Ашық сабақ Тұман және бұлт

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Тұман және бұлтАшық сабақ Тұман және бұлтАшық сабақ Тұман және бұлтСабақтың тақырыбы: §28 Тұман және бұлт

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тұман және бұлттылық туралы түсініктер беру, олардың атмосферадағы рөліне тоқталу ;

Дамытушылығы: Түрлі ойындар мен жұмбақтарды пайдаланып, өздігінен жұмыс істеу іскерлігін дамыту;

Тәрбиелігі:Ойын тез жинақтауға, ұқыптылыққа,

ізденіске тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, баяндау, сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, атлас карта

Сабақтың барысы:

І ұйымдастыру кезеңі:

Сергіту сәті

Жер шары "дәу" әлем,

Қоршаулы ауамен

Ауасыз кім шыдар?

Ауасыз тұншығар,

Күн,жер,су,ауамен

Күнде ду мына әлем.

Оқушыларлы үш түрлі шеңберлер түсі арқылы топқа бөлу.

І топ . Температура

ІІ топ. Баромерт

Үй тапсырмасын сұрау


Сөз жұмбақ



  1. Ауа қысымын өлшейтін құрал?

  2. 20-55 км биіктіктегі ауа қабаты?

  3. Ылғалдылықты өлшейтін құрал?

  4. Ауа температурасын өлшейтін құрал?

  5. 1 м³ ауадағы су буының граммен алынған ылғалдылық?

  6. Жер шарын қоршаған ауа қабаты?

  7. Атмосфералық жағдайды бақылайтын станция?

  8. Атмосфераның биік қабаттарын зерттеуге арналған құрал?

  9. Ең жоғарғы ең төменгі температура айырмасы қалай аталады?


Төмендегі бейнесөзді шешкенде ауа қысымын анықтайтын құралдың аты шығады.



Ребус

Ашық сабақ Тұман және бұлт

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылар мына сөз жұмбақтарды шешеді.Сөзжұмбақты шешкенде жаңа сабақтың тақырыбы белгілі болады.

1.Көлігі жоқ көшеді,

Өзін кезбе деседі.

2.Қара таудыңбасында,

Киіккетіпбарады.

3.Қол-аяғы бауырына,

Тиіп кетіп барады.

ІІІ жаңа сабақ.

Жер бетінен көтерілген су буы жер бетіне жақын жатқан төменгі бөлігінде су тамшыларына айналып, одан тұман пайда болады.

Жаз бен күздегі ашық күндері ауаның төменгі қабаты жылу шашудан салқындайды, сол кездегі су булары майда тамшыларына айналады да тұман түзіледі.

Көктем мен күз айларында оңтүстіктен келген жылы ауаның қар мен салқын топырақ бетіне жанасуынан салқындап, конденсациялануынан тұман пайда болады.

Ауа жоғары көтеріліп салқындайды және оның құрамындағы су булары тамшылары мұз түйіршіктеріне бірігіп, шоғырланып, бұлт пайда болады.

Бұлттардың пішініне қарай 3-ке бөлінеді. Олар будақ бұлттар, қабат бұлттар және шарбы бұлттар.

Ашық сабақ Тұман және бұлт

Сабақты бекіту
Бұлттың ерекшеліктеріне байланысты кестені толтырыңдар.

Бұлттың түрлері

Ерекшеліктері







Ойланайық!

Салтанат аспанды торлаған бұлттарға қарап, әр нәрсенің бейнесіне ұқсатып отырады. Құрбысы оған телефон соғып, көл маңына серуендеп келуге шақырады. Салтанат барар-бармасын білмей ойланып қалады. Қандай кеңес берер едіңдер? Ауа райы өзгеруі мүмкін бе?

Полиглот (көп тіл білу) . Оқушыларға жұмбақ беріледі, жұмбақты шешіп, орысша, ағылшынға аударады.

1.Тереземе ақ мойыншақ ұрып жатыр,

Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр,

2.Керегінше сіміресін,қанбайсын,

Онсыз жерде өмір сүре алмайсың.

3.Тілі жоқ,ысылдайды,

Сызаттан да өтеді,

Денесі бір қысылмайды.

Венндиаграмасы Ортақ белгілері

Тұман Бұлт





V. Үйге тапсырма:

§28 Тұман және бұлт

Атмосфераның адам өміріндегі маңызы шағын шығарма жазып келу.

VІ. Бағалау. Жеңген топ анықталып, топ ішінде сабаққа жақсы қатысқан балалар бағаланады.





«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі»М.М.





Ашық сабақ





Тақырыбы:



«Бұлттар және оның түрлері»



Өткізген:Баймағамбетова Қ.М.

География пәнінің мұғалімі













2012-2013 оқу жылы





© 2010-2022