Отаным, елім, жерім тақырыбына тәрбиелік шара

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Отаным,елім,жерім!»

Мақсаты: Қазақстанның өткен тарихына көз жібере отырып,

өткенсіз бүгіннің жоқ екенін жеткізу.Бүгінгі ұрпақ бойына

елжандылық сезім, Отаншылдық рух дамыту,аңсап жеткен азаттықтың

құндылығын сезінуге,құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Қазақстан республикасының рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» стенд,

бүктемелер, карта, интертақтадан бейнесюжеттер

Жүрісі: 1.Әнұран орындалады

2.Жүргізуші:

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен аспанға жол салынар!

- деп.,Жүсіп Баласағұн айтқандай, біздің бүгінгі «Отаным,елім, жерім!» атты « Атажұрт » этнографиялық танымдық ойынымызға қош келдіңіздеер! Ойынға 2 топ қатысып отыр және олардың жанкүйерлері.

1-топ «Самұрық» 2-топ «Қыран»

Ойынымыз 6 турдан тұрады.

  1. Топты таныстыру

  2. «Өткел»

  3. «Белес»

  4. «Бекет»

  5. «Асу»

  6. «Жерұйық»

Жүргізуші:

Қазақстанның өткен тарихы-ата-бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты үшін соның жолындағы ұзақ та, ауыр күрестің тарихы.Тәуелсіздік ,бұл оңайшылықпен келген жоқ.Бұл-ұзақ жылғы азапты,отты жылдардың жемісі еді.Елбасы Н.Назарбаевтың «Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып,ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру қажет»- деген сөзін әрқашан есімізден шығармауымыз керек.Егеменді еліміздің ертеңі-cіздерсіздер.Кешегі өткен от ауызды шешен,билеріміздің етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күштерімен сақтап қалған,бүгінгі тәуелсіз атанған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу,өз Отанымыздың лайықты азаматы болу-бәріміздің қасиетті борышымыз.Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін,жер күңдікті.

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,

Қазақ болу-зор бақыт дер күн жетті.

Біз қазақ деген елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Достықты сақтай білген елміз

Дәм-тұзды ақтай алған елміз.-

Қаз дауысты Қазыбек бидің осы айтқан сөздерін санамызға сақтай отырып ойынымызды бастайық.

1-кезең а ).Топтардың өздерін таныстыруы

ә). Ойтолғау «Менің арманым.еліме тілегім»

2-кезең «Өткел» Жүргізуші: Өмірге қуанышпен келіп едім,

Жігіттер бақытым бар тегі менің.

Осы елде туған адам шын бақытты

Ал бұл ел- байтақ жатқан менің елім.

Басқызбаған жауға Отан топырағын.

Жұлғызбаған жалғыз жасыл жапырағын

Жалынын өлеңімнің мәңгі өшірмей,

Күзетіп кірпік қақпай отырамын.

Топ басшыларына 5 сұрақ қойылады. «Самұрық» топ басшысына:

1.Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді? (1997)

2.Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?( 1992 2 наурыз)

3.Қожахмет Иассауи кесенесі қай жерде орналасқан ?(Түркістан)

4.Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы,қай айда алды ?(1991 16 желтоқсан)

5. Қазақстан неше экономикалық ауданға бөлінеді? (5)

«Қыран» топ басшысына:

  1. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

  2. Астана қай өзеннің бойында орналасқан ?(Есіл)

  3. Қорқыт ата ескерткіші қай жерде орналасқан?(Қызылорда.Жусалы ауданы)

  4. Қазақстанның алғашқы астаналары болған қалалар? (Орынбор,Қызылорда, Алматы)

  5. Қазақстан нешке мемлекетпен шектеседі ?(5)

3-кезең «Белес» (Ұпайы көп топ бастайды.Ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай-ақ келесі топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді).

«Самұрық» тобына: 1).Ежелгі қалалардың бірі. Бұл жайында алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады,VII-VIII ғасырларда сауда,қолөнер орталығы болған.X ғасырдағы араб географы былай деп жазды: «... бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендер ірі бекіністі қала»(Тараз)

  1. Қосымша көмек: Ұлы Жібек бойында орналасқан

2- сұрақ: Б.з.д V ғасырда бұл көне көл туралы мәлімет берген.Бұрынғы аттары:Хазар, Дербес, Ақ, Айдархан теңізі деп аталған.Соңғы атын Бірінші Петр ұсыныпты.Бұл қай теңіз (Каспий)

Қосымша көмек: 28 аты,кейбірі 60 аты болған дейді,

«Қыран» тобына: 1) Мароккодан шыққан атақты саяхатшы Ибн баттуда 1333 жылы Жайық өзенінен өтеді.Ол өзінің күнделік жазбаларындаосы өлкенің жайылымында өзен суы мол екенін және бір көне қала туралы мәлімет берген .Ол қандай қала?

Қосымша көмек: Қала Жайық өзенінің бойында орналасқан.

2). Шығыс Сарыарқа,батысы Оңтүстік Орал тауы аралығында жатыр.Оңтүстігінде Шалқар ойысына жалғасқан. Орташа биіктігі 200-300 метр( Торғай үстірті)

Қосымша көмек: Сол атаумен қақпа да аталады.

4- кезең.(Бұл бөлімде команда жанашырларына 2 сұрақтан қойылады)

1.Қазақстанның ең ұзын шекарасы қай елмен ?(Ресей)

2.Қазақстанда қанша ұлттың өкілдері тұрады?

3.Қазақстанның ата заңы қашан қабылданды?

4.Қазақстан рәміздерінің авторлары кімдер?

5- кезең «Асу»

Асық ойнаған азар

Доп ойнаған тозар

Бәрінен де мал бағып,

Білім қуған озар- демкеші мына дорбада 14 асық бар.Әр асық еліміздің 14 облысына таитын сұрақтарға жауап бересіздер.Әр топқа 7 сұрақтан.

1-асық: Атырау облысы. 1911 жылы ашылған мұнай кен орны (Доссор)

2-асық:Қостанай облысы. Еліміздегі ірі кен орны орналсақан. Ол қандай кен?(Темір)

3- асық.Маңғыстау облысы.Еліміздегі жалғыз АЭС орналасқан қала.(Ақтау)

4-асық.Жамбыл облысы.Тараз қаласының бұрынғы аты (Әулиеата)

5-асық Қарағанды облысы «Қазақстан магниткасы» атанған қала .(Теміртау)

6-асық Ақмола облысы. Қазақстандағы абсолюттік температурасы ең төмен аймақ( Атбасар)

7-асық. Ақтөбе облысы..Руда атыменаталатын қала(Хромтау)

8-асық. Солтүстік Қазақстан облысы. Пнтропавл қаласының ежелгі аты(Қызылжар)

9-асық. Павлодар облысы .Осы облыстың біраз жерін алып жатқан дала (Құлынды)

10-асық Батыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстандағы Ір ігаз конденсаты кен орны.(Қарашығанақ)

11-асық Қызылорда облысы.Осы облыстағы мұнай кен орны (Құмкөл)

12-асық. Шығыс Қазақстан облысы.Сауыр-Тарбағатайдың оңтүстігінде орналасқан қазаншұңқыр (Алакөл)

13-асық.Алматы облысы. Қытай мен Қазақстан шекарасындағы қақпа (Жоңғар)

14-асық. Оңтүстік Қазақстан .Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада ?(Түркістан)

6-кезең. «Жерұйық»

Сұрақ: Сарыарқа өңіріндегі ең биік тау. Биік нүктесі Ақсораң деп аталады,ол қандай тау?(Қызыларай)







© 2010-2022