• Преподавателю
  • География
  • География пәні бойынша сабақ жоспары Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды. Ұлы географиялық ашулар заманына дейінгі кезең

География пәні бойынша сабақ жоспары Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды. Ұлы географиялық ашулар заманына дейінгі кезең

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сынып: 6 сынып

Тақырыбы: Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды? Ұлы географиялық ашулар заманына дейінгі кезең.

Мақсаттары:

Білімділік. Оқушылардың география ғылымы және оның салалары туралы білімдерін дамыта отырып, ежелгі дүние халықтарының және орта ғасырлардағы географиялық түсініктер туралы мәлімет беру

Дамытушылық. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа тақырып

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1 Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы: Атмосфера. Атмосфераның құрамы және құрылысы.

Мақсаттары:

Білімділік. Оқушыларға атмосфера дегеніміз не, оның маңызы туралы толық мағлұмат бере отырып, құрамын және оның құрылысы туралы айту.

Дамытушылық. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс

Құрал-жабдықтар: плакаттар

Сабақтың барысы

2. Оның қандай салалары барн?

3. Физикалық география мен экономикалық география неліктен біртұтас ғылым деп есептелінеді?

4. Жалпы физикалық география немен шұғылданады?

5. география ғылымының адам тіршілігі үшін маңызы неде?
6. Қазіргі заманда география ғылымының алдына қандай міндеттер қойылады?

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

1. Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Жер туралы мәліметтер адамзат тарихының барлық кезеңінде карта жасау және сипаттап жазу түрінде жиналып отырды. Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың өзі - ақ жер бетіндегі өзен, көл, орман, тау - тасты ағаштың қабығына, сүйекке, тасқа сызып, белгілей бастаған. Біздің заманымызға дейін сақталып келген ежелгі карталардың бірі саз тақтаға жасалған Вавилон картасы.

Ежелгі мәдениет орталықтары - Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдері әскери жорықтар, сауда - саттық сапарлары кезінде алыс елдер жайында мәліметтер жинаған. Бұл мәліметтер жаңа жерлердің табиғаты, шаруашылығы, халқы жөніндегі географиялық сипаттағы жазба еңбектеріне енді.

География Ежелгі Грекия мен Римде жаңа сатыға көтерілді. Грек және Рим ғалымдары сол кезде белгілі болған жерлерге географиялық сипаттама берумен бірге олардың картасын да жасады. Гректер ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, Еуропа мен Азияны бөлді. Рим ғалымдары тағы бір Африка дүние бөлігін бөлді. Ежелгі ғалымдар Жер пішінінің шар тәріздес екндігін негізге ала отырып, қарапайым тәсілмен оның мөлшерін де есептеген. Осы кезеңнен бастап Жер шары жылулық белдеулерге де бөлінді. Ежелгі грек ғалымдары экваторлық, екі қоңыржай және екі поляр маңы белдеулерін бөлді.

2. Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Орта ғасырлардың бастапқы кезеңінде Батыс Еуропада ғылым мен мәдениет күйзеліске ұшырады. Адамдардың ой санасы түгелдей шіркеудің шырмауына оралып, тек христиан дінінің қағидаларына бағынды.

Жер шар тәріздес деген пікір аласталып, қайтадан төртбұрышты, тегіс деген түсінік жайлап алды. Орта ғасырлардың бастапқы кезеңінде норамндар мен арб саяхатшылары ғана географиялық ой - өрістің кеңеюіне өзіндік үлес қосты. Норман - Герман тайпаларының тілінде солтүстік адамы деген сөз.

Орта ғасырлардың бастапқы кезеңінде арабтар Жер туралы аса бай әрі сан алуан географиялық деректер жинады. Олар ежелгі дүние ғалымдарының астрономиялық - географиялық еңбектерін толықтырып, дамыта түсті. Араб ғалымдары Жер шарының мөлшерін анықтау үшін градустық өлшеу жұмыстарымен айналысты. Жер бетіндегі нүктелердің ендігі мен бойлығын өлшеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижелерін қорытындылап отырды.


4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

1. Жер бетінің алғашқы нобайлары қашан түсіріле бастады?

2. олар не үшін қажет болды деп ойлайсыңдар?

3.Ежелгі Вавилон картасына қарап, адамдардың Жер туралы түсінігі қандай болғандығын аңғаруға болады?

4. Ежелгі Грек және Рим ғалымдары география ғылымына қандай үлес қосты?

5. Птолемейдің картасын қазіргі замандағы картамен салыстыра отырып, ежелгі дүние ғалымдарына қандай жерлер жақсы белгілі болғандығын анықтаңдар. Оған неліктен Америка мен Аустралия құрлықтары және Тынық мұхит түсірілмеген?

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Жаңа сабақтан не ұқтыңдар?

Жаңа сабақ қызықтырды ма?

Жаңа сабақ ұнады ма, несімен ұнады?


6. Бағалау кезеңі

Белсене араласып отырған оқушыларды өз деңгейлері бойынша бағалау.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Тақырыпты оқу, мазмұндау.



© 2010-2022