Урок по географии: «Каспий теңізі»

"Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі. "Сабақтың мақсаты: "а) Білімділігі: "Қазақстанның ірі көлдері тур. білімін кеңейту. Олардың физикалық – географиялық жағдайына сипаттама беру, көлдің қазіргі экологиялық ахуалымен таныстыру. б) Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топтың жұмыс жасау шеберлігін жалғастыру, кескін картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. в) Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру. Су қорларын ұқыпты пайдалануға, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың көрн...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по географии: «Каспий теңізі»Урок по географии: «Каспий теңізі»Урок по географии: «Каспий теңізі»Урок по географии: «Каспий теңізі»Қызылорда қаласы, № 217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің Урок по географии: «Каспий теңізі»

география пәнінің мұғалімі.

Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі

Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі:

  1. Қазақстанның ірі көлдері тур. білімін кеңейту.

  2. Олардың физикалық - географиялық жағдайына сипаттама беру, көлдің қазіргі экологиялық ахуалымен таныстыру

б) Дамытушылық:

1. Оқушылардың таным белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

2. Топтың жұмыс жасау шеберлігін жалғастыру, кескін картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.

в) Тәрбиелік:

1. Экологиялық тәрбие беру.

2. Су қорларын ұқыпты пайдалануға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Қазақстанның физикалық картасы

2. Каспий теңізіне байланысты слайдтар

3. Электронды оқулық 8-сыныпқа арналған

Сабақтың түрі: Ғылыми - ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: «Зымыран» сұрақтар, Ассоциация, 3 жақты күнделік, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, биология, экология, ән.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушыларды 5 топқа бөлу

Б) Сынып тазалығы

В) Назарларын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасы:

«Зымыран» сұрақтар

  1. Дөңгелек картаның авторы кім?

  2. Қазақстанның ең биік ең төменгі нүктесі.

  3. Қазақстанда ұзындығы 1000км-ден асатын неше өзен бар.

  4. Қазақстандағы аумағы ең ұзын ең суы мол өзен.

  5. Қазақстан жерінің неше пайызын таулар алып жатыр.

  6. Сырдария өзенінің бойында қандай су қоймасы салынған.

  7. Қазақстанның көлдері қай бөлікте орналасқан.

Жаңа сабақ:

Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу, «Еділ мен жайық» өлеңін 1 шумақ қайырмасын тыңдату.

Балалар, ән кімге арналған. (Шәмші Қалдаяқов)

Әнде қай теңіз туралы айтылған. (Каспий теңізі)

Олай болса бүгінгі сабағымыз «Каспий теңізі».

Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан. Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Көлемі 390мың км2. Өте үлкен болғандықтан, теңіз деп аталады. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қойылған.

Тиркания («Қасқырлар жері») деген мағнаны білдіреді.

хазар

Каспий хвалнн

Сарай (Алтын-Орда хандығының астанасы Сарай атымен аталған)

Балалар, бүгінгі сабағымыз ғылыми-ізденіс сабағы болғандықтан, сынып 5- топқа бөлінеді.

1 - топ «Географ-саяхатшы»

2 - топ «Климатологтар»

3 - топ «Биологтар»

4 - топ «Экологтар»

5 - топ «Әдебиетшілер»

Әдебиеттен Каспий теңізіне байланысты қандай әңгімелер өттіңдер?

Бір топтың екінші топқа сұрағы.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Каспий теңізінің ірі аралдары - Төленді, Куланды. Түбектері: Маңғыстау, Түпқараған, Бозащы. Түбек дегеніміз суға сұғына еніп жатқан жерлерді айтады. Шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ шығанақтары.

Солтүстік қоңыржай климаттық белдеуде, оңтүстік батысы - құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континетті климаттар арасында жатыр. Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалықта көп.. Ең бағалы балықтарға бекіре тұқымдас балықтар шоқыр, қорытпа, торта 80% . Каспий үлесінде, соның 40% Қазақстанның үлесінде.

Құстардың 260 түрі бар. Жыл сайын 2,3 млн құс қыстайды.Өсімдіктердің 500 түрі бар.

Теңіз суының қазіргі деңгейінің көтерілуі климаттық жағдайға байланысты. 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюына байланысты. Теңіз үшін өсімдіктердің маңызы зор. Балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай ақ су құстары мен кейбір барлық түрлеріне қорек болады. Каспийдің әсем табиғатына судың, атмосфераның ластануы үлкен қауіп төндіруде.

Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.

Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да зиянын тигізуде. Сондықтан каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Түрікменстан, Иран, Тесей, Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий теңізімен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту;

Дәптермен жұмыс:

4.Сабақты бекіту (3 жақты күнделік)

Проблемасы

Коментарий (себебін анықтау)

Шешу жолдары

1.Теңіз деңгейінің

көтерілуі

2.Мұнай қалдықтарымен ластануы

3.Өсімдіктердің, жануарлардың қырылуы

1.Каспий теңізіне құятын Жайық, Еділ өзендерінің деңгейінің артуы

2.Жауын шашын мөлшерінің көбеюі

3.Буланудың азаюы

4.Мұнай, газды өндірудегі қалдықтардың көптеп қалуы

1.Каспий суын Аралға апарса

2.Мұнай-газ кен орындарында нормативтерді сақтап тұруы. Мемлекет тарапынанз заң қатал болса.

Судың толуын күту


5.Үйге:

1) Каспий теңізіндегі жануарлар әлемі

2) Каспийдің шаруашылық маңызы.





© 2010-2022