Оңтүстік Америка халқы және елдері

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы үндістер мен аралас нәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. ә) Дамытушылық: Картадан мемлекеттерді көрсетіп таныстыру, өз ойларын толық жеткізуге баулу б) Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру Сабақ типі: Жаңа білім беру Сабақ түрі: Аралас Сабақтың өту әдісі:топпен жұмыс,сұрақ-жауап, баяндау, танымдық ойындар Көрнекілігі: Оңтүстік Американың саяси картасы I .Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. II.Үй тапсырмасын тексеру    «Зымыран» сұрақтар 1.    Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары бар. 2.    Селбас дегенді қалай түсінесің? 3.    Екі түрлі аталатын табиғат зонасы қандай? 4.    Жергілікті халық «Пампа» деп атайтын табиғат зонасы, 5.    Атокома шөлі қайда ? 6.    Патология жерін қамтитын табиғат зонасы 7.    Анд тауларының жануарларын атаңыз Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында сәйкестендіру тесті
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№148 қазақ орта мектебі



АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Оңтүстік Америка халқы және елдері

Сыныбы: 7 «А»

Пәні: География

Пән мұғалімі: Қазбек Шынар Сейсенбайқызы



2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка халқы және елдері

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы үндістер мен аралас нәсілдері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Картадан мемлекеттерді көрсетіп таныстыру, өз ойларын толық жеткізуге баулу

б) Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру

Сабақ типі: Жаңа білім беру

Сабақ түрі: Аралас

Сабақтың өту әдісі:топпен жұмыс,сұрақ-жауап, баяндау, танымдық ойындар

Көрнекілігі: Оңтүстік Американың саяси картасы

I .Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру

«Зымыран» сұрақтар

  1. Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары бар.

  2. Селбас дегенді қалай түсінесің?

  3. Екі түрлі аталатын табиғат зонасы қандай?

  4. Жергілікті халық «Пампа» деп атайтын табиғат зонасы,

  5. Атокома шөлі қайда ?

  6. Патология жерін қамтитын табиғат зонасы

  7. Анд тауларының жануарларын атаңыз

Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында сәйкестендіру тесті

III. Жаңа сабақ

Халқы және елдері

1.Халықтың құрамы , орналасуы

2. Байырғы халқы үндістер. Инктер

3. Саяси картасы

4. Елдері

5. Анд , Шығыс жазық елдері

Оңтүстік Американың байырғы халқы - үндістер. Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық қоғамдық құрылыста өмір кешіп, аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан. Ал Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғарғы сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрды. Жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді. Инктер қоғамында адамгершілік қағидалары қатаң сақталған: ұрлық, жалқаулық, өтірік айтуға жол берілмеген. Денсаулығы жарамсыз қарт адамдарға көмектесу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асқан. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөктерінде тұрады.Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. Негрлердің еуропалықтармен некелесуінің нәтижесінде-мулаттар, ал үндістермен негрлердің некелесуінен самболар тараған. Негрлер мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. XIX ғасырда Испаниямен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары-креолдар. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан-португал тілдерінде сөйлейді.

Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне ажыратылады.



Оңтүстік Америка халқы және елдері Колумбия

Оңтүстік Америка халқы және елдеріЭквадор

АОңтүстік Америка халқы және елдеріОңтүстік Америка халқы және елдеріОңтүстік Америка халқы және елдерінд елдері: Перу

Боливия

Чили

Шығыстағы жазық елдері

Венесуэла

Гайана

Суринам

Бразилия

Парагвай

Уругвай

Аргентина

Гвиана

Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия.Жерінің ауданы мен халқының саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы - 22 штаттан тұрады.Федерациялық республика. Пайдалы қазбалары: темір, түсті металл, мұнай, табиғи газ, алмас, уран . Бразилия шаруашылығының даму дәрежесінен бірінші орын алады.

Елде тау-кен өндірісі, қара түсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі. Халықтың басым көпшілігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған.

Жаңа сабақты пысықтау

Оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою.

Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай ?

Олар қалай қалыптасқан ? Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады ?

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Сөзжұмбақ «Халқы» елдері

  2. «Бізден сұрақ, сізден жауап» ойыны

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма №43. Оңтүстік Американың халқы және елдері

Кескін картаға елдерді астанасымен түсіру




© 2010-2022