майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

2-жүргізуші:
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

2-жүргізуші:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар - кісінің көз жасынан , қайғы - қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.
1- жүргізуші:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.

Көрініс : «Ажалымен ойнама ,айналайын»

Мерей :Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей болашақ, саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

Санжар : Нашақорлық жайлаған әндет білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін
Оған сен де міндетті, міндетті мен.

ХОРМЕН : Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Салтанат 6асынып оқушысы

Білім,өнер ,еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз

Тұла бойы тұнған бір

Өнер қуған ұрпақпыз

2,Аққу 6а сынып оқушысы

Дәулетің ұлым өнерің

Өнермен артар беделің

Өнерің болса бойында

Халқына тиер көмегің

Айгерім 7а сынып

3.Домбырам қайда барсам тастамаймын ,

Әнмен сенсіз өлең бастамаймын

Екі ішек , бір перне ,тиекпен

Сайрасам қызыл тілім аспандаймын.

Айда 6 а сынып

4.Бұл өмірде не керек ?

Дұрыс жүріп ,дұрыс сөйлеу керек ,

Ішімдік ішпей , шылым шекпей ,

Денемізді шынықтыру керек

Ерте тұрып, кеш жатып,

Есірткеге еліктемей , ерінбей ету керек

Бәрінен салауатты өмір керек

1.Апталық жоспарымен таныстыру



© 2010-2022