Сабақ. Шөлейт және шөл зоналары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:13.02.15 Сабақтың тақырыбы:Шөлейт және шөл зоналары

Сабақтың мақсаты:
♦ Білімділік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру.Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру;

♦ Дамытушылық: Жаңа ақпарататтық технологияны пайдаланып, оқушылардың географиялық білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын, ой - өрістің шығармашылық белсенділігін арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту; ойын еркін айтып, өз беттерінше шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыру;
♦ Тәрбиелік: Қазақстанның табиғат зоналарын қорғау, оның шаруашылықтағы маңыздылығын түсіндіру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша сұрақ - жауап,топтық, еркін талқылау әдісі, қалың және жұқа сқрақтар сәйкестікті табу, салыстыру, картамен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау.
Қолданылған технологиялар: Л. В. Занковтың дамыта оқыту технологиясы, СТО стратегияларының элементтерін пайдалану.

Қажетті құрал - жабдықтар: Физикалық карта, интерактивті тақта құралдары, кескін карта.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Математика, Тарих, Биология, Экология, Музыка
Сабақтың барысы:
І.Сабақтың ұйымдастыру формасы: Оқушылармен амандасып,түгендеп, сыныптың жалпы сабаққа дайындығына көз жеткізу.

Сабақтың ұраны:
"Айтсаң - ұмытамын, көрсетсең есімде қалады,
ал өзіме жасатсаң - түсінемін"
Конфуций

Бағалау бетшесін толтырып отыру.

Бағалау бетшесі:

Оқушының аты-жөні

Жеке жұмыс.

3-аялдама

Топтық жұмыс.

Тест

"Қалың және жұқа сұрақтар"

Жалпы ұпай



ІІ. Үй жұмысын тексеру. Жеке жұмыс.

  1. Жедел жауап аялдамасы.

1. Қазақстанның табиғат зоналар саны-4

2 .Ең солтүстіктегі табиғат зонасы.- Орманды дала зонасы

3.Орманды дала зонасының топырағы.-қара топырақ

4. Қазақстан жерінің 27% алып жатқан табиғат зонасы -дала зонасы

5. Дала зонасындағы жауын- шашын мөлшері-220-310 мм

6. Дала зонасындағы салмағы 16 кг жететін құс-дуадақ

7. Жайық өзенінен Алтай тауларына дейін 2900 км созылып жатқан табиғат зонасы-шөлейт

8. Дала зонасының дәрілік өсімдіктері-жанаргүл,итмұрын,шайшөп,дәрілік валериан

10. Дала зонасының жануарлары-суыр,ақбөкен,қасқыр

11. Каспий теңізінен Тарбағатай тауына дейінгі зона-шөл зонасы

2. Адасқан жануарлар аялдамасы.

Мына жануарларды дұрыс зоналар бойынша орналастыр.

-Дуадақ;-дала з

-Құлан-дала

-Қар барысы-іле алатау

-Бірқазан-шөл

-Қарақұйрық-шөл

3.Топырақтар аялдамасы.

1 топ- орманды дала, 2 топ- дала, 3 топ -шөлейт пен шөл зонасы.Қазақстанның табиғат зоналарын кескін картасына топырақ түрлері мен қарашірік құрамын тауып дұрыс орналастыр.

Орманды дала-қара топырақ,9%, дала зонасы-қара-қызыл қоңыр 6%

І-топтық тапсырма: «Ойлан,тап!» табиғат зоналары туралы өлең, әңгімелерді дайындау. Бұл қандай зона ?

ІІ.Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы: Шөл және шөлейт зоналары

ІІ.Мағынаны тану аялдамасы. «Еркін талқылау» әдісі арқылы топтық жұмыстар

Жаңа тақырыпты өз бетімен игеру мақсатында оқушыларды 3 топқа бөліп, оқулық мәтіні беріледі.

1-топқа шөлейт зонасы.

2-топқа шөл зонасы.

3-топқа шөлдің түрлері.

Ортаға шығып талдайды.

ІІІ. Бекіту.

Бекіту тест сынағы.

1. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы:

А) мелиорация

В) құнарлығы

С) эрозия

Д) денудация

Е) кептіру

2. Топырақтың құнарлы қабаты нені деп атайды?

А) сазды қабатты

В) ауыспалы қабат

С) қарашірікті қабат

Д) құмды қабат

Е) құмдауытты қабат

3. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан орманды дала зонасының топырағы

А) сұр топырақ

В) қара топырақ

С) сортаң топырақ

Д) қоңыр- сұр топырақ

Е) сарғылт топырақ

4. Топырақ деп ... айтамыз.

А) жердің беткі, жұқа құнарлы қабатын

В) батпақты

С) құмды

Д) тыңайтқышты

Е) шаң - тозаңды

5.Қазақстанның дала зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері (мм) :
A) 300-450
B) 220-310
C) 100-250
D) 100-370
E) 150-310

6.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген шөл зонасының өсімдігі:
A) Жүзгін
B) Дермене жусаны
C) Құм қарағаны
D) Бұйырғын
E) Селеу

7.Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар:
A) Тасты шөл
B) Құмды шөл
C) Тақыр
D) Тоғай
E) Ну орман

8.Орманды дала зонасында өсетін ағаштар
А) Бал қарағай, шырша
В) Сексеуіл, жыңғыл
С) Қайың, көктерек
D) Шырша, қарағай
Е) Май қарағай, тобылғы

9.Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр
А) 26
В) 27
С) 28
D) 29
Е) 30

10.Шөлейт зонасының негізгі топырағы
А) Қара топырақ
В) Қызыл қоңыр
С) Қоңыр
D) Ашық қара қоңыр
Е) Қызғылт

Жауаптар:

1.с

4.а

5.в

6.в

7.д

8.с

9.в

10.д

ІҮ. «Қалың және жұқа сұрақтар». Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

Синквейн. Табиғат зонасы
1. Не? (Табиғат зонасы)
2. Қандай? (Әртүрлі, әдемі)
3. Не істейді?(ауысады, өзгереді, құбылады)
4. Сөйлем, сөз тіркесі (Қазақстанда 4 табиғат зонасы бар)
5. Синоним. (Географиялық кешен)

Ү. «Алма ағашы» ойыны.

ҮІ.Үйге тапсырма.

1.Міндетті деңгейлі тапсырма.

Кескін картаға шөл және шөлейт зоналарды белгіле

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

"Қазақстанның Қызыл кітабына"енген өсімдіктер мен жануарлар туралы хабарлама дайында.

ҮІІ. Бағалау бетшесін тексеру.

Бағалау парақтарын толтырып отыру.

Бағалау бетшесі:


Оқушының аты-жөні

Жеке жұмыс.


(Үй жұмысын тексеру)

Топтық жұмыс.

Тест

"Қалың және жұқа сұрақтар"

Жалпы ұпай



Мен сұрақтың жауабын таба алмадым, қиналдым - 1 бал
Мен сұрақтың жауабын білдім, бірақ жауап бермедім - 2 бал
Мен жауапты біліп, өз тобымда талқылауға араластым - 3 бал
Мен сұрақтың жауабын білдім, өзімнің білгенімді басқаға айттым - 5 бал
20 - 25 балл -«5»
15- 19 балл - «4»
14- 10 балл - «3»


© 2010-2022