Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Физикалық география

Сыныбы: 6 - сынып

Тақырыбы: Жердің құрылысы, негізгі ұғымдар.

Мақсаты: Оқушыларға жер қабықтары туралы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, білімдері мен көзқарастарын кеңейту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақты ұйымдастыру формасы:дәстүрлі

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, атлас

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

II. Үй тапсырмасын сұрау. 15 мин.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин.

IV. Білімді бекіту. 6 мин.

V. Үйге тапсырма беру. 1 мин.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.

VII. Қорытынды сөз. 1 мин.

Сабақтың барысы:

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгендеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Ой қозғау.

1.Белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш. (Азимут)

2.Көкжиек тұстарын бағдарлауға арналған аспап.(тұсбағдар)

3.Масштабы (1 см-де - 100 м). (Атаулы масштаб)

4.Жер бетіндегі нүктенің теңіз не мұхит деңгейімен салыстырғандағы биіктігі. (Абсолют биіктік)

5. Құрлықта теңіз деңгейінен есептегендегі биіктіктері бірдей нүктелерін қосатын сызық. (Горизонталь)

6. Жер шарындағы ең ұзын параллель. (Экватор)

7.Экватордың ұзындығы. (40000 км)

8. Параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасы. (Географиялық ендік)

Сергіту сәті арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаханның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

(жер)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасақ егерде,

Барша тіршілік қурайды.

Бұл не?

(су)

Бар ма, жоқпа оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Бұл не?

(ауа)

Жер өзегі атанған

Ең орталық бөлігі

Бұл не?

(ядро)

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Балалар біз жердің пайда болуын білеміз бе? Жердің шар тәрізді екенін грек ойшылы Пифагор айтқан. Ал 17 ғасырда И. Ньютон жер шар тәрізді деген қорытынды жасады.Күннен қашықтығы 150 млн км.

Күнді айналу ұзақтығы - 365 тәулік, 6 сағат, табиғи серігі - ай екен. Олой болса біз бүгінгі сабақта жердің құрылысы жайлы білетін боламыз. Халық айтқан 7 қабат жерасты барма екен бүгінгі сабақтан білетін боламыз.

Жердің сыртқы құрылысы

  1. Ауа- жер шарын қалың қабат ретінде ең сыртынан қоршап тұрады. Оны - атмосфера деп атайды.

«Атмосфера»- грекше «атмос»- су, «сфера»- шар. Ауа жерді үздіксіз, біртұтас қабық ретінде қоршап жатыр

  1. Жер бетін біртұтас жауып жататын - су қабығы. Оны - гидросфера, яғни, жердің су қабығы деп атайды. Жер бетінің жалпы көлемінің 2/3-сі судың үлесіне тиеді.

Гидросфера құрамы

Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, жер асты суы, батпақтар, мұздықтар.

Тіршіліктің таралған ортасы

Жердің ішкі құрылысы

Литосфера Мантия Ядро

1.Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабатты - литосфера деп атайды.

« Литосфера» - латынша «литос» - тас, «сфера» - шар деген мағына береді.

Ғалымдар температура мантияның жоғарғы бетінде +100, +150 °С- тан, ал төменгі шекарасында +3800° С-қа дейін баратын болуы керек деп болжайды. Сондықтан литосфераның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қоймалжың затқа айналады.

  1. Жер қыртысынан әрі шамамен 2900 шқ тереңдікте мантия орналасқан. Мантия - латынша « мантия» - шапан, жамылғы деген мағынаны білдіреді.

  2. Жердің ең орталық өзегін ядро алып жатыр. Оның радиусы - 3500 шқ шамасында. Ядро құрамы темір мен никельден тұрады. Ядроның сыртқы бөлігі балқыған күйде, ішкі бөлігі қатты заттан тұратын болуы керек.

IV. Білімді бекіту.

«Шапалақ» ойыны

  1. Ауа Жер шарын ең сыртынан қоршап тұрады.

  2. Ғарыштан қараған адам жер бетінің көбін құрлық алып жатқанын көреді.

  3. Су жер бетінің 2/3-і үлесін алып жатыр.

  4. Ауаның 78%-н азот құрайды.

  5. Биосфера оқшау қабық құрайды.

  6. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы қабаты литосфера деп аталады.

  7. Гидросфера тіршілік ортасы болып табылады.

  8. Жердің ішкі құрылысы: гидросфера, мантия, ядродан тұрады.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VII. Қорытынды сөз.


© 2010-2022