Физикалық өлшемдер. №1 практикалық жұмыс 5 сынып

Тақырыбы: Физикалық өлшемдер. №1 практикалық жұмыс«Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу» Жалпы мақсаттар:  Білімділік:Физикалық дене, зат және салмақ туралы  түсінік беру. Дамытушылық: Дене және табиғаттағы заттар   туралы оқушылардың  көзқарастарын  дамыту Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу. №1 практикалық жұмыс Блум бойынша: Білу: 1  Физикалық дене, зат және салмақ туралы білім ...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаратылыстану 5 сынып күні 12.01.2015

2 апта

1 күн 19 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Физикалық өлшемдер. №1 практикалық жұмыс «Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу»

Сілтеме

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер (Нұсқаулық 32-42 беттер), диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануды дамыту ( Нұсқаулық 50-55 беттер, Александер 2001,2008: «Диалогты оқыту») География 5 сынып

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Физикалық дене, зат және салмақ туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Дене және табиғаттағы заттар туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар

Оқушылардың көзден тыс қалған қасиеттерін анықтау, бағдарламаның модульдерін ұштастыра отырып, сабақты тиімді өткізу;

  • Топпен жұмыс істеу қабілеттілікғтері

  • Тақырып бойынша білімдерін анықтау

  • Сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау

  • Диалог құру арқылы тапсырмалардың шешімін табу

  • Мәтін, атлас және кескін карта мен топтаса отырып жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтау

Тапсырмалар



Мағынаны тану.

№1 практикалық жұмыс

Блум бойынша:

Білу: 1 Физикалық дене, зат және салмақ туралы білім алу

Түсіну: 2 Физикалық өлшемдер.

Қолдану: 3 Тәжирибе жасау,

Талдау: 4 Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу

Синтез: 5. Суреттер бойынша физикалық дене, зат және салмақ анықтама беру

Жаттығулар

80 беттегі сұрақтарға жауап беру

Үйге үйреніп келуге

30 тақырыпты оқу, негізгі ұғымдар, Сурет салу

Бағалау

Кері байланыс

Аты-жөні

Мәтін мен жұмыс

Жұмыстың

орындауы

Ойын қорғау

Қорытындай

білуі

Қорытынды баға

Сабақтың барысы: 19 сабақ

Сабақтың құрылымы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Берілген уақыт

Оқушының іс-әрекеті

Топтастыру

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

3 мин

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

Ой түрткі «Миға шабуыл» стратегиясы

Салмақтың қандай өлшемдерін білесіңдер? Салмақ өлшейтін құралды қалай атайды? Автокөліктердің салмағын білесіңдер ме? 1 қап ұнның салмағы неше?

5 мин

Өз ойларын топ ішінде талдап, ойларын қорғайды

Топпен жұмыс

Физикалық өлшемдер. №1 практикалық жұмыс «Физикалық шамаларды анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеу»

1.Физикалық дене - зат Мысал келтіріп жаз

2. Май шамын жаққанда нені бақыладың?

3.Балмұздақты жылы жерге қойыңдар. Қандай құбылысты байқадың?

4. Шыныдағы суға қағазды және темір затты судың бетіне түсіреміз нені бақылауға болады?

5. Физикалық өлшемдердің көрсеткіштерді өлшеу әдісі. 81 беттегі тапсырма. ( таразымен жұмыс)

6. Тәжирибе туралы өз ойларыңды жазыңдар

35 мин

Идеяларын ортаға салу. Қорғау. Топ ішінде мәтінді талдап, атлас және карта мен жұмыс істелінді; бір-бірімен диалогқа түседі, ес картасын құрастырады

Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

________________________









4


© 2010-2022