Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ № 35 орта мектебі география пәнінің мұғалімі Тлеуғабылова Гүлханым Ертілеуқызы

Пәні: география. Сынып: 6 А -Ә Күні:

Сабақтың тақырыбы: ЖЕР ҚЫРТЫСЫН ТҮЗЕТІН ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ.

Мақсаты: оқушыларда тау жыныстарының түзілу жолдары мен алуан түрлілігі туралы түсінік

қалыптастыру.

Міндеті:

1. Жер қыртысының түзілуі жайлы түсініктерін жалғастыру.

2. Оқушылардың «пайдалы қазбалар», «тау жыныстары» терминдерін ұғуын, неғұрлым кең тараған пайдалы қазбаларды, олардың қасиеттерін тани білуін қамтамасыз ету.

3. Оқушылардың өз ойын жеткізе алу, топта жұмыс істей білуге баулу.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сарамандық әдіс, картамен жұмыс, кесте, сызбалар толтыру, топтастыру стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: география-геология

Көрнекіліктер: «Тау жыныстары мен минералдар» жинағы, Дүние жүзі мен Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлықтарын тексеру ).

  2. Психологиялық дайындық:

Сынып қалай таза ма?

Сүртілді ме тақтамыз?

Ден сау болсын десеңіз,

Тазалықты сақтаңыз.

Оқушылар түгел ме?

Кезекші оны біле ме?

Түгел болсақ ,балалар,

Бәрін маған қараңдар.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Литосфералық тақталар»

  1. Литосфера деген не? Ол қандай бөліктерден тұрады?

(Литосфера - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядан тұратын Жердің тас қабығы.)

  1. Жер қыртысының құрылысы мен қалыңдығы қандай?

(Жер қыртысы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын Жердің сыртқы қабығы. Үш қабаттан: шөгінді, гранит, базальттан тұрады. Қалыңдығы мұхит астында 5-10 км, құрлықта 35-45 км, таулы аудандарда 75 км дейін.)

  1. Мантияның құрылысы мен қалыңдығы қандай?

(Мантия ядро айналасында орналасқан және Жердің негізгі массасын құрайды. Оның қалыңдығы 2900 км, температурасы 2500 градусқа дейін жетеді. Құрамында темірден бар ауыр минералдардан тұрады. Мантия заты жұмсақ сыртқы бөлігінен басқа қатты күйде болады.)

Жаңа тақырып. Жаңа материалды игеру.

Табиғатта минерал, тау жыныстарының мыңдаған түрлері белгілі. Минералдар біртектес болса, тау жыныстары күрделі құрамды болады. Екеуі де құрылысы, қаттылығы, тығыздығы, түсі, жылтырлығы, балқу температурасы және басқа да қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Оның негізгі себебі - олардың жер қойнауы мен бетінде түзілу және өзгеру шарттарының өзгешіліктеріне байланысты. Түзілуіне қарай тау жыныстары мен минералдарды магмалық, шөгінді, метаморфты деп бөлуге болады.

Оқушылар кестені дәптерге толтырады.

Магмалық тау жыныстары. Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары м а г м а л ы қ т а у ж ы н ы с т а р ы деп аталады. Магма (грекше magma - былғама, қойыртпақ) Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат. Ол жер қыртысының астында немесе мантияның жоғарғы қабатында орналасады.

Шөгінді тау жыныстары жер қыртысының бетінде су, жел, мұздық секілді сыртқы күштер әсерінен пайда болған жыныстар. Оған барлық тау жыныстардың 75% тиесілі. Олар кесек, химиялық және органикалық түрлерге бөлінеді. Магмалық тау жыныстарының температура, жел, судың әсерінен өзгеріске ұшырап, су түбіне шөгуінен кесек шөгінділер пайда болады.

Суға түрлі заттар араласып, ериді. Теңіз немесе көл тартылғанда олар тұнып, жер қабатына қосылады. Мысалы, тұз, тағы басқа. Мұндай жолмен химиялық шөгінділерпайда болады. Судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануар қалдықтары органикалық шөгінділерді құрайды. Мысалы, өсімдіктердің шірімей, көміліп қалған қалдықтарынан шымтезек пен тас көмір, теңіздің өте майда жәндіктерінің қалдығынан бор құралады.

Шөгінді тау жыныстары ұзақ уақыт жатып тығыздалса, қатты жыныстарға айналады. Осындай жолмен құмнан - құмтас, саздан - сазды тақтатас, бордан - әктас түзіледі.

Метаморфты тау жыныстары. Жердің терең қабатына батқан магмалық, шөгінді жыныстар үстіңгі тау жыныстарының қысымы, жоғары температураның әсеріне ұшырайды. Магманың ыстық лебінен қайта балқиды. Шөгінді жыныстарды су біріктіріп қатырады. Осылардың әсерінен тау жыныстары өзінің бастапқы қалпынан айрылады, олардың құрамы өзгереді. Осындай өзгерістердің нәтижесінде пайда болған тау жыныстары м е т а м о р ф т ы (грекше метаморфоза - өзгеру) т а у ж ы н ы с т а р ы деп аталады. Метаморфоз әсерінен әктас - мәрмәрға, сазды тақтатас -кристалды тақтатасқа, құмтас - кварцитке айналады.

метаморфты тау жыныстарының ерекшелігі - көп жағдайда олардың жаншылып, тақталанған немесе магманың ыстық лебіне ұшыраған өзгерістері байқалып тұрады. Мысалы кристалды тақтатастың тақталанған белгісімен қатар, ішіндегі кесек қиыршықтардың метаморфизм әсерінен кристалды түйіршіктерге айналғаны көрінеді.

Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел болып табылады. Барланған қор көлемі жағынан: мырыш, вольфрам өндіруде әлемде 1-орын, күміс, қорғасын өндіруде 2-орын, мыс өндіруде 3-орын алады. Біздің Батыс Қазақстан облысы көмірсутек шикізаты - мұнай, табиғи газға бай. (Қазақстан картасынан аталған пайдалы қазбалар көрсетіледі.)

ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ

Магмалық

Шөгінді

Метаморфты

Гранит

Базальт

Пемза

Кесек

Химиялық

Органикалық

Саз

Құм

Қиыршық тас

Ас тұзы

Калий тұзы

Гипс

Мұнай

Табиғи газ

Тас және қоңыр көмір

Шымтезек

Жанғыш тақтатас

Әктас, бор

Мәрмәр

Кварцит

Гнейс



Пайдалы қазбалардың қолданылуы бойынша жүйеленуі.

Сабақтың тақырыбы : Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

А) Бекіту бөлімі: сұрақтар қою арқылы

1. Жер қыртысы неден құралған? (Алуан түрлі жыныстар мен минералдан)

2. Тау жыныстары деген не? Мысал келтір. (Тау жынысы деп жер қыртысын құрайтын табиғи заттарды айтады. Мысалы гранит.)

3. Минерал деген не? Гранит қандай минералдан тұрады?

(Минерал - жер қойнауында және бетінде пайда болатын құрамы мен қасиеттері бойынша біртектес табиғи дене. Мысалы, гранит: кварц, дала шпаты, слюдадан тұрады. Тек бір ғана минералдан тұратын тау жыныстары да бар. Оған тас тұзы мысал бола алады.

  1. Пайдалы қазбалар деген не?

(Адамның шаруашылығында қолданатын тау жыныстары мен минералдар. Пайдалы қазбалардың шоғырлануынан кеніштер түзіледі).

5. Шығу тегіне қарай тау жыныстары, минералдар қандай топтарға бөлінеді? (магмалық, шөгінді, метаморфты)

6. Магмалық тау жыныстары қалай пайда болады? (Жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болады)

4. Шөгінді тау жыныстары қандай топтарға жіктеледі? (кесек, химиялық, органикалық)

5. Метаморфты тау жыныстары қалай пайда болады? (Тау жыныстарының жер қойнауына батып, ішкі күштер - температура, қысым әсерінен өзгеріске ұшырау нәтижесінде пайда болады)

9. Батыс Қазақстан облысы қандай пайдалы қазбаларға бай? (мұнай, газға)

Бекіту бөлімі: ә)сөзжұмбақ шешу

Сабақтың тақырыбы : Жер қыртысын түзетін тау жыныстары

1.Азия мен Европаны бөліп тұрған тау (Орал)

2.Магмалық тау жынысы (гранит)

3.Тигр, Ефрат өзендерінің арасындағы жазық (Месопатия)

4.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы (Джомолунгма)

5.Кавказдағы сөнген жанартау (Эльбрус)

6.Башқұртстанның астанасы (Уфа)

7.Ыстық су шапшып тұратын бұлақ (Гейзер)

8.Солтүстік Американың батысындағы тау (Кордильер)

9.Жер шарындағы ең биік тау (Гималай)

Б) сарамандық жұмыс

Тау жыныстары мен минералдарды пайдаланып топтарда өткізілетін сарамандық жұмысы.

«Тау жыныстары, минералдардың қасиеттері» Оқушыларға «Тау жыныстары мен минералдар» жинағы таратылып беріледі. Олар минералдардың қасиеттерін анықтап, төмендегі кестені толтырады.

Атауы

Шығу тегі

Түсі

Жылтырлығы

Мөлдірлігі

Қаттылығы

Шаруашылықта пайдаланылуы

Гранит

Әктас

Мәрмәр

Көмір

Базальт

Үйге тапсырма. «Жер қыртысын түзетін тау жыныстары» тақырыбын оқу. Қазақстанның кескін картасына мұнай, газ, тас көмір, темір кендері өндірілетін орындарды шартты белгілерімен белгілеу.







© 2010-2022