» Өзендер» ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы Өзендер Мақсаты 1. Өзендер алабы , жүйесі , қоректенуі мен шаруашылықтағы                   маңызын гидросфера туралы білімін кеңейту. 2.Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін , шығармашылығын  және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.  3. оқушының өз бетімен жұмыстануға , ойын еркін жеткізе білуге , жаңа ұғымдарды меңгерте отырып , ой-тұжырым жасауға жетелеу,оларды түсіне білуге, өмірде пайдалана білуге үйрету ...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Өзендер

Мақсаты

1. Өзендер алабы , жүйесі , қоректенуі мен шаруашылықтағы

маңызын гидросфера туралы білімін кеңейту.

2.Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін , шығармашылығын және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3. оқушының өз бетімен жұмыстануға , ойын еркін жеткізе білуге , жаңа ұғымдарды меңгерте отырып , ой-тұжырым жасауға жетелеу,оларды түсіне білуге, өмірде пайдалана білуге үйрету

Күтілетін нәтижелер

  1. Өзен бөліктерін, жазық және тау өзендерін ажырата алу

  2. Картадан ірі өзендерді көрсете алуы

  3. Қосымша ақпараттармен, оқулықпен жұмыс істей білуі


Керекті жабдықтар

Дидактикалық үлестірме материалдар,АКТ, электрондық оқулық,түрлі-түсті карандаш.

Сабақтың барысы

Оң жақтағы бағанадағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімнің есіне

І кезең. Төмендегі «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а)ұйымдастыру сәтін; ә)алдыңғы тақырыптың ІІІ кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін б) «көпір» тапсырмаларын тексереді

«Көпір» тапсырма - лары өткен тақырып тар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

1.Өзендер дегеніміз не?

2.Өздерің тұратын жерлерде қандай өзендер бар?

3. Қазақстанның қандай өзендерін білесіңдер?

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а)оқушылардың төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес өздері толтырады (10 минут); ә)жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі марапатталады

Теория бойынша:

«Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелну керек)

І топ.

1.Өзеннің ағып шығатын жері ...

2.Өзендер саласы ...

3.Салалар ..... бөлінеді

4.Өзеннің құяр жері ....

5.Өзен сағасы тармаққа бөлінеді, .... пайда болады

6.Өзеннің бастауынан сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқап, бұл ....

7.Аңғардың табанындағы өзен суы ағып жататын ойыс .....

8.Өзен тасығанда су басатын бөлігі ......

9.Бастауына жақын жағы ......, саға жағы ..... , екеуінің аралығы .....

10.Өзен барлық салаларымен бірігіп ...... құрайды

11.Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі... жатады.

12.Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін ... бөледі

ІІ топ:

1.Тау өзендері ағатын беткейлері тік, жартасты тар аңғарды .... деп атайды.

2.Өзен арнасындағы қатты жыныстарды ... деп атайды

3.Өзен жартастан төмен қрай құлап ағып .... жасайды

4.Ең биік сарқырама ... биіктігі ...

5.Екінші биік сарқырама ... биіктігі ...

6.Дүние жүзіндегі ең ірі сарқырымалар жүйесі ... каскадтары . Оның ені ..... биіктігі ....

7.Солтүстік Америкадағы Эри мен Онтарио көлдерінің арасындағы ....... сарқырамасы, биіктігі ....

8.Ол жыл сайын Эри көліне қарай орта есеппен ..... жуық шегініп келеді.

9.Болжам бойынша бұл сақырама ..... жойылады

10.Сарқыраманың дауысы ..... естіледі.

11.Су гүрілінің қаттылығы сондай, ......

12.Бұл сарқырама үндістер тілінде .....

ІІІ топ.

1.Өзендерге .... суы қосылады

2.Экватор маңындағы өзендердің молығуында ..... басты орын алады.

3.Оларға суы аса мол ...... өзендері жатады

4.Жаңбыр барлық маусымда жауатындықтан, бұл өзендердің .... жыл бойы өзгермейді.

5.Қыста қар тұрақты жататын аймақтардағы өзендер негізінен .... молығады.

6.Биік тау басындағы мәңгі қар мен мұздықтардың етегінен басталатын өзендер ..... молығады

7.Жазық жердің өзендері ... , ал тау басындағы қар мен мұздың еріген суынан алатын өзендер .... тасиды

8. Су тасуы деп .....

9.Өзен суының кенет көтерілуін ......

10.Ең ерте заманда өркениеттің өзі ......... өзендері бойында дамыды

11.Біздің елімізде ..... өзендерінде су электр стансалары жұмыс істейді.

12.Қазақстан мен орта Азия шөлдерінде ... ... өзендерінде каналдар қазылған

Теория бойынша:

«Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады )


І топ.

1.Өзендер бастауын қайдан басталады?

2.Өзендер қайда құяды?

3.Өзендердің ағысы қалай қарай төмендейді?

4.Жайылма шалғыны неге пайдаланылады?

ІІ топ.

1.Өзен ағысының бағыты мен жылдамдығы неге байланысты?

2.Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендер басын қайдан алады?

3.Тау өзендері қалай ағады?

4.Жазық жердегі өзендер не үшін қолайлы?

ІІІ топ.

1.Су шоңғалдардың үстінен қалай ағады?

2.Шоңғалдар неге кедергі жасайды?

3.Неліктен сарқырамаларға қуатты электр стансалары салынады?

4.Құрғақшылық аудандарда өзен суы қайда жұмсалады?

Теория бойынша:

«Талдау»

1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Вен диаграммасы арқылы қамтуға болады


Венн диаграммасы арқылы тау өзені мен жазықтағы өзендерді салыстырыңдар:

Тау өзені Ұқсастықтары Жазықтағы өзен

гүрілдеп

ағады,

шапшаң

ағады,

арнасы тар,

электр қуа -

тын алады

Өзен, жай

шаруашы - ағады,

лыққа пай - арнасы даланады, кең,

жер суғара кеме

ды жүреді



2.Тақырыптың басты идеясы неде?

Өзеннің бөліктері және өзен жүйесі болады, оның бағыты мен сипатына жер бедері әсер етеді, шоңғалдар мен сарқырамалар пайда болады, өзеннің суға молығуы және режимі болады. Өзендердің шаруашылық маңызы бар

Теория бойынша:

«Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұн- ды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұм- бақты толтыр немесе құрастыр т.с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады )


Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп толтырыңдар:»Өзендер» ашық сабақ

Оқулықпен жұмыс (5минут) төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұныныа «Баға беруі» мазмұнына сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады

Практика бойынша: «Қолдану» оқулықпен жұмыс жүргізу бары -сында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі

Картамен жұмыс:

1.Картадан Қазақстанның аталған өзендерін табыңдар.

2. Суреттен өзен бөліктерін атап, көрсет.

Практика бойынша:

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады (топтық жұмыс)

1.«Су тілсіз жау » деген мақалды қалай түсіндіресің?

2.Бір бала суға батып бара жатырса, сен не істер едің?

3.Сен қалай ойлайсың , суға шомылудың ережесі бар ма?

ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі). Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзыреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырма- ларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды, +3 минут қорытынды жасалады. Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл санын дәстүрлі бағаға айналдырып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

І деңгей (5 балл) әр тапсырманың бағасы -1 балл

Теориясы: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істейді? Сияқты сұрақтарға толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегі- ге қарағанда керісінше қойылады)

1 тапсырма:

1. Өзеннің ағып шығатын жері:

A) Суайрық

B) Сағасы

C) Бастауы

D) Саласы

E) Арнасы

2. Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі:

A) Шоңғал

B) Суайрық

C) Жайылма

D) Аңғар

E) Арна

3. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі:

A) Су тасуы

B) Режимі

C) Сабасына түсуі

D) Тасқын

E) Жайылуы

2 тапсырма:

1. . Анхель сарқырамасының биіктігі

A) 1054 м.
B) 1050 м.
C) 1051 м.
D) 1052 м.
E) 1053 м.

2. Игуасу сарқырамасы орналасқан өзен

A) Парана
B) Ориноко
C) Магдалена
D) Мадейра
E) Манаус
3.Ниагара сарқырамасы ... көлдерінің аралығында орналасқан

А) Жоғарғы және Мичиган

В) Мичиган және Гурон

С) Гурон және Эри

D) Эри және Онтарио

Е) Онтарио және Мичиган


3 тапсырма:

1. Амазонканың жыл бойы суының мол болу себебі:

А) Тауда қар көп ериді

В) Биік таудан басталады.

С) Салалары көп.

D) Экватор аймағында ағып жатыр.

Е) Амазонканың суы мол болмайды

2.Жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің көбеюі:

А)сабасынан түсуі

В)тасқын

С)су тасуы

D)жайылым Е) атырау

3.Өзен суы пайдаланылады:

А)электр қуатын өндіруге

В)кемелер жолаушы мен жүк тасымалдауға

С)зауыттар мен фабрикаларға

D) жер суғаруға

Е)барлық жауап дұрыс

4 тапсырма:

1.Ең ұзын өзен:

А)Амазонка

В)Ніл

С)Ертіс

D)Игуасу

Е)Замбези

2.Ең суы мол өзен:

А)Амазонка

В)Ніл

С)Ертіс

D)Игуасу

Е)Замбези

3.Қазақстандағы суы мол ірі өзені:

А)Амазонка

В)Ніл

С)Ертіс

D)Игуасу

Е)Замбези

Практикасы: «Қолдану» (ІІ кезеңде -гіге қарапайым тапсыр-малар үлгісіндегі тапсырмалар орында - лады)


  1. Жарты шарлар картасынан сарқырамаларды, өркениет дамыған өзендерді табыңдар.

  2. Шоңғалдардың қандай зияны бар?

ІІ деңгей (5 балл +4 балл= 9 балл) әр тапсырманың бағасы - 1 балл

Теориясы: «Түсіну» Неге? Неліктен? Себе -бі? Не үшін сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

1.Неліктен тау өзендерінде шоңғалдар пайда болады?

2.Ниагара сарқырамасын неге 20 мың жылдан кейін жойылады деп болжайды?

3. Туристер Ниагара сарқырамасын не үшін тамашалайды?

4.Не себепті каналдар қазады?

Теориясы: «Талдау» 1.Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

3.Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады )


Шоңғалдар мен сарқырамаларды салыстыр:

Шоңғалдар

Ұқсастығы

Сарқырамалар

Қатты кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, кеме қатынасына кедергі келтіреді

Екеуі де өзендерде кездеседі,

Жартас өзен арна сын кесе көлденең алып жатады, су құлап ағады, су электр стансалары салынады

Практикасы: «Қолдану» (ІІ кезеңде- гіге қарапайым тапсыр малардың өзгергертіл ген жағдайдағы нұсқа -сы)


  1. Тасқын қалай пайда болады?

  2. Қазақстанда шатқалдар бар ма?

ІІІ деңгей (9+3=12 балл) әр тапсырманың бағасы - 1,5 балл

Теориясы:

«Жинақтау»

(Қорытынды шығаруға бағытталған анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе құрастыр, ребус ты шеш т.с.с. басқа түрдегі сөздер тапсыр -малар шартында болуы керек )

Кестені толтыр:

Өзен аты

Бастауы

Сағасы

Қай материкте

Амазонка

Ніл

Ертіс

Өзен режимінің сызбасын»Өзендер» ашық сабақ

толтыр.

Практикасы:

«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)

1.Сырдария өзені суы азайып, Арал теңізіне жетпей қалды. Сен қалай ойлайсың, оған не себеп болды?

2.Соңғы кезде Жайық өзені суы тартылып барады. Оның суын молайту үшін сен не істер едің?

Бағалау шкаласы:

11-12 балл - «5» (92-100%); 7-10 балл - «4» (58-83%), 5-6 балл - «3» (42-50%),

5 балдан төмен - «сыннан өтпеді» (ешқашан «2» қойылмайды, сынақтан өтуге міндетті)



© 2010-2022