Открытый урок на тему: Африка материгінің географиялық орны (7класс)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Африка материгінің географиялық орны.Материктің жағалауындағы мұхиттары мен теңіздері.Зерттелу тарихы.

Сабақтын тақырыбы:Африка материгінің географиялық орны.Материктің жағалауындағы мұхиттары мен теңіздері.Зерттелу тарихы.

Сабақтын мақсаты:Африканың географиялық орнының ерекшеліктерін көрсету.Материктің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді анықтау.Зерттелу тарихымен таныстыру.

Сабақтын нәтижесі:

-Оқушылар тақырыпты топпен талқылау арқылы түсіндіреді.

-Негізгі жауапты айтуға үйренеді.

-Өз ойларын айтып,картамен жұмыс істеу шеберлігі артып,жан-жақты ойлап топпен жұмыс жасау қабілеті дамиды.

-Оқушының сабаққа белсенділігі артады.

Сабақтын көрнектілігі:Дүниежүзілік карта,Атлас,кескінкарта,слайдтар,перфокарта,кесте,тест,интерактивті тақта.

Сабақтын әдісі-тәсілдері:

Сабақтын барысы:

I.Ұйымдастырушы кезеңі.

а)Үй тапсырмасын тексеру:Перфокартамен жұмыс.

ә)Сынып оқушыларын 3топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.

II.Жаңа сабақ:

1тапсырма:Бағдаршам. (Оқулықтағы мәтінмен танысып,оны қорғайды).

1топқа:Африканың географиялық орнының ерекшеліктері.

2топқа:Жағалауларындағы мұхиттар мен теңіздері.

3топқа:Зерттелу тарихы.

Сергіту сәті:2мин.

2тапсырма: «Жинақтау».(қорытынды шығар,кесте толтыр,анықтама бер.)

3тапсырма:1. «Ойлан тап» Картамен жұмыс. (Сөйлемдерді оқы қандай географиялық нысан жайлы айтып тұрғанын карта бойынша анықта)

1топқа:

А)Бұл мұхит Африканың батыс жағалауын шайып жатыр...

Ә)Бұл бұғаз Үнді мұхитының батыс бөлігінде,Африка мен Мадагаскар аралын бөліп тұрады...

Б)Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен ағып өтеді...

2топқа:

А)бұл мұхитта Мадагаскар аралы орналасқан...

Ә)бұл канал теңіз көліктеріне Африканы айналып өтпей-ақ Еуропадан Азияға тіке шығуға мүмкіндік береді...

Б)Африкадағы ең ірі көл...

3топқа:

А)бұл теңіздің суы Африканың солтүстік жағалауын шайып жатыр...

Ә)Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континеттік шөл...

Б)Ең терең көл...

2.Атлас пен кескін картамен жұмыс.

Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін,жағалауындағы мүхиттар мен теңіздерді,ағыстарды,бұғаздарды,каналды түсіру.

III.Бекіту:

1. Тест сұрақтары.

2. «Адасқан нысанды тап»

3. «Мен Африка еліне бардым,онда неге таңғалдым...» (әңгіме құрастыру)

IV.Қорытынды: « Кім жылдам?» Аты атлған географиялық нысандарды

атау.

Бағалау:

Үйге тапсырма: Африка материгі туралы қосымша мәлімет әкелу.

Рефлексия:



© 2010-2022