Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері (7-сынып)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЕЙІТДӘУЛЕТ Айгүл

«Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы

Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Сабақ: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Мектеп: «Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Сейітдәулет А.М.

Сыныбы: 6

Қатысқандар: 6 Қатыспағаны:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Дүниежүзілік мұхиттар мен олардың бөліктерімен танысу

Сабақ мақсаттары:

  1. Барлық оқушылар: «материк», «арал», «түбек», «теңіз», «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарымен танысады.

  2. Оқушылардың басым бөлігі: картамен жұмыс жасап, дүниежүзілік мұхит бөліктерін көрсете алады, ажырата алады.

  3. Кейбір оқушылар: Дүниежүзілік мұхит бөліктерінің ерекшеліктерін, ұқсас қасиеттерін өз ойларымен байланыстыра отырып ажыратады.

Тілдік мақсат

Дүниежүзілік мұхит бөліктерін ажырата алады, картадан таба алады.

«материк», «арал», «түбек», «теңіз», «шығанақ», «бұғаз»

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Дүниежүзілік мұхит бөліктері, олардың географиялық орны (талқылауға арналған тармақтар)

Сіз неліктен Дүниежүзілік мұхиттар төртке бөлінетіндігін айта аласыз ба?

Жазуға ұсыныс: терминдердің анықтамаларын жазып алу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Топқа бөлу.

Топтың ережесімен таныстыру.

Постер құру: Гидросфера тақырыбына

Постер критерийлері



Сергіту сәті. «Білгіштер» музыкасына билейді.

Постерді құру критерийлері арқылы бір-бірін бағалайды.

Фишкалар тарату арқылы

Түрлі түсті лента

Плакаттар



Интербелсенді тақта, презентация

Ортасы

  1. ЖИГСО

1-әдісі бойынша тақырып мәтінімен танысады, топта талдайды.

2-әдісі рет бір-біріне түсіндіріледі.

  1. Ыстық орындық

Әр топтан оқушылар шығады. Екі топтың оқушылары сұрақтар қояды.

  1. Айналмалы бекеттер. Төрт мұхитқа сипаттама беру, қорғау.

  2. Сәйкестендіру.

Дүниежүзілік мұхит бөліктерін сәйкестендіреді.

  1. Деңгейлік тапсырмалар беріледі:

А деңгейі

  1. Төрт мұхитқа жан-жақты сипаттама беру (ауданы, қай материктермен шектеседі, ең төменгі нүктесі және оларды картадан көрсет).

  2. Дүниежүзілік мұхиттың біртұтастығын қалай байқауға болады?

Б деңгейі

  1. Қара теңізден бастап ойша Жер шарын айналып шығатын «саяхат» жасаңдар. Өздерің сол арқылы жүретін және жақынырақ өтетін мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, каналдарды атаңдар.

  2. Дүниежүзілік мұхит бөліктерінің географиялық координатасын анықта.

С деңгейі

1) Сендер тұратын елді мекен ең жақын көлден қандай қашықтықта орналасқан? Бұл қашықтықты карта бойынша өлшеңдер.

2) Еуразия материгінің жағалауларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атаңдар.

3) Ең терең шұңғыманы, ең терең және ені ең кең бұғазды, ең үлкен теңізді, ең үлкен материкті, түбекті, аралды, мұхитты анықтап, картадан көрсет.

«Сергіту сәті».

Көңіл күй көтеру.

«Сиқырлы ұяшықтар»: топпен ұяшықтарды таңдап, ондағы тапсырмаларды орындайды



Бағдаршам арқылы бағаланады.

Бағдаршам арқылы

Тапсырмалары бар конверттер



















Фишкалар тарату арқылы

Оқулықтағы тақырып мәтіні, карта

Орындық

Плакаттар, түрлі түсті қаламдар.

Бағдаршам, мұхит бөліктерінің аттары

Дүниежүзінің физикалық картасы, конверттер















Видео

Аяқталуы

Кері байланыс



Екі жұлдыз, бір тілек

Алма ағашы арқылы бағалау

Ағаш, құрт және алмалардың суреті


© 2010-2022