Әлемдік география қолданбалы курсының тақырыптық - күнтізбелік жоспары. (10 сынып)

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тасқала аудандық білім бөлімі

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Әдістемелік кеңесінде қаралды «Келісілді» «Бекітемін»

хаттама №1 29.08.2015ж. аудандық әдістемелік мектеп директоры

оқу ісінің меңгерушісі кабинеттің меңгерушісі Х.М.Ахметов

А.Ж.Суюнгалиева Б.Ж.Жанекенова

« »____________15ж. « »____________15ж. « »____________15ж.








« Әлемдік география»

(10 сыныпқа арналған қолданбалы курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары)











Құрастырған : Абдрахманова К.С.

география пәні мұғалімі



2015-16 оқу жылы

Бағдарлама аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.

(хаттама № 4. 12.08.2015ж.)


Құрастырған: К.С. Абдрахманова - Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектептің жоғары санатты география пәні мұғалімі

Пікір жазған: Қ.С. Мырзагалиева - «Сәулет» мектеп -лицейінің жоғарғы санатты география пәні мұғалімі



География пәнінен 10 сыныпқа арналған қолданбалы курс бағдарламасы география пәні мұғалімдері үшін көмекші құрал болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкестендіріліп оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптың бағыт-бағдарына сай құрастырылған.





« Әлемдік география » қолданбалы курсының бағдарламасы

10 сынып жаратылыстану- математика бағыты

барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.


Түсінік хат

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіруде оқушылардың Қазақстан және дүние жүзі елдерінің арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын география пәнінің маңызы артады.

Қолданбалы курс бағдарламасы 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мемлекеттік стандартқа сай құрастырылды. Курс бағдарламасы 34 сағат, аптасына 1 сағатқа негізделіп жасалған.

10 сыныптың география пәнінің базалық білім мазмұнындағы «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» мен «Дүниежүзілік шаруашылық» тарауларына қосымша болып табылып, оқушылардың білімін тереңдете түседі. Қолданбалы курс қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, дүниежүзілік шаруашылыққа жалпы сипаттама, дүниежүзі елдеріне аймақтық шолу, Қазақстан «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жолдары, адамзаттың ғаламдық проблемалары туралы білімдерін молайтуға, ой- ӛрістерін дамытып, кеңейтуге, пәндік олимпиадаларға дайындалуға, практикалық жұмыстар арқылы өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бағдар алды оқытуға бейімдейді, пәнге қызығушылығын арттырады, болашақ мамандығына бағыт береді.

Курстың мақсаты:

- қазіргі әлемдегі аймақтар мен елдерді оқу барысында оқушылардың экономикалық - географиялық, саяси-географиялық, дүниежүзілік шаруашылық туралы жан-жақты оқушыларға географиялық білім беру,

бүкіл әлемнің аумақтық ерекшеліктері туралы бастапқы нақты білім беру, олардың біртұтастығын түсіндіру;

-дүние жүзінің халықтарын, дүние жүзінің шаруашылық жүйесін, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету;

-Карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу;

- оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту;

- болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау;

Міндеттері:

- алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту;

- оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу; -теориялық алған білімдерін практикалық түрде дәлелдей білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

- оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықты арттыру

  • географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже:

  • Әлем елдері мен аймақтардың шаруашылығына жалпы сипаттама бере алады.

  • Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы,табиғат ресурстары мен халықтар туралы,шаруашылығы және оның ғылыми-техникалық жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік бере алады

  • өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) дайындап жұмыстанады.
    Мамандыққа бағдарлау: география, тарих, әдебиет, химия және биология, математика, экономика,т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, экономика, экология, сызу, биология, физика.

Ұйымдастыру формалары: дәріс, семинар,конференция, оқушылардың шығармашылық жұмыстары,реферат, ғылыми жоба.

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер

Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

  • курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;

  • дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі орталықтарын және аумақтық айырмашылықтарын, халықаралық экономикалық байланыстың түрлерін;

дүниежүзінің негізгі ауыл шаруашылық аудандарын;

-ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен технологияның даму жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР жағдайында шаруашылықтың салаларын орналастыру факторларын);

- көліктің негізгі түрлерін және дүниежүзілік қатынас жолдарын;

  • халықаралық экономикалық байланыстардың түрлерін;

  • табиғи байлықтарды жіктеп, тиімді пайдалану жолдарын ашып айта алуы;










Курстың мазмұны мен құрылымы

I бөлім Әлемдік география курсына кіріспе(5 сағат) Әлемдік география курсына кіріспе. География ғылымының әдістері. Дүние жүзінің картасының қалыптасу кезеңі мен қазіргі құрылымы. Дүниежүзілік экономикадағы мемлекеттердің негізгі типтері.

Сарамандық жұмыс №1 Дүниежүзі елдерінің жіктелуі.

Дүние жүзіелдерінің жіктемелік кестесін құрастыру: а)басқару түріне,ә) мемлекеттік құрылымына қарай.в)Жер шарындағы "отты нүктелерді" кескін картаға белгілеу.

Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша дүние жүзі елдерінің жіктелуі. Дүниежүзін аудандастыру. Дүниежүзінің тарихи- географиялық аймақтары.

II бөлім: Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы (23 сағат) Қоғам мен табиғаттың өзара әсері. Ресурспен қамтылу туралы ұғым Дүниежүзі елдерінің ресурстары. Қазақстанның және біздің облыстың табиғат ресурстары. Табиғатты тиімді пайдалану мен экологиялық проблемалар. Дүниежүзінің табиғат ресурстары» тақырыбын қорытындылау. Тест жұмысы

Жер бетіндегі адамзат (5 сағат) Дүниежүзінің халқы. Халық саны мен ұдайы өсуі. Көш- қоң. Дүниежүзі халқының құрылымы. Еңбек ресурстары. Дүниежүзінің аймақтары бойынша еңбек ресурстарының таралуы. Сарамандық жұмыс №3 «1.Оқулық мәтіндегі сандық мәліметтер негізінде Жер шары халқының қазіргі жастық құрамын бейнелейтін дөңгелек диаграмма құрастырыңдар.2.Оқулықтың 11- сызбанұсқадағы жеке елдерге қатысты мәліметтермен салыстырыңдар.

« Дүниежүзінің халқы» тақырыбын қорытындылау. Тест жұмысы.

Дүниежүзілік шаруашылық (8 сағат) Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық. Өнеркәсіп - дүние жүзі шаруашылығының маңызды саласы, оның ЖҰӨ-нің құрылымындағы ерекше рөлі. Қазіргі экономикалык көрсеткіштер. Ғылыми- техникалық революция. ҒТР- ның дүниежүзілік шаруашылық салаларына әсері. Халықаралық мамандану, ұлтаралық бірлестіктер , ірі фирмалар. Трансұлттық процестің дамуы. Трансұлттық кешен іс-әрекетінің ерекшелігі және онын дүниежүзі шаруашылығындағы ролі Дүниежүзі елдері мен аймақтарының халықаралық мамандану салалары. Дүниежүзі елдері мен аймақтарының геосаяси жағдайы.

«ҒТР мен дүниежүзілік шаруашылық» тақырыбын қорытындылау. Нанотехнология оның даму болашағы. Компьютерлендіру мен ақпараттандыру.

Дүниежүзілік өнеркәсіп салалары географиясы (4 сағат) Өнеркәсіп географиясы: ОЭК. Сарамандық жұмыс№3 «Кескін картаға басты мұнай және газ өндіретін елдерді белгілеңдер. Мұнай( көк түспен), табиғи газ (қызыл түспен) тасымалдау бойынша теңіз жолдары мен бағыттарын түсіріңдер. Мұнай және газ өнеркәсібі - экологиялық таза және тиімді отын мен шикізат көзі. Мұнай мен газды мемлекеттер мен аймақтар бойынша өндіру мен қолдану географиясы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің географиясы. Көмір өнеркәсібі. Дүние жүзіндегі маңызды көмір түрлері, өндіру әдістері, қолдану бағыттары Саланың географиясы. Электр энергиясы - отын-энергетика кешенінің маңызды саласы. Электр станцияларының негізгі түрлері. Дүние жүзі электр энергетикасының географиясы. Металлургия. Машина жасау өнеркәсібі. Сарамандық жұмыс№4 Дамыған және дамушы елдердегі ( қалауларын бойынша машина жасау) мамандануын және оларға әсер ететін факторларды сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.

Маңызды конструктивті материалдарды алу саласы. ҒТР-дің металлургияның құрылымдық өзгерістер мен өнімінің сапасын жақсартудағы өндіру мен шикізатты байытудағы экологиялық мәселелері. Қара металлургия. Дүние жүзінің дамыған елдеріндегі саланың шикізат базасы, металл өндірісі және оны тұтынушылар. Өнімді негізгі экспорттаушылар. Түсті металлургия. Саланың дүниежүзі шаруашылығындағы рөлі. FTP-дің ӛндірілетін өнім құрамына әсері. Өңдеуші өнеркәсіп салалары:Машина жасау өнеркәсібі Дүние жүзі машина жасау өнеркәсібінің негізгі салаларының географиясы. Өнімдерді экспорттайтын мемлекеттер типтері. Химия, ағаш өнеркәсібі. Жеңіл , тамақ өнеркәсіптері. Дүние жүзі елдерінің тамақ өнімдерін өндіру және экспорттаудағы мамандануы. Елдер мен өнеркәсіп орталықтары. Ауыл шаруашылық географиясы. Дүние жүзі ауыл шаруашылығының негізгі өндірістік типтері. Өсімдік шаруашылығы. Маңызы, құрылымы. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының географиясы. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудасы. Мал шаруашылығы. Маңызы, түрлері, құрылымы, азық базасының әр түрлі елдердегі ерекшелігі. Дала өнімін экспорттаушылар. Көлік географиясы. Көлік түрлері. Дүние жүзілік және аймақтық көлік жүйесі дамуының негізгі көрсеткіштері. Теңіз көлігі. Ірі теңіз порттары. Темір жол көлігі. Оның халықаралық және мемлекет ішіндегі жүк тасымалдаудағы рөлі. Ірі халықаралық магистральдар. Құбыр көлігі. Құбыр көлігінің географиясы. Автомобиль көлігі. Оның жолаушы және жүк тасымалдаудағы рөлі. Автомобиль халықаралық көлігімен тасымалдау және оның ерекшелігі. Әуе көлігі. Маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі флоттарының географиясы. Дүние жүзінің аймақтық көлік жүйесінің сипаттамасы. Халықаралық коммуникациялық байланыс. Сарамандық жұмыс№5 Атластан аса маңызды теміржол , автомобиль, теңіз жолының ірі желілерін анықтаңдар. Аса маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі дамыған елдер бойынша кесте құрып, салыстырыңдар.

III бөлім: Дүниежүзінің аймақтар географиясы (5 сағат) Халықаралық экономикалық байланыстар. Дүние жүзілік экономикалық байланыстың экономикалық базасы. Сыртқы сауда көлемі және түрлері. Еркін зоналар. Сауда блоктары. Сыртқы сауда географиясы. Дүние жүзілік шаруашылық байланыстардың түрлері: сыртқы сауда, капитал миграциясы, технология трансфері, валюта - қаржы қатынасы, жұмыс күшінің миграциясы, өзекті экономикалық мәселелер. Өзекті және аймақтық интеграция, олардың айырмашылықтары. Техника, технология, ақпарат және қазіргі кездегі байланыс құралдарының маңызы, халықаралық экономикалық ұйымдар және мемлекеттердің аймақтық одағы. Дүние жүзінің қаржы жүйесі . Оны реттеу мәселесі. Халықаралық төлем құралы. Қаржының ауысу формалары. Инвестиция, қаржылық көмек беру жағдайлары. Жеке ұлттық валюталардың қаржының дүниежүзілік нарқындағы жағдайы. Қаржыны экспорттаушы негізгі мемлекеттер. Халықаралық қызмет көрсету саласы . Оның дүние жүзі экономикасындағы рөлі. Қызмет көрсету саласының географиясы. Еуропа елдері. Шетелдік Азия. Африка. Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мен халқы. Қазақстан дүниежүзі саяси картасында. Қазақстан «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жолында.

IV бөлім: Адамзаттың ғаламдық проблемалары. (1 сағат) Курсты қорытындылау. Оқушының қалауы бойынша таңдаған тақырыпқа жоба қорғау.


« Әлемдік география » қолданбалы курсының тақырыптық- күнтізбелік жоспары

10 сынып .барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат

сабақ

р/с

Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

Мерзімі

I бөлім: Әлемдік география курсына кіріспе( 5 сағат)

1

Әлемдік география курсына кіріспе

дәріс

1

03.09.15

2

География ғылымының әдістері

түсіндіру баяндау

1

10.09.

3

Дүниежүзі елдерінің жіктелуі.

Сарамандық жұмыс№1

Дүние жүзі елдерінің жіктемелік кестесін құрастыру: а)басқару түріне,

ә)мемлекеттік құрылымына қарай.в) жер шарындағы «отты нүктелерді» кескін картаға белгілеу

Сарамандық жұмыс№1

1

17.09.

4

Әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша дүние жүзі елдерінің жіктелуі

дәріс

1

25.09.

5

Дүниежүзін аудандастыру

Дүниежүзінің тарихи- географиялық аймақтары.

дәріс

1

01.10.

II бөлім: Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы (23 сағат)

6.

Қоғам мен табиғаттың өзара әсері

дәріс

1

08.10.

7.

Дүниежүзінің табиғат ресурстары

түсіндіру баяндау, картамен жұмыс

1

15.10.

8.

Қазақстанның табиғат ресурстары . Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен экологиялық мәселелер

қосымша мәліметтер. слайд презентация

1

22.10.

9.

Дүниежүзінде табиғатты тиімді пайдалану мен экологиялық проблемалар

слайд презентация

1

29.10.

10.

«Дүниежүзінің табиғат ресурстары» тақырыбын қорытындылау. Тест жұмысы

өзіндік жұмыс

1

12.11.

Жер бетіндегі адамзат (5 сағат)

11.

Дүниежүзінің халқы. Халық саны мен ұдайы өсуі. Көш-қоң. Қазақстан Республикасының халқы.

топтық жұмыс, картамен жұмыс

қосымша мәліметтер

1

19.11.

12.

Дүниежүзі халқының құрылымы. Сарамандық жұмыс №2 «1.Оқулық мәтіндегі сандық мәліметтер негізінде Жер шары халқының қазіргі жастық құрамын бейнелейтін дөңгелек диаграмма құрастырыңдар.

2.Оқулықтың 11 - сызбанұсқадағы жеке елдерге қатысты мәліметтермен салыстырыңдар.

Сарамандық жұмыс № 2

1

26.11.

13.

Еңбек ресурстары.

Дүниежүзінің аймақтары бойынша еңбек ресурстарының таралуы.

түсіндіру баяндау, картамен жұмыс

1

03.12.

14.

Халықтың орналасуы мен таралуы ерекшеліктері.

түсіндіру баяндау, картамен жұмыс

1

10.12.

15.

«Дүниежүзінің халқы» тақырыбын қорытындылау. Тест жұмысы.

өзіндік жұмыс

1

18.12.

Дүниежүзілік шаруашылық (8 сағат)

16.

Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық

дәріс

1

24.12.

17.

Ғылыми- техникалық революция

дәріс

1

14.01.

18.

ҒТР- ның дүниежүзілік шаруашылық салаларына әсері.

дәріс

1

21.01.

19.

Халықаралық мамандану, ұлтаралық бірлестіктер,ірі фирмлар Трансұлттық процестің дамуы.

баяндау түсіндіру

1

28.01.

20.

Дүниежүзі елдері мен аймақтарының халықаралық мамандану салалары.

баяндау

түсіндіру

1

04.02.

21.

Дүниежүзі елдері мен аймақтарының геосаяси жағдайы.

өзіндік жұмыс эссе

1

11.02.

22.

«ҒТР мен дүниежүзілік шаруашылық» тақырыбын қорытындылау. Нанотехнологиялар және олардың даму болашағы. Компьютерлендіру мен ақпараттандыру.

семинар

1

18.02.

Дүниежүзілік өнеркәсіп салалары географиясы (4 сағат)

23.

Өнеркәсіп географиясы. Отын - энергетика кешені

Сарамандық жұмыс№3 «Кескін картаға басты мұнай және газ өндіретін елдерді белгілеңдер. Мұнайды( көк түспен), табиғи газ (қызыл түспен) тасымалдау бойынша теңіз жолдары мен бағыттарын түсіріңдер.

Сарамандық жұмыс№ 3

1

25.02.

24.

Металлургия. Машина жасау өнеркәсібі. Сарамандық жұмыс4 Дамыған және дамушы елдердегі

( қалауларын бойынша машина жасау) мамандануын және оларға әсер ететін факторларды сызбанұсқа түрінде көрсетіңдер.

картамен жұмыс


Сарамандық жұмыс №4

1

03.03.

25.

Өңдеуші өнеркәсіп салалары:

Химия, ағаш өнеркәсібі

Жеңіл , тамақ өнеркәсіптері.

топтық жұмыс түсіндіру баяндау

1

10.03.

26.

Ауыл шаруашылық географиясы.

түсіндіру баяндау картамен жұмыс

1

17.03.

27.

Қөлік географиясы.

Көлік түрлері.

Сарамандық жұмыс №5 Атластан аса маңызды теміржол , автомобиль, теңіз жолының ірі желілерін анықтаңдар. Аса маңызды халықаралық әуе жолы мен әуе көлігі дамыған елдер бойынша кесте құрып, салыстырыңдар.

түсіндіру баяндау

картамен жұмыс Сарамандық жұмыс №5

1

07.04.

III бөлім: Дүниежүзінің аймақтар географиясы(5 сағат)

28.

Халықаралық экономикалық байланыстар. Еуропа елдері

дәріс

1

14.04.

29.

Шетелдік Азия. Африка

түсіндіру баяндау

картамен жұмыс

1

21.04.

30.

Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мен халқы.

слайд презентация

1

28.04.

31

Қазақстан дүниежүзі саяси картасында. Әлемдік экономикалық бәсекелестік және Қазақстан

түсіндіру баяндау

презентация

1

05.05.

32.

Қазақстан «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жолында.

презентация реферат

1

12.05.

IV бөлім: Адамзаттың ғаламдық проблемалары.

(1 сағат)

33.

Адамзаттың ғаламдық проблемалары.

семинар. презентация, слайд, реферат

1

19.05.

34.

Курсты қорытындылау. Оқушының қалауы бойынша таңдаған тақырыпқа жоба қорғау.

презентация слайд

1

24.05.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана:

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. - 226 б. (nao.kz)

2. Агеева Р.А. Страны и народы: происхождение названий. М.: Наука,1990.

3. Букетова Е.А. Эффективность развития черной металлургии как одной из ключевых отраслей отчественной экономики. 2008.

4. Ә. Бейсенова., К. Каймулдинова., Қ. Баймырзаев., Ж. Достай. География Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағытындағы 10- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» 2014

5. Вольский В.В. Социально-экономическая география зарубежного мира. М.: КРОН-ПРЕСС, 1998.

6. Лаврован С.Б., Каледина Н.В. Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны. М: Гардарики, 2002.

7. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С. Б. География мирового хозяйства. Учебное пособие для студентов. - М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999.

8.. Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. / Под ред. Л.П. Куракова. - М.: Гелиос АРВ, 2001. - 336 с.

9. Максаковский В.П. Историческая география мира: учебное пособие для ВУЗов. - М.: Экопрос, 1999.

10. Суюмбаева С.Т. Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясының анықтамалық құралы. Алматы. 2010ж.

11. Фурсина Г.А., Калиаскарова З.К. Экономическая, социальная и политическая география мира. Уч. пособие. - А.: Қазак университеті, 2003.

12. Хрущев А.Т. Экономическая география СССР. М.:МГУ, ч1. 1989.

13. Чистобаев А.И. и Шарыгин М.Д. Экономическая и социальная география. Новый этап. М.:Наука, 1990.




© 2010-2022