География Халықтың көші-қоны 9 сынып

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы қаласы Алатау ауданы

№169 мектеп - лицейі








Ашық сабақ


Тақырыбы: "Халықтың көші-қоны"


География пәні мұғалімі: Сейдахметова Жанар Османқызы




Күні: 20.10.2015 ж

Сыныбы: 9 "В"

Сабақтың тақырыбы: §13 Халықтың көші-қоны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстан халықының көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы ұғымның қалыптасуы. Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсерін, оның маңыздылығын нақты түсіндіру.
Дамытушылық: Алған білімді өмірде дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиетін арттыруға , ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу,оқушының өз бетімен білім алуға,ізденуге,өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы білетін болады.

Жабдықтары : ОӘН, ОАҚ, ҚРЭ картасы, Интерактивті тақта, видеоролик, слайдтар, сәйкестендіру кестесі.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:( 1 мин)

а) оқушылармен амандасу

ә) оқушыларды түгелдеу

б) зейіндерін сабаққа аудару

Сабақтың жоспары:

ІІ. Үй жұмысын пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Ой қозғау. "Сиқырлы әріптер" топ құру
1. Жеке жұмыс. Термин сөздердің мағынасын анықта.
2. Топтық жұмыс. Кластер құрау
І - топ . Көші - қон түрлері
ІІ - топ. Ішкі көші - қон
ІІІ - топ. Сыртқы көші - қон
3. Топтық жұмыс.

ІV. Бекіту.

4. Мәтін және картамен жұмыс.

5. Оқулық дәптермен жұмыс
V. Қорытындылау.

VІ.Бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма:
ІІ Үй жұмысын пысықтау: (12 мин)

"Сандар сөйлейді" тақтадағы сандарға оқушы шығып жазады

1. 2724,9 мың км² - ҚР жер көлемі

2. 9 - жер көлемі бойынша д.ж. орында

3. 4 - ТМД -да жер көлемі бойынша

4. 13394- республика шекарасының жалпы ұзындығы

5. 5- Қазақстан шекараласатын мемлекеттер саны

6. 72- Қазақстанның әуе кеңістігінде халықаралық әуежолы түйіседі

7. 15,5 млн. - қазіргі кездегі дүние жүзіндегі қазақтардың саны

8. 1995 ж - Қазақстанда Халық Ассамблеясы құрылған жыл

9. 2020- "Жұмыспен қамту" бағдарламасы

10. 6 - халықтың бір шаршы шақырымға орташа тығыздығы

"Иә" "жоқ" тестін алу:

1. Елді мекендердің қалалық, ауылдық, селолық типтері бар ма? (жоқ)

2. Ауылдық қоныстану - халықтың ауылда қоныстануы ма? (Ия)

3. 1999 жылы ауыл халқы 431 мың адамға (6 %-ға) азайды ма? (ия)

4. 2013 жылы ауыл халқы 7646,9 адамға (45,2 %-ға) көбейді ме? (ия)

5. Ауыл халқының ең көбі Қарағанды, Солтүстік Қазақстанда ма? (жоқ)

6. Халықтың ең жоғарғы тығыздығы Оңтүстік Қазақстан облысында ма? (ия)

7. Халықтың тығыздығы төмен Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ма? (ия)

3 тапсырма. Қазақстан халқының тығыздығын карта бойынша анықтау.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру. (20 мин)

Ой қозғау. "Сиқырлы әріптер" Түсті қағазға жазылған әріптерді таратылып беріледі.

Қолдарыңызға берілген әріптерден сөздер құрастырыңдар, сөздердің халыққа қатынасы бар ма?
1. Сыныпты 3 топқа 8 адамнан бөлеміз. түсті қағаздар саны 3 (сары, көк, жасыл,)
Сары әріптер(э, м, и, г, р, а, ц, и, я)
Көк әріптер (и, м, м, и, г, р, а, ц, и, я)
Жасыл әріптер( ремиграция)
2. Топтық жұмыс. Кластер құрау "Халықтың көші-қоны" тақырыбы бойынша тапсырмалар алдын -ала берілген, сол тапсырмаларға 3 топ өз жауаптар береді.
3. Жеке жұмыс. Термин сөздердің мағынасын анықта.
эмиграция - тұрақты тұруға елден кету

иммиграция - елге тұрақты тұру үшін көшіп келу

ремэмиграция - эмигранттардың елге қайта оралуы

репатриация - қазақтардың өз Отанына қайта оралуы

миграция - көші-қон

сальдо - қалдық, кеткендер мен келгендердің айырмасы (оң сальдо +) (теріс сальдо -)

V. Бекіту. (7 мин.)
1. Сәйкестігін анықта.
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ел аумағында
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ішкі, сыртқы
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ ТМД елдерінің халқы
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- Ерлер

2. Мәтін және картамен жұмыс.
І топ

1. Сіз АҚШ-қа тұрақты қоныстануға кетуді шештіңіз. Сізді қарсы алған американдықтар кім деп атайды? (Эммигрант)

2. Мұнай компаниясы Қазақстанның әр қалаларынан жаңа мұнай кенін игеру үшін жұмысшылар тартады. Ол олардың жол ақысын төлеп, жаңа жерде баспана береді. Қандай көші- қон туралы сөз болып отыр? ( уақытша көші-қон)

ІІ топ

1. Егер мектеп бітіргеннен кейін сіз Ұлыбританияға оқуға барсаңыз, онда қандай көші-қон түрін жүзеге асырасыз? ( уақытша көші-қон)

2. Талғар қаласының тұрғыны күнде оңтүстік астанаға жұмысқа қатынайды. Оны көші-қон деп атауға бола ма? (ешқандай көші-қонға жатпайды)

ІІІ топ

1.Біздің еліміздің тұрғыны Германияға тұрақты тұруға кетіп қалып, бір жылдан кейін қайта Қазақстанға оралды. Көші-қондық көзқарас бойынша ол кім? (репатриация процесі)

2. Қазақ отбасы Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келді. Біздің елімізде мұндпй эммигрантты қалай атайды? (реэмиграция )

3. Оқулық және дәптрмен жұмыс: Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңдарын шыққан жылдарымен жазу.

Халықтың көші-қоны туралы Қазақстан Республикасының Заңдары

Шыққан жылы

1

"Басқа республика және шетелдерден ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ынта білдірген байырғы ұлт өкілдерінің қоныс аудару жағдайы және тәртібі туралы "

1991 жылғы 8 қараша

2

"Қазақстан Республикасының Иммиграция туралы"

1992 жыл

3

Қазақстан мен Әзірбайжан, Армения, Грузия және Қырғыстан арасындағы "Еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп қонушыларды әлеуметтік қорғау туралы ынтымақтастық" келісімі

1994 жылы

4

"Халықтың көші-қоны" туралы ҚР Заңы

2011 жылғы 22 шілде

5

"Шетелдерде тұратын отандастарымызға мемлекеттік жәрдемдесу туралы" жарлығы

2009 жылғы 18 маусым

VI. Қорытындылау: (2 мин.)

"Видеоролик" көрсету

VII. Бағалау: (2 мин)

Оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін айта отырып бағалаймын және белсенділік танытқан топтарды атап өту.

VIII. Үйге тапсырма: (1 мин)

§13 оқу, қосымша мәліметтер жазып келу (статистикалық, келгендермен, кеткендердің саны 2013 жылға)
Сергіту сәті: бүгінгі сабақ туралы өз ойларын қорытындылау.

НЕНІ БІЛЕМІН

НЕНІ ҮЙРЕНДІМ

НЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ

НЕНІ ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ

Сәйкестігін анықта.
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ішкі, сыртқы
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ел аумағында
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ Ерлер
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- ТМД елдерінің халқы

Сәйкестігін анықта.
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ішкі, сыртқы
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ел аумағында
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ Ерлер
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- ТМД елдерінің халқы

Сәйкестігін анықта.
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ішкі, сыртқы
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ел аумағында
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ Ерлер
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- ТМД елдерінің халқы


Сәйкестігін анықта.
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ішкі, сыртқы
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ел аумағында
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ Ерлер
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- ТМД елдерінің халқы

Сәйкестігін анықта.
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ішкі, сыртқы
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ел аумағында
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ Ерлер
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- ТМД елдерінің халқы





1. Алғашқы оралмандар Қазақстанға 50 - ші жылдардың ортасында Қытайдан келді. Олар жаппай қоныс аудару 1991 жылы, Монғолиядан 12 мың адам келген кезде басталды. 2003 жылы елге 39, 4 мың қазақ иммиграцияға келсе, елден эмиграцияға кеткендер саны 4, 4 мың адамды құрады. Тапсырма:
1. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанға қанша оралмандар көшіп келді? Оларға мемлекет тарапынан қандай көмектер беріледі?
2. Картадан оралмандардың басым бөлігі келетін елдерді көрсет.

2. Қазақстанға жұмыс істеу үшін адамдар көбірек келуде. Кейбіреулері көші - қон ережелерін бұзады: елге жасырын жолмен келіп, рұқсатсыз жұмысқа орналасады, көші - қондық органдарға тіркелмейді.
Тапсырма:
1. Ол қандай орган? Оның атқаратын қызметтері қандай? Ол жерде кімдер жұмыс жасайды?
2. Картадан жұмыс іздеп келетіндердің басым бөлігі Қазақстанның қай аймақтарына баратынын көрсет.
3. Астана қаласы «Елорда» статусын алғаннан кейін қалаға көшіп келушілер саны өсе түсті. Статистикалық орталыққа нақты мәлімет берілмегендіктен, Астана қаласында 2001 жылы «Мен Астана тұрғынымын» атты акциясы өткізілді. Ол барлық «есепке тұрмаған» қоныс аударушыларды тіркеуден өткізуге мүмкіндік берді. Қала халқы сол тұста 330 мың деп саналып келсе, тіркеуден кейін қала халқының саны 500 мыңға жетті.
Тапсырма:
1. Қазіргі кезде Астана қаласының халқының саны қанша?
2. Картадан Астана қаласына қоныс аударғандардың қай аймақтардан келгендерін көрсет.

4. Қазақ халқының жаппай мәжбүрлі эмиграциясы 1916 жылы көтеріліс кезіне, 1930 жылдардағы ұжымдасу мен аштыққа сәйкес келді. Ол кездерде Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Орта Азия мен Ресейге 1 млн. 300 мыңдай ел ауды.
Тапсырма:
1. Аталған адамдар елден қоныс аудармағанда, халықтың саны қаншалықты болар еді...
2. Картадан аталған елдерді, астаналарымен көрсет.

География Халықтың көші-қоны 9 сынып





НЕНІ БІЛЕМІН

НЕНІ ҮЙРЕНДІМ

НЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ

НЕНІ ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ





І ТОП

КӨШІ - ҚОН ТҮРЛЕРІ





ІІ ТОП

СЫРТҚЫ КӨШІ-ҚОН





ІІІ ТОП

ІШКІ КӨШІ - ҚОН



э, м, и, г, р, а, ц, и, я
и, м, м, и, г, р, а, ц, и, я








р е м и г р а ц и я


© 2010-2022