Оңтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары 7 сынып

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №34

Мектеп: Педагог М. Мыңбайұлы атындағы орта мектеп КММ

Күні:

Мұғалім есімі: Кукеева М.А

Сабақтың тақырыбы:

Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:


Оқушыларға Оңтүстік Америка материгінің жер бедерінің сипаты жағынан негізгі 2 бөліктен тұратынын,жер бедерінің көп бөлігін ойпаттар мен жазықтардан тұратынын оқулықпен жұмыс жасату барысында сыни ойлау мен акт-ны пайдалана отырып көшбасшылық жасау арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту арқылы топтық,жұптық,жеке тапсырмаларды орындатуға баулу,бағалау критерилерін жүзеге асырту.

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар: Оңтүстік Америка материгінің жер бедерінің басты 2бөліктен тұратынын оқулықпен,картамен жұмыс жасай отырып біледі,негізгі пайдалы қазбаларға (асыл тастарға)бай екенін шартты белгілерін картаға түсіре отырып жұмыстар атқарады.

Алдыңғы оқу:

  • Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, зерттелуі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Басталуы

Релаксация қойылғаннан кейін оқушыларды шаттық шеңберге шақырамын. Оқушыларға сұрақ беріледі. Ыстық материк қандай? 2. Үлкен метерик қандай? 3.кіші материк қандай? 4. Суық материк қандай? Жауаптары айтылғаннан кейін 4 материктің аты жазылған стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. І-топ Еуразия, ІІ-топ Африка, ІІІ -топ Аустралия, ІV-топ Антрактида

Өтке тақырыпты еске түсіру: 1-топ 1.Материктің жағалық шекарасы қандай?

  • 2. Шеткі нүктелерін ата?

  • 2-топ 1.Материкті қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатыр?

  • 2.Тынық мұхитындағы ағыстар қалай әсер етеді?

  • 3.Атлант мұхитының әсері.

  • 3-топ 1. Х.Колумбтың саяхаты мен зерттеуі.

  • 2.Амего Веспуччи саяхаты.

  • 3.Байлық іздеген испан және португал басқыншыларының әрекеті қандай болды?

  • 4-топ .Ф.Магеллан саяхаты.

  • 5.Неміс географы А.Гумболдтың саяхаты.

  • 6. Орыс зерттеушілері А.И.Воейков пен Н.И.Вавиловтың саяхаты туралы әңгімелеу

Ортасы

Адасқан әріптер

  • о р к д л и ь е р а

  • н д а

  • а к а т а м а

  • к а з о н а м а

  • м и г а й а л

  • т а л а-л а п

Тақырыптың атау шыққаннан кейін мақсатын оқушыларға түсіндіру. Оңтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбаларына түсінік беру.

Оқушыларға тақырыппен танысуға тапсырма беріледі. 1.Жазықтары 2.Анд тау жүйесі 3.Пайдалы қазбалары 4. Номенклатура Анд тауы, Амазонка ойпаты, Ориноко жазығы, Ла-Плата жазығы.

1-тапсырма Ең, ең, ең, ең…
Ең суы мол өзен …
Ең биік сарқырама…
Ең ылғалды әрі ең жасыл материк…
Ең ұзын тау…
Ең биік нүктесі

2-тапсырма Берілген географиялық атауларды физикалық картадағы түстер бойынша таблицаға орналастыру.

Анды, Ильямпу, Амазонка, Бандейра, Чимборасо, Ла-Плата, Бразилия, Руис, Ориноко, Уаскаран.

Ойпаттар

Таулар

Қыраттар




Аяқталуы



Дәптерге пайдалы қазбаларды тізіп жазып қасына шартты белгілерді белгілеу.

Келесі тапсырма -§38 оқу кескін карта

Бағалау -жиынтық бағаны шығару.

Кері байланыс- 1.Сабақ ұнады ма?

2.Нені білдік?

3.Топппен жұмыс жасауда қандай әсер алдыңдар ?



© 2010-2022