Авторская программа по географии на тему Түркі тілдес елдер географиясы

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

география пәні мұғалімі

Кенжебаева Жанна Онгарбековна



Түркі тңлдес елдер географиясы

Түсінік хат

Қазіргі кездегі мектептерді дамыту бағыттарының бірі-білімді саралау болып табылады.Ол пәнді тереңдетіп оқытуға, арнайы және бағдарлы сыныптарды оқытуға негізделген.Базалық деңгейдегі оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың географиялық сауаттылығын,мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген.Бағдарлы деңгейде оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастырушы білім,біліктерімен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.

«Түркі тілдес елдер географиясы» факультативы 11 сынып оқушыларына арналған. Бұл курс кіріспе және негізгі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім 4 тақырыпқа, ал екінші бөлім 10 тақырыпқа бөлініп берілген.

Бірінші бөлімде-түркі тілдес елдердің табиғатына жалпы шолу. Онда халықтарының саны, орналасуы,табиғи өсуі және өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуына әсер ететін жағдайлар мен факторлар қарастырылған.

Екінші бөлімде- түркі тілдес елдердің тобына кіретін 7 мемлекет және құрамында түркі тілдес халқы бар Ресей, Украина, Қытай елдерінің географиялық орны, астанасы, халық мен оның табиғи өсуі, табиғи ерекшелігі мен экономикасының дамыған салаларына жеке-жеке сипаттама берілген.Әрбір Республика бір-бірінен өзіне тән тарихи қалыптасу кезеңдерімен, табиғи байлығымен, даму келешегімен ерекшеленеді.Жеке елге бір сарамандық жұмыс жасауға болады.

Мақсаты: Түбі бір түркі халықтарының қазіргі өмір сүріп жатқан табиғи ортасы мен оның шаруашылығының дамыған салалары туралы мағұлмат беру.

Міндеттері:

  • Әңгімелеу және оқушылармен сұхбаттасу арқылы тақырыптың теориясын меңгеру;

  • Жекелеген қорытынды бақылау;

  • Тақырыптың меңгерілуін сұрыптау және қатемен жұмыс.

Әдістемелік нұсқау:

  • Адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;

  • Өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп,тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау;

  • Жаңалықты тез қабылдауын қалыптастыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар:

  • Әрбір Республиканың географиялық орнын, астанасын;

  • Халқының санын,орналасу ерекшелігін және құрамын;

  • Өнеркәсібінің дамыған жетекші саласын;

  • Елдің ауыл шаруашылығында егетін негізгі дақылдарын;

  • Ең жақсы дамыған көлік түрлерін;

  • Халықаралық туризм дамыған аудандарға сипаттама беру;

Курсты ұйымдастыру формалары мен әдістері: семинар, дәріс, сарамандық сабақтар, өзара оқыту, топтық оқыту, ұжымдық жұмыс, шығармашылық жұмыстар ( интернет материалдары, реферат, презентация қорғау,баяндама даярлау).

Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: баяндама, реферат,презентация қорғау.

Курсты оқытуды аяқтау формасы: Баяндама, реферат, жоба қорғау.

Пәнаралық кіріктіру: Тарих, биология, экология.

Кәсіптік бағдар беру: Туризм, экология, экономика мамандықтарына баулу.

Уақыт көлемі: Жалпы 34 сағат, аптасына 1 сағат.







11 сыныпқа арналған «Түркі тілдес елдер географиясы » факультатив курсының бағдарламасы.

( 34 сағат, аптасына 1 сағат)

І бөлім

Түркі тілдес елдердің табиғаты мен экономикалық және әлеуметтік

жағдайына жалпы шолу

Кіріспе /1 сағат/

Түркі тілдес елдер географиясы пәні және оның маңызы туралы. Түркі тілдес мемлекеттердің қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік белгілері. /елтаңбасы, жалауы, әнұраны/. Ел атауларының шығу тарихы. Елдер арасындағы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі география ғылымының үлесі.

1- тақырып. Дүние жүзі саяси картасы /1 сағат/

Дүние жүзі саяси картасында түркі тілдес елдердің орны. Дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттер. Ресей, Қытай, Украина, Қазақстан, Үндістан, Канада, АҚШ туралы қысқаша түсіндіру. КСРО-ның ыдырап, 15 егеменді елдің пайда болуы туралы. Әртүрлі елдер мен ондағы ел басқару түрлеріне сипаттама.Халықаралық ұйымдар. Саяси география.

2 -тақырып. Түркі тілдес елдердің табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары / 1 сағат/

Түркі тілдес елдердің табиғатына жалпы шолу. Түркі елдерінің жер бедері. Пайдалы қазбалары. Климаты, шаруашылыққа және адамдардың өмір сүруіне климаттың әсері. Рекреациялық аудандар.Түркі елдерінің ірі өзендері мен каналдары, оларды шаруашылықта пайдаланылуы. Көлдері: Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Ыстықкөл, Зайсан, Алакөл. Олардың маңызы. Қоршаған ортаның ластану себептері мен оларды шешу жолдары. Халықаралық туризм дамыған елдер.

3-тақырып. Түркі елдерінің халқы. /1 сағат /

Түркі елдерінің халқы, саны, ұлттық құрамы, табиғи өсуі. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілген аймақтар. Халықтардың қозғалысы, ішкі және сыртқы көші-қон. Дүние жүзінде түркі тілдес халықтар орналасқан егеменді елдер мен ҚХР, Ресей, Украина, Өзбекстан құрамындағы түркі тілдес халықтарға сипаттама. Урбандалу. Тілі мен діні.

4-тақырып. Түркі елдерінің шаруашылығы /1 сағат/

Түркі елдерінің шаруашылығының даму мен қалыптасу кезеңдері, дамыған салалары. Түркі елдерінің өнеркәсібі, ауылшаруашылығы дамыған елдер. Ауылшаруашылығының негізгі салалары. Түркі елдерінің көлігі. Жібек жолының тарихи маңызы және даму болашағы. Халықаралық қатынастар мен өндірісті орналастыру шарттары.

Қайталау / 1 сағат /

ІІ бөлім

Түркі тілдес жеке мемлекеттерге сипаттама /28 сағат /

5-тақырып. Қазақстан Республикасы /4 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Табиғатына шолу. Жер бедері. Пайдалы қазбалары. Климатының ерекшеліктері. Өзендері мен көлдері. Өнеркәсібі. Каспий байлығын игерудің келешегі. Ауыл шаруашылығы. Егін және мал шаруашылығы Қазақстандағы көлік . Ұлы Жібек жолы. Халықаралық байланыстары. Қазақстан егемендігін алғалы бері экономикасындағы өзгерістері.

6 -тақырып. Түркия Республикасы /4 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Табиғаты. Климатының ерекшеліктері. Өзендері мен көлдері. Түркияның жағалауына ұласып жатқан теңіздер. Халқы табиғи өсуі. Өнеркәсібінің дамыған салалары. Ауыл шаруашылығының өнімдерін өңдеу. Халықаралық туризм. Халақаралық маңызы бар курортты аймақтар. Көлігі. Ірі қалалары - Ыстамбұл, Анкара, Измир, Адана.

7-тақырып. Түркімен Республикасы /3 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Табиғат жағдайының ерекшеліктері.Жер бедері. Қарақұм каналы. Өнеркәсібінің дамыған салалары. Қаракөл қой және түйе шаруашылығы. Халқы және олардың орналасу ерекшеліктері. Көлігі. Сырқы экономикалық байланысы.

8- тақырып. Өзбекстан Республикасы /4 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Жер бедері. Пайдалы қазбалары. Климаты. Өзендері мен көлдері. Ауыл шаруашылығының дамыған салалары: мақта, бау-бақша, жүзім шаруашылығы. Машина жасау. Көлігі. Ұлы Жібек жолындағы дамыған ежелгі қалалары. Халықаралық туризм.

9-тақырып. Қырғызстан Республикасы /3 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Жер бедері. Пайдалы қазбалары. Климаты. Өзендері мен көлдері. Өзендерін халық шаруашылығына пайдалану. Ыстықкөлдің курорттық маңызы. Халықаралық туризмнің даму бағыты. Өнеркәсібінің дамыған салалары. Ауыл шаруашылығы. Көлігі. Сыртқы экономикалық байланыстары. Қырғыздан шыққан атақты адамдар.

10-тақырып. Әзірбайжан Республикасы /4 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Табиғатының ерекшелігі. Каспий теңізінің маңызы. Ауыл шаруашылығы. Курортты аймағының келешегі. Халқы. Көлігі. Сыртқы экономикалық байланысы.

11-тақырып. Солтүстік Кипр Республикасы /1 сағат/

Географиялық орны. Астанасы. Шаруашылығына жалпы сипаттама. Халықаралық туризмнің даму келешегі.

12-тақырып. Ресей Республикасы /1 сағат/

Ресейдің құрамындағы түркі тілдес Республикалардың географиялық орны мен шаруашылығына жалпы сипаттама.

13-тақырып. Қытай Халық Республикасы /1 сағат/

Қытай Халық Республикасы құрамындағы түркі тілдес Республикалардың географиялық орны мен шаруашылығына жалпы сипаттама.

14-тақырып. Украина Республикасы /1 сағат/

Украина Республикасының географиялық орны мен шаруашылығына жалпы сипаттама.

Қорытынды /1 сағат /



«Түркі тілдес елдер георафиясы »

факультатив курсының күнтізбелік жоспары.

11 сынып.

(аптасына 1 рет, жылына 34 сағат)

Сабақ

Тақырыбы


Сағат

саны

Мерзімі

1

2

Кіріспе.

Дүниежүзінің саяси картасындағы түркі тілдес елдер.Халықаралық ұйымдар.

1

1

3

Түркі елдерінің табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары.Экологиялық проблемалары.

1

4

Түркі елдері халқының саны, ұлттық құрамы.

1

5

Түркі елдерінің шаруашылығы.

1

6

Қайталау.Сарамандық жұмыс №1

1


Қазақстан Республикасы

4

7

Географиялық орны, Астанасы.Жер бедері, пайдалы қазбалары.Климатының ерекшелігі,аридтік жерлері.

1

8

Өзендері мен көлдері.Арал-Балқаш проблемасы мен экологиясы.

1

9

Экономикасы. Ауыл шаруашылығы.

1

10

Көлігі. Сыртқы экономикалық байланыстар

1


Түркия Республикасы

4

11

Географиялық орны. Астанасы. Табиғаты. Қоршаған теңіздері.

1

12

Халқы, Табиғи өсуі, урбандалу.

1

13

Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы

1

14

Көлігі. Халықаралық туризм.

1


Түркімен Республикасы

3

15

Географиялық орны, астанасы.Табиғатының ерекшелігі.

1

16

Климаты.Шөл белдемдері. Қарақұм каналы.Мелиорация жұмыстары.

1

17

Өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі

1


Өзбекстан Республикасы

4

18

Географиялық орны, Астанасы. Халқы, табиғи өсуі.

1

19

Жер бедері,,пайдалы қазбалары. Өзен - көлдері.

1

20

Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы.

1

21

Көлігі. Тарихи қалалары. Халықаралық туризм.

Сарамандық жұмыс №2

1


Қырғызстан Республикасы

4

22

Географиялық орны, Астанасы. Жер бедері, пайдалы қазбалары.

1

23

Климаты. өзен - көлдері. Ыстықкөл.

1

24

Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.

1

25

Халқы,көлігі,сыртқы экономикалық байланыстары, халықаралық туризмнің дамуы.Сарамандық жұмыс №3



Әзірбайжан Республикасы.

3

26

Географиялық орны, Астанасы.

1

27

Табиғат ресурстары. Каспий теңізі.

1

28

Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы.

1

29

Көлігі, халықаралық туризм.Сарамандық жұмыс №4

1

30

Кипр Республикасы


31

Ресей Республикасы


32

Қытай Халық Республикасы


33

Украина Республикасы.


34

Қорытынды сабақ.Сарамандық жұмыс №5








Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

  1. Бірмағамбетов Ә. Географиялық атаулар сыры Астана: «Арман -ПВ» 2009ж

  2. В.С.Корякин Маршрутами гляциолога Москва «Мысль» 1981г

  3. Есназарова Ұ.Ә. Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы

- Анкара 1999ж

  1. Есназарова Ұ.Ә. Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы. Жұмыс

дәптері. - - Анкара 1999ж

  1. Қазақ ұлттық энцеклопедиясы І- VI томдары

  2. Брилевский М.Н. Дидактический материал по географии Минск «Харвест» 1999г

  3. География және табиғат «Түркі елдер мәдениеті» №3 2009ж





















© 2010-2022