География пәнінен сабақ жоспары

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып

Тақырып: Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы, көліктік жағдайы.

Мақсаты: Оқу материалдарын 63% өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмысы арқылы меңгереді. Оқу технологиясының көлемі, сапасы шапшандығыртады, Ойлау шапшандығы, жадымен зейіні дамиды. Пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықтары танылып, ынталандырылады.

Білімділік: Орталық Қазақстанның шаруашылық салалары туралы мағлұмат беріледі.

Тәрбиелік: Оқушылар табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, үнемдеуге, экологиялық бағытта тәрбиеленеді.

Дамытушылық: Оқушылардың өз еңбегінің нәтижесін анықтап және рефлексиялау байланысты тұрақты көз қарасы қалыптасады. Жылдамдықтың, оқу технологиясының көлемімен сапасы артады. Ойлау жылдамдығы, есте сақтау, зейінді дамыту.

Міндеті: Техногиялық картаның регламентін орындау.

Күтілетін нәтиже: Қойылған мақсатқа жету.

Әдіс-тәсілдері: Карта, тірек сөздерімен жұмыс, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақтар қою, тестілеу жұмысы.

Сабақтың түрі: «Ауызша сабақ-2» картасы.

Құрал-жабдықтар: Карта, ООМ, тірек сөздер, тест, атаулар, даталар.

Мәтінге жалпы шолу: (5 минут)

І. Мәтінмен жұмыс 5 минут

Бір-бір кілттік сөзді еске сақтау. ООМ бойынша бағалау.

ІІ. Кілттік сөздер

1 8

2 9

3 10

4 11

5 12

6 13

7 14

1 минут есте сақтау, 1 минутта дәптерге жазу. ООМ бойынша бағалау.

ІІІ. Қарама-қарсы сұрақтар бойынша

  1. ОҚЭ ауданында қандай кешен қалыптасқан? (тау-кен металлургия)

  2. Көмірдің жалпы қоры қанша? (51 млрд тонна)

  3. Қарағанды көмір алабында Республикада өндірілетін тас көмірдің қанша пайызы өндіріледі? (32)

  4. Қарағанды кокстелінетін көмірі қайда пайдаланылады? (Орт.Қазақстан,Ресей металлургия зауытында, темір жол көлігінде, электр станцияларында, өндірістік кәсіпорындарда)

  5. Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы неге байланысты? (Теміртау қаласындағы толық циклді комбинатқа)

  6. Комбинатта шойынның, болаттың қанша пайызы шығарылады? (100,80)

  7. ТМД елдері бойынша қуаттылығы жөнінен металлургия кәсіпорындарының арасында нешінші орында? (7)

  8. Өткен ғасырдың 30жылдарында Орт.Қазақстандағы түсті металдарды ашқан, зерттеген кім? (Қ.И.Сәтбаев)

  9. Ірі тау-кен металлургия комбинаттары қай қалаларда салынған? (Жезқазған, Балхаш)

  10. Қарағанды тау-кен жабдығы машина жасау зауыты не шығарады? (тау-кен шахта құрал-жабдықтарын)

  11. Орт.Қазақстандағы өнеркәсіп тораптарын ата? (Қарағанды-Теміртау, Балхаш-Жезқазған)

  12. Жезқазған мен Балхашта химия өнеркәсібінің қай саласы дамыған? (негізгі химия, күкірт қышқылын өндіреді)

  13. Ауыр өнеркәсіп кешенін сумен қамтамасыз етуші? (Ертіс-Қарағанды каналы, Нұра су қоймасы)

  14. Күкірт қышқылын өндіруден Орт.Қазақстан нешінші орында? (Шығыс Қазақстаннан кейін екінші орында)

  15. 1930жылы салынған теміржол? (Астана-Қарағанды-Мойынты-Шу)

  16. Орт.Қазақстандағы өнеркәсіп салаларының жақсы дамығаны? (көмір, қара металлургия)

  17. Негізгі мамандануы түсті металлургия болатын өнеркәсіп орталықтарын ата? (Балхаш, Жезқазған)

  18. Орт.Қазақстанның қара металлургияға маманданған саласының орталығы қай қала? (Теміртау)

  19. Ауданның солтүстігінде ауыл шаруашылығының қандай негізгі өнімі өсіріледі? (Бидай)

  20. Астық тұқымдастарынан не егіледі? (бидай, арпа, тары)

  21. Ауданның оңтүстігінде жерлер мал жайылымына жарамды, онда қай мал бағылады? (қой)

  22. Солтүстіктегі тыңайған жерлерге қандай сыртқы күш зиян келтіреді? (жел эрозиясы)

  23. Петропавл-Шу магистралындағы көлік торабы? (Қарағанды)

  24. Орт.Қазақстан республикамыздағы қандай аудандардың бірі? (индустриялды)

  25. Шақпақталған мысты алу қай комбинаттарда дамыған? (Жезқазған, Балхаш)

IV. Тест сұрақтарын оқушылар дайындайды.

Рефлексия, бағалау, үйге тапсырма: қалалары.



© 2010-2022