Африканың шаруашылығы тақырыбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:20.04.2015 ж.

Сынып: 11

Пәні: География

Сабақтың тақырыбы: Африканың шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Шаруашылығы. өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен көлік географиясын анықтайды. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

Сабақтың міндеттері:

Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс, топтық жұмыс. Сабақтың нәтижесі:

Білу: Шаруашылығы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен, көлік географиясына сипаттама беруді үйренеді, түсініктерін кеңейтеді.Топпен жұмыс жасап үйренеді.

Түсіну: маманданған шаруашылық салаларының даму бағытын ажырытып, сипаттап, түсінеді.

Қолдану: Оқушылар өздігінен білім алуды үйренеді, картамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Талдау: шаруашылығының жетекші маманданған салаларын талдай алатын болады.

Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек.

Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.

Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер, презентация, интернет материалдары.

Сабақ барысы:

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Мұғалім оқушылармен амандасады.

2.Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін бейне көрініс көрсету.

3.«Blob bridge» сабаққа дейінгі көңіл-күйлерін белгілету.

4.Мұғалім оқушыларды туған айларына байланысты топтарға бөледі.

5.Оқушылармен бірге жаңа сабақтың мақсатын айқындайды.

1. Оқушылар мұғаліммен амандасады.

2.Бейне көріністі тамашалар өз ойларын айтады.

3.«Blob bridge» сабаққа дейінгі өз көңіл-күйлерін белгілейді.

4.Оқушылар өз туған айларына байланысты топтарға бөлінеді.

5.Оқушылар жаңа сабақтың мақсатын қояды.

15

мин

Негізгі

бөлім


1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң Джигсо 2 әдісі бойынша бір-біріне түсіндіруге тапсырма беріледі.

І топ: Өнеркәсібі

ІІ топ: Ауыл шаруашылығы

ІІІ топ: Көлік географиясы

2.Постер әзірлеуге, қорғауға тапсырмасы беріледі. Жұмыстарын алдын ала берілген критерий бойынша қорғайды. Қорғаушы топқа басқа топтардан сұрақтар қойылады.

3.Мұғалім ел экономикасының даму бағытын анықтап, баға беруді тапсырады.

4.Әр топқа кескін картамен тапсырма беріледі.

1.Топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Африканың табиғаты, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік географиясы салалары тақырыпшалары бойынша бөліп оқиді.

2.Әр топқа кескін картамен тапсырма беріледі.

3.Берілген критерий бойынша әр топ постер әзірлейді, топтың баяндамашы оқушысы анықталып жұмыстарын қорғайды. Топтардың сұрақтарына жауап береді.

4.Жеке жұмыс: ел экономи-касының даму бағытын анықтап, баға береді.

5

мин

Қорытынды

1.Сабақты қорытындылауда деңгейлік тапсырмалар беріледі.

2.Үйге тапсырма: Африканың шаруашылығы, хрестоматия оқуға. Африканың сахара шөлі туралы слайдтар дайындау.

3. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы кері байланыс орнату.

1.Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

2.Үйге тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

3. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы кері байланыс жасайды.


© 2010-2022