Урок по географий на тему Еуропа елдері

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы.

Кербұлақ ауданы.

Қаспан ауылы.

Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы КММ-нің география пәнінің мұғалімі

Изахунов Алимжан Ясынұлы

Тақырып. Еуропа елдері (Қайталау сабақ).

Мақсаты. Оқушылардың Еуропа елдері тарауы бойынша меңгерген білімдерін бекіту, картамен жұмыс істеу және таным қабілеттерін дамыту. География пәніне қызығушылық тудыру, ынталарын көтеру.

Құрал-жабдықтар. Еуразияның саяси және физикалық карталары, Еуропаның аймақтық картасы, плакаттар.

Сабақтың жоспары

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен материалды бекіту, қайталау.

1 тапсырма: Сәйкестікті анықтау.

2 тапсырма: Топтастыру принципін анықтау.

3 тапсырма: Қысқа тест сұрақтары.

4 тапсырма: Сөзжұмбақ.

5 тапсырма: Кескін карамен жұмыс.

ІІІ. Қорытынды.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен материалды қайталау.

1 тапсырма. Топтасқан мемлекеттердің сәйкестерін тандап, сәйкесі сай келмей-

тін мемлекеттерді атаңдар және картадан көрсетіңдер.

1. Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания.

(Бір аймақта орналасқан және абсолюттік монархиялық елдер).

2. Ұлыбритания, Ресей Федерациясы. Австрия.

(Бұл мемлекеттер теңіз державасы болып саналады).

3. Германия, Италия, Франция, Дания.

(Бұл елдер «Үлкен жетілік» мемлекеттері).

4. Австрия, Швейцария, Грекия.

(Бұл елдердің теңізге шығатын жолдары жоқ).

5. Бельгия, Нидерланд, Польша.

(Конституциялық монархиялық елдер).

6. Германия, Бельгия, Швейцария, Болгария.

(Бұл елдердің астаналары «Б» әріпінен басталады).

7. Германия, Италия, Албания.

(Жоғары дамыған елдер).

8. Ресей, Украина, Беларусь.

(Бұл елдердің территориясынан Еділ өзені өтеді).


2 тапсырма. Мемлекеттердің топтасқан принципін анықтаңдар.

1. Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан. (ТМД).

2. Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия. («Үлкен жетілік»).

3. Испания, Италия, Грекия. (Оңтүстік Еуропа елдері).

4. Монако, Андорра, Ватикан. (Микромемлекеттер).

5. Литва, Латвия, Эстония. (Балтық бойы мемлекеттер).

6. Ұлыбритания, Ирландия, Исландия. (Аралда орналасқан мемлекеттер).

7. Ресей, Германия, Швейцария. (Федеративті мемлекеттер).

8. Польша, Венгрия, Румыния. (Шығыс Еуропа елдері).

3 тапсырма. Тест.

1. Батыс Еуропадағы мұнайды ең көп өндіретін ел:

а) Испания; ә) Норвегия; в) Румыния; с) Ұлыбритания.

2. Батыс Еуропадағы урбандалу деңгейі ең жоғары ел:

а) Франция; ә) Германия, в) Ұлыбритания с) Италия.

3. Батыс Еуропаның өзендері ең бірінші неге пайдаланады?

а) балық аулау; ә) көлік үшін; в) суару; с) өнеркәсіб үшін.

4. Оңтүстік Еуропа елдері:

а) Италия, Испания, Швейцария; ә) Грекия, Румыния, Болгария;

в) Испания, Грекия, Италия; с) Австрия, Болгария, Албания;

5. Батыс Еуропада көмірді көп өндіретін ел:

А) Польша; ә) Франция; в) Германия; с) Ұлыбритания.

4 тапсырма. Сөзжұмбақ «Мемлекеттер астаналары».

Стокгольм 1. Солтүстік Еуропа ................................... астанасы

Берлин 2. Орта Еуропа ............................................ астанасы

Осло 3. Солтүстік Еуропа ................................... астанасы

Копенгаген 4. Солтүстік Еуропа.................................... астанасы

Варшава 5. Шығыс Еуропа ....................................... астанасы

Прага 6. Шығыс Еуропа........................................ астанасы

Афины 7. Оңтүстік Еуропа..................................... астанасы

Мадрид 8. Оңтүстік Еуропа..................................... астанасы

София 9. Шығыс Еуропа....................................... астанасы

5 тапсырма. Кескін картамен жұмыс: Еуропаның аймақтарының шекараларын картаға түсіру және астаналарын белгілеу.

ІІІ. Қорытынды жасау.

Білімдерін бағалау.

Үй жұмысы: қайталау.



© 2010-2022