Сабақ тақырыбы: Орал (8-сынып)

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 8сынып

Күні


Сабақтың тақырыбы

§44 Орал

Мақсаты

Мұғалжар тауы географиялық орнын анықтай отырып жер бедері ерекшелігі мен пайдалы қазбаларына тоқталу.

Күтілетін нәтижелер

1.Мұғалжар тауының географиялық орнын анықтай алады. Климаты мен су қоры туралы мағлұматты біледі.

2.Жер бедерінің ерекшелігі мен сарыарқаға ұқсас айырмашылығын көрсете алады.

3.пайдалы қазбаларының орналасуын жер қыртысының даму тарихымен байланыстыра алады

Керекті жабдықтар

Қазақстанның физикалық картасы, атлас, интерактивті тақта, фитчарт, оқыту әдістемесі, жұмыс дәптері.

Қолданылатын әдістер

Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын тексеру, жаңа тақырыпты меңгеруде жеке ойлану, жұпта бөлісу топта жинақтау, ұжымда ортаға шығару, жарнама жасау бекітуде жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтар қою.

Сабақ барысы


Сабақ кезендері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

8 мин




Сәлемтсіздерме балалар, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Сарыарқа туралы не білеміз?

Алдымен сабағымыздын бастамас бұрын топтарға бөлінейік.Топтарға осыған дейін өткен тақырыптар бойынша ретімен бөлініп отырамыз1топ- Тұран, 2топ-Солтүстік Қазақ жазығы, 3топ Сарыарқа, 4топ -Шығыс Еуропа жазығы. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру үшін әрбір топқа бір сұрақтан беріледі. 1.Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, жер бедері туралы айту 2.Сарыарқаның пайдалы қазбалары, табиғат зоналары туралы айту 3.Орталық Қазақстанның өзендерінің коректенуінің ерекшелігі қандай 4.Сарыарқа өлкесінің экологиялық ахуалы қандай? Әр топтан бір оқушыдан шығып, осы сұрақтар бойынша жарнама жасайды. Өткен тақырыптарды пысықтау үшін географиялық сергіту сәтін өткіземіз.

Географиялық сергіту сәті.Карта бойынша аталған географиялық обьектілерді көрсету және не екенін түсіндіру.Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап, қолпаштау.

Сәлемдесу, құралдарды түгендеу.

тандалған физикалық географиялық аудандастыру атына сәйкес топтарға орналасады.




Өткен материалды естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді.

Картадан Тұран,Солтүстік Қазақ жазығы, Сарыарқа,Шығыс Еуропа жазығы қарап көрсету

Тұсау-кесер 4мин

Бүгінгі күні біз сендермен тағы да бір Орал немеса Мұғалжар тауы мен танысамыз.

Ол үшін алдымен мына видеороликке назар аударайық.

Сонымен біздер қандай аудандастырумен танысамыз ?

Видеороликті қарап, қандай Мұғалжар тауы туралы екенін тындау.

Мұғалжар тауы.

Негізгі бөлім 20мин








6 мин

Тақырып бойынша бүгінгі сабақта не үйрену керекпіз деп ойлайсындар?

Біздің сабағымыздың мақсаты қандай?

Сабақ критерийлерін айтамын

Жаңа тақырыпты абзацтармен топтарға бөліп беремін. Топта танысып талдап 4 топтан бір оқушыдан шығып басқа сыныптастарына жарнама әдісі арқылы түсіндіреді.

Мұғалжар тауының географиялық орнын бірге анықтаңдар.Анықтау үшін топшамалардағы тапсырмаларды орындандар.

А деңгейіне.

1.Мұғалжардың жер бедерінің ерекше болуын анықтандар.(2ұ)

2.Мұғалжардың батыс және шығыс бөліктерінде ауылшаруашылығын игерудің қандай айырмашылықтары бар.(1)

В деңгейіне.

1.Мұғалжарда қандай пайдалы қазбалар бар.(3 ұ)

2.Мұғалжардың климтаы мен өзендері туралы не білесіңдер? (5ұ)

С деңгейіне.

1.Мұғалжар өңірінің табиғат зоналары және топырағы туралы не білесін.(7ұ)

2.Өсімдіктері мен жануарларын салыстырыныз.(6ұ)

3- ұпай-3 балл, 8-ұпай-4 балл, 12-13 ұпай-5 балл.Жауаптарын тындап, толық жауап берген оқушыларды қолпаштаймын.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Орал тауының оңтүстік бөлігіне қандай тау орналасқан,оның ұзындығы,орташа биіктігін атлас картасын пайдаланып табындар.

- Ең биік нүктелерін табындар.

- Мұғалжар жерінің геологиялық даму кезеңі қай уақыттан басталды?

-Қандай пайдалы қазбалар бар?

Климаты , жылдық жауын- шашынның орташа мөлшері қандай.

-Өзендердің қандай түрлері кең таралған,және немен қоректенеді.?

Дұрыс жауап айтқан оқушыларды атап, мадақтау.

Мұғалжартауының географиялық орнын анықтау,жерінің ауданы

-жер бедерінің құрылысымен танысу

- климаты мен су қоры мен танысу

- пайдалы қазбаларды табу

Топшамада берілген кенейтілген тапсырмаларды орындау.

Жауаптарын дәптерге жазу, критерийлерге қарап өзін- өзі, жұптардаөзара бағалау жүргізеді. Талдау, үздік жауапты таңдап анықтап қорғау.





Мұғалжар жерінің геологиялық дамуын анықтау.

Кен таралған пайдалы қазбаларын анықтау.

Жер бедерін,және кен таралған өзендерін анықтау.

Пайдалы қазбалар түрлерін шартты белгілерден қарап анықтайды.

Қорытынды 7 мин

Венн диаграмма арқылы Сарыарқа және Орал аудандастыруды салыстыру. Постер жасату.

Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.Топта талқылап, бір бірін толықтырады.Постер қорғау

Формативті бағалау.Үйге тапсырма беру Мұғалжар өңірі туралы мәлімет дайындау.Әр топ презентация,

рефлекция жазу.

Венн диаграмма арқылы са лыстыру.

Толтыру.Постер қорғау.

Үй тапсырмаларын жазып алу, мұғалім ескертулері мен ұсыныстарын тындау.

Сабақтың өзіндік талдауы


Сабақ бойынша өзгертулер







© 2010-2022