8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түсінік хат


Қазіргі кезде география пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері заман талабына қарай өзгеріп отыр.

Бүгінгі күні оқу үрдісінде қойылып отырған талаптардың бірі - оқушылардың тек білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін терең білім алуда шығармашылықпен пайдалана білулеріне үйрету. Қазақстанның туристік мүмкіндіктері курсы халықаралық қатынастардың жақсарып, елдер арасындағы достықты күшейтуге ұмтылыс күшейген кезде, туризмді дамытудың қазіргі кезеңі мен болашақтағы даму бағытымен ұштастыра жүргізіледі. Туризм әлемнің көптеген елдерінің өте көңіл қоярлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Мамандардың болжауы бойынша, ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ. «Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» атты факультатив курсы 8 сыныптың оқушылары мен география пәні мұғалімдеріне арналған.

Бұл бағдарлама - Елбасы жолдауында көрініс тапқан еліміздегі туризмнің дамуын, оның жеке индустриялы болып қалыптасуын, өңірлеріміздің экономикалық әлеуметтік-экономикалық дамудың ырғақтылығын көрсететін, қаржылық түсімнің көбеюін, туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын, ұстанымдарын ашып көрсететін бағдарлама. «Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» факультатив курсы туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық географиямен қатар туризм географиясының мәселелерін шешіп, туризмологияның теориялық негіздерін құрайды. Оқушылар пән арқылы туризмдерді басқару, ұйымдастыру, оның құрылымын, тарихын, дайындық кезеңін саяхаттарда, сабақтарда ұйымдастырып өткізе білуге талпынып, өз беттерінше іздену іс-әрекеттерін қалыптастыра отырып шыңдайды.






Бағдарламаның құрылымы.

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан.

Кіріспе. (1 сағат)

Курсты оқытудың мақсаты мен міндеті;

1 бөлім. Туризм жайлы жалпы мәліметтер. (3 сағат)

Туризмнің классификациясына жалпы сипаттама беру;

Туризмнің түрлері мен формалары;

2 бөлім. Қазақстандағы туризмнің дамуы. (12 сағат)

Қазіргі кездегі Қазақстандағы туризмнің даму тарихы;

Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың географиялық ерекшеліктері;

Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни туризмнің дамуы;

Туризмнің дамуындағы Елбасымыздың бағдарламасы;

Қазақстандағы экотуризмнің алатын орны;

Жыл сайынғы Қазақстанға келетін, Қазақстаннан шығатын туристер жайлы деректер;

Қазақстандағы басты туристік аудандарға сипаттама және оларды әрі қарай дамыту;

Қазақстан Республикасының тарих пен мәдениет ескерткіштеріне жалпы шолу;

Спорттық туризмді дамытуға қолайлы аймақтар;

Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері;

3 бөлім. Қазақстандағы туристік аймақтар. (16 сағат)

Қазақстанның туризмді дамытуға қолайлы аймақтары;

Ақмешіт;

Айша бибі кесенесі ;

Домалақ ана;

Машат өңірі;

Алтай өлкесі;

Мойылды;

Баянауыл;

Қапал- Арасан;

Түркістан - екінші Мекке,

Бурабай-Щучье;

Жаңақорған;

Отырар өңірі,;

Арыстан баб кесенесі

Наурызым;

Сосновый бор;

Қорытынды бөлім (2 сағат)

Оқушылардың туристік аймақтар туралы қорытынды презентациялары;

Курсты қорытындылау;

«Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» ФАКУЛЬТАТИВ КУРСЫНЫҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕ ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

34

Мерзімі

Ескертулер

Кіріспе.

1

Курсты оқытудың мақсаты мен міндеті

1



1 бөлім. Туризм жайлы жалпы мәліметтер.


2-3

Туризмнің классификациясына жалпы сипаттама беру

2



4

Туризмнің түрлері мен формалары

1



2 бөлім. Қазақстандағы туризмнің дамуы.


5-6

Қазіргі кездегі Қазақстандағы туризмнің даму тарихы

2



7

Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың географиялық ерекшеліктері

1



8

Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни туризмнің дамуы

1



9

Туризмнің дамуындағы Елбасымыздың бағдарламасы

1



10

Қазақстандағы экотуризмнің алатын орны

1



11

Жыл сайынғы Қазақстанға келетін, Қазақстаннан шығатын туристер жайлы деректер

1



12

Қазақстандағы басты туристік аудандарға сипаттама және оларды әрі қарай дамыту

1



13-14

Қазақстан Республикасының тарих пен мәдениет ескерткіштеріне жалпы шолу

2



15

Спорттық туризмді дамытуға қолайлы аймақтар

1



16

Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері

1



3 бөлім. Қазақстандағы туристік аймақтар.


17

Қазақстанның туризмді дамытуға қолайлы аймақтары

1



18

Ақмешіт

1



19

Айша бибі кесенесі

1



20

Домалақ ана

1



21

Баянауыл

1



22

Машат өңірі

1



23

Алтай өлкесі

1



24

Мойылды

1



25

Қапал-Арасан

1



26

Түркістан - екінші Мекке

1



27

Бурабай-Щучье

1



28

Жаңақорған

1



29

Отырар өңірі

1



30

Арыстан баб кесенесі

1



31

Наурызым

1



32

Сосновый бор




Қорытынды бөлім

33

Оқушылардың туристік аймақтар туралы қорытыныды презентациялары

1



34

Курсты қорытындылау

1



Күні:

Сабақтың тақырыбы: Туризмнің классификациясына жалпы сипаттама беру

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Туризмннің классификациясы және оның түрлері мен белгілері туралы білік - дағдыларын қалыптастыру.

б) дамытушылық: оқушылардың білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, ұлтаралық сыйластыққа, еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: танымдық сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап алмасу, пысықтау, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақты бастамас бұрын мына кестемен жұмыс жасаймыз.

Инсерт әдісі

Білетінім

Білгім келеді

Білгенім


СТО әдісі. Ассоциация «Ой қозғау»

8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары

8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары

8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары

8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары

8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары

8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары8 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы мен сабақ жоспары


Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады:

1. Мақсатына қарай;

2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;

3. Қозғалу түрі бойынша;

4. Орналасу жолына байланысты;

5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т.б.

Бірақ, шешуші рөлді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен классификациядан айырмашылығы - туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:

1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;

2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке талғамы, материалдық жағдайы;

3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;

4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т.б.

Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді жіктеуге, түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:

1) емдеу;

2) спорттық - сауықтыру;

3) танымдық.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттың және сауықтырудың маңызы зор. Онсыз жұмыс істейтін адамның қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру мүмкін емес.

Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:

1. Ішкі (ұлттық);

2. Халықаралық (шетелдік).

Ішкі туризм - азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.

Халықаралық туризм - өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.

Шетелдік туризм - шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі.

Бұлай бөліну халықаралық туризмнің 2 басқа түрімен тығыз байланысты - кіру және шығу. Бұлар туристтік ағымының бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристтік саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристтің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристтік ағымдардан құралады. Бір елдің ішіндегі туризм - ішкі және келетін турисстік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен айналысу және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристтік құжаттарды толтырмайды.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

[43, 22 б.].

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа тақырып бойынша негізгі ұғымдармен (терминдермен) жұмыс істеу.

Ұлттық туризм, халықаралық туризм, іскерлік туризм,ішкі туризм, су туризмі, рекеациялық туризм.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

V. Сабақты қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.


© 2010-2022