Сабак Тақырыбы: Канада 7 сынып

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Канада. Орталық Америка елдері.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Канаданың географиялық орны, геологиялық құрылысының ерекшеліктерін ұғыну, климаты, өзен, көлдері туралы білімдерін тереңдету.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, ғылыми дүниетанымды қалыптастыра отырып, нақты және өз ойын толық жеткізуге дағдыландыру.

Б) Тәрбиелік: Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелей отырып, қиыншылықтарды жеңудегі өжеттілікке, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке және бір-бірін тыңдап, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаңа технологиялық әдіс

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кескін карта, атлас

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабағымызда Халқы және елдері. Америка Құрама Штаттары деген тақырыпты өткен болатынбыз. Олай болса сол тақырыбымызды тағы еске түсіріп өтейік.

Үй тапсырмасы ойын арқылы сұралады.

«Кім тапқыр?» ойыны

  1. Солтүстік Американы қандай халықтар мекендейді?

  2. Солтүстік Америкада дүние жүзіндегі ең дамыған ел?

  3. АҚШ жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр?

  4. Қандай табиғи ескерткіштері бар?

  5. АҚШ-тың астанасы қалай аталады?

  6. АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ағып өтетін ең ірі өзен?

  7. АҚШ-тың ең ірі қаласы?

  8. Солтүстік Америка материгіндегі елдер?

9.АҚШ-тың ұлттық саябақтары?

10. Әйгілі кино орталығы Голливуд қай қалада орналасқан?

Сабак Тақырыбы: Канада 7 сынып

III. Жаңа сабақ барысы.

Ой қозғау.

Канада туралы білетіндерін оқушылар айтып береді.

Солтүстік Америка материгіне жататын елдер. Канаданың астанасы.

Яғни біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы Канада, Орталық Америка елдері.

Сыныпты 3-топқа бөліп тапсырма беремін. Оқулық арқылы және қосымша материалдармен тапсырма беріледі.

  1. топ. Географиялық орны. Табиғаты.

  2. топ. Өзендері мен көлдері. Пайдалы қазбалары.

  3. топ. Орталық Америка елдері.

Канада дүние жүзі жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Канада жерінің ауданы (9976) мың км материктің солтүстік бөлігімен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы- Оттава қаласы.

Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен Солтүстік бұғысы Карибу тіршілік етеді.

Канаданың басты байлығы - көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінде Канада дүние жүзінде бірінші орын алады. Жалпы айтқанда Канада ормандарға бай.

Мұнда Америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындау және оны өңдеумен айналысады.

Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай.

Канаданың бай табиғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Өз жерінен өндірілетін металдардан пайдаланып, жұмыс істейтін зауыттарда ұшақтар, ірі мұхит кемелер, жеңіл автомашиналар жасалады.

Ормандарда терісі бағалы аңдардан Бұлғын, Күзен, Ақкіс пен жыртқыштардан Қара аю-барибал, сілеусін, кайот тіршілік етеді. Аталған аңдардың қандай пайдасы бар? Оқушылар өз ойын айтады.

Канада жалпы айтқанда халықтың тұрмыс жағдайы жағынан өте жоғары елдердің қатарына жатады.

Ал, енді осы тақырыптан алған білімдеріңді байқау үшін, мынандай тапсырмалар беріледі.

1-топ Картаны пайдаланып , географиялық орны мен табиғатына сипаттама береді.

2-топ «Топтастыру стратегиясын» пайдалана отырып, оқушылар тапсырмасын қорғайды.

Сабак Тақырыбы: Канада 7 сынып

3-топ.

Интерактивті тақтада кескін карта беріледі. 0

Осы картаға елдерді түсіру.

Сабақты бекіту үшін мынау кестені толтырамыз.

Пайдалы қазбалары

Шартты белгілері

Химиялық формуласы

Уран

U

Никель

Ni

Алтын

Аи

Мыс

Си

Темір

Ғе

Мұнай

Газ

«Кім картаны жақсы біледі?» ойыны.

  1. Канаданың астанасың дүние жүзі саяси картаға түсіру.

  2. Орталық Америка елдерін картаға түсіру.

  3. Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді.

  4. Канаданың негізгі халқы Еуропадан қоныс аударғандар ол қалалар қалай аталады?

IV. Сабақты пысықтау:

ә) Жалпы оқушыларға «Ия, жоқ» ойыны ойналады.

Сұрақтар.

  1. Жер көлемі бойынша ең үлкен 10 елдің құрамына Канада кіре ма? Ия

  2. Оңтүстік Америка ең ыстық материк пе? Жоқ

  3. Мадагаскар көл ме? Жоқ

  4. Гренландия аралы Орталық Америка құрамына енеді ма? Жоқ

  5. Дүние жүзіндегі халқының саны ең көп елдерге АҚШ кіре ма? Ия

  6. Жердің серігі ай ма? Ия

  7. Бес мүхит бар ма? Жоқ

  8. «География» грек тілінен аударғанда саяхаттау деген мағынаны білдіреді? Жоқ

9. ТМД елдерге Мексика, Франция кіре ма? Жоқ
10.Дамыған елдерге АҚШ, Германия, Жапония жата ма? Ия

V. Үйге тапсырма: Канада. Орталық Америка елдері. Реферат жазу.








Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі




Сабак Тақырыбы: Канада 7 сынып


© 2010-2022