Внеклассный урок по геогафии на тему Жас географтар 7 класс

Тақырыбы: Жас географтарМақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын топты анықтау. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде практика жүзінде қолдана алуға үйрету. Сабақтың түрі : Сайыс сабақ Көрнекіліктері: Карта, тақырыптық презентация, дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар, т. б.Пәнаралық байланыс: әдеб...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін» Келісілді

Мектеп директоры Мектеп әдіскері

_______________Р.Ж. Андакулова ____________ Г..Б. Мукушева

«_____» ______ 2014-2015 оқу жылы «___» _______ 2014-2105 оқу ж





« Жас географтар»

кластан тыс жұмыс



Пән мұғалімі: Абдирзакова А.Ш

Класс: 7«А»,«Ә»,«Б» сыныптар



2014-2015 оқу жыл

Тақырыбы: Жас географтар

Мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын топты анықтау. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде практика жүзінде қолдана алуға үйрету.

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Көрнекіліктері: Карта, тақырыптық презентация, дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар, т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет пәні

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
IІ. Марапаттау.
IІІ. Қорытынды.

Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгін біздің «Жас географтар » атты ойын сайысын бастаймыз.
- Бүгінгі ойын сайысқа 7- сыныптар қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін, сыныптың намысын қорғауға 6 оқушыдан үш топ қатысады.

  1. топ : «Африка» 7 « Ә» класы

  2. топ: «Оңтүстік Америка» 7 «Б»

  3. топ: «Аустралия» 7 «А»

Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

Сайыс кезеңдері : Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру» (топ аты, ұраны, төсбелгісін таныстырады)
2. «Әліпбидегі әріпте!»
3. «Астаналар сайыста»
4. «Сен мені білесің бе?»
5. «Ойлан тап!»
6. Адасқан нысандар

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең.

Ал енді ойынымызды бастаймыз!

1-кезең: «Таныстыруға» кезек берейік.

1 - ші топты шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.).

Ортаға 2 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады).

Ортаға 3 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады).
2 - кезең:«Әліпбиді әріпте» бөлімінде Алфавиттің бірнеше әріптері беріледі. Әр топ 7 әріптен таңдап, сұрақтарына жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай;
А - Африканың солт-батысында орналасқан тау жүйесі Атлас тауы
Ә - Сахараның солтүстігінде 1933ж +58С тіркелген, бұл қай қала Әл-Азизия
Б - Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертетін жел; Бриз
В - Оңтүстік Американың климатын зерттеген зерттеуші А.И.Воейков
Г - Оңтүстік Американың табиғатын зерттеген ; А.Гумбольдт
Д -Таньганика көлін, Виктория сарқырамасын ашқан ғалым Давид Лигингстон
Е -Әлемнің жеті кереметі «Александрия шам-шырағы» орналасқан ел Египет

Ж -Африка мен Еуропаны бөліп тұрған ішкі теңіз Жерорта теңізі
З - Экваторды 2 рет қиып өтетін өзен Заир (Конго)

И -Парана өзенінде орналасқан сарқырама Игуасу
К - Африканың ең биік нүктесі Келиманджаро жанартауы 5895м

Қ - А.Веспучи екінші 1501жылы саяхатында Оңтүстік Америкада ашқан өзен қалай аталады? Қаңтар өзені

Л - Оңтүстік Американың оңтүстік -шығысында орналасқан жазық Ла-Плата жазығы
М - Африка жағалауындағы ең ірі арал Мадагаскар

Н - Дүниежүзіндегі ең ірі өзен Ніл өзені
О -Гвинея таулы үстіртінің солтүстігінде орналасқан өзен Ориноко
П - Титикака көлінің оңтүстігінде ыстыққа кеуір қалатын көл Поопо
С - Африкадағы ең үлкен түбек Сомали
Т -Анд тау жүйесіндегі ең үлкен көл Титикака

У -Африкада кеуіп қалған арналар қалай аталады Уәдтер

Ү- Оңтүстік Американың байырғы халқы- Үндістер
Ұ - Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі

Ұлы Шығыс Африка жарылыстары
Ф - 1519-22 жылдары аралығында осы ғалымдар басқарған испан экспедициясы тұнғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитын ашты? Фернан Магеллан

Х -Үндістанды ашамын деп Американы ашқан саяхатшы Христофор Колумб

Ч -Африкадағы қалдық көл Чад
Э - Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша жүргізілген шеңбер; (экватор)
Ю -ХХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы Ніл өзені бойымен шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап материктің осы бөлігі туралы құнды мәлімет жинақтаған ғалым В.В. Юнкер

3-кезең:«Астаналар сайыста»

1-топ:

  1. Аустралия -Конберра

  2. Мавритания-Нуакшот

  3. Алжир- Алжир

  4. Намибия-Виндхук

  5. Ангола- Луанда

  6. Буркино-Фасо-Уагадугу

  7. Мозамбик- Мапуту

  8. Судан- Хартум

  9. Мали-Бамако

  10. Нигер-Ниамей

2-топ

  1. Нигерия- Абуджа

  2. Египет-Каир

  3. Эфиопия-Аддис-Абеба

  4. Кения- Найроби

  5. Эритрия- Асмэра

  6. Марокко- Рабат

  7. Чад-Нджамена

  8. Зимбабве- Хараре

  9. Ливия- Триполи

  10. Тунис- Тунис

3-топ:

  1. ОАР- Претория

  2. Намибия- Виндхук

  3. Ботсвана-Габороне

  4. Конго-Браззавиль

  5. Танзания- Додома

  6. Мали- Бамако

  7. Сенегал- Дакар

  8. Орталық Африка Республикасы- Банги

  9. Конго Демократиялық Республикасы- Киншаса

  10. Габон-Либревиль



4-кезең: «Сен мені білесің бе? Танымдық сұрақтар беріледі. Экранға назар аударыңыздар

1-топ:

Внеклассный урок по геогафии на тему Жас географтар 7 класс

  • 1.Орамалды әйел - ана бейнесінде қандай материк бейнеленген?

2-топ:

Внеклассный урок по геогафии на тему Жас географтар 7 класс

  • 2.Көңіл - күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

3-топ:

Внеклассный урок по геогафии на тему Жас географтар 7 класс

  • 3.Әйгілі орыс жасушысы А.С.Пушкиннің бейнесіндегі ел?


5-кезең: «Ойлан тап!» Географиялық жұмабақтар. Жұмбақ 3 топқа бөлек-бөлек беріледі. Егер жұмбақ жасырылған топ білмей қалса, 2-топ жұмбақтың шешімін тапсаңыздар қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды.

1-топ:

1. Ол бар жерде бар ма, жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа).

2. Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің (жел)

3.Орақ болып туады,

Табақ болып тынады. (Ай)

4.Тұрғанымен жырақ көзі

Таусылмайтын шырақ көзі ( Күн)

5.Терезеден есіледі,

Қараңғыны көшіреді (Сәуле)

2-топ:

1.Ұйықтайды ұл түнде, күндіз қызы

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)

2.Сарайдың сансыз шырағы

Нұр шашып самсап тұрады (Жұлдыз)

3.Түсі бар көрінбейтін

Біртұтас бөлінбейтін

Тынысы бар тіршіліктің

Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)

4. Зу-зу етеді,

Түртіп кетеді. (Жел)

5. Еркелеп жатамын,

Қаңтарда қатамын ( Көл)

3-топ:

1. Бірде селдір жабағы

Бірде- теңбіл жабағы. (Бұлт)

2. Мен ылғи да, таң қаламын көремін де,

Төрт емес бір маусым барол өңірде. (Экватор )

3. Аппақ қудай басы бар,

Сан ғасырлық жасы бар . (Тау)

4. Үйге кірдің қара жер,

Назарыңды сала көр

Шыр үйіріліп, үңіліп,

Іздегеніңді таба бер (Глобус)

5. Дәмі де жоқ,

Түсіде жоқ, ол не? (Су)

6-кезең: «Адасқан әріптер» Әр топтың оқушылары адасқан әріптерден сөздер шығару керек.

1-топ: «Африка материгі»

И-К-Т-В-Р-Я-О-И- Виктория көл немесе сарқырама

А-Л-К-Х-Р-А-И-А- Калахари шөлі

Б-А-М-И-Н- Намиб шөлі

Г-А-Р-Г-А-Х-А- Ахаггар таулы қыраты

Ц-У-С-Э- Суэц каналы

2-топ «Оңтүстік Америка материгі»

М -З-Н-А-К-А-О-А - Амазонка өзені

Ч-А-Г-А-Н-Д-Р-К-О - Гранд-Чако жазығы

З-Б-Р-Н-И-Я-И-А- Бразилия таулы үстірті

В-Г-И-Н-А-А- Гвиана таулы үстірті

А-Н-А-Р-П-А- Парана өзені

3 - топ: «Аустралия материгі»

Р-Э-Й- Эйр көлі

С-Ц-О-Ш-К-О-Ю-К- Косцюшко тауы

С-М-Т-А-Н-А- Тасман аралы

Р-М-Р-У-Й-Е- Муррей өзені

Б-О-Р-И-А-Е-Н-Г- Абориген ең алғашқы халқы

Қорытынды:

Жарыс заңы әуелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау.

Әділ-қазы алқасына сөз беріледі:

Марапаттау.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен 7 кластар арасында ұйымдастырылып өткізілген «Жас географтар» атты кластан тыс іс-шарамыз аяқталды.



1-топ: «Африка материгі»

И-К-Т-В-Р-Я-О-И-

А-Л-К-Х-Р-А-И-А-

Б-А-М-И-Н-

Г-А-Р-Г-А-Х-А-

Ц-У-С-Э-






2-топ «Оңтүстік Америка»

М -З-Н-А-К-А-О-А -

Ч-А-Г-А-Н-Д-Р-К-О -

З-Б-Р-Н-И-Я-И-А-

В-Г-И-Н-А-А-

А-Н-А-Р-П-А-


3 - топ: «Аустралия»

Р-Э-Й-

С-Ц-О-Ш-К-О-Ю-К-

С-М-Т-А-Н-А-

Р-М-Р-У-Й-Е-

Б-О-Р-И-А-Е-Н-Г-




кезең сұрақтары Сұрақ - жауап
1. Ең үлкен дүние бөлігі - Азия
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау шыңы - Джомолунгма
3. Еуразиядағы жылдық жауын - шашын көп түсетін аудан - Черапунджи
4. Хуанхэ қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді?- сары өзен
5. Еуропейдтердің үндістермен некелесуі нәтижесінде тараған ұрпақтар - метистер

6. Негройдтердің үндістермен некелесуі нәтижесінде тараған ұрпақтар - самбо
7. Еуропалықтар мен негройдтардың некелесуі нәтижесінде тараған ұрпақтар - мулаттар
8. Қай мемлекеттің туында үйеңкі жапырағы бейнеленген.- Канада
9. Жер шарындағы ең ылғалды материк - Оңтүстік Америка
10. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен сарқырама - Анхель

11. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі - Аконкагуа
12. Ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған орыс ботанигі - Н. Вавилов
13. Ежелгі инктер қандай тауды мысты таулар деп атаған?- Анды
14. Анды тауындағы ірі көл - Титикака
15. Әлемдегі ең кішкентай құс - Колибри

16. О. А. ең суы мол өзені - Амазонка
17. Әлемдегі ең үлкен жылан - Анаконда
18. Сүрегі берік, испан тілінде, «балта сынар» деген ағаш - кебрачо
19. Анды тауының ең үлкен құсы - кондор
20. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет - Бразилия

21. Африканың ең биік нүктесі - Килиманджаро
22. Әлемдегі ең үлкен шөл - Сахара
23. Африканың ең ірі көлі - Виктория
24. Танганика көлін, Виктория сарқырамасын ашқан ғалым - Давид Ливингстон
25. Африкадағы ең ұзын өзен - Ніл

26. Африканың ең терең көлі - Танганика
27. Оңтүстік Африкадағы ең ірі сарқырама - Тугела
28. Титикака көлінің оңтүстігіндегі ыстықта кеуіп қалатын тұзды көл - Поопо
29. Солтүстік Америкадағы Кордильера тауының Оңтүстік Америкадағы жалғасы қалай
қандай тау - Анд
30. Африкадағы ең үлкен түбек - Сомали

І. Топтардың сәлемдесуі.
Екі топ өздерінің тобының атын, ұранымен таныстырады.
ІІ. « Ең, ең, ең...» ойыны.
/6 сыныпқа./
1. Дүниежүзіндегі ең биік тау /Гималай/
2. Дүниежүзіндегі ең үлкен арал /Гренландия/
3. Дүниежүзіндегі ең кішкентай материк /Австралия/
4. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама /Анхиль/
5. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл /Сахара/
6. Дүниежүзіндегі ең терең шұңғыма /Мариан/
7. Дүниежүзіндегі ең ең суық материк /Антарктида/
8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек /Арабия/.
9. Дүниежүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық мұхиты/
10. Дүниежүзіндегі ең үлкен мемлекет /Ресей/

/5 сыныпқа/
1. Дүниежүзіндегі ең үлкен материк /Еуразия/
2. Дүниежүзіндегі ең кіші мұхит /Солтүстік мұзды мұхиты/
3. Дүниежүзіндегі ең ыстық материк /Африка/
4. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен /Ніл/
5. Дүниежүзіндегі ең терең көл /Байкал/
6. Дүниежүзіндегі ең биік шың /Джомалунгмо, 8848м/
7. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен /Амазонка/
8. Дүниежүзіндегі ең ылғалды материк /Оңтүстік Америка/
9. Дүниежүзіндегі ең халқы көп мемлекет /Қытай/
10. Дүниежүзіндегі ең суыққа төзімді құс /Пенгвин

ІІІ. Әдеби конкурс.
Бұл бөлім екі турдан тұрады.
1. 1 - тур. «Мен жазамын...» әңгіме құрастыру турында топ географиялық объектілерді қатыстыра отырып, әңгіме құрастыруы керек. Құрастырылған әңгіменің мазмұны мен географиялық объектілерді көп пайдалануына байланысты бағаланады.
«Қазақстанды қалай көркейтеміз?» тақырыбында әңгіме құрастырады.

3 - кезең. «Әліпбиді әріпте» бөлімінде Алфавиттің бірнеше әріптері беріледі. Әр топ 7 әріптен таңдап, сұрақтарына жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай;
А - Бесінші мұхит деп аталатын қабық; (Атмосфера)
Ә - Бұл мемлекеттің астанасы - Баку қаласы; (Әзірбайжан)
Б - Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертетін жел; (Бриз)
В - Сирек кездесетін түсті металл; (вольфрам)
Г - Атырау қаласының бұрынғы атауы; (Гурьев)
Д - Палеозой эрасының дәуірі; (девон)
Е - Жетісу Алатауының оңтүстік - шығысында Қытайды орналасқан Ебінұр көлі қазаншұңқырында соғатын жел; (Ебі)
Ж - Каспийге құятын негізгі өзен; (Жайық)
З - Жеті жұттың бірі; (Зілзала)
И - Жанартаулар елі; (Исландия)
К - Ауа - райының бір жерге тән көпжылдық орташа жай - күйі; (климат)
Қ - Қазақстандағы көлемі жөнінен ең үлкен облыс; (Қарағанды)
Л - Бастапқы меридиан кесіп өтетін қала (Лондон)
М - Жезқазғанда мол қоры бар пайдалы қазба; (мыс)
Н - Атом бомбасы тасталған Жапония қаласы? (Нагасаки)
О - Мұнайды сыртқа экспорттайтын елдерді біріктіретін ұйым; (ОПЕК)
Ө - Қазақстанның экологиясы жағынан ең лас қаласы; (Өскемен)
П - Ежелгі біртұтас материк; (Пангея)
Р - Қазақстанның ең үлкен шекарасы қай елмен? (Ресей)
С - Ғаламшардың бірі (Сатурн)
Т - Тынық мұхиттың Оңтүстік - Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл; (Тайфун)
У - Қазақ арасынан шыққан география саласындағы саяхатшы әрі географ; (Ш. Уалиханов)
Ү - Теңіз деңгейінен биіктігі 200м-ге жуық биіктік үстіндегі жазық қалай аталады? (үстірт)
Ұ - АҚШ пен Канада шекарасында не орналасқан? (Ұлы көлдер)
Ф - Қазақстан әлемде бұл пайдалы қазбаның қоры жөнінен АҚШ - тан кейінгі 2 - орында (фосфорит)
Х - Вьетнам астанасы; (Ханой)
Ц - «құрылыс наны» аталатын құрылыс материалы; (цемент)
Ч - АҚШ - тың ірі қаласы? (Чикаго)
Ш - климаты өте құрғақ, өсімдігі әрі жұтаң, әрі сирек аумақтар; (шөл)
Э - Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша жүргізілген шеңбер; (экватор)
Ю - БҰҰ - ның арнаулы маманданған мекемесі (ЮНЕСКО)
Я - Оңтүстік - шығыс Азиядағы кішкентай арал; (Ява)

© 2010-2022