Презентация погеографи на тему Халқы. Еңбек ресурстары (11 класс)

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11«А» сынып

Дүниежүзіне аймақтық шолу.


Сабақтың тақырыбы:

Халқы. Еңбек ресурстары

Сабақтың мақсаты:

А) Еуропа елдерінің халқы, еңбек ресурстары туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел,, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.

Ә)оқулықтағы сандық көрсеткіштер мен тақырыптық карталардың материалдарын пайдаланып, ұлттық құрамындағы арасалмағына, Еуропада таралған тіл әулеттеріне, халық саны ең аз және ең көп елдеріне, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, урбандалу дәрежесінің жоғары болуы, халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы сипаттама беруді үйрету.

Б)Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.


Нәтижесі

Еуропа елдерінің халқы, еңбек ресурстары туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері туралы біледі.

Сабақтың әдіс - тәсілі:

сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

Дүниежүзінің саяси картасы

Қызығушылығын арттыру

дүние жүзінің саяси картасы

Жаңа сабақ:

Еуропа елдері. Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

Білу және түсіну

Оқушылардакн үй тапсырмасын тексеріп болған соң жаңа тақырыпты тақырыпшаларға бөліп беремін

Еуропа халқының үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының бірі - протестант кең тараған. Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Қорытыта келгенде, еңбекке жарамды адамдардың саны жоғары екендігін айтады.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды.

Мұғаліммен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Қолдану

Мәтінді пайдалана отырып оқушылар төмендегі сұрақтың жауаптарын постер бетінде көрсетеді.

1. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

2. Ең көп тараған тіл әулеті?

3. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Табиғат ресурстарына сипаттама беру.

3. Мәтіндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, жер ресурстары үлесін бейнелейтін диаграмма құрастыру.

4. «Еуропа халқының ұлттық құрамы» деген картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты елдерді анықтап, Еуропадағы тіл әулеттері мен топтарды сипаттайтын кесте құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Бағалау

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Пән мұғалімі: Естемесов Т.Т

Тексерген


© 2010-2022