География на тему Географиялық ендік, бойлық, географиялық координаталар (6 класс)

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич

География пәні мұғалімі

«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.


6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Географиялық ендік, бойлық,географиялық

координаталар.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың географиялық ендік,географиялық

бойлық жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Әртүрлі географиялық объекілердің

географиялық ендігі мен бойлығын анықтауды

үйрету.Градус торы түсінігін тұжырымдау.

Географиялық координат табудың халық

шаруашылығындағы,көлік,әскер істерінде

маңызын көрсету.Оқушылардың географиялық

координатты картадан,глобустан таба

білуін жаттықтыру.

Көрнекілік: Координатты глобус ( қара глобус), Жарты

шарлардың физикалық картасы

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Жаңа сабақ

-Сендер Жердің өз білігінен 24 сағатта толығымен айналып шығатынын білесіңдер.Ал, естеріңе түсіріңдер.Жердің жорамал білігі өтетін айналмай-қозғалмай тұратын нүктесі қалай аталады? (Полюс). Солтүстік полюске 1909 жылы 4 сәуірде американдық Р.Пири, оңтүстік полюске 1911 жылы 14 желтоқсанда норвег Р.Амундсен жеткен.

-Глобусқа,географиялық картаға мұқият қарасаңдар оның үстінде бір-бірімен қиылысып жатқан сызықтарды көресіңдер.Ол не?

-Полюстерден бірдей қашықтықтағы сызық қалай аталады? (Экватор)

-Экватор ұзындығы 40000 км,оны білесіңдер,ал градус есебімен алынған ұзындығы 360º.

-Экватордағы 1º неге тең? (40000 км:360 =111 км)

-Картадағы және глобустағы экватор бейнесінің айырмашылығы неде?

-Меридианды қандай нүктелер біріктіреді? ( Полюстер).

-Ұзындықтары бірдей ме? ( Иә)

-Меридиандар қандай бағытты көрсетеді?( Солтүстіктен оңтүстікке қарай)

-Меридиан ұзындығы экватор ұзындығының жартысы болса, неше километр және градус есебімен қанша? ( 180 º немесе 20000 км ).

-Глобустағы және картадағы меридиандарды салыстырыңдар ( картада доғалардың ұзындығы әртүрлі,ортадағы меридиан тік сызық,ал глобуста доға ұзындықтары бірдей)

-Экваторға параллель жүргізілген жорамал сызық қалай аталады?

( параллель)

-Полюстерге қарай қозғалғанда параллельдердің ұзындығы өзгере ме?

( кішірейеді)

-Сонымен параллельдер экватордан әртүрлі қашықтықта орналасқан,олай болса нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы-географиялық ендік-деп аталады.География на тему Географиялық ендік, бойлық, географиялық координаталар (6 класс)

Параллельдердің тұсына «ендік » -деп

жазылған сөзді іліп қоюға болады.

-Экватордан ең алыс қашықтықтағы

нүкте қайсысы? ( Полюс)

Ол қанша градусқа алыс орналасқан?

География на тему Географиялық ендік, бойлық, географиялық координаталар (6 класс)

Енді келесі сызбаға көңіл аударайық.

-А және Б нүктелерінің орналасқан

орнында қандай айырмашылық бар?

География на тему Географиялық ендік, бойлық, географиялық координаталар (6 класс)

Екеуі де 20 º орналасқан ғой.

( Біреуі солтүстікте, екіншісі оңтүстікте)

-Сонымен А және Б нүктелерінің ендігі қандай?( А-20º с.е. Б-20ºо.е.)

Картаны пайдаланып 30ºо.е, 40ºо.е, 10º с.е, 5ºо.е.нүктелерді табу.

- N және P нүктелері бір жерде жатыр ма? (жоқ)

-Осы объектілердің дәл орнын таба аламызба? ( жоқ)

-Ол үшін не қажет?

Мұғалім картада,глобуста вертикаль сызықтардың,

яғни меридиандардың бар екенін еске салады.

0 º меридиан Лондон қаласы,Гринвич обсерваториясы арқылы өтеді.Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығы « географиялық бойлық » деп аталады.

Көп уақыт бойы әр ел бойлықты өз жеріндегі бастапқы меридианнан есептеп жүрді.Франция-Парижден, Англия-Гринвичтен, Ресей Санкт-Петербург жанындағы Пульков қаласындағы обсерватория бойынша анықтады.Бұл өте қолайсыз еді.Сондықтан 1884 жылы көпшілік елдің шешімімен бастапқы меридиан Гринвич меридианы болып есептелді.

География на тему Географиялық ендік, бойлық, географиялық координаталар (6 класс) -А нүктенің бойлығы қандай? ( 180º)

-Б нүкесінікі ше? ( 10 º)

-С нүктесінің бойлығы қанша? ( 10 º)

Олай болса: Шығыс бойлық 0º-180º дейін

Батыс бойлық 180º -360º (0º) дейін есептеледі.

Онда Б -10 º ш.б. А-180º ш.б. С-10 ºб.б.

-Ерте кездерде апатқа ұшыраған кемелер өздерінің жүзіп жүрген жерлерін хабарлап жазып, шыны ыдысқа салып теңізге жіберетін.

-Ал енді сондай кемелердің біріне көмек беріп көрелік.Табылған хабарлама бойынша кеме 40 º параллельдің бойында жүр екен.

- Кәне,сол орынды картадан тауып көріңдерші.( Оқушылар дәл жауап бере алмайды.Бірі солтүстік жарты шардан,бірі ооңтүстік жарты шардан іздейді).

-Кеменің дәл орнын табу үшін біз ге тағы нені білу керек? (бойлықты)

Олай болса глобуста және картада параллельдер мен меридиандардың қиылысқан жерлерін градус торы деп атайды.Ал дер бетінің ендігі мен бойлығын географиялық координат деп атайды.

  1. Жюль Верн романының кейіпкері капитан Гранттың кемесі Табор аралының жанында апатқа ұшыраған.Сол аралды картадан табыңдар.Оны табу үшін: 1) Қай жарты шарда орналасқандығы( солтүстік немесе оңтүстік,батыс немесе шығыс). 2.Ендігі мен бойлығын анықтау.Мұғалім оқушыларды аралап өтіп тексеріп шығады.( 37º о.е. 153 º б.б.)

  2. 1821 жылы 10 қаңтарда орыс экспедициясы «Восток » және «Мирный » кемелерімен аралды ашты.Оның координаты

69º о.е. 91 ºб.б. сол аралды картадан табу.

Кез-келген нүктенің координатын табу үшін қай ендікпен қай ендіктің, қай бойлықпен қай бойлықтың арасында жатқандығын табу керек. Мысалы: объект 50º с.е. пен 55º с.е. арасында болса, екеуінің арасы 5º(55º- 50º=5º) яғни ендіктер арасын тең беске бөлу қажет, немесе 80º ш.б. пен 90º ш.б. арасында жатса,бойлықтар арасын (90º-80º=10º) он тең бөлікке бөліп,сол табылатын объектінің орнын анықтау керек.

География на тему Географиялық ендік, бойлық, географиялық координаталар (6 класс)

50є,51є,52є,53є,54є,55є с.е.

80º,81º,82º,83º,84º,85º,86º,87º,88º,89º,90º ш.б.

-Ендік пен бойлықта координатты анықтауды үйрендік.Ал енді картадан әрі ендік,әрі бойлық басталатын нүктені таба аламыз ба? (ия,Атлант мұхитында,Гвинея шығанағында)

-Енді Африканың 20 º меридиан бойымен солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтығын өлшеп көрелік.Солтүстікте - 32º және оңтүстікте -34º.Материкте меридиан бойымен қанша градусқа сәйкес келетінін анықтау.

( 32º+34º=66º ), ал километр есебімен қанша? (111км х 66º =7326 км).

-Глобус пен картадағы параллельдер мен меридиандардың бейнесі неге әртүрлі? Себебі,глобустан тегіс жазыққа көшірген кезде ауытқулар болады.

( оқулық 35-бет, 30-сурет).

-(оқулық 35-бет,31 - сурет). Дүние жүзі картасындағы Гренландия аралы мен Австралияны Жарты шарлар картасындағы Гренландия аралы мен Австралияның бейнесімен салыстырыңдар.Қандай өзгешелік байқадыңдар?

(иә,дүние жүзі картасында Гренландия аралы мен Австралия материгінің жер көлемі бірдей болып салынған.Шын мәнінде Гренландия аралы Австралия материгінен 2,5 есе кіші.Одан әрі мұғалім Жер бетін жазықтықта бейнелеудің әдістерін, Жарты шарлар картасы мен Қазақстан картасындағы бұрмаланулар жайлы айтады.

III.Сабақты қорытындылау

-15º с.е. пен 15º о.е. қандай мұхиттар кесіп өтеді? ( Атлант, Тынық)

-Австралия материгі қай ендікте орналасқан? ( Оңтүстік ендік)

-Жапон аралы қай бойлықта жатыр? ( Шығыс бойлықта ).

IV.Үйге тапсырма

§11,12,13.





© 2010-2022