Тәрбие сағаты Аяласаң, табиғатты аяла

Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Аяласаң табиғатты аяла!»

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың табиғат жөіндегі ой - өрісін кеңейту, экологиялық мәселелер туралы түсінігін арттыру.

б) Ауызекі сөйлеу дағдысын, логикалық ойлауын дамыту.

в) Қоршаған ортаны аялауға, табиғатты қорғауға дұрыс көзқарасқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы, Катонқарағай Ұлттық Паркі. (кітапша) т.б

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе. Қазіргі кезде Жер бетіндегі барлық адамзаттың алдында үлкен де жауапты міндеттің бірі - өзіміз өмір сүріп, тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану. Бұл бізден үлкен жауапкешілік сезімді талап етеді.Қоршаған тіршілік ортасын ата - бабаларымыз бізге сан ғасырлар бойы бүлдірмей , ластамай, көркейтіп жеткізді. Ал біздер келешек ұрпаққа не қалдырамыз? Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 38 - бабында :»Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауғажәне оның баилығын сақтауға міндетті» делінген, сол табиғатты қорғайтын сендер, экология деген сөз өз үйің, қоршаған орта дегенді білдіреді.Өз тұрған үйімізді қалай ұстасақ, табиғатты да солай таза ұстауымыз керек.

ІІІ. Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігі ерте кезден - ақ басталған. Осыған орай түрлі мақал - мәтелдер , өнегелі өсиеттер, даналық ақыл - ойлар , аңыз - әңгімелер айтылып атадан балаға , ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.

а) Табиғат туралы даналық сөздерге тоқталсақ.

1) « Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады» Гете.

2) «Берекелі болса ел,

Жағасы жайлау ол бір көл

Жапырағы жайқалып,

Бұлғақтайды соқса жел

Оның малы өзгеден

Өзгеше болып өсер төл»

Абай Құнанбаев.

3) «Сұлулықты, көркемдікті түсіне білудің өзі үлкен эстетикалық тәрбие күші. Ұшқан құс, жүгірген аң, өзен - көлтау - тас ,өсімдіктер дүниесі - бәрі де адамға ләззат береді.Ес білгеннен бастап ата - анасының ,үлкендердің өне бойы айтып отыратын өсиеттерімен тәрбиеленген ұрпақ өзі де табиғатқа нұқсан келтірмейді және өзгеге де жол бергізбейді»

Шоқан Уалиханов.

4) «Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады»

Шыңғыс Айтматов

5) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ

Мұқағали Мақатаев

б) Табиғат туралы мақал - мәтелдер.

«Жері байдың - елі бай» «Күте білсең, жер жомарт» «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» «Ер - елдің көркі, орман, тоғай - жердің көркі» «Бір тал кессең, он тал ек» «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» т.б

в) Табиғатты қорғау туралы ырым - тыйымдар.

1) «Обал болады» деп егінді, шалғынды бейсауат бастырмайды.


2)»Көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

3) Малды теппейді, «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын» Малды басқа ұрмайды, «құты қашады» деп балағаттамайды.

4) « Сиырдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа баспайды.

5) Нан үгіндісін аяқпен таптауға болмайды. Нан құраннан да қасиетті.

6) « Судың да сұрауы бар» , «Бидің жолы ақ, судың жолы сара» деп суды бұрғызбайды.

7) Құстардың ұясын бұзғызбайды. «Бетіңе шұбар түседі» деп торғайдың жұмыртқасын шаққызбайды

8) «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды

9) Жылан киіз үйге кіріп кетсе , басына ақ құйып шығарады. т.б

IV. а) Енді «Аңшы мен бала» көрінісін тамашалайды.

б) «Нағашы мен жиеннің» шешендік жарыс сөзін тыңдайық.

V. «Біз - табиғат қорғаны» пікірталас.

VI. Ұлттық табиғат паркі.

VII. Қортындылау.


© 2010-2022