География 7 сынып Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады?

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География. 7 сынып

Сабақ № 1

Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады?

Пәндік мақсаттар: Материктер мен мұхиттар географиясы пәні туралы мағлұмат беру.

Даму стратегиясы шегіндегі мақсаттар: білім беруді тұлғаның дамуына бағыттай отырып, олардың өз беттерімен жұмыс жасай білу іскерліктерін, интеллектілік мәдениетін, ақпараттық мәдениетін дамыту.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: диалогтық әңгіме, сұрақ қоя отырып талдау, іздестіру әдісі, ой елегінен өткізу, атлас, кескін карталармен, дәптермен жұмыс, жинақтау.

Оқыту құралдары: қабырға картасы, атлас, кескін карталар, сызбалар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын бақылау. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың оқу құралдарын, дәптерлері мен оқулықтарының тыстарын тексеру. Оқушылардың белсенді жұмыс жасауы үшін психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды оқулықпен, оқулық авторымен, оқулықтың негізгі

мазмұнымен таныстыру.

Жаңа оқу материалын оқып-үйрену жоспары:

  1. Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады?

  2. Материктер мен аралдар, дүние бөліктері

  3. Дүниежүзілік мұхит

Оқулық мәтінінен негізгіні табу.

Дәптермен жұмыс

ЖЕР ШАРЫ БЕТІ

География 7 сынып Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады?География 7 сынып Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады?

ҚҰРЛЫҚ

149,1 млн км2

29,2%

МҰХИТ

361,1 млн км2

70,8%




6-сыныптағы география пәнін оқыған кездегі тірек білімдеріне сүйене отырып, диалогтық әңгіме құру:

  1. - Материк дегеніміз не?

- Материк дегеніміз - жан-жағын су қоршап жатқан құрлықтың үлкен бөлігі.

  1. - Дүние жүзінде қанша материк бар?

- Дүние жүзінде 6 материк бар

  1. - Материктерді көлеменің үлкенінен бастап атаңдар.

- Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида, Аустралия

  1. - Арал дегеніміз не?

- Арал дегеніміз - жан-жағын су қоршап жатқан құрлықтың шағын бөлігі.

  1. - Аралдар пайда болуына қарай қалай бөлінеді?

- Материктік, жанартаулық, маржандық

Оқулық мәтінімен жұмыс:

1.Оқулық мәтінінен материктік, жанартаулық, маржандық аралдарға

қандай аралдар жататынын анықтаңдар.

Атлас картамен жұмыс:

Атлас картаның көмегімен мына төмендегі аралдардың орнын

анықтаңдар:

Материктік аралдар:

  • Гренландия (Солтүстік Мұзды мұхиты жағалауында);

  • Мадагаскар (Үнді мұхитында, Африка маңында);

  • Британ аралдары (Атлант мұхитында);

Жанартаулық аралдар:

  • Исландия (Атлант мұхитында);

  • Гавай (Тынық мұхитында);

  • Азор (Атлант мұхитында, Африка жағалауына таяу жерде)

Маржандық аралдар:

  • Үлкен Тосқауыл рифі (Тынық мұхитында, Аустралия жағалауында);

  • Маржан теңізі аралдары (Тынық мұхитында, Аустралия жағалауында)

Дәптермен жұмыс:

1.Оқулық мәтінінен архипелаг, дүние бөліктері терминдерінің

анықтамасын тауып, дәптерге жазып алу.

Архипелаг дегеніміз - ірілі ұсақты аралдардың топтасып орналасуы.

Дүние бөліктері дегеніміз - құрлықтың ашылуы мен қоныстану

ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-

географиялық ірі аймақтар.

2.Ескі және жаңа дүние бөліктерін анықтаңдар. Олар не себепті

осылайша жаыратылатындығы жөнінде ойланып көріңдер.

3.Ең үлкен материк «Еуразия» атауының мағынасын анықтаңдар.

Диалогтық әңгімені жалғастыра отырып, сабақты одан әрі меңгерту:

  1. - Мұхит дегеніміз не?

- Мұхит дегеніміз - алып су айдыны.

  1. - Дүние жүзінде неше мұхит бар?

- Дүние жүзінде 4 мұхит бар.

  1. - Мұхиттарды көмемінің үлкенінен бастап атаңдар.

- Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Есіңде болсын! Мұхиттар көлемі жөнінен де, тереңдігі жөнінен де осы ретпен келеді.

  1. - Дүние жүзілік мұхиттағы ең терең жерді атаңдар

- Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма - Тынық мұхитындағы Мариан шұңғымасы. Оның тереңдігі 11022 метр.

Сабақты қорытындылау:

Қабырға картасымен жұмыс:

Сабақты қорытындылау мақсатында қабырға картасынан материктерді,

мұхиттарды, аралдарды көрсету.

Бағалау.

Үйге тапсырма:1.§1 оқу;

2.Атлас, кескін карталармен жұмыс (оқулық мәтініде кездесетін нысандарды кескін картаға түсіру).

© 2010-2022