Сыныптан тыс сабақ. Атажұрт (8 сынып)

География пәнінен 8 – сыныпқа арналған сыныптан тыс сабақАТАЖҰРТСабақтың мақсаты: Әр жеткіншектің география пәніне деген қызығушылығын, ізденімпаздығын арттырып, киелі асыл мұраларының қазынасын жас ұрпақтың санасына енгізу.1.«Біз қазақ деген елміз,Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,Басымыздан сөз асырмаған елміз.Басымыздан құт – береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп,Найза үкі таққан елміз.Достықты сақтай білген елміз,Дәм – тұзды ақтай білген елмі...
Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География пәнінен 8 - сыныпқа арналған сыныптан тыс сабақ


АТАЖҰРТ

Сабақтың мақсаты: Әр жеткіншектің география пәніне деген

қызығушылығын, ізденімпаздығын арттырып, киелі

асыл мұраларының қазынасын жас ұрпақтың санасына

енгізу.

1.«Біз қазақ деген елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Басымыздан құт - береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найза үкі таққан елміз.

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм - тұзды ақтай білген елміз».

Қаз дауысты Қазбек бидің сөздерімен бүгінгі этнографиялық сабағымызды бастаймыз.

Жарысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Топпен таныстыру.

  2. «Өткел»

  3. «Белес»

  4. «Асу»

  5. «Жерұйық»

2. «Өткел». Топ басшыларына сұрақ қойылады.

А) Іле Алатауының ең биік шыңы (Талғар)

Б) Қазақтың тұңғыш географ ғалымы ( Ш.Уәлиханов)

В) Атом электр станциясы қай қалада орналасқан? (Ақтау)

С) Мыс кеніне бай орталық (Жезқазған)

Екінші топқа қойылатын сұрақтар:

А) Шардара су бөгені қай өзенде орналасқан? (Сырдария)

Б) Қазақстан шыққан тұңғыш геолог ғалым. (Қ.Сәтбаев)

В) Орал тауының еліміздегі табиғи жалғасы ( Мұғалжар )

С) Республикадағы ерекше көл.(Балқаш)

3. «Белес». Топқа екі сұрақтан қойылады

1. Кәрлі, қатерлі ай дала, жазық деген мағынаны береді. Кей жерінде ғана сорлар мен тұнбалы көлдер бар, құрғақ сайлар мен жайпақ ойыстар кездеседі. Ағын су мүлдем жоқ. Солтүстік шығыс бөлігі биіктеу (600м), тақтатасты, кей жері гранитті, жер бедері төбелі. Оңтүстік батыс бөлігі бірте - бірте аласарады, ал горизонталь жатқан етегі теңіз бен континенттік шөгінділерден түзілген. Бұл қай жер ? (Балқаш)

2. Ш.Уәлихановтың жерленген жері. Қосымша көмек: Алматы обл. (Кербұлақ ауданындағы Кешен тоғайында)


  1. Еуропалық ғалымдардың бірі 1856 - 1857ж.Еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақты зерттеп, соған байланысты осы таудың аты берілді. Ол қай тау? Қосымша көмек: ең биік нүктесі Хан Тәңірі.

(Семенов - Тянь - Шанский)

  1. Қазақстың тұғыш географ ғалымы қай жерде дүниеге келді?

(Павлодар обл. Баянауыл ауданы)

4. «Асу»

Ақмола облысы - Ауданы 1590 км² көлді ата?

Ақтөбе облысы - Алға және Қандыағаш кен орындарында қандай кен бар?

Шығыс Қазақстан облысы - бұл таудың шыңынан төрт мемлекетті көруге болады. Сол тау мен мемлекеттерді ата.

Маңғыстау облысы - Бұл облыста Қазақстанның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері орналасқан.

Қоқиқаз - қай қорықта кездеседі?

Қостанай облысы - Бұл облыста қандай пайдалы қазба көптеп кездеседі?

Қарағанды облысы - Қазақстанның қара металлургиясының негізгі орталығы.

Қызылорда облысы - Сырдария өзені қандай шөл даламен ағып өтеді?

Солтүстік Қазақстан облысы - Осы облысты қандай табиғат зонасы алып жатыр?

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада?

Алматы облысы - Қытай мен Қазақстан шекарасындағы қақпа қалай аталады және сол қақпа арқылы қандай жел соғады?

Павлодар облысы - Бұл көмір алабының көмірі жерге жақын жатқандықтан мұнда ашық әдіспен өндіріледі. Көмір алабын ата.

5.«Жерұйық»

1. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы? (Іле Алатауындағы - Корженевский )

2. Бірнеше су электр станциясы салынған өзен. (Ертіс)



© 2010-2022