Поурочные планы по географии казакша

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып (А;Б )

Сабақ №1

Күні:

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орны мен шекаралары.

Мақсаттары:

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Павлодар облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.

Дамытушылық: Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез-келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, репродуктивті

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)

7-сынып материалын еске алу. «Физикалық география» ұғымын анықтау. Қазақстанның физикалық географиясы курсымен таныстыру.

1. Қазақстанның тәуелсіздігін анықтайтын негізгі даталармен таныстыру.

2. Қазақстанмен шектесетін елдерді дүние жүзінің саяси картасына қарап анықтау.

3. География курсының негізгі құрылымымен таныстыру.

4. Физикалық география пәнінің және Қазақстанның физикалық географиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

5. Оқулықтың құрылымымен таныстыру.

6. Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау.

7-сынып курсын еске түсіреді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту (10 мин)

Кескін картаға Қазақстанның Еуразиядағы орнын салу. Көршілес мемлекеттерін көрсету. Оларды атау.

Картамен және кескін картамен жұмыс жасау, түсінбеген жерлерін мұғалімнен сұрау.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтарды қою:

  • Еліміздің егемендігін қандай белгілері көрсетеді?

  • Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?

  • Қазақстанның және Павлодар облысының географиялық орнының ерекшелігі неде?

  • ТМД қай жылдары құрылды?

  • Қай жылы Астана Алматыдан көшірілді.

  • Неше ұлт өкілдері мекен етеді?

  • Экспорт және импорт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин)

§ 1-2 оқу, мазмұндау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.




8-сынып (А;Б )

Сабақ №2

Күні:

Тақырыбы: І- бөлім. Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер.

Мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, уақыт айырмасы, сағаттық белдеулерге тоқталып, көршілес жатқан мемлекеттерді тану туралы білім беру.

Дамытушылық: Балаларды оқулықпен, картамен, кескін картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, сұрақ- жауап.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Үй жұмысын тексеру кезеңі (15 мин)

Үй жұмысын тексеру мақсатында төмендегі сұрақатрды қою:

  • ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін алды?

  • Егемендік туралы Деклорация қай жылы қабылданды?

  • Қай жылы Қазақстан ТМД құрамына кірді?

  • БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?

  • Ата Заң қай жылы шықты?

  • Заң шығарушы қызметін кімдер атқарады?

  • Неше обл, қала, аудан, кенттер бар?

  • Қанша ұлт өкілдері тұрады?

  • Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді?

  • Неше елмен сыртқы сауда байланыстары бар? Оның ішінде экспорт пен импорт көлемдерін атап шық?

  • Қазақстанның физикалық географиясы ені оқытады?

  • Павлодар облысының географиялық орны мен орналасу ерекшелігі неде?

Мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдап, жауап беру.

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)

ҚР жер көлемі, оның алатын орны, д.ж. саяси картасында алатын орны мен орналасуындағы ерекшелігі туралы айту. Халық тығыздығы дегеніміз не? Қазақстанның халық тығыздығы 1км2 5,4 адамнан келеді.

Қазақстан қандай мемлекеттерімен шектеседі?

Ресей- 6467 км; ҚХР- 1460 км; Түркменстан- 380 км; Өзбекстан- 2300км; Қырғызстан- 980 км.

Д.ж. сағаттық белдеулер туралы айтып. Қазақстанда кездесетін сағаттық белдеулерді, олардың түрлерімен таныстыру.

СПоурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакшаағаттық уақыт белдеулері



белдеулік декреттік жергілікті жазғы уақыт

1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен қабылданған уақыт.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту

(10 мин)

Кескін картаға д.ж. сағаттық уақыттын және оның айырмашылықтарын салу.

Карталармен жұмыс жасайды.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Қорытындылай келе төмендегі сұрақтарды қою:

  1. ҚР аумағының көлемі?

  2. Картадан шектесетін мемлекеттерді көрсетіп, оларды ата?

  3. Халық тығызыды дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?

  4. Сағаттық уақыт дегеніміз не?

  5. Жер шарында неше сағаттық уақыт белдеулері бөлінген?

  6. Қазақстан қандай уақыт белдеуінде жатыр?

  7. Декреттік уақыт дегеніміз не?

  8. Жазғы уақыт дегеніміз не?

  9. Жергілікті уақыт дегеніміз не?

  10. Белдуелік уақыт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(2 мин)

§ 3-4 оқу, кескін картаға ҚР шекарасын, шектесетін мемлекеттерді, облыс орталықтарын бөліп, көрсету.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

8-сынып (А;Б )

Сабақ №3

Күні:

Тақырыбы: Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы.

Мақсаттары:

Білімділік: Қазақстан аумағының географиялық тұрғыдан зерттелуінің себептерін айқындау, мақсатын ұғыну, қазақ жері туралы ерте кездегі мағлұматтармен таныстыру. Ұлы Жібек жолының тарихи, географиялық, экономикалық маңызын анықтауға бағыттау, Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалар туралы білім беру.

Дамытушылық: Қазақстанның ерте кездегі зерттелу тарихына қосымша материалдарды беру арқылы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, репродуктивті.

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (10 мин)

Үй жұмысын тексеруге арналған жабық тест тапсырмалары:

  • Қазақстанның географиялық орнын сипатта.

  • Сағаттық белдеулер дегеніміз не?

  • Декреттік, жергілікті уақыт дегеніміз не?

  • Уақыт айрмасы қалай анықталады?

  • Гринвич меридианы туралы не білесің?

  • Шеткі нүктелерін жаз.

Оқушылар бір парақ қағаз алып, тест сұрақтарына жауап береді.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі (10 мин)

Қазақстан территориясын зерттеген саяхатшылар, зерттеушілер, географ ғалымдары олардың ашқан жерлері, жүрген жолдары, істелген жұмыстары туралы айтып, еңбектерімен таныстыру.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (15 мин)

Төмендегі кестені толтыру:

Герадот

Страбон

Птоломей

Б.з.б. VI ғасырда «жер пішіні» картасын жасап, Каспий теңізін зерттеді.

Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолының пайда болуы

Бағыттары

Қалалары

Ескерткіштері

Маңызы


Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин)

Оқушылар бір- бірлеріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды. Картамен жұмыс істейді.

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

7. Бағалау кезеңі (2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

(2 мин)

§ 5-6 оқу, кескін картаға ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтетін жолдары мен қалаларын салу.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.







8-сынып (А;Б )

Сабақ №4

Күні:

Тақырыбы: «0»- дік бақылау жұмысы

Мақсаттары:

Білімділік: 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз ойларын еркін жеткізе алуға дамыту.

Тәрбиелік: картамен жұмыс істеуге, адамгершілік пен жеке жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: қайталау, бекіту.

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Білім мен икемділіктерді бекіту кезеңі:

І- нұсқа

  1. Ұлы географиялық ашылулар.

  2. Африка климатын қалыптастырушы факторлар.

  3. Аустралияның өзендері мен көлдері.

  4. Тынық мұхиттың зерттелуі.

ІІ- нұсқа

  1. Жаңа заман ашылулары.

  2. Антарктида материгін сипатта.

  3. Аустралияның климаты.

  4. Африкада қандай халықтар мекен етеді?

  1. Қорытындылау кезеңі: оқушылардың жұмыстарын жинап алу.









8-сынып (А;Б )

Сабақ №5

Күні:

Тақырыбы: Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

Мақсаттары:

Білімділік: Қазақстан жерінің орта ғасырда зерттелуінің сипаты, ерекшеліктері, мақсаты, зерттеуші ғалымдар, зерттелмеген географиялық нысандар туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Орта ғасырдағы және қазіргі географиялық карталарды салыстыру, қорытынды жасау.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әртүрлі дәуірдегі карталары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

1) Ерте кезде Қазақстанның жерін қандай ғалымдар зерттеген?

2) Олар қай жерлерді сипаттаған?

3) Ұлы Жібек жолының неше бағыты бар?

4)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтары арқылы өтеді?

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1) Орта ғасырлардағы зерттеулердің жүргізілу себептеріне және оған үлес қосқан зерттеушілерт туралы шолу

2) Әбу Наср әл-Фараби зерттеулері мен еңбектері

3) Махмуд Қашқаридің зерттеулері мен еңбектері

4) Қытай саяхатшыларының зерттеу жұмыстары

5) ХІІІ ғасырдағы еуропалық саяхатшылар мен елшілердің зерттеулеріне тоқталу.

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Орта ғасырдағы зерттеушілердің жүрген жолдарын кескін картаға түсіру.

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан?

2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері

3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері

4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар?

5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабақтағы белсенділігіне және картамен жұмыс істей білуіне қарай бағаланады.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

6 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне орта ғасырлардағы географиялық деректерді енгізу

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

Сабақ №5

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу


Мақсаттары:

Білімділік. Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.

Дамытушылық. ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеулерді карта бойынша сипаттау, қорытынды жасау.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: физикалық картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2) Әбу Наср әл-Фарабидің негізгі еңбектері; 3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері; 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?

«Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесін тексеру

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағында болған тарихи оқиғаларды еске түсіру. Осы оқиғаларға орай қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан зерттеушілермен таныстыру.

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.

1) Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. әскери экспедициялар; 4) Семенов Тянь-Шанскийдің, Н.А.Северцовтың, И.В. Мушкетовтың, А.Н. Красновтың, Л.С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып, талдау.

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Кескін картаға зерттеушілердің жүрген жолдарын түсіру.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П.П. Семеновқа Тянь-Шанский атауы не үшін берілген.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды

7. Бағалау кезеңі

Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

7 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне ХVІ-ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу деректерді енгізу

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.










Сабақ №6

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақтың ғұлама ға-лымы Ш.Ш.Уалиханов. Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі. Павлодар облысының зерттелу тарихынан


Мақсаттары:

Білімділік. Демография, этнография ұғымдарына түсінік беру, халықтың табиғи қозғалысы, көші-қоны туралы көзқарастарын қалыптастыру. Халықтың құрамы, еңбек нарығы және халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, өз туған өлкесінің зерттелу тарихы жайында, Қ.И.Сатпаевтың, Ш.Уалихановтың, С.П.Палластың Павлодар облысын зерттеуге қосқан үлесі туралы білім беру.

Дамытушылық. Қазақстанның географиялық орнын және табиғи ресурстық әлеуетін карта бойынша сипаттау арқылы және өз туған өлкемізді зерттеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері мен зерттеу жұмыстарын қарастыра отырып, Қазақстанның зерттелу тарихы, Павлодар облысы туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1) 16-19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? Қадырғали Қосынұлы мен С.Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. қай жылдары әскери экспедициялар жасалды?

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

3.Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Қандай қазақ зерттеушілерін білесіңдер? Ш.Ш. Уалиханов кім? Қ.И. Стапаев кім? Олардың қандай еңбектері бар?

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Ш.Уалихановтың қазақ жерін зерттеуге қосқан үлесін, оның сапарлары мен негізгі зерттеу жұмыстарын қарастыру. Неліктен Ш.Уалихановқа жеке тақырып берілгендігін анықтау. Жаңа дәуірде қазақ жерінің зерттелу деңгейі қандай екенін, бұл зерттеулерге үлес қосқан география мамандарын білу. Қ.И. Стапаевтың жасаған еңбектері мен оның КСРО ҒА-на қандай қатысы бар екенін анықтау.

1. І Петрдің тұсында болған экспедициялар

2. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей империясына кіруінен кейінгі зерттеулер

3. Сібір мен Қазақстанды зерттеудің екінші кезеңі кезіндегі зерттеулер

4. ХІХ ғ. Ертіс өңірі мен Баянауылдың зерттелуі

5. 1875 ж. Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімін құрғаннан кейін жүргізілген зерттеулер

Сұрақтар ойластырып, оларға жауап беруге тырысады.

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Ш.Уалихановтың сапарлары мен Қ.И. Стапаевтың зерттеген жерлерін кескін картаға түсіру. Павлодар облысының кескін картасына саяхатшылар мен зерттеушілердің жүрген жолдарын салу.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Ш.Ш. Уалиханов және Қ.И. Стапаев кім? Олардың қандай еңбектері бар? Олардың зерттеу жұмыстарының маңызы неде?

Павлодар облысының зерттелу тарихына қандай ,алымдар мен зерттеушілер өз үлесін қосқан? Қай кезеңде өлкеміздегі зерттеулер қарқынды жүрді?

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды

7. Бағалау кезеңі

Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

8-9 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне Ш.Ш. Уалиханов және Қ.И. Стапаевтың зертте жұмыстары туралы деректерді енгізу. П.П.Семенов-Тянь-Шаньскийдің қазақ жерін зерттеуі туралы баяндама жазып келу.

«Павлодар облысының зерттелу тарихынан» атты тақырыпты қайталау.

Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім берген кестелерді толтырады. Түсінбеген жерлерін сұрайды.



Сабақ №7

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: №2 сарамандық жұмыс.



Мақсаттары:

Білімділік. Дөңгелек картаның мәнісін түсіну.

Дамытушылық. Зерттеулердің бағытын картаға түсіруге дағдыландыру

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.

Мұғаліммен амандасу. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

1. Дөңгелек картаны сызып, сипаттама жазу.

2. Кескін картаға П.П.Семеновтың Тянь-Шаньға саяхаты мен Ш.Ш. Уалиханов зерттеулерінің бағытын түсіру.

3. Сабақты қорытындылау

Қазақстанның зерттелу тарихы бойынша жалпы қорытыныды жасайды.







Сабақ №8

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Бастапқы бақылау жұмысы



Мақсаттары:

Білімділік. 7 сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау.

Дамытушылық. оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: қайталау

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық әдіс

Құрал-жабдықтар: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.

Мұғаліммен амандасу. Сарамандық жқмыс тақырыбымен таныстыру. Мақсат-міндеттерін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

І нұсқа

1 тапсырма. Жер бедері дегеніміз не? Жер бедерінің қозғалыстары

2 тапсырма. Климат белдеулерін ата. Климат қалыптастырушы факторларды анықта.

3 тапсырма. Еуразия материгіне төмендегідей сипаттама бер:

1. Географиялық орны

2. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

3. Жер бедерінің түрлері, пайдалы қазбалары

4. Климаттық белдеулері

5. Ішкі сулары

ІІ нұсқа

1 тапсырма. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не? Дүниежүзілік мұхит су бөліктерін ата.

2 тапсырма. Табиғат кешені дегеніміз не? Географиялық қабыққа анықтама бер. Табиғат кешендерінің құрамдас бөліктері.

3 тапсырма. Солтүстік Америка материгіне төмендегідей сипаттама бер:

1. Географиялық орны, оның ерекшелігі

2. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

3. Жер бедерінің түрлері, пайдалы қазбалары

4. Климаттық белдеулері

5. Ішкі сулары

3. Сабақты қорытындылау

Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Оқушыларды үзіліске жібереді.
























Сабақ №9

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. Павлодар облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері


Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан және Павлодар облысының жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін және ең биік және ең төмен нүктелерін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстан және Павлодар облысы жер бедерін Қазақстанның физикалық картасы бойынша сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа ма-териалға көшу кезеңі

1. Қазақстанның зерттелу тарихы тақырыбынан қандай номенклатура объектілері естеріңде бар?

2. Олар қайда орналасқан?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

І.1. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстан жерін алып жатқан құрылымдарды атаңдар.

2. Қандай жер бедері түрлері аталды?

3. Қазақстан жер бедерінде қандай заңдылық байқалады?

4. Қазасқтан аумағынын алып жатқан басым жер бедері түрлері. Қанша пайызын биік таулар алып жатыр?

5. Ең биік және ең төмен нүктелерін анықтау.

ІІ. 1. Павлодар облысының географиялық орны

2. Географиялық орнына байланысты жер бедері түрлерін анықтау.

3. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктері

4. Ең биік шыңы

5. Жазықтарының орташа биіктігін анықтау.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Қазақстанның физиклық картасына қарап кескін картаға Қазақстанның жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін белгілеу.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Қазақстанның жер бедерінің сипаты қандай?

2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелері

3. Павлодар облысының жер бедері мен Қазақстанның жер бедерінің ұқсастықтары бар ма?

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

10 параграфтың сұрақтарына жауап беру.












Сабақ №10

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте


Мақсаттары:

Білімділік. Жердің даму кезеңдері, тау жыныстарының жасын анықтау туралы білім беру. Геохронологиялық кесетемен таныстыру.

Дамытушылық. Қазақстанның геолоогиялық каратасы бойынша талдау жасау арқылы картамен жұмыс жасау икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы

Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Ұлытау, Көкшетау және Мұғалжар таулары, Үстірт, Торғай, Жем үстірті, Зайсан қазаншұңқырлары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1. Қазақстанның жер бедерінің сипаты қандай?

2. Қазақстанның ең биік және ең төмен нүктелері

3. Павлодар облысының жер бедері мен Қазақстанның жер бедерінің ұқсастықтары бар ма?

3.Жаңа материалға көшу кезеңі

1. Жер планетасы қашан пайда болды?

2. Жер бетіндегі тіршілік қашан пайда болды?

3. Жердің қазіргі бейнесі қандай процестер мен құбылыстардың жүруі нітижесінде қалыптасты?

4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1. Жердің ғаламшарлық және геологиялық даму кезеңдері

2. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтау.

3. Геохронологиялық кесте

5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Қазақстанның геологиялық картасы бойынша Қазақстанның геологиялық құрылысына сипаттама беру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Жердің қандай даму кезеңдері бар?

2. Геохронологиялық кесте қай жылы Дүниеүзілік конгресте бекітілді?

3. Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жасын анықтаудың айырмашылықтары

7. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

11 параграфтың сұрақтарына жауап беру. Геохронолиялық кестені жаттау.









Сабақ №11

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы.

Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы.


Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы және геологиялық даму барысында республика аумағының табиғат жағдайларының бірнеше рет өзгергені жайлы түсініктер беру. «Тектоника» ғылымы туралы ұғымды қалыптастыру. Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру. Тау жыныстарының жасын анықтаудағы палеонтологиялық зерттеу тәсілі. Геологиялық карта туралы білім (мазмұны, практикалық мәні) және «тау жыныстарының жүйесі» ұғымын қалыптастыру. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстанның тектоникалық, геологиялық картасын физикалық картасымен салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық және тектоникалық картасы, геохронологиялық жержылнамалық кесте.

Негізгі ұғымдар: Геосинклиналдар, платформалар, жер бедерінің геологиялық дамуы, тектоника, тектоникалық құрылымды аймақтар.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Ұлытау, Көкшетау және Мұғалжар таулары, Үстірт, Торғай, Жем үстірті, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1. Ғалымдар жер қыртысының даму тарихын ұандай кезеңдерге бөледі?

2. Жердің жасын және геологиялық даму тарихын анықтау үшін қандай есептеу әдістері қолданылады?

3. Геохронологиялық жержылнамалық кесте қай жылы және қандай мақсатта жасалынған.

4. Кестені пайдалана отырып, әрбір эраның қанша және қандай дәуірлерге бөлінгендігін айтып беріңдер.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Тау түзілісі кезеңдері (қатпарлықтар)

Эралар мен дәуірлер

Негізгі геологиялық оқиғалар. Жер бедері кескіні

1. Байкал тау түзілісі

Архей, протерозой эрасы және палеозой эрасының кембрий дәуірлерін қамтиды.

Республика аумағын тұтастай теңіз суы басып жатты. Геосинклиналды аймақ болды. Шығыс Еуропа (Орыс) платформасы пайда болды.

Тау жыныстарының жердің даму эраларына қарай бөлінуі

Тау жыныстарының түрлері мен таралу аймақтары

1. Палеозойға дейінгі жыныстар

Кристалды тақтатастар мен гнейстердің жер бетіне шығып жатқан жерлері Солт. Т-Ш. жоталарында, Мұғалжарда және Сарыарқадағы Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту

Кестеде аталған аймақтарды картаға түсіру, яғни Қазақстанның тектоникалық картасының моделін жасау, тау жыныстарының таралуын түсіру.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Тектоника ғылымы нені зерттейді?

2. Қазақстанның аумағы қандай геотектоникалық ацмақтарға бөлінеді?

1. Қазақстан аумағында қандай эралардың жыныстары тараған?

2. Географияның тау жыныстарын зерттейтін қандай салалары бар?

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма беру

Кестелер мен кескін картаны аяқтау.

Сабақ №12

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Павлодар облысының геологиялық құрылысы мен даму тарихы. Қазақстан жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы


Мақсаттары:

Білімділік. Павлодар облысы аумағының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтау. Қазақстан аумағы жер бедерінің ішкі және сыртқы күштердің әсерінен дамуы мен қалыптасуын түсіндіру. Сыртқы және ішкі күштердің әсерінен дамуы мен қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, геохронологиялық кесте, тектоникалық және геологиялық карталар

Негізгі ұғымдар: тау жыныстарының жүйесі.

Номенклатура: Батыс Сіюір плитасы, Қазақстың қатпарлығы, Ертіс, Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

1. Петрография, минералогия, тарихи геология, палеонтология, ғылымдары нені зерттейді?

2. Павлодар облысы аумағының екі бөліктен: Батыс Сібір плитасы мен Қазақтың қатпарлы облысынан тұратынын сипаттап айтады.

3. Павлодар облысы аумағының геологиялық даму тарихы мен органикалық дүниесін сипаттайды.

4. Тектоника және сейсмология ғылымдары нені зерттейді? Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не деген сұрақтарға тоқталады.

5. MSK-64, MMSK-84 шкалаларын түсіндіреді.

6. Жалпы жер бетіндегі болған кейбір ірі жер сілкінулері мен Қазақстан жерінде болған жер сілкіністеріне тоқталады.

7. Қазақстанның жер бедерінің қалыптасуына сәер еткен күштерге тоқталып, жер бедері пішіндерін мысалға келтіреді.

3. Жаңа тақырыпты бекіту.

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде келесі тапсырмаларды береді:

1. Оқулықтың 58-бетіндегі «Сейсмикалық аудандастыру» суретіне қарап, Қазақстанның сейсмикалық аудандарына талдау жасау. Ең күшті сейсмикалық аудандарды анықтау, оның балдық күші қандай?

Бекіту сұрақтары:

1. MSK-64, MMSK-84 шкалалары нені білдіреді?

2. Жер бедерінің өзгеруіне әкелетін сыртқы және ішкі күштерге мысал келтіріңдер.

3. Олардың әсерінен қандай жер бедері пішіндері пайда болады?

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Павлодар облысы аумағы геологиялық жамуына қарай қандай бөліктерге бөлінеді?

2. Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не? Сейсмология ғылымы нені зерттейді?

5. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

Тақырыптар соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар әзірлеу. «Аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстары» атты рефераттар дайындау. Кескін картаны аяқтау.





















Пәні: География

Күні: 20.10.15

Сынып: 8 А

Тақырыбы: Қазақстан жазықтары, үстірттері және қыраттары

Мақсаттары:

Білімділік. Қазіргі республика аумағы жер бедері пішіндерінің пайда болуы ұзақ уақыт геологиялық даму нәтижесі екендігі туралы білімдерін жүйелеу. Жер бедері ірі пішіндерінің бірі жазықтар, олардың Қазақстан аумағында орналасуы туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның физикалық картасы мен тектоникалық картасын пайдалана отырып, жер бедеріне сипаттама беру іскерліктерін қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық картасы

Негізгі ұғымдар: жазықтар, үстірттер, қыраттар, ойпат, бэр төбешіктері

Номенклатура: Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран, Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Орал алды, Бетпақдала үстірттері, Жалпы Сырт қыраты, Балқаш маңы жазығы, Қызылқұм, Үлкен және Кіші Борсық, Нарын, Батпайсағыр, Бозанай, Тайсойған, Тауқұм, Сарыесік Атырау құмдары



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Дәптерлерінен кестелерін, кескін карталарын тексеру. Тақырыптар соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптарын тексеру. «Аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстары» атты рефераттарын тыңдау.

2. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Жаңа тақырыпқа біртіндеп көшеді:

1. Жер бедерінің қандай ірі пішіндерін білесіңдер?

2. Абсолюттік биіктігіне қарай жазықтарды қандай топтарға бөлуге болады?

3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Қазақстан аумағында кездесетін ірі жазықтарды атап көрсетіңдер.

4. Тектоникалық картаны пайдаланып республика аумағындағы ірі жазықтардың пайда болу заңдылықтарын анықтаңдар.

Физикалық картаны пайдаланып жазықтар мен қыраттарға сипаттама береді.

Солтүстік Қазақ жазығы, Тұран ойпаты палеозойда пайда болған таулардың үгіліп, тау жыныстарының басқа жаққа тасымалдануынан пайда болған, ал Каспий маңы ойпаты, Орал алды үстірті ежелгі платформаларда қалыптасқан.

3. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Қазақстан аумағындағы жер бедерінің пішіндерінің бірі жазықтар мен қыраттардың орналасуы туралы білімдерін бекіту мақсатында кескін картамен мынадай жұмыс жүргізеді:

1. Физикалық картаны пайдалана отырып жазықтар мен қыраттардың аттарын және орташа биіктіктерін белгілеңдер.

2. Ойпаттарды жасыл, қыраттарды сары бояумен бояңдар.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақты келесі сұрақтармен қорытындылайды:

1. Қазақстан жерінде қандай ірі жазықтар бар?

2. Қазақстан аумағында қандай үстірттер мен қыраттар бар?

5. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі

Оқулық мәтінімен жұмыс істеп, мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптар әзірлеу. Кескін картамен жұмыстарын аяқтамаған жағдайда одан әрі дамыту.







Сабақ №14

Күні: 14.10.09

Сынып: 8

Тақырыбы: Аласа таулы өлкелер

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру. Ішкі және сыртқы күштердің таулардың жер бедерін өзгертудегі ролін түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық карталар

Негізгі ұғымдар: аласа таулар, таулардың биіктігі бойынша бөлінуі

Номенклатура: Сарыарқа, Ақсораң, Қарқаралы, Шыңғыстау, Ұлытау, Көкшетау, Баянауыл, Мұғалжар, Маңғыстау, Қаратау, Ақтау таулары, Қарақия, Өлітеңіз, Турфан, Ассалы, Каттар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар:

1. Жер бедерінің ірі пішіндері таулар қандай жолдармен пайда болады?

2. Жер шарындағы таулар не себептен өзгермей тұрмайды?

3. Таулар абсолюттік биіктігіне қарай қалай бөлінеді?

Таулардың биіктігі бойынша 1000 м-ге дейінгілері аласа таулар деп аталады.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Оқушыларға Қазақстанның физикалық картасынан 1000 м-ге дейінгі аласа таулы аумақтарды табу тапсырмасын береді. Оларды тапқаннан кейін осы өлкелерге жеке-жеке тоқталып кетеді:

1. Сарыарқаның қай кезеңде пайда болғанын табу.

2. Сарыарқаның беті қандай жыныстардан түзілгендігін табу.

3. Қазақстанның физикалық картасын пайдалана отырып, Қазақстың ұсақ шоқысы қандай тау жоталарынан тұратынын және ең биік нүктесін табу.

4. Аласа таулы өлкелердің жер бедерінің өзгеруіне ұандай табиғат процестері әсер етуде?

Оқушылар картадан Сарыарқаны, Мұғалжар, Маңғыстау, таулы аймақтарын табады.

4. Жаңа таұырыпты бекіту кезеңі

Келесі таулы өлкелердің ерекшеліктерін Сарыарқада берілген тапсырмаларды орындау арқылы табады. Оны кестеге салады:

Таулы өлке

Оған кіретін тау жоталары

Ең биік (.),

биіктігі


5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Қазақстан аумағында қандай аласа таулы өлкелер бар?

2. Олардың ең биік нүктелері қандай?

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Кескін картаға аласа таулы өлкелерді түсіру.




Сабақ №15

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Биік таулы өлкелер

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан биік таулы өлкелері туралы, биіктік белдеулер және табиғат ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар.

Негізгі ұғымдар: биіктік белдеулік, биік таулар, тау шыңы, мұздықтар, қазаншұңқыр, жаңа тектоникалық қозғалыстар.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы, Кетмен жотасы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Дәптерлерінен кестелерін тексереді. Кескін карталарын тексереді. Өткен тақырып бойынша келесі сұрақтарды қояды:

1. Қазақстанның батысында қандай ойпат, қыраттар бар?

2. Аласа таулы өлкелерге қай таулар жатады?

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар қойылады:

1. Қазақстанның қанша аумағын биік таулар алып жатыр?

2. Биік тауларға биіктігі қанша метр болатын таулар жатады?

3. Олар Қазақстанның қай бөлігін алып жатыр? (карта бойынша анықтау)

4. Тектоникалық картадан биік таулардың қай кезеңдерде пайда болғанын анықтаңдар.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Аласа таулар мен биік тауларды салыстырады. Бұл жерде негізгі мәселе таулардың қай кезеңде қалыптасқанын салыстыра отырып, жер бедерінің дамуында тектоникалық қозғалыстар мен геологиялық уақыттың ролін ашып көрсету. Қазақстан аумағындағы биік таулардың ерекшелігін анықтау үшін мынадай тапсырмалар береді:

1. Бұл таулардың барлығы дерлік палеозой қатпарлықтарында қалыптасқанына қарамастан биік болып келу себебін қалай түсіндіруге болады?

2. Биік таулы аймақтардың бүгінгі күнге дейін қалыптасып, дамып жатқандығын қалай дәлелдеуге болады?

Кейін мұғалім биік таулы аймақтарға сипаттама беруді бастайды. Сипаттама беруде жеке тау жүйелеріне олардың географиялық орны мен бұл тау тау жүйесіне жататын тау жоталарына және ең биік нүктелеріне тоқталады.

1. Оның себебі бұл таулар мезозойда тегістеліп, кайнозой эрасының жас альпілік қатпарлықтарында қайта көтерілуі

2. Бұл аймақтарда осы күнге дейін жер сілкіну процестерінің жүріп жатуы.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Оқулық мәтінін және физикалық картаны пайдалана отырып тау жүйелеріне сипаттама беру тапсырмасын береді:1) қандай тау жоталарынан тұрады; 2) ең биік нүктелері

5. Сабақты қорытындылау

1. Қазақстан аумағында қандай биік таулар бар?

2. Олар еліміздің қай бөлігінде орналасқан екен?

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма беру

Кескін картаға Қазақстанның биік тауларын түсіру. Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау.










Сабақ №16

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. Жанатын пайдалы қазбалар.


Мақсаттары:

Білімділік. Платформалар мен қатпарлы облыстарда пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары туралы білімдерін қалыптастыруды дамыту. «Кен орны» ұғымын қалыптастыру. Қазақстанның қазба байлықтары жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Негізгі ұғымдар: магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары, минералдық шикізат, кен, кен орындары.

Номенклатура: мұнай-газ - Қарашұңғыл, Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қарашығанақ, Құмкөл, Амангелді; Көмір - Қарағанды, Екібастұз, Майкүбі, Торғай (Обаған); Уран - Солтүстік Қазақстан


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсірү сұрақтары:

1) Тау жыныстары түзілуіне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

2) Тектоникалық және пайдалы қазбалар карталарын беттестіре отырып платформаларда қандай пайдалы қазбалар кездесетінін және физикалық картадан жер бедерінің қандай формаларына сәйкес келетінін анықтау.

3) Картадан қатпарлы аймақтарға қандай пайдалы қазбалар сәйкес келеді, олардың осы жерлерде қалыптасу себептерін түсіндіріңдер.

4) Ежелгі тауларда пайдалы қазбалардың жер бетіне жаұын жату себебі неде?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Мұғалім Қазақстан пайдалы қазбалар жқнінен дүние жүзінде алатын орны жайлы оқушыларға баяндайды. Қазақстан жер қыртысында 90-нан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру XVII ғасырдан бастау алған. Кен орны - пайдалы қазбалардың өндіруге жарарлықтай жер қыртысында шоғырлануы. Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Кен орындары жанатын, кен және кен емес болып үшке бөлінеді. Бүгінгі сабақта жанатын пайдалы қазбаларға тоқталатынын ескереді. Мысалы, Қарағандыда тас көмірдің кен орны бар. Қарағанды көмірінің жалпы қоры 45 млард. тонна. Кен орны ұғымын одан әрі қалыптастыру мақсатында оқушыларға мынадай сұрақтар қояды: пайдалы қазбалар картасынан басқа кен орындарын тауып атаңдар.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Пайдалы қазбалар

Кен орындары

1. Мұнай-газ

Теңіз, Қашаған, Кеңқияқ, Қаршығанақ, Құмкөл

2. Көмір

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1.Қазақстан жер қыртысында қанша пайдалы қазбалар бар?

2. Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?

3. Кен орны дегеніміз не?

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Мәтінді оқып, соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу.








Сабақ №17

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар

Мақсаттары:

Білімділік. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар туралы білімдерін қалыптастыруды одан әрі дамыту. Қазақстанның пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері жөнінен дүние жүзіндегі алатын орнын көрсету. Қазақстанның негізгі қазба байлықтарының кен орындарымен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру

Дамытушылық. Қазақстанның геологиялық картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру және оны кескін картаға түсіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Оқушыларға пайдалы қазбалардың сарқылатындығы жөнінде, сондықтан да оларды тиімді әрі кешенді пайдалану және қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы экологиялық білім-тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Негізгі ұғымдар: рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар, сирек кездесетін металдар, құрылыс материалдары.

Номенклатура: Темір - Соколов-Сарыбай, Қашар, Әйет, Қоржынкөл, Жайрем; Марганец - Атасу, Жезді; Хром - Дөң (Оңтүстік Кемпірсай), Солтүстік Кемпірсай, Жетіқара, Суықбұлақ; Никель - Кемпірсай, Аққара, Ақтау; Алюминий - Амангелді, Қызыл октябрь; Мыс - Саяқ, Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл; Полимталл - Зырян, Риддер, Текелі, Қаратау (Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай, Шалқия); Алтын - Степняк, Жолымбет, Жетіқара, Ақсу, Майқайың, Арқарлы; Таскендір (Асбест) - Жетіқара, Бөгетсай, Хантау; Фосфорит - Қаратау (Ақсай, Жаңатас, Шолақтау), Ақтөбе (Қандыағаш, Шиелісай); Тұз - Каспий маңы ойпаты және Батыс Сібір жазығы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Дәптерлерінен өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар мен сұрақтарға жауаптарын тексереді. Кескін карталарын тексереді. Өткен тақырып бойынша келесі сұрақтарды қояды:

1. Қазақстанның биік тауларына қай таулар жатады?

2. Олардың орналасуын көрсет.

3. Жанатын пайдалы қазбаларға қандай түрлері жатады? Оның қандай кен орындары бар?

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Кіріспе сұрақтар қойылады:

1. Пайдалы қазбалар қанша топқа бөлінеді?

2. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар дегеніміз не?

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Пайдалы қазбалардың топтарын еске түсіргеннен кейін рудалы және рудасыз түрлеріне тоқталып, сипттайды. Рудалы пайдалы қазбаларға темір, иарганец, хром, никель, алюминий, мыс, полиметалдар, алтын, ал рудасыз пайдалы қазбаларға асбест, фосфорит, тұз жататынын айтып кетеді. Мысалы, Жезқазғанда мыстың, ал Солтүстік Қазақстанда темірдің кен орындары ашылған. Рудалы п.қ. өз ішінде сирек кездесетін металдар деп бөлінеді. Оларға қай металдар жататынын оқушыларға анықтатады.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға өткен тақырыптағы сияқты (пайдалы қазбалар тақырыбы) кесте толтыру тапсырмасын беріп, ауызша карта бойынша сипаттау тапсырмасын береді.

5. Сабақты қорытындылау

1. Рудалы пайдалы қазбаларға қай п.қ. жатады? Сирек кездесетін металдарды ата. 2. Рудасыз пайдалы қазбаларға қай п.қ. жатады?

6. Бағалау кезеңі

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады.

7. Үй тапсырма беру

Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу.








Сабақ №18

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: №3 сарамандық жұмыс.

Жер бедерінің, тектоникалық құрылысының, пайдалы қазбалардың арасындағы байланысы.

Мақсаттары:

Білімділік. Оқулықтағы жалпы географиялық және тақырыптық карталарды бір-бірімен салыстары отырып жер бедерінің ірі пішіндерінің жердің геотектоникалық құрылысы мен пайдалы қазбалардың арасындағы байланыстарды анықтау.

Дамытушылық. Жалпы географиялық, тақырыптық карталарды салыстырып, сәйкестендіру арқылы дағдылары мен икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту. Қоршаған орта экологиясы туралы білім-тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

1-тапсырма: Қазақстанның физикалық, тектоникалық, геологиялық және пайдалы қазбалары карталарын салыстыра төмендегі кестені толтырып, жер бедерінің ірі пішіндерінің жердің геотектоникалық құрылысы мен пайдалы қазбалардың арасындағы байланыстарды анықтаңдар.

Жер бедерінің ірі пішіндері

Қандай тектоникалық құрылымдар-ға жатады

Беткі қабаты қай эраның тау жыныстары-нан тұрады

Пайдалы қазбалар

Маңыз-ды кен орындары

Мезозой, кайнозой эраларының шөгінді жыныстары

Архей, протерозой эралары интрузивті, манмалық жыныстар

Каспий маңы ойпаты

Ежелгі платформа

Бор, неоген, тқрттік дәуірлер шөгінді жыныстарынан тұрады

Мұнай, газ, тұздар

2-тапсырма: кескін картадағы тектоникалық картаға Қазақстанның маңызды кен орындарын белгілеңдер

3. Сабақты қорытындылау кезеңі

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.





Сабақ №19

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қайталау сабағы

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымдары, жазықтары, үстірттері, қыраттары, аласа таулы өлкелері және биік таулары тақырыптарын қайталау. Білімдерін бекіту.

Дамытушылық. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тектоникалық және геологиялық карталар.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Тақырыпты бекіту кезеңі

Өткен тақырыптарды бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Геохронологиялық кестені айтып беру.

2. Қазақстанның геологиялық даму тарихын физикалық карта бойынша толық сипаттау.

3. Қазақстанның физикалық картасынан тектоникалық құрылымдарды көрсетіп, сипаттау.

4. Қазақстанның физикалық картасы бойынша геологиялық құрылысын сипаттау.

5. Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның пайдалы қазбалары мен олардың кен орындарын көрсету.

Осы тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындап, тақтаға шығып, картаның көмегімен жұмыс істейді.

3. Сабақты қорытындылау

1. Қазақстанның жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасқан?

2. Жер бедерінің ерекшелігі неде?

4. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда картамен жұмыс істеу деңгейіне қарай бағаланады.














Күні: 17.11.15

Сынып: 8 А

Пәні: География

Тақырыбы: Қазақстанның климаты.

Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы


Мақсаттары:

Білімділік. Оқушыларға Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру. Күн радиациясының түрлерімен (тура, шашыранды, жиынтық) таныстыру. Қазақстан аумағында күн радиациясының таралу заңдылықтарын түсіндіру.

Дамытушылық. Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы мен физикалық картасын салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту..

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының картасы

Негізгі ұғымдар: климат, климат қалыптастырушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, климатқа мұхиттар мен ағыстардың, жер бедері мен биіктіктің әсері

Номенклатура:

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

Бұрынғы өткен сыныптарды еске түсіру сұрақтары:

1) Климат дегеніміз не? Ол қандай климат құрушы факторларға тәуелді? Климаттың қалыптасуына географиялық ендік пен жер бедерінің ролі қандай?

2) Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қазақстан аумағының мұхиттардан алыс орналасуы оның климатына қалай әсер етеді?

1) Климат дегеніміз ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын типі. Ол жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы, географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы және адам әрекетіне байланысты қалыптасады.

2) Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуінің оңтүстігінде орналасқан. Қазақстанның 4 мұхиттан алшақ жатуы оның континенттік климатының басым болуына әкеледі.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Сұрақтарға жауап ала отырып, оқушыларды климаттың қалыптасу себептерін, климат құрушы факторлар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашуға үйретеді. Қазақстан климатының ерекшелігіне сипаттама береді: Қазақстан климаты шұғыл континентті, Қазақстан климатының қалыптасуына негізгі үш фактор әсер етеді: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш бетінің сипаты.

Оқушыларға сұрақ қояды: Жер бетіндегі тіршілік үшін күннің қандай ролі бар? Күн радиациясы ұғымына анықтама беріп, өлшем бірлігін айтады: Радиация дегеніміз не?

Мұғалімнің әңгімесін тыңдап, қажеттілерін жазып отырады. Түсінбегендерін сұрап, сабаққа қатысып отырады.

Сұраққа жауаптары: Күннің Жер үшін энергияның негізгі көзі екенін, Күн жер бетін, суды, мұхиттарды қыздырып, күн сәулесінің әсерінен өсімдіктерге фотосинтез процесі жүреді.

Оқушылар Қазақстан климатына негізгі 3 фактор: күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, жердің төсеніш бетінің әсер етуінен қалыптасатынын анықтайды. Кейін күн радиациясы - ол күннен жер бетіне түсетін сәулелі қуат екендігін айтады, өлшем бірлігі Дж/м2 анықтайды.

1. Күн радиациясының түрлері: а) тура күн радиациясы, шашыранды радиация, жиынтық радиация, жұтылған радиация, шағылысқан радиация.

Күн радиациясы түрлері туралы сызбанұсқа:

Поурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакшаТура күн радиациясы Шағылысқан к.р.

Жиынтық к.р.

Поурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакша

Шашыранды к.р. Жұтылған к.р.

2. Күн радиациясының географиялық ендікке байланыстылығын анықтайды

3. Күн радиациясының атмосфераның мөлдірлігіне және жыл мезгілдеріне байланысты таралу заңдылықтарын анықтайды.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі

Күн радиациясының географиялық ендік бойынша таралуынды оқулықтың 84-85 беттеріндегі Қазақстан аумағының жиынтық күн радиациясы картасымен жұмыс істеуге тапсырма береді:

1. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз және Шымкент, қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар.

2. Қазақстан аумағындағы 66° меридиан бойынша оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық радиация мөлшері қалай өзгереді?

3. Бір ендік бойында орналасқан Алматы және Владивосток қалаларында жиынтық радиацияның мөлшері не себептен әр түрлі?

4. Алынған фактілерді пайдалана отырып жиынтық радиацияның таралу заңдылықтары туралы қорытынды шығарыңдар.

Тапсырмалардың орындалуы: 1. Птеропавл қаласында жиынтық күн радиациясының мөлшері 100 ккал, Астанада 100-110 ккал шамасында, Қарағандыда 110-120 ккал, Жезқазғанда 120-130 ккал, Таразда 130-140 ккал, Шымкентте 140-150 ккал-ден астам. 2. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жиынтық күн радиациясының мөлшері артады. 3. Владивосток мұхит жағалауында орналасқандықтан атмосфераның жоғарғы қабаттарында бұлттар көптеп шоғырланады, олар күн сәулесінің түсуіне кедергі жасап, жиынтық күн радиациясының мөлшері Алматыдағыға қарағанда аз болады. 4. жалпы күн радиациясының түсуі оңтүстіктен солтүстікке қарай артады, ол географиялық орнына да тәуелді болады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1.Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

2. Күн радиациясының түрлері қандай?

1. Қазақстан климатының қалыптасуына күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы және жердің төсеніш беті әсер етеді.

2. Күн радиациясының тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан түрлері болады.

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Бағаларын тыңдап, ескертулері болса, мұғалімге айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
















Пәні: География

Күні: 24.11.15

Сынып: 8 «А»

Тақырыбы: Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы және желдер

Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы қалыптасқан білімдерін тереңдету. Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. «Жергілікті желдер» ұғымын қалыптастыруды одан әрі дамыту. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлері. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін түсіндіру. Маусым және биіктік бойынша температураның таралу заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Климат картасымен картасы арқылы ауа массаларының, желдердің қозғалыстырына және ауа температурасының таралуына сипаттама беру арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Климаттық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климаттық картасы, Павлодар облысының физикалық картасы

Негізгі ұғымдар: атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер, температураның тәуліктік және жылдық өзгерістері, изотерма

Номенклатура: Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. «Күн радиациясы» ұғымын бекіту үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Негізгі климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.

2) Күн радиациясы дегеніміз не?

3) Күн радиациясының қандай түрлерін білесіңдер?

4) Картадан Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының таралуын анықтап, оның әр түрлі болу себебін түсіндіріңдер.

Кескін карталарын мұғалімге тексертеді. Сұрақтарға жауаптары:

1) Күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш беті

2) Күн радиациясы дегеніміз - Күннен шығатын сәулелі қуат.

3) Күн радиациясының түрлері - тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан

4) Жиынтық күн радиациясы солтүстіктен оңтүстікке қарай артады. Бұл оның қоңыржай ендігінің оңтүстігіне қарай орналасуына байланысты болатын құбылыс.

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

1) Ауа массасы дегеніміз не?

2) Ауаның қысымы дегеніміз не?

3) Жер бетінде температураның жылдық өзгерісіне қандай факторлар әсер етеді?

4) Бір тәулік ішінде температура қандай себептерге байланысты өзгереді?

5) Биіктеген сайын ауа температурасы қалай өзгереді? Оның себебі неде?

1) Өзіне тән қасиеттері бар: температурасы, ылғал мөлшері бар үлкен ауа көлемін ауа массаслары дейміз.

2) Ауаның қысымы дегеніміз ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.

3) Жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты, яғни Жердің Күнді айнала қозғалуына байланысты жыл бойында температураның таралуы өзгереді.

4) Күн мен түннің ауысуына байланысты, яғни Жердің өз білігінен айналуы әсер етеді.

5) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді. Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп, оны тікелей қыздырмайды. Ең алдымен жер беті жылынып, содан кейін ауаға тарайды.

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

Жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:

1. Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары.

2. Ауаның қысымы

3. Желдер

4. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы

Мұғалім жоспардың әр бөліміне қысқаша сипаттама жасап, қалғанын оқушыларға өздері сипаттайтындай тапсырмалар мен сұрақтар беру арқылы меңгертеді.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінімен және климат картасымен жұмыс істейді. Оқушылардың жоспар бойынша орындайтын жұмыстары:

1. Мұғаліммен бірге талқылай отырып, атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындарының болатындығы мен оның әрдайым қозғалыста, сипаты бойынша әр түрлі болатынын анықтайды. Кейін Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының типтерін анықтайды: олар үшеу - арктикалық, қоңыржай (полярлық) және тропиктік.

2. Қысымның таралуына сипаттама береді: Қазақстан аумағында қысым біркелкі таралмаған, мұнда қысымның маусымдық өзгеруі байқалады. Оған Сібір антициклоны мен оның о-б тармағы - Воейков белдеуі, Азор антициклонының шығыс тармағы әсерін тигізеді. Кейін республиканың әр жеріндегі қысымның мөлшерін қарастыра келе, оның таралу ерекшелігіне тоқталып кетеді.

3. Желдің таралуы атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты екенін анықтайды. Желдің маңызын анықтап, республикадағы оның орташа температуралары мен жергілікті желдерінің түрлерін анықтайды: Қазақстан жерінде тау аңғарлық, сайқан, ебі, шілік желдері, дауыл соғады.

4. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін анықтайды: ол аумақтың созыңқы болуына және жер бедеріне байланысты. Орташа жылдық температура: солтүстікте 0,4°С-ден оңтүстікте 13,7°С-ге дейін. Ең суық ай - қаңтардың айының орташа темп. солтүстікте -19°С, оңтүстікте -1,5°С. Ең суық жер Атбасар -57°С, ең жылы ай - шілде айының орташа темп. солтүстікте 19°С, оңтүстікте 28-30°С, ең жоғары темп-лар солт-те 41°С, оңт-те 47°С. Температура инверсиясы - қысқы уақытта тау алдында, тау аралық қазаншұңқырларда, өзен аңғарларынан тау беткейлеріне биіктеген темп-ның сайын жоғарылауы. Ал шілде айында биіктеген сайын ауа темп-сы төмендейді. Орташа жылдық амплитудасын анықтайды.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде: 1. Кестені толтыру тапсырмасын береді;

2. Климат картасы бойынша қаңтар мен шілде айларының орта температураның солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай қалай өзгеретінін байқау. Себебін түсіндіру

1. Кейін республика аумағында соғатын күшті желдерді сипаттайды. Оны мына кестеге салады:


Қазақстан аумағында соғатын желдер

Желдің қалыптасатын аймағы

Жылдамдығы, бағыты, соғу ұзақтығы

Ерекшеліктері

1) Ебі желі

Қытай жеріндегі Ебі-Нұр көлінің үстінде жоғары қысым әсерінен п.б.

60-80 м/с, Орта Азиядан Жоңғар қақпасы арқылы Алакөлге (о-ш-тан с-б-қа қарай), 70-100 күндей соғады

Желдің ішкі температурасы айналасының температурасынан 8-10°С.

2) Сайқан желі

Алакөл үстінде жоғары қысым орнағанда п.б.

50-60 м/с, с-б-тан о-ш-қа қарай Ебі желіне кері бағытта, 2-3 тәулікке созылуы мүмкін

Алакөл ойысында темп. 30-37°С-қа төмендейді. Көл деңгейі 1 м-ге көтеріледі. Қыркүйек - сәір айларында күшті соғады

3) Шілік желі

Шілік өзенінің бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады

8-10 м/с, күндіз с-б-тан о-ш-қа қарай, түнде о-ш-тан с-б-қа қарай соғады

Бір тәулік ішінде бағытын өзгертеді, қыста үдей соққан жел қарды ұшырып, жол қатынасын қиындатады

4) Арыстанды-Қарабас

Қаратау жотасының о-б беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады.

35 м/с, солтүстіктен соғып тұрады

Мойынқұмның үстімен өткенде құмды қара бұрқасын тұрады

5) Қордай желі

Жамбыл облысының о-ш-дағы Жетіжол жоотасы мен Кіндіктас тау аңғарларындағы Қордай асуының үстінен соғады

40 м/с, 55 күн күшті соғады

Қыста Сібір антициклоны орнаған кезде жылдамдығы артады

6) Мұғалжар желі

Мұғалжар тауынан соғады

50 м/с, оңтүстік және о-б-тан соғады

Күзде батыстан және с-б-тан келетін циклон әсерінен п.б.

2. Қаңтар және шілде айларында ауа темп-сы солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарылайды, батыстан шығысқа қарай да төмендейді.

5. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылау сұрақтары: 1. Қазақстан жеріне қандай ауа массалары әсер ететді? 2. Республика аумағында соғатын қандай күшті желдерді білесіңдер?

Оқушылардың жауаптары: 1. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары

2. Руспублика аумағында Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру

Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.















Пәні: География

Күні: 3.12.15

Сынып: 8 «А»

Тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.


Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағында ылғалдылықтың маусым бойынша жауын-шашынның таралу заңдылықтары туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымды қалыптастыру. Ылғалданудың табиғат зоналарының қалыптасуындағы ролін көрсету. Қазақстан аумағында қалыптасатын климат құбылыстары туралы көзқарастарын қалыптастыру. Олардың адам өміріне, шаруашылыққа тигізетін әсерін анықтау.

Дамытушылық: Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

  2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

  3. Тақырыпты бекіту кезеңі








Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Дәптерлерінен өткен сабақта аяқтамаған кестелерін тексереді. «Қазақстан аумағында жауын-шашын таралу тақырыбын еске түсіру үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Қазақстан аумағында ауа температуратсының таралуына қандай факторлар әсер етеді?

2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температураның таралуы, оның себептері

3) Климат картасына қарай отырыпең суық және ең жылы айлардағы ауа температурасының таралу заңдылығын анықтау

Кестелерін тексертіп, сұрақтарға жауап береді:

1) Қазақстан аумағының созылып жатуына, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты ауа температурасыәркелкі тараған.

2) Қазақстан аумағында орташа жылдық температура солтүстікте 0,4°С-ден оңтүстікте 13,7°С-ге дейін көтеріледі, себебі жазықты, аласа таулы жерлерде ауа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай артады, ал биік таулы жерлерде биіктік бойынша өзгереді.

3) Жалпы қаңтар айының орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай -19°С-ден -1,5°С-ге дейін артады, шілде айының орташа температурасы солтүстікте 19°С-ден оңтгүстікте 28-30°С-ге дейін артады.

3


















Тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралу ерекшеліктері

  2. Жауын-шашынның жыл маусымдарына байланысты таралуы.

  3. Қар жамылғысы

  4. Ылғалдану коэффициенті

  5. Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне әсерлері

  6. Қазақстандағы атмосфералық құбылыстар

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталарды пайдаланады.

Оқушылардың оқу іс-әрекеттері:

1. Мыналарды анықтап, жазып алады: Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600 мм. Оның ең аз мөлшері Арал-Балқаш маңында 100-130 мм, ең көп мөлшері Батыс Алтайда 1600 мм.

Мыналарды біліп есте сақтайды: республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде ж-ш солтүстіктен оңтүстікке қарай және батыстан шығысқа қарай кемиді. Ж-ш солтүстікте орта есеппен 400 мм, орталығында 275 мм, оңтүстікте 130 мм, батыстағы Оралда 374 мм, шығыста Жайсан қазаншұңқырында 200 мм. Биік тауларда 800-1000 мм және одан да көп түседі.

2. Мыналарды анықтап жазып алады: Қазақстанның солтүстігінде жылдық ж-ш-ның 70-80%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі, 20-30%-ы қыста түседі. Қазақстанның оңтүстігінде жылдық ж-ш-ның 50-40%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі, 50-60%-ы қыста түседі

Мынаны еске сақтап қалады: Құрғақ жаңбыр - жаңбыр тамшылры жер бетіне жетпей ауада буға айналып кетеді.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Қар жамылғысының қалыңдығы орта есеппен солтүстікте 20-30 см, ол 125-165 күн жатады, ал оңтүстікте 10-15 см, ол 40-60 күн ерімей жатады.

Мыналарды еске сақтайды: алғашқы қардың түсуінің ең ерте кезі солтүстікте қыркүйектің аяғы - қазанның басы, оңтүстікте қазан айының аяғы. Шөл зонасында алғашқы қар желтоқсанның аяғында түседі. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктікке байланысты болады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Ылғалдану коэффициенті деп жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын атайды. К=Ж/Б. Егер К=1 онда ылғалдану жеткілікті.

Мыналарды еске сақтайды: егер К<1 онда ылғал жеткіліксіз деп есептеледі. Қазақстанда 1-ге жақын К орманды дала зонасында байқалады, қазақстанның биік таулы аймақтарынан басқа өңірлерде буланушылыұ бірнеше есе артық.

5. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Жалпы Қазақстанда қолайсыз атмосфералық құбылыстарына қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар жатады.

6. Мыналарды жазып алады: Аңызақ желді күндердің ұзақытығы табиғат зоналарына байланысты болады: дала зонасында жылына 5-10 күн, шөлейт зонасында - 40 күн, Қызылқұмда - 100 күн.

Шаңды дауылдар дала зонасында орта есеппен 20-38 күн болады, республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде 55-60 күн болады.

Үсік көктемнің аяқ кезі мен күздің басында болады. Үсіктің қауіпті аудандары Қазақстанның сошлтүстігі мен орталығында көктемгі үсікке шалдығу ықтималдығы 10 жыл ішінде 5 жыл, шөл зонасында 10 жылда 4 жыл.

Көктайғақ әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап жер беті 0°С-ге дейін суынып, мөлдір, көгілдір мұзбен жабылады. Ол республиканың оңтүстік және орталық аудандарында жиі байқалады.

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Алматы, Петропавл, Қызылорда қалаларының жылдық температурасы мен жауын-шашынның өзгеру диаграммаларын салыстыру. Айырма себептерін түсіндіру.

2. Оқулықтың 99 бетіндегі сурет бойынша Қазақстанның бірнеше қалаларындағы ылғалдану коэффициентін анықтау.

Оқушылрдың тапсырмаларды орындауы:

1. Алматы


5

Қорытынды сұрақтар: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері қанша мм аралығында ауытқиды? 2. Ең аз мөлшері қанша және қай жерде, ең көп мөлшері қанша және қай жерде? 3. Қандай атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

Сұрақтарға жауаптары: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 130-1600 мм аралығында ауытқиды.

2. Жауын-шашынның ең аз мөлшері Арал маңында 100 мм және ең көп мөлшері Бтасы Алтайда 1600 мм дейін жетеді.

3. Атмосфералық құбылыстар: қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар

6

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7

Тақырыпты қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.





















Сабақ №25, 26

Күні:

Сынып: 8 «А, Б»

Тақырыбы: Агроклиматтық қорлар. Павлодар облысының климаты және климат құрушы факторлар


Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы агроклиматтық қорлар туралы көзқарастарын қалыптастыру. «Комфорт зонасы», өсіп-өну кезеңі деген түсініктермен танысып, оларға анықтама беру. Өсіп-өну кезеңі ұзақтығының республика аумағы юойынша айырмашылығын анықтау. Павлодар облысының қай климаттық белдеуде және қандай жарықтың түсу беддеуінде орналасқанын, климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер ететінін анықтау. Климатының ерекшелігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағында агроклиматтық қорлардың таралуын климат картасы бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

  2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

  3. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Дәптерлерінен өткен сабақта аяқтамаған кестелерін тексереді. «Қазақстан аумағында жауын-шашын таралу тақырыбын еске түсіру үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайды анықтаңдар.

2) Қазақстанның қай аймақтары өсімдіктерді өсуіне ең қолайлы деп ойлайсыңдар?

3) Павлодар облысы қандай ендікте, қандай климат белдеуінде жатыр? Оның жер бедері ерекшеліктерін еске түсіреміз.

Кестелерін тексертіп, сұрақтарға жауап береді:

1) Өсімдіктер өсу үшін оларға жылу, жарық, ылғал қажет.

2) Өсімдіктердің өсуіне Қазақстанның солтүстігі, өйткені мұнда жылу, жарық және ылғал жеткілікті. Ал оңтүстігінде жылу көбірек болғанмен ылғал аз болып келеді.

3) Павлодар облысы 50º с.е. және 54º с.е. аралығында толығымен қоңыржай белдеуінде жатыр. Оның аумағының 70%-ын жазық алып жатыр

3


















Тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:

1. Агроклиматтық қорлар. Қазақстанның көп жерінде климат адам денсаулығына тиімді. Қарағайлы ормандарда, өзен мен көл жағаларында, тау аңғарларында климаттық санатоийлер көп. Қазақстан аумағында жылу барлық ауыл шаруашылық дақылдарының пісіп-жетілуіне тікелей байланысты.

2. Павлодар облысының климаты мен климат қалыптастырушы факторлары:

1) облыстың климатын қалыптастыратын факторлар;

2) облыс аумағына түстетін күн жылуының мөлшері;

3) облыс климатына әсер ететін ауа массалары мен басым желдер;

4) атмосфералық жауын-шашын мөлшері. Ең алдымен Павлодар облысының климаты мен климат қалыптасуына әсер ететін факторларға тоқталады. Оны оқушылармен бірге анықтайды.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінін, суреттерін және атластағы климаттық карталарды пайдаланады.

Оқушылардың оқу іс-әрекеттері:

1. Мыналарды анықтап, жазып алады: Қазақстанның солтүстігінде өсіп-өну кезеңі 130-135 күнге, орталықта 150-160 күнге, оңтүстігінде 180 күнге созылады.

Мыналарды біліп есте сақтайды: «Комфорт зонасы» климат элементтерінің үйлесімі адамның көңіл күйіне жайлы зона. Өсімдіктердіің өсіп-өнуі үшін қолайлы температура 10°С-тан жоғары болу керек. Республиканың солтүстігінде жаздық бидай, зығыр, көкөніс және бау-бақша өсіру үшін, орталықта дәнді дақылдар, күнбағыс, қарақұмық, картоп өсіруге, оңтүстігінде күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылшасын өсіруге қолайлы.

2. Мыналарды анықтап жазып алады:

Мынаны еске сақтап қалады:

1) Мыналарды анықтап жазып алады:

Мыналарды еске сақтайды:

2) Мыналарды анықтап жазып алады:

Мыналарды еске сақтайды:

3) Мыналарды анықтап еске сақтайды:

4) Мыналарды жазып алады:

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі тапсырмаларды береді:

1. Алматы, Петропавл, Қызылорда қалаларының жылдық температурасы мен жауын-шашынның өзгеру диаграммаларын салыстыру. Айырма себептерін түсіндіру.

2. Оқулықтың 99 бетіндегі сурет бойынша Қазақстанның бірнеше қалаларындағы ылғалдану коэффициентін анықтау.

Оқушылрдың тапсырмаларды орындауы:

1. Алматы

5

Қорытынды сұрақтар: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері қанша мм аралығында ауытқиды? 2. Ең аз мөлшері қанша және қай жерде, ең көп мөлшері қанша және қай жерде? 3. Қандай атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

Сұрақтарға жауаптары: 1. Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 130-1600 мм аралығында ауытқиды.

2. Жауын-шашынның ең аз мөлшері Арал маңында 100 мм және ең көп мөлшері Бтасы Алтайда 1600 мм дейін жетеді.

3. Атмосфералық құбылыстар: қуаңшылық, аңызақ, үсік, көтайғақ, шаңды дауылдар

6

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7

Тақырыпты қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.




















Сабақ №27, 28

Күні: 11.12.09/09.12.09

Сынып: 8 «А, Б»

Тақырыбы: №4 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Ауа массалары, температура мен жауын-шашынның таралуын анықту. Климат тақырыбын қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Карта бойынша ауа массаларының, температураның мен жауын-шашынның таралуын таралуын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалықкартасы, климат картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

3

1. «Қазақстанның климаты» тақырыбын қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

2. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:

карта бойынша ауа массаларының қозғалысын, температура мен жауын-шашынның таралуын анықтау.

3. Қорытындылау

1. Тақырыпты қайталау сұрақтары мен тапсырмалары:

1) Қазақстанның климатын қалыптастырушы факторларын анықтаңдар.

2) Қазақстанның аумағы қандай климаттық белдеуде жатыр?

3) Қазақстанның климатын қандай ауа массаларының типтері қалыптастырады?

4) Қазақстанда қандай ең жоғарғы (максимум) және ең төменгі (минимум) температура байқалады?

5) Қазақстанның әр аймақтарында жыл маусымдарына байланысты жауын-шашын қалай таралған? Неліктен?

6) Қазақстанның қай аймағында жауын-шашын көбірек, қай аймағында азырақ түседі? Неліктен?

7) Биік таулы аймақтардағы климаттың қандай ерекшеліктері бар?

8) Климат адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне қалай әсер етеді?

9) Климатпен байланысты қандай қауіпті атмосфералық құбылыстарды білесіңдер?

10) Агроклиматтық қорлар дегеніміз не? Олар қалай пайдаланылады?

11) Республика жерінде қандай ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі?

2. Сарамандық жұмыс дәптерлеріне карта бойынша климат сипаттамаларын жазады.

4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. Ойнынның нәтижесін саралап, жеңімпаз қатарды анықтайды.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Литосфера» тақырыбын қайталау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

























Сабақ №29, 30

Күні:

Сынып: 8

Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстанның өзендері

Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігініңәсері болса осыған байланысты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту. Өзен жүйесі, өзен алабы, өзен жүйесінің ерекшелігі, өзеннің су шығыны, жылдық ағысын сипаттау. Өзендерінің қоректенуі мен режиміне тоқталып түсіндіру. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жаттын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайына тоқталып, оларға мән беруге тәрбиелеу. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:

1) Өзеннің бастауы деген не?

2) Өзен жүйесі деген не?

3) Өзен алабы деген не?

4) Суайрық деген не?

5) Қазақстанның аумағында қандай ірі өзендер бар?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:

1) Өзеннің басталатын жерін өзеннің бастауы деп атайды.

2) Суы бір-біріне қоысылып, теңізге немесе көлге бір сағамен құятын өзен мен оның салаларының жиынтығы.

3) Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі. Жеке өзен алаптары бір-бірінен суайрық сызықпен бөлінеді.

4) Өзендердің су жинайтын көршілес алаптарын бір-бірінен бөліп тұратын сызық.

5) Қазақстан аумағында Ертіс, Есіл, Сырдария, Жайық, Шу, Іле, Тобыл өзендері бар.

3

Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін картаны пайдаланып Қазақстан аумағындағы өзендерге тоқталып, олардың ішінде оқушылар атаған 7 өзеннің ұзындығы 1000 шақырымнан асатынын айтады. Өзеннің бағыты мен жылдамдығы сол өзеннің ағып өтетін жер бедеріне байланысты дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы өзендердің көбі басын таулардан алады. Тау өзендері беткейлері тік, жартасты тар аңғармен ақса, жазық жерлермен ағатын өзендердің ағыны баяу екенін айтады. Қазақстан өзендерінің ерекшеліктеріне тоқталып кетеді: 1 - жасы әр түрлі, 2 - өзендердің әркелкі таралуы.

Оқушыларға сұрақ береді: Қазақстанның өзендері қоректену көздеріне және суының режиміне қарай қандай типтерге жатады? Кейін мұғалім өзі қорытындылайды: Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзен суының шығыны мен жылдық ағынына сипаттама береді. Өзеннің су шығыны дегеніміз өзеннің су қимасынан 1 секунд ішіде ағып өтетін су мөлшері. Ол м3/с есебімен өлшенеді: Q=Fм2*V м/с.

Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар.

Ішкі алаптың өзендері Каспий, Арал, Балқаш-Алакөл көлдеріне құятынын және кейбір өзендердің құмға сіңіп кететінін анықтайды. Ішкі алаптың өзендері: Жайық, Ембі, Сырдария, Шу, Сарысу, Нұра, Қаратал, Аягөз, Тентек.

Каспий теңізі алабы - Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары ішінара орманды даланы қамттиды, шөлейтте өзен торы нашар дамыған, бұған Жайық өзені жататынын айтады.

Салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор, олардың халық шаруашылығындағы маңызы ашылады.

Арал теңізінің алабы - Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Т-Ш тауларынан басталатынын картадан көрсетеді. Бұл республиканың ең лай өзені дейді. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері Шардара бөгені салынғанын айтады.

Балқаш-Алакөл алабы - бұл алаптың ең үлкен өзені - Іле. Ол Шығыс Т-Ш туларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болатынын картадан көрсетіп түсіндіреді. Оқушылардың сұрақ-жауап әдісін пайдаланып онда қандай СЭС-тер салынғанын сұрайды. Іле өзенінің жағдайына тоқталып, түсіндіреді. Ішкі алаптарды түсіндіргенде Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені, Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені, сондай-ақ Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жататынын және оларға жеке-жеке тоқталған жөн.

Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан өзендердің қалай таралғандықтарын анықтайды.

Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты өзендер де әркелкі таралған: шөл мен шөлейт зоналарында өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір көп, жер бетіндегі өзен торларынынң орналасуы сол аймақтың ылғалдану коэффициентіне байланысты екенін айтады.

Басын таудан алатын өзендерді картадан тауып атайды: Іле, Сырдария, Жайық, Есіл, Нұра.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді: Қазақстан өзендері қармен, жаңбырмен, мұздармен қоректенеді.

Өзеннің су шығынына мысал келтіреді: Өзеннің көлденең су қимасы 600 м2, ал судың ағыс жылдамдығы секундына 1,6 м2 болса, өзеннің су шығыны секундына 960 м3/с.

Қазақстан өзендерінің алаптарын анықтағаннан кейін, оларға жататын өзендерді жазып алады.

Оқушылар Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерін, ішкі алап өзендерімен салыстыра отырып, бұлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар екенін дәлелдейді. Осы екі алап өзендеріне сипаттама беру жоспарын жазып алады:

1. Өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы.

2. Өзен ағып өтетін жердің бедері.

3. Жағалауларына сипаттама.

4. Салалары.

5. Құятын жері

6. Су деңгейінің ауытқуы, толысуы.

7. Шаруашылықтағы мәні

8. Экологиялық жағдайы.

Каспий теңізі алабының салалары: Самара, Шаған, Елек, Ор. Каспий теңізінің алабына: Жайық, Жем өзені

Арал теңізінің алабына: Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз өзендері, ал солтүстік және орталық Қазақстан көлдерінің алабына Нұра өзені

Балқаш-Алакөл алабын айтқанда Іле, Қаратал, Аягөз, Тентек өзендері жатады.

Оқушылар: Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болғанын картадан көрсетеді.

4

Тақырыпты бектіу үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

Оқулықтағы ірі өзендердің су шығынын анықтаңдар.

Қазақстан өзендерінің қоректену көздеріне және су режиміне қарай қандай типтерге бөлінеді? Өзендерді кескін картаға түсіру.

Жоспар бойынша бір өзенге сипаттама беру.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендерді атап, картадан көрсетіңдер. Бұл алаптағы өзен ағынының тұрақты ма, тұрақсыз ба, себебі не екенін түсіндіріңдер. Ішкі алап деп нені айтады? Оған қандай теңіздер мен көлдер жатады, атауларын атаңдар. Өзендердің қандай шаруашылық маңызы бар? Қандай өзендерде кеме жүзеді? Қайсысынан электр энергиясын алады? Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы қандай? Физикалық картадан әр алаптың ірі өзендерін тауып, кескін картаға түсіріңдер.

Оқушылар мұғалімнің берген сұрақтары мен тапсырмаларын орындайды:

Қазақстан өзендері негізінен қар-жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Кейін өзендерді кескін картаға түсіреді.

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендер: Ертіс, оның салалары Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. Бұл алаптағы өзендердің ағыны көбінесе тұрақты болып келеді. Себебі, климат ерекшеліктеріне байланысты мұнда ылғалыдылқтың жетеілікті болуына, жауын-шашын мөлшерінің мол болуына байланысты өзендер тұрақты қоректеніп, ағып тұрады. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын алапты ішкі тұйық алап деп атайды. Оағн Каспий, Арал теңіздері, Балқаш-Алакөл көлдері жатады. Өзендер ауыз су ретінде, көркемдік көзі, ағысы жылдам өзендер энергия көзі ретінде пайдаланылады. Ертіс, Жайық, Іле өзендерінде кеме жүзе алады. Ертіс, Іле, Сырдария өзендерінен электр энергиясын алады. Бойында СЭС-ры, металлургиялық комбинаттар жұмыс істейтіндіктен өзендар қатты ластануда.

Ертіс өзеніне сипаттама: 1) Қытайдағы Алтай туларынан Қара Ертіс болып басталады. 2) Өзен алдымен таулы аймақтардан, кейін жазық жерден ағып өтеді. 3) Оң жақ жағалауы тік, жартасты, сол жақ жағалауы жатық келеді. 4) Салалары: Бұқтырма, Үлбі, Оба, Есіл, Тобыл, Шар. 5) Обь өзеніне құйып, ол СММ-на құяды. 6) Суы көктемде қар мен мұздықтар еріген кезде тасиды, жазда қайта тқмендейді. Қыста қататындықтан су деңгейі төмен болады. 7) Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Өскемен СЭС-ры салынған. Сонымен қатар металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Балық ауланады, кеме жүзеді. 8) Өзен қатты ластануда.

5

Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды.

Сабақта не білгенін, не үйренгенін айтып қорытындылайды.

6

Сабақ барысында белсенділігіне байланысты бағаланады.

Күнделіктеріне бағлаларын қойдырады.

7

Үйге: тақырыпты қайталау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.













Сабақ №31, 32

Күні: 15.01.10/23.12.09

Сынып: 8 «А, Б»

Тақырыбы: Көлдер және бөгендер

Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту. Көлдерді шаруашылыққа пайдалану туралы түсінік беру. Көл суларын қорғау, оның келешек үшін маңызы бар екенін оқушыларға кеңінен түсіндіру. Каспий теңізіне сипаттама беру. Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру. Каспий теңізінің экологиясы. Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түісіндіру, экологиялық тәрбие беру. Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай? Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру. Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс әстей бәлу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайларына тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

  2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

  3. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Үй тапсырмасы бойынша өткен тақырыптардан бірнеше сұрақтар қояды:

1) Қазақстаннық ірі өзендерін атап, картадан көрсетіңдер, олардың ұзындығы қанша км-ден асады?

2) Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады? Оларды картадан көрсет.

3) Қазақстан өзендерінің қоректену типі мен режимін сипатта.

4) Өзеннің су шығыны, жылдық ағыны деген не?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1) Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар: Ертіс, Тбыл, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Шу.

2) Қазақстан өзендері негізгі 2 алапқа жатады: Солтүмтік Мұзды мұхит алабы: Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері және ішкі тұйық алап: Каспий теңізі алабы, Арал теңізі алабы, Балқаш-Алакөл алабы.

3) Қазақстан өзендері қар-жаңбыр және қармен қоректенеді, жер асты суымен, мұздықтармен қоректенетін өзендер да бар, олар көбінесе басын таудан алатын өзендер. Өзендердің көбі көктемде қар еріген кезде тасып, жазда кейін қайтады.

4) Өзеннің су қимасынан 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін өзеннің су шығыны деп аталады. Өзеннің бір жыл ішінде ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.

3

Ең алдымен кіріспе сұрақтардан бастайды: 1) Көл деп нені атайды? 2. Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 3. Көлдің қандай түрлерін білесіңдер? 4. Ағынды және тұйық көлдерге мысал келтіріңдер, олардың айырмашылығы неде? 5. Көл суының тұзды болуы неліктен?

Жаңа тақырыпта меңгеру үшін мына жоспарды құрады:

1. Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

2. Олардың ерекшеліктері.

3. Су деңгейі

4. Көлдердің қазаншұңқырларына қарай түрлері.

5. Бөгендер

6. Каспий теңізі

7. Арал теңізі

8. Балқаш көлі

Физикалық карталарды пайдаланып мұғалім Қазақстандағы көлдердің ерекшеліктерін баяндайды. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар екенін айтады. Олардың ішінде: Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көлемі бір шаршы км-ден кем шағын көлдер кездесетінін түсіндіреді. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Климаттың жағдайларына көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемитінін, жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 метр биіктіктегі неоген және антропоген шқгінді жыныстарының үстінде орналасқанын баяндайды.

Каспий теңізі: ауданы - 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері - 435 км, енсіз жері - 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге - 16%-ы, Әзербайжанға - 20%-ы, Түркіменстанға - 21%-ы, Иран Ислам Республикасына - 14%-ы тиеді. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды, атауы ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Қыс айларында теңіздің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады - мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2‰ болса, орталық бөлігінде 10-12‰-ге дейін көтеріледі, орталық және оңтүстік бөлігінде әдетте 13-14‰. теңіз деңгейі 1830-1929 жж - 25,5-26,6 м, 1929-1977 жж күрт төмендеді, 1978 жылдан бастап көтерілді, 1995 ж басында 26,5 м. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Каспий суының көтерілуі 45%-ы құятын өзендерге, 16%-ы жауын-шашынға, 25%-ы булану мөлшеріне, 14%-ы Қарабұғазкөл шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Каспий теңізі балыққа бай, итбалықтың болуы кезінде теңіздің Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысын көрсетеді, д.ж-де жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Бағалы балық - қортпа (белуга) ұзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға жетеді. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға жетеді. Теңізде одан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ ауланады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн құс қыст.

1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатқан, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км. 1998 жылдан бастап теңіз деңгейі 18 м төмендеген.

Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай,, Шрадара, Саырқамыс сияқты көптеген жасанды суқоймалардың пайда болуы - Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтқанын түсіндіреді. Ауаның ылғалдылығы азаййып, жазы құрғақ та ыстық (шілде 45°С дейін), қысы суық (47°С) болатын жылдар мен күндер көбейген. Өзен жағалауындағы уармалы егістіктерден (негізінен, мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1 млрд тоннадан астам улы шөгінділерді әкелген. Су тұздылығының артуы (1 л-ге 35‰) су түбінде шөккен тұз шөгінділері пайда болған, ауданы 40 мың км-ге жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егімтіктерді улап, үлкен апат әкелген.

Оқушылардың жауаптары:

1. Құрлық бетіндегі суға толған табиғи ойыс. 2. Ол мұхитпен тікелей байланыспайды. 3. Көлдердің тектоникалық, қалдық, ескі арна, жанартаулық, бөген көлдер түрлері болады. 4. Зайсан - ағынды көл, Балқаш - ағынсыз көл.

5. Өзендер үнемі ағып тұратындықтан олар тұщы болады, ал көлдерге өзен құяды, егер ағып шықпаса ол тұзды болады, егер өзен ағып шақса ол тұщы болады.

1. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде: Каспий, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа көлемі бір шаршы км-ден астам көлдер бар. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан.

2. Көлдердің орналасуындағы ерекшеліктер:

1) Олардың топ-топ болып шоғырлануы

2) Көлдердің тағы бір ерекшелігі - жасының әр түрлі болуы. Олар әр кезде пайда болған. Биік таулы аймақтардағы көлдер шығу тегі жөнінен жас көлдерге жатады.

3. Көлдердің су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. ХХ ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды.

4. Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері.

5. Қазақстанда барлығы 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар салынған. Олардың ауданы 10 мың км2. Олар ауданына қарай төр топқа бөлінеді: 1) кіші - 50 ш.ш, орта - 50-250 ш.ш, ірі - 250-1000 ш.ш, аса ірілері - 1000 ш.ш-нан асады.

5. каспий теңізі - қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан

6. Мыналарды анықтап, жазып алады: Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Ауданы - 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері - 435 км, енсіз жері - 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге - 16%-ы, Әзербайжанға - 20%-ы, Түркіменстанға - 21%-ы, Иран Ислам Республикасына - 14%-ы тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай бөліктері: солтүстік бөлігі жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады, көп жерінде тереңдігі 5 м, ең терең жері 26 м; Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алады; Оңтүстік бөлігі таяз, аралдарының жалпы ауданы 2045 км2,, Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан (ең ірілері - Төленді аралдар тобындағы Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Шілдеде орташа температура +24+26°С, қаңтар айының орташа температурасы -7-11°С. Ең төмен температурасы -38°С. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан: солтүстігі қоңыржай континентті климатта.

Теңізде кездесетін ең бағалы балықтар - бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары; өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді, балықтың 55 түрі кездеседі. Қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Теңіз жағалауында - Атрыау, Форт-Шевченко, Ақтау және т.б. қалалар бар.

Арал теңізі - жас тұран платформасының үстінде орналасқан көл екенін анықтайды. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенніңі аяғында алғаш рет суға толған. Үстірт келіп тірелетін батыс жағы биік, тік жарлы болып келетінін, қалған бөлігігнің жағасы ойпатты жазық, шығанақ қойнауларымен тілімденгенін карта бойынша анықтап қарайд, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км.

Оқушылар Балқаш көлі ьуралы мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оның ауданы 18200 км2 екенін жазып алады. Оқушылар мұғалімнің нұсқауыменкартаға қарап Балқаш көлінің солтүстігінде Сарыарқамен, батысында Бетпақдаламен, оңтүстігінде және шығысында Балқаш маңы жазығымен шектесткенін анықтайды. Яғни оның солтүстік жағалауы биік жарқабақ болып келеді, ал оңтүстік жағалауы ойпатты болып келген деп сипаттайды. Оқушылар Балқаш көліне құятын өзендерді атап шығады: Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беруге тырысады: шаруашылықта қолданылады, Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-ы салынған, сондықтан ол өзенмен бірге келген лас заттардан ластанады.

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді: 1) Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? 2) Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар? 3) Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байланысты? 4) Көлдер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді? 5) Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді? Олардың қандай маңызы бар? 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының түпкі бедері қандай? 7) Тектоникалық картадан теңіздің шарасы қандай тектоникалық құрылымда орналасқанын анықтаңдар. 8) Балқаш көлінің батыс бөлігі тұщы, шығыс бөлігі тұзды болып келуінің себебі неде?

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптары: 1) Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктері - олардың топ-топ болып шоғырлануы, жасының әр түрлі болуы. 2) Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. 3) Өазаөсан көлдерінің су деңгейі судың кірісі мен шығысына байланысты болады. Оларды су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп отырады, сондықтан жиі ауытқуға ұшырайды. Олар көбінесе көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. 4) Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері. 5) Өзендерді жер беті ағындарын реттеу мақсатымен бөгейді. Көбінесе халық қажктін өтеу үшін салынады. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шеші үшін пайдаланады. 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай 3 бөлігі бар: солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді 7) Арал теңізі Тұран ойпатында орналсқан. Көл неоген дәірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында суға толған. Жағалаулары көбінесе ойпат болып келген, тек оңтүстік-батыс жағалауы үстүртті. 8) Көлге құятын судың жылдық мөлшерінің 78,2%-ы Іле өзенінің суы. Оның суы тұщы, шығыс бөлігінің суы тұздылау. Көл бетінен жыл сайын 1 м су қабаты буланып кетеді. Көлге сұғына еіп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты 2-ге бөледі. Оның ені небәрі - 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Бұғаздағы судың ағыны бір бағытта - батыстан шығысқа қарай, көлдің батыс бөлігі ағынды болып келеді, Іле өзенімен ағып келетін тұздар мұнда шөкпей шығыс бөлігіне қарай кетеді.

5

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: 1. Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды?

Оқушылар ссұрақтарға жауап бере отырып сабақты қорытындылайды: 1. Бүгінгі сабақта Қазақстанның көлдері мен бөгендері туралы білдік: 48 мың көл, 4000 мыңнан астам бөгендер мен тоғандар бар. Ең үлкен көлдер - Каспий, Арал, Балқаш көлдері туралы қызықты мәліметтер алдық. Балқаш көлінің ащы, тұщы болып бөліну себебі қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсеткеніне қарай, картамен жұмыс істей алуларына қарай және жауаптарының дұрыстығына бағалайды.

7

Үйге: §29,30,31,32 қайталау. Оқулық қосымшасы бойынша номенклатураға дайындалу.




Сабақ №33, 34

Күні: 22.01.10/ 13.01.10

Сынып: 8 «А, Б»

Тақырыбы: Жер асты сулары. Қазақстан мұздықтары. Көпжылдық тоң.

Мақсаты:

Білімділік: Жер асты суларына сипаттама беру. Жер асты суының адам өміріндегі маңызына тоқталу.

Дамытушылық: Жер асты суларын қорғауға, суды улау мен ластанудан сақтау, оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Қазақстан аумағында жер асты суларының таралуын физикалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ылғалдану коэффициентіне есептер шығару арқылы іскерліктерін арттыру

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулары картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: Грунт (еспе) суы, Артезиан суы, жарықшақтық типті жер асты сулары, жарықшақтың қат қабатты типі, қат-қабатты жер асты сулары, жабынды мұздықтар, тау мұздығы

Номенклатура: Корженевский мұздығы, Симонов, Дмитриев, Берг, Калесник, Воейков, Абай, Безсонов, Жамбыл, Некрасов, Шокальский мұздықтары.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Жаңа тақырыпқа көшу 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін ең алдымен кіріспе әңгімелесуден бастап, мынадай сұрақтар қояды:

1) Су өткізгіш қабат деп нені атайды?

2) Су өткізбейтін қабат қандай тау жыныстарынан тұрады?

3) Қар сызығы деген не?

4) Мұздықтар қалай пайда болады?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын мұқият тыңдап, оларға жауап береді:

1) Су құмның, қиыршық тастардың, малта тастардың қабаттарынан тез өтеді, осы жыныстардан тұратын қабаттарды су өткізгіш қабат деп атайды.

2) Су өткізбейтін қабаттар саздан, граниттен, құм тастан, сазды тақтатастан тұрады. Өйткені жер қыртысының жоғарғы бөлігінің құрылысы қабат-қабат болғандықтан, қабаттар су өткізбейтін, су өткізетін жыныстардан түзілетіндіктен, жер асты суы қабат-қабат болып жатады. Ылғал су өткізбейтін қабатқа жеткеде үстіңгі су өткізгіш қабатта су жиналады.

3) Таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақьала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық.

4) Құрлықта ұзақ уақыт жинақталып пайда болған, жылжымалы мұз щоғыры. Полярлық аймақтарда және тау басында таралған.

3

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін алдына жоспар құрады:

1. Жер асты суларының түрлері

2. Жер асты суларының маңызы. Артезиан алаптары

3. Минералды сулар.

4. Қазақстан аумағындағы мұздықтарға жалпы сипатттама.

5. Қар сызығы, оның биіктік ерекшеліктері.

6. Мұздықтардың типтері мен таралу ерекшеліктері.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтіні мен атластарындағы тақырыптық карталарды, кескін картаны пайдаланады.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру іс-әрекеттері:

Оқушылр мұғалімнің әңгімесінен кейбір мәліметерді жазып алады:

1. Жер асты суларының жарықшақытқ типі тау-өатпарлы Тянь-Шань, Жетісу Аалатуы, Сарыарқаның ұсақ шоқылары, Орал-Мұғалжар тауларында тараған. Жарықшақтың қат-қабатты типі Маңғстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларында қалыптасқан. Қат-қабатты жер асты сулар типі негізінен Қазақстанның Батыс, Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс аудандарында тараған, Шу-Сарысу, Қопа-Іле, Балқаш-Алакөл ойыстарындағы өзен аңғарларында шоғырланған. Грунт (еспе) суы 3-30 м тереғңдікте орналасқан.

2. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткзбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатыр, Қызылқұмда 80-300 мтереңдікте орасан зор жер асты суы табылған.

3. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суын минералды сулар (арасан) д.а. 300-ден астам минералды бұлақтар бар: Алмаарасан, Алтайдағы Рахман.

4. Ауданы 2033,3 ш.ш боалтын барлығы 2724 мұздықтар Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, теріскей Алатау жоталарында бар.

5. Қар сызығының биіктігі оңтүстікте биіктеу, солтүстікте төменджейді: Тянь-Шаньда 3800 м, Алтай 2600 м, Жетісу Алатауында 3300-3900 м, Сауырда 3300 м. Ең көп мұздық Жетісу Алатауында шоғырланған - 1369 мұздықтың ауданы 1000 км2.

6. Мұздықтардың негізгі типтері:

1) Аңғарлық мұздықтар ауданының 66%-ын қамтиды, қалыңдығы 50-100 м.

2) Тау бетккейі мұздықтарының қалыңдығы 10-30 м.

3) Тегістелген төбе мұздықтар.

4

Оқушыларға өздік тапсырмалар береді: 1) Кескін катаға жер асты суларының шоғырланған аудандарын, қазіргі мұздықтар таралған аудандарды белгілеңдер; 2) Мұздықтардың не себептен әр түрлі биіктікте орналасқанын анықтаңдар.

Келесі тапсырмаларды атлас картаны пайдаланып өздік жұмыс жүргізу үшін беріледі: 1) Артезиан суы мен грунт суының айырмасы неде? 2) Жер асты суларының қандай түрлері бар? 3) Мұздықтардан басталатын өзендер Қазақстанның қай бөлігіде; 4) Көпжылдық тоңның таралған аудандарын атаңдар; 5) Оқулық соңындағы кестеге қарап Қазақстан табиғатын зертеуге үлес қосқан ғалымдар, қайраткерлер есімімен аталған мұздықтарды кескін картаға жазыңдар.

Оқушылар бұл тапсырмаларды өздігінен орындайды: 1) Кескін картаға жер асты сулары мен қазіргі мұздықтарды белгілейді; 2) Мұздықтардың орналасу биіктігі климат ерекшеліктеріне байланысты, яғни ауаның ққұрғақтылығы мен климаттың континенттілігіне байланысты биік орналасқан.

Келесі тапсырма бойынша жауаптары:

1) Грунт сулары жер бетіне таяу жатқаннан, жер бетіне шығып ағып жатады. Артезиан суларын шығару үшін скважиналар бұрғылайды. 2) Жер асту суларының жарықшақытқ типі, Жарықшақтың қат-қабатты типі, Қат-қабатты жер асты сулар типі, грунт (еспе) суы; 3) Мұздықтардан басын алатын өзендер Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында тараған; 4) Көпжылдық тоң Алтай, Сауырда, Жетісу Алатауында, Тянь-Шань тауларында тараған. Оның төменгі шекарасы 2000-3000 м биіктіктен өтеді; 5) Кескін картаға Корженевский, Симонов, Дмитриев, Берг, Калесник, Воейков, Абай, Безсонов, Жамбыл, Некрасов, Шокальский мұздықтарын түсіреді.

5

Сабақты оқушыларға сұрақ қою арқылы бірігіп қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер? 2) Сабақтың қай жері қызықты болды?

Оқушылар қолдарын көтеріп жауап береді: 1) Қазақстан аумағында тараған жер асты муларының түрлерін, мұздықтардың түрлерін білдік. Сонымен қатар олардың таралу, шоғырлану аудандарын анықтадық. Артезиан атауының шығу тегін білдік. 2) Кескін картаға осы аталған жерлерді түсірген қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсетуіне қарай және берген жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды. Оқушылардың мұғаліммен келіспеушілігі болса, олардың пікірлерін тыңдап нәтижесінде қойған бағаларын айтып күнделіктеріне қояды.

Мұғалімнің пікірін тыңдап, алған бағаларын тыңдайды. Оқушылардың мұғаліммен келіспеушілігі болса, өз пікірлерін айтып нәтижесінде алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына төмендегі кестені береді:

Биік таулар

Қар сызығының биіктігі

Ірі мұздықтары

Мұздықтарының саны

Мұздықтардың ауданы

Алтай таулары

Сауыр

Жоңғар Алатауы

Іле Алатауы

Күнгей Алатауы

Теріскей Алатауы

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Кестенің берілгенін дәптерлеріне жазып алады.











Сабақ: №35

Сыныптар: 8 А, Б

Күні: 29.01.10/20.01.10

Тақырыбы: №5 сарамандық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең - қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. Жоспар бойынша Қазақстанның жеті ірі өзенінің біреуіне сипаттама бер.

2 тапсырма. Қазақстанның ірі көлдері - Каспий, Арал, Балқаш көлінің экологиясы туралы жаз.

3 тапсырма. Қазақстанның ірі өзендері мен көлдерін кескін картада белгіле.

Оқушылар бірінші тапсырманы келесі жоспар бойынша орындайды: 1) өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік, бойлығы; 2) өзен ағып өтетін жердің бедері; 3) жағалауларына сипаттама; 4) салалары; 5) құятын жері; 6) су деңгейінің ауытқуы, толысуы; 7) шаруашылықтағы мәні; 8) экологиялық жағдайы.

Екінші тапсырмада ең алдымен көлдердің географиялық орнына, кейін эклологиялық проблемаларына сипаттма береді.

Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.

Сабақ №36

Күні: 29.01.10/20.01.10

Сынып: 8 А, Б

Тақырыбы: Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: «Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның өзен-көлдерін, гидрографиялық торабын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, 8 сынып Атласы

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен Қазақстанның мұздықтары туралы кестелерін тексереді. Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдайды.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Кесте бойынша ауызша жауап береді.

3

«Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбын қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

1) Қазақстанның аумағында өзен жүйесі қалай орналасқан? Оның себебін қалай түсідіруге болады?

2) Қазақстан өзендері қандай алаптарға бөлінеді? Олардың суайрығы қай жерлерден өтеді?

3) Қазақстан өзендері қоректенуіне қарай қандай типтерге бөлінеді? Қандай өзендердің көктем мен жазда суы мол болады? Не себептен?

4) Картадан СММ және ішкі алап өзендерін көрсетіңдер.

5) Қандай өзендер кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге, егін суаруға пайдаланылады?

6) Каспий теңізінің табиғат байлығы туралы не білесің? Оның су деңгейінің көтерілуі немен байланысты?

7) Арал теңізі проблемаларын қалай түсінесің? Теңіздің экологиялық жағдайы қоршаған ортаға қандай зиянды әсерін тигізуде? Себебін айт.

8) Қазақстан көлдері қалай пайдаланылады?

9) Жер асты суының қандай типтерін білесің? Адам өмірінде оның қандай маңызы бар?

10) Мұздықтар қалай пайда болады? Мұздықтардың қандай типін білесің? Олардың таралған аудандарын ата.

Тақырыпты қайталау сұрақтары мен тапсырмаларының жауаптары:

  1. Қазақстан аумағында өзен жүйесі нашар дамыған. өзендер республика аумағы бойынша әркелкі тараған. Солтүстігінде өзеннің жиілігі оңтүстігіне қарай тығыздау. Ол климат ерекшеліктеріне байланысты.

  2. Қазақстан өзендері екі алапқа жатады: СММ, ішкі тұйық алап. Олардың суайрығы Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі, Сарыарқа, Торғай, Оңтүстік Оралға дейінгі сызықпен өтеді.

  3. Қазақстан өзендері қар және қар-жаңбыр қоректену типтеріне жатады.

  4. Картадан Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Іле, Шу өзендерін көрсетеді.

  5. Қазақстандағы ең ірі өзен - Ертіс өзені кеме қатынасына, электр қуатын өндіруге қолданылады. Сырдария өзені оңтүстік аймақтағы суармалы егіншілікке пайдаланылады.

  6. Каспий көлінің бағалы балықтары - бекіре, шоқыр, қорытпа, реликті жануары - итбалық.

  7. Арал теңізіне 1974 жылдан бері Сырдария өзені, Амудария өзені құймайтындықтан теңіз тартылып, оның тұздары қоршаған ортаға таралуда. Арал маңындағы елді мекендер халқының денсаулығына кері әсерін тигізеді.

  8. Қазақстан көлдері пайдалы қазьалар алуға, тұз алуға пайдаланылады.

  9. Жер асты суының жарықшақтық, жарықшақтың қат-қабатты типі, қат-қабатты жер асты сулары, грунт сулары таралған. Минералды сулар адам ағзасына емдік қасиетімен пайдалы.

  10. Мұздықтар көп жылдар бойы биік тауларда қар жамылғысының қабаттанып, ерімей жатуының нәтижесінде пайда болады. Мұқздықтар Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларында тараған.

4

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

5

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

6

Үй тапсырмасына «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбын қарастыру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №37

Күні: 05.02.10/27.01.10

Сынып: 8 А, Б

Тақырыбы: Қазақстанның топырақ жамылғысы.

Мақсаты:

Білімділік: Топырақ және оның пайда болуы. Оқушыларға топырақ қабаттарының түзілу себептерін түсіндіру. Топырақ түзуші факторларға сипаттама беру. Топырақтың механикалық құрамына тоқталу.

Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша топырақ түрлерінің таралуын сипаттау арқылы тақырыптық карталармен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақтың маңызы туралы көзқарастарын кеңейту арықылы, қоршаған ортаны қорғауға баулу, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. Кейін өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

  1. Қазақстан аумағында қанша мұздық бар? Олар қанша ауданды алып жатыр?

  2. Қазақстандағы ең үлкен мұздықта ата. Ол қайда орналасқан?

  3. Мұздықтардың қандай тип топтары болады?

Оқушылар кескін карталарын тексерткеннен кейін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

  1. Қазақстан аумағында 2724 мұздық бар, олардың ауданы 2033,3 км2.

  2. Қазақстандағы ең үлкен мұздық - Корженевский мұздығы. Ол Іле Алатауында орналасқан. Оның ауданы 36,8 км2, қалыңдығы 300 м.

  3. Мұздықтардың тегістелген төбе мұздықтары, тау беткейлік және аңғарлық мұздық түрлері болады.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты бастар алдында кіріспе әңгіме жүргізеді:

1. Топырақ дегеніміз не? Ол неден және қалай түзіледі?

2. Материктер мен мұхиттар географиясынан қандай топырақ түрлерін білдіңдер?

3. Дүние жүзі топырақтары неге әр түрлі, не себептен?

Кейін мұғалім тоырақ тақырыбы бойынша қысқаша шолу жасайды:

Геохронологиялық кесте бойынша эралар мен дәуірледі еске түсіріп жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ екенін айтады. Алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болғанын баяндайды. Топырақты зерттеген ғалым - В.В. Докучаев. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер ететінін айтады. Олар: тау жынысы, өсімдік және жануарлар дүниесі, жер бедері, уақыт, адамның шаруашылық әрекеті. Кейін олардың әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып кетеді.

Топырақтың механикалық құрамына тоқталады: құрылымды және құрылымсыз топырақ түрлерін сипаттайды. Өсімдіктерді өсіруге бұл топырақтардың қайсысы қолайлырақ деген проблемалық сұрақ қояды.

Жаңа тақырып алдында бұрын алған білімдерін қайта жаңғырту үшін мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Кейін мұғалімнің жаңңа тақырып бойынша ататын әңгімесін тыңдап ең қажеттілерін дәптерлеріне жазып отырады:

Топырақты зерттеуші - орыс ғалымы В.В. Докучаев.

Топырақ түзуші факторлар:

  1. тау жынысы,

  2. өсімдік және жануарлар дүниесі,

  3. жер бедері,

  4. уақыт,

  5. адамның шаруашылық әрекеті

ТПоурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакшаопырақтың механикалық құрамы


Құрылымды Құрылымсыз

Оқушылар өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, пгоблемалық сұраққа жауап іздейді. Талқылау нәтижесінде құрылымды топырақ өсімдіктердің өсуіне қолайлы екенін анықтайды. Кейін мұғаліснің айтуынан құрылымды топырақ құнарлы келетін, ал құрылымсыз топырақтың түйіршіктері болмайтынын біледі. Тоыпрақтың құнарлығы төмен болса жаңбыр, еріген қар сулары, тоыпраққа сіңбей ағып кететінін біледі.

4

(20 мин)

Тақырпты бекіту үшін келесі сұрақтарды қояды:

  1. Топырақ дегеніміз не?

  2. Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

  3. Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

  4. Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

  5. Құрылымды топырақ қандай топырақ?

  6. Өз өлкеңнің топырағы туралы не білесің?

Оқушылар мәтінді шолып шықаннан кейін сұрақтарғы ауызша жауап береді:

  1. Топырақ дегеніміз табиғат компоненттерінің бірі, ерекше табиғи құрылым.

  2. Топырақ құрушы факторлар - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

  3. Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

  4. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

  5. Құрылымы кесек топырақты құрылымды топырақ дейді.

  6. Павлодар облысында бидай өсіруге жарамды ылғалды қара тоыпрақ таралған.

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта топырақ деген не, оның зерттеген Докучаев екенін білдік, сонымен қатар топырақтың механикалық құрамын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §35 қайталау, §36 қарастыру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақ №38

Күні: 05.02.10/27.01.10

Сынып: 8 «В»

Тақырыбы: Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның топырағы туралы көзқарастарын одан ары кеңейту. Қазақстан аумағында кездесетін топырақ типтеріне тоқталу, олар қандай табиғат зонасында жатқанын анықтау. Топырақ құнарлылығын кемітетін топырақ эрозиясының түрлерін айтып, топырақты қорғау шараларын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Топырақэрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

  1. 2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

  2. 3. Тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

  3. 4. Тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

(8 мин)

Ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін келесі сұрақтарды қояды:

  1. Топырақты зерттеген ғалым кім?

  2. Топырақ құрушы факторларды атаңдар.

  3. Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады?

  4. Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады?

Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді:

  1. Топырақты зерттеуші - орыс ғалымы В.В. Докучаев.

  2. Топырақ құрушы факторлар - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалар, тау жыныстарының үгілуі.

  3. Аналық тау жыныстарынан кейін топырақ құрушы жетекші факторлар ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде шығатын тасты бұзатын қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен шірінді (гуммус) пайда болады.

  4. Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы.

3

(10 мин)

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра жүргізеді. Жаңа тақырыпты меңгерудің жоспары:

  1. Қазақстанның топырақ жамылғысын сипаттау, олардың табиғат зоналары бойынша қалай таралғанын баяндайды.

  2. Қазақстан аумағындағы топырақтың түрлеріне тоқталып кетеді: қара топырақты зона республиканың солтүстік шетін, қара қоңыр топырақ қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр.

  3. Кейін топырақ эрозиясы туралы, ол қарқындылығына байланысты 2-ге бөлінетінін: 1) геологиялық эрозия (денудация), 2) антропогендік эрозия (жыллдамдатылған). Топырақ эрозиясымен күресудің арнайы тәсілдері бар екенін айтып өтеді.

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына бейім, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім екенін Қазақстан Ұлттық Академиясының анықтағанын айтып өтеді. Павлодар облысында (1955-1958 жж) күңгірт қара қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың га жер эрозияға ұшырап, егістікке жарамай істен шығып қалғанын айтады.

Оқушылар мұғалімнің әңгімесі мен оқулықтың мәтінін пайдалана отырып, тақырыпты меңгереді. Олар келесіні анықтайды:

Қазақстан аумағында таралған топырақ түрлері:

  1. қара топырақты зона республиканың солтүстік шеті - 25,5 млн га - 9,5%

  2. қара қоңыр топырақты зона республиканың қуаң және шөлейтті алқаптары

  3. шөлді аймақ топырақты зона, мұнда негізінен қоңыр және сұр-қоңыр топырақ жамылғысы басым.

Топырақ эрозиясының түрлері:

  1. Жел эрозиясы

  2. Су эрозиясы. Су эрозиясының топыраққа тигізетін әсеріне қарай екіге бөлінеді: 1) беттік, 2) сызықтық

Республикада эрозияға бейім жер 70 млн га-дан астам, оның 52 млн га-ы жел эрозиясына, ал 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.

Эрозиямен күресу шаралары:

  1. Агротехникалық шаралар

  2. Тыңайту шаралары

  3. Гидротехникалық шаралар

4

(20 мин)

Тақырыпты бекіту үшін сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. кестеге топырақ эрозиясының түрлерін жазып, сипаттама беру.

  2. Қазақстан аумағында қандай топырақ типтері таралған?

  3. Топырақ эрозиясымен күресу шараларын ата.

Оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды:

1)

Топырақ эрозиясының түрлері

Жел эрозиясы

Су эрозиясы

Топырақтың беткі құнарлы қабатын ұшырып әкетеді

Беттік

Сызықтық

Топырақтың беткі қабатын бірқалыпты шайып әкетеді

Кішігірім орлар мен ірі жыралар пайда болады

  1. Қазақстан аумағында қара топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, сұр-қоңыр топырақты зона таларған.

  2. Топырақтың эрозиясымен күресу шаралары: Агротехникалық шаралар, тыңайту шаралары, гидротехникалық шаралар

5

(2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қояды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта Қазақстанның топырақ жамылғысымен таныстық, оның қасиеттері мен топырақ эрозиясын білдік.

6

(2 мин)

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қояды.

Оқушылар алған бағларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

7

(2 мин)

Үйге §36, кескін картаға топырақ түрлерін түсіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Сабақ: №39

Сыныптар: 8 А, Б

Күні: 12.02.10/03.02.10

Тақырыбы: №6 сарамандық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның топырақ жамылғысы» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең - қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. 1. Кесте құру.

Орманның сұр және шалғынды дала топырағы.

Қара топырақ

Солтүстік қара топырақ

Күңгірт қара топырақ

Жай қоңыр топырақ

Ашық қара-қоңыр топырақ

Қоңыр топырақ

Сұр-қоңыр топырақ

Таулы

аймақ

топырағы

2 тапсырма. Топырақты қорғау шараларын ұсыну.

3 тапсырма. Кескін картаға топырақтүрлерінің таралуын түсіру.

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестенің төменгі жолына топырақ түрлерінің таралу аймақтарын, облыстарын атайды.

Екінші тапсырмада топырақ эрозиясының түрлерін, кейін оған қарсы шараларды көрсетіп, сипаттайды.

Үшінгі тапсырмада кескін картамен жұмыс істейді.

Тапсырмалардың соңында жалпы қорытынды жасайды.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.



Сабақ №40

Күні: 12.02.10/03.02.10

Сынып: 8 А, Б

Тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануалар дүниесінің таралу аймақтарын сипаттау. Өсідік пен жануалар дүниесінің зона бойынша таралу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке тапырмалармен жұмыс істеу арқылы өздігінен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту. «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануалар дүниесіне тоқталу.

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасады. Бүгінгі сабақта кім бар-жоғын тексереді.

Мұғаліммен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Мұғалім садақты кіріспе әңгімелесуден бастап мынандай сұрақтар қояды:

  1. Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Өсімдіктер мен жануалардың жазықтарда зоналар бойынша, тауда биіктік белдеулер бойынша таралуының басты себебі неде?

  3. Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

Мұғалім оқушылар жауабынан соң Қазақстанның физикалық картасын, геологиялық картасын және геохронологиялық жержылнамалық кестені пайдаланып, Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталғанын баяндайды.

Мұғалім геохроногиялық жержылнамалық кестені пайдаланып палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқанын, ол Торғай бұғазы арқылы Солтүстік Қазақ теңізімен жаллғасқанын айтады. Торғай бұғазынан шығыста жалпақжапырақты және мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараса, батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлері таралғанын баяндайды. Ал неоген дәуірінде Торғай бұғазысының суы тартылып құрғаған соң шығыста өскен өсімдіктері батысқа қарай ауысып, осыған байланысты Торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлерінің қалыптасқанын баяндайды. Мұғалім өсімдіктер картасын пайдаланып Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-мыңдай өсімдік түрлерінен тұратынын айта кетеді. Мұғалім картаны пайдаланып өсімдігі жағынан бай өлкеге батыс Тянь-Шань тауы жататынын, онда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталғанын, мұнда палеоген дәуірінен қалған грек жаңғағы, бадам, түкістан үйеңкісі, алмұрт т.б. өсімдіктерді атайды. Жалпы биік тауларда қылқан жапырақты ормандар таралғанын сипаттай келе, жазық жерлерде дала мен шөл өсімдіктері басым екені және олардың түрлерін кеппешөптер жинақтамасынан көрсетіп сипаттайды.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

  1. Қазақстанда өсімдіктер түрлері өте көп. Ағаштардан

қайың, қарағай, әртүрлі бұталар, шөптесін өсімдіктер. Алматы қаласының маңында тюльпан даласы бар. Өз өлкеміздегі Жасыбай көлінде орналасқан демалу орнында «оливковый бор» бар.

  1. Өйткені жазықтар мен туаларда климат ерекшеліктері әр түрлі. Жазықтарда жылу мен ылғалдың таралуы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгерсе, тауларда биіктеген сайын өзгереді.

  2. Климат ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктер дүниесі таралады. Яғни, ылғал сүйгіш өсімдіктер жауын-шашын мөлшері жеткілікті аудандарда таралады, ал құрғақ зоналарда сол құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер мен жануарлар таралады.

Кейін дәптерлеріне Қазақстан аумағындағы өсімдіктер дүниесі қандай геоботаникалық аудандарға кіретінін жазады: Еуразияның қылқан жапырақты орманы, Еуропа, Сібірдің орманды даласы,, Еуразия даласы, Азияның шөлді аудандары.

Мұғалім әңгімесінен кейін оқушылар физикалық картаны пайдаланып жануарлар дүниесінің пайда болуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас екенін байқайды. Мұғалімнің айтқан мәліметтеріне сүйене отырып, геохронологиялық кестені пайдаланып, палеогендәуірінде Қазақстанда қандай жануарлар түрлері мекендегенін және мұз басу дәуірінде Қазақстанға материктің солтүстігінен суыққа төзімді жануарлар ауысқанын, олардың кейбір түрлері әлі де бар екенін суретке қарап анықтайды. Жануарлардың таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінгенін мұғалімнің айтуымен картадан қарайды. Сонымен, олар орманды дала және дала, шөлді дала, таулы аудандар екенін анықтайды. Кейін Қазақстанның өзенді-көлді аймақтары мен тоғайлы-бұталы жерлерде мекендейтін жаунарларын оқулықтың мәтініне сүйене отырып анықтайды.

3

Тақырыпты бекіту сұрақтары: 1) Қазақстандағы өсімдіктердің негізгі типптерін атаңдар?

  1. Республика аумағында жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы қалай әсер етеді?

  2. Өсімдіктер пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

  3. Таулы аудандарда өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулері байқалуының себебі неде?

  4. Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық мәтіні мен Қазақстанның физикалық картасы, 8-сынып Атласындағы тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Әқазақстанның Қызыл кітабына енгңзңлген өсімдіктері мен жануарлары» туралы баса айтады. Бұл жерде өздерінің түрлі ақпарат көздерінен білген мәліметтерімен бқлісіп, ойларын ортаға салып, қорытындылайды.

4

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне, берген жауаптарының дұрыстығына және картамен жұмыс істеу икемділіктеріне байланысты бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасы: §37, оқулық мәтінінімен жұмыс істеп, қайталау, «Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар» бойынша қосымша мәліметтер іздестіру.

Үй тапсырмасын тыңдап, түсінбегендерін сұрап анықтап алады. Күнделіктеріне жазып алады.

6

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, қорытындылайды.

Мұғаліммен бірге сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, саралайды, қызықты жерлерін айтады.



Сабақ: №41

Сыныптар: 8 А, Б

Күні: 19.02.10

Тақырыбы: №7 сарамандық жұмыс

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - оқушылардың жалпы географиялық білімдерін, «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» тақырыбы бойынша алған білімдерін одан әрі меңгеру және бекіту.

Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 8 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар

Сабақ түрі: Практикалық сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең - қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Балаларға сарамаңдық жұмыс дәптерлерін таратып береді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

ІІ

1 тапсырма. Өсімдіктер картасын пайдаланып, Қазақстан аумағында кездсетін өсімдік түрлерін анықтау, кесте құру.

2 тапсырма. Топырақ және өсімдіктер картасын салыстырып, топырақ типі мен өсімдіктер түрлері арасындағы сәйкестікке мысалдар келтіріңдер.

3 тапсырма. Қорытынды

Оқушылар бірінші тапсырманы орындағанда кестеге Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша өсімдіктердің түрлерінің таралуын сипаттайды.

Қазақстанның экономикалық аудандары

Өсімдіктер түрлері

Орталық

солтүстік

батыс

шығыс

оңтүстік

Екінші тапсырмада топырақ типтері мен өсімдіктердің таралуындағы заңдылықтар ұқсастығын анықтайды.

Ен соңында орындаған жұмыстарының негізінде қорытынды жасайды.

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Үзіліске шығады.

Сабақ №42

Күні: 12.02.10/10.02.101

Сынып: 8 «А, Б»

Тақырыбы: Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Интерактивті тақтамен, ойын элементтерін қолдануды үйрену, ойында оқушыларды өзара жарыстыру, сайысқа түсіру арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: ойын-сайыс сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, 8 сынып Атласы

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 3. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың әрекеттері

1

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Кейін оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалып отырады. Әр балада сарамаңдық жұмыс дәптерлері мен кескін карталары болады.

2

Ең алдымен жалпы тақырып бойынша сұрақ-жауап әдісімен өткен тақырыптарды еске түсіреді. Яғни барлық өсімдіктер мен жануарлар, «Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді» емдік қасиеті бар өсмдіктерді еске түсіреді.

Кейін мұғалім презентациялармен дайындалған ойынын бастайды. Ойынның аты «Кім жүйрік?» ойынның мақсатымен, кезеңдерімен, ережелерімен және бағалау талаптарымен таныстырады. Осыдан кейін ойынды бастайды. Ең алдымен бірінші турын өткізеді: бұл турда оқушылар тест сұрақтарына жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріп отырады. Мұнда жеке бағалау парағы бар. Бұл парақта оқушылардың аттары, бағаларына арналған ұяшықтар бар. Осы ұяшықтарға дұрыс жауап берген оқушылардың балдарын жазып отырады.

Ойынның екінші кезеңі картамен жұмысқа арналған. Мұнда әрбір оқушы шығып, мұғалімнің айтқан нысандарын картадан көрсетеді.

Оқушылар қолдарын көтеріп өздерінің өткен тақырыптан не білетіндерін айтады. Жалпы жануарлар мен өсімдіктер туралы білімдерін қайталап, еске түсіреді.

Кейін презентацияларға қарап отырып, ойынның атауымен, мақсатымен, кезеңдерімен, ережелерімен және бағалау талаптарымен танысады. Осы жерде оқушыларға түсініксіз жерлерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады. Осыдан ойын басталып, оқушылар белсенді қатысып отырады. Ойынның бірінші турында тест сұрақтарына жауап береді. Мұнда әрбір слайдта бір сұрақтан, осы сұрақты оқығаннан кейін бірінші болып қол көтерген оқушы сұрақтың дұрыс жауабын айтады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі қол көтерген оқушы жауап береді. әрбір оқушы өзіне лайықты балын алып отырады. Ойынның екінші кезеңінде әрбір оқушы тақтаға картаның алдына шығып, мұғалімнің атаған нысандарын картадан көрсетеді.

3

Оқушыларды ойын кезеңдерінде алған балдарын санап, балдары бойынша ең көп ұпай жинаған оқушы ойынның жеңімпазы атанады. Соңында оқушылардың жалпы белсенділігіне байланысты бағалайды.

Оқушылардың әрбіреуі өздерінің жинаған ұпайларын тыңдап, бағаларын біледі. Алған бағаларын күнделіктеріне қойдарады.

4

Сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып, оқушылармен бірге қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтап, ойынның ұнаған жерлері мен қызықты жерлерін айтып өтеді.




Сабақ №43

Күні: 19.02.10/17.02.10

Сынып: 8 «А, Б»

Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Табиғат компеоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарыны дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде айту. Орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.

Дамытушылық:

Тәрбиелік: Топырақ эрозияларымен таныстырып, оқушыларды бұл мәселелерді шешудің жолын табуға бағытттау арықылы, ойлау дағдыларын арттыру, өз отанына деген жауапкершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді.

2

Мұғалім өткен сабақтардан оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп, табиғат зонасы деген не? деген сұрақ қояды.

Табиғат зонасы - белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір екенін айтады. мұғалім Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, оқушылармен сұрақ-жауап әдісі бойынша, Қазақстан аймағындағы орманды дала, дала зоналарының географиялық орны мен жер бедеріне тоқталады. Климат картасын пайдаланып орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда қолайлы жауын-шашын мол түсетінін айтады. сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардан зоналарды қандай топырақ түрлері кездесетінін сұрайды. Табиғат зоналарында кездесетін табиғаттың әсем көріністеріне мысалдар келтіреді.

Оқушылар Қазақстан аумағында 4 табиғат зонасы таралғанын айтады. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін іс-әрекеттері:

Оқушылар физикалық картаны пайдаланып табиғат зонасын кескін картаға түсіреді.

  1. табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтайды.

  2. Қазақстанның табиғат зоналары картасын климаттық картасымен салыстырып, қорытынды жасайды.

  3. Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтайды.

Оқушылар өткен тақырыптарда алған білімдеріне сүйене отырып, табиғат зоналарындағы климат ерекшеліктерін, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін анықтайды. Кейін Қазақстанның физикалық картасына қарап отырып, табиғат зоналарына жататын өзендер мен көлдерді сипаттайды.

3

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді:

  1. кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.

  2. Орманды дала, дала зоналарының басты-басты өсімдіктерін дәптерге жазу.

  3. Орманды дала мен дала зоналарында қандай жануарлар мекендейді?

  4. Екі зонаны салыстыру.

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды:

  1. кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіреді.

  2. Орманды дала мен дала зоналарының ағаштарын, бұталарын, шөптесін өсімдіктерін атайды.

  3. Орманды дала мен дала зоналарына жататын жануарларды атайды.

  4. Оқушылар салыстырып қоырытындылайды.

4

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

5

Үй тапсырмасына §38 оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.























Сабақ №44

Күні:

Сынып: 8 «В»

Тақырыбы: Шөлейт және шөл зоналары.

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның шөл және шөлейт зонасының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдары (Нарын, Тайсойған, Қарақұм)

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Сонымен, екі зонаның айырмашылықтарын анықтағаннан кейін барлық табиғи зоналардың арасында бір-бірімен байланысты жағдайлар бар екенін айтады. Егер де осы жердің ауа райы аздап жылынса қалай болар еді? Мұғалім шөлейт, шөл зоналарының географиялық орнын картадан көрсетіп, оларға сипаттама беру үшін оқушыларға сұрақтар қою арқылы өздеріне сипаттама беруге ынталандырады. Кейін бұл зоналардың өсімдіктері мен жануарларын сипаттаудыоқушылардан талап етеді. Олардың арасындағы өзара байланысын сұрайды.

Күн ысыған кезде жануарлардың көпшілігі дымқылдау және салқын інге тығылады. Жазғы қуаңшылық кезеңде шөл жануарларының көпшілігі ұзақ ұйқыға кететінін айтады. олардың ұзақ уақыт су ішпей жүруге және шөлін ащы сумен қандыруға дағдыланғанын да түсіндіру керек. Шөл зонасындағы жусан, жантақ, изен т.б. өсімдіктер малға таптырмас азық екенін айтып, бұл зонадағы топырақта қарашіріік аз болғанмен минералдық заттар мол, сондықтан егістікті қолдан суару арқылы мақта, күріш, бау-бақша дақылдар өсіруден мол өнім алуға болатынын айтады.

Қазақстандағы шөлдердің түрлерін анықтау үшін мұғалім оқушылардан қандай шөлдің қандай түрлері бар, құмды шөлдерді ата деген тапсырма береді. Мұғалім картаны пайдаланып оқушылардың жауаптарын толықтырады: шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінетінін айта келіп, солтүстік шөлдерге Үстірт пен Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бепақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жататынын, ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пен Қарақұм алып жатқан Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жататынын айтады.

Оқушылар дала және орманды дала зоналары туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар шөл жануарларын өздері атап өтеді.

Оқушылар Қазақстанда құмды, сазды шөлдер бар екенін айтады. олардың ішінде Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Нарын, Мойынқұм шөлдері бар екенін айтады.

Шөл және шөлейт зоналарының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

  3. Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөлдердің атын дәптерлеріңе жаз.

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Шөл және шөлейт зоналарының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Қарақұм, Арал маңы Қарақұмы, Қызылқұм, Бетпақдала, Үстірт атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.




Сабақ №45

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Шығыс Еуропа жазығы

Мақсаты:

Білімділік: Шығыс Еуропа жазығы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Жалпы Сырт кыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) Үстіртпен, Мұғалжар

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстарынан қалыптаскан. Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстары жапқан.

Жалпы Сырт, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты Шығыс еуропа жазығының негізгі қазақсандық ірі аумақтары.

Пайдалы қазбалары: Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы - мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда Теңіз,Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы казбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т.б.) өндіріледі.

Климаты

Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -15°С, оңтүстігінде -8°С. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура -40°С-ка дейін төмендейді.

Жазы ыстық, капырык, шілденің орташа температурасы 22°-24°С. Аңызак желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.

Өзендері мен көлдері

Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері - Жайық, Ойыл, Жем. Жайық өзені Орал тауының оңтүстік беткейінен басталып, Каспий маңы ойпатына ағып шыққан соң, кең арналы өзенге айналады. Ені 300-500 м шамасында. Көктемде су тасыған кезде ондаған км-ге жайылып, кең жайылымдар мен ұсақ көлдер пайда болады. Өзен бойында тоғайлар, жайылмасында шабындық өседі. Өзен суын каналдар арқылы егістік пен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.

.

Оқушылар Ш.Е. туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Ш.Е. жануарларын өздері атап өтеді.

Ш.Е жазығынының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда жазытар бар?

  3. Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөлдердің атын дәптерлеріңе жаз.

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Шығыс Еуропа жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Жалпы Сырт кыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) Үстіртпен, Мұғалжар

атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.



Сабақ №46

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Тұран жазығы

Мақсаты:

Білімділік: Тұран жазығы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді

Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м). теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан

Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км2. Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км

Пайдалы қазбалары

Тұран жазығында пайдалы қазбалардан мұнай мен газ, құрылыс материалдары, ас тұзы, сода мол өндіріледі.

Торғай мен Іле аймақтарынан да қоңыр көмір табылған.

Климаты

Жазы ыстық, қысы суық. қаңтардың орташа температурасы солтүстікте-18°С, оңтүстікте -5°С. Қыста бұл аймаққа арктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30°- 40°С-қа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте 22°С, оңтүстікте 29°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын-шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм.

Өзендері мен көлдері Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басын Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суынОрта Азия республикаларының шексіз мақта плантацияларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдариякейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр. Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас.

Өсімдіктері, Жануарлары (қызыл жусан,теріскен, еркекшөп, жүзгін, жыңгыл, шағыр, итсигек, баялыш, сексеуіл, қара сексеуіл, қара жусан араласкан. Өсімдік жамылғысы шөлге карағанда құмды шағылдарда көбірек болады. Саздақты сорлар мен тақырлар көбіне жалаңаш келеді. Өзен атыраптарында аздаған шалғынды шөптер кездеседі.

Тұранның саздақты шөлдерін ақбөкен, қарақұйрық мекендейді, Үстіртте үстірт қойы (муфлон) кездеседі. Жыртқыш аңдарданқасқыр, түлкі, шағыл мысығы, қарақал мекендейді. Шөлді зонаға тән түрлерден қосаяқ, тышқан, кесіртке, құм тасбақасы, жылан да жиі ұшырасады


Оқушылар Т.Ж. туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Т.Ж. жануарларын өздері атап өтеді.

Т.Ж. жазығынының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

  3. Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөлдердің атын дәптерлеріңе жаз.

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Тұран жазығының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті,Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.





Сабақ №47

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығы

Мақсаты:Білімділігі: оқушылардың кең ауқымды танымын қалыптастыру.

Дамытушылығы: оқулықпен, карталарды пайдалана білуге, жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену.

Тәрбиелілігі: өз елін, жерін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. Әдісі: баяндама, салыстыру, сұрақ - жауап, оқулықпен , картамен жұмыс істеу, кестелер толтыру. Көрнектілігі: Қазақстанның физикалық, тектоникалық карталары, үлестірмелер слайд, компьютер.

1. Сабақты ұйымдастыру: Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу, әр топқа жеке тапсырма беру, жаңа материалды талқылау әдістерін түсіндіру. Сабақтың өтілу барысымен таныстыру.

2. Өткен материалды еске түсіруге арналған сұрақтар.

1. Тұран жазығының географиялық орны.

2. Маңғыстау аласа таулы өлкенің жер бедері мен геологиясы.

3. Үстірт қыратының жер бедері мен геологиясы.

4. Торғай үстіртінің жер бедері мен геологиясы.

5. Арал маңындағы құмдар.

6. Бетпақдаланың жер бедері мен геологиясы.

7. Тұран жазығының пайдалы қазбалары.

8. Тұран жазығының климаты.

9. Тұран жазығының өзендері мен көлдері.

10. Тұранның шөл аймағының өсімдігі, жануарлары.

Жаңа сабақтың мақсаты: Қазақстанның табиғаты туралы алған білімдеріне сүйеніп және Қазақстанның физикалық, тектоникалық, географиялық карталарын, оқулықты пайдалана отырып, материалды оқушылардың өздеріне талқылату.

Жоспары:

А. Берілген тапсырмаларға жауап дайындау.

Б. Салыстырмалы сипаттама.

Солтүстік Қазақ жазығы мен Шығыс. Еуропа.

В. Проблемалық сұрақтар

Сематикалық картаны толтыру.

Д. Кескін картамен жұмыс

Е. Тест

А. Жаңа сабаққа арналған тапсырмалар.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырмалар беру.

1 - тапсырма.

1 - топ тапсырмасы: Солтүстік Қазақ жазығының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылымы.

2 - топ тапсырмасы: Пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері.

3 - топ тапсырмасы: Табиғат зоналары, өсімдігі, жануары, экологиясы.

Топқа берілген 1 - тапсырма бойынша қорытындылаймын:

Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінді:

*Есілдің жазық орманды даласы.

*Тобыл - Обағанның жазық даласы.

*Есіл - Ертіс даласы

*Ертіс - Құлынды жазығы.

Пайдалы қазбалар.

O Соколов - Сарыбай, Қашар кен орнында - темір рудасы.

O Рудный қаласында байыту комбинаты.

O Әйет, Лисаков никель көмірдің мол қоры.

O Хромит, боксит, кобальт кені.

O Құрылыс материалдары.

Климаты:

Жауын - шашын 350мм

Шілденің орташа темп. +18С, +20С.

Қаңтарда -17С, -19С.

Қар қалың, орташа қалыңдығы 30-50см

Өзеңдері:

Ертіс,Есіл, Тобыл

Шағын өзендері: Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Өлеңті, Шідерті.

Көлдері: Құсмұрын, Шағалалытеңізі, Сілетітеңізі т.б.

Табиғат зоналары:

1. Орманды дала

2. Дала

Наурызым қорығы

O 1929 жылы ұйымдастырылған.

Қостанай обл. Наурызым ауданында .

Б. Салыстырмалы сипаттама

2 - тапсырма.

1 - топ тапсырмасы: Солтүстік Қазақ жазығы мен Шығыс Еуропа жазығының бір - біріне ұқсастығы.

2 - топ тапсырмасы: 2 жазықтың бір - бірінен айырмашылығы

3 - топ тапсырмасы: 2 жазықтың табиғат жағдайының қолайлы, қолайсыз жақтарын айту.

Топқа берілген 2 - тапсырма бойынша қорытындылаймын:

Екі жазықтың бір - біріне ұқсастығы:

? Екі жазықтыңда көп бөлігі Ресей территориясында жатыр.

? Екі жазықта ойпатты болып келген

? Екі жазықта төрттік дәуірге дейін теңіз астында жатқан.

? Көбіне жауын - шашын жазда болады.

? Шөгінді жыныстарының қалыңдығы 3000 м

? Екі жазықта пайдалы қазбаларға бай

? Шөгінді жыныстары ұқсас

? Ресей шекарасымен шектеседі

? Екі жазықта Орал тауымен шектеседі.

? Өзендермен тілімделіп жатыр

Екі жазықтың бір - бірінен айырмашылығы

1. Географиялық орны екі түрлі

2. Шығыс Еуропа жазығы екі дүние бөлігінде орналасқан

3. Шығыс Еуропа жазығы Каспий теңізімен шектеседі.

4. Өзендер ағысының бағыты екі түрлі

5. Тектоникалық құрылымы ұқсамайды

6. Органикалық дүниесі ұқсамайды

7. Жер бедері ұқсамайды

8. Солтүстік Қазақ жазығында өзендер мен көлдер көп

9. Солтүстік Қазақ жазығы мұздану дәуірінің әсерінде болады.

10.Солтүстік Қазақ жазығының жауын - шашын көп болды.

Шығыс Еуропа Табиғат жағдайының қолайсызы. Табиғат жағдайының қолайлысы

1.Климаты құрғақ, суға тапшы

1. Қар жұқа түседі, мал жақсы жайылады

2. Булану өте жоғары 2. Теңізбен шектесіп, балық шығарады

3. Органикалық дүниесі аз 3. Пайдалы қазбалары көп

Солтүстік Қазақ жазығы

Табиғат жағдайының қолайсызы Табиғат жағдайының қолайлысы

1. Қысы суық, ұзақ 1. Жазда жауын - шашын көп түседі

2. Көктем кеш шығады 2. Топырағы құнарлы

3. Топырақ эрозиясы жоғары 3. Пайдалы қазбалары көп 4. Органикалық дүниеге бай . 5. Жері тегіс, егіс көп егіледі.

В. Проблемалық сұрақтармен жұмыс

v Солтүстік Қазақ жазығында көлдер неліктен көп?

v Шығыс Еуропа және Солтүстік Қазақ жазығынан шыққан ақын - жазушылар

v Неліктен Шығыс Еуропаға жауын - шашын аз түседі?

v Алғашқы темір жол қай аймақта салынды?

v Шығыс Еуропа қандай табиғат ресурстарына тапшы, оны қалай шешуге болады?

С. Сематикалық картаны толтыру (Интерактивті тақтаға сызылған кестені толтыру)

Жазыққа тән сипаттама

Темір,никель Ертіс, Есіл, Тобыл Континент тігі

Тегіс жазық

Қара қоңыр

Қайың терек

Бұлан елік

Орманды дала

Құсмұрын

Климаты

Өзендері

Көлдері

Жер бедері

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары

Пайдалы қазбалары

Табиғат зоналары

Д. Кескін картамен жұмыс.

v Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері

v Пайдалы қазбалары

v Өзендері, көлдері

Е.Тест

1. Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары

O Темір,никель, көмір

O Газ,мұнай, ас тұзы

O Күміс, сынып, вольфрам.

2.Солтүстік Қазақ жазығының өзендері.

А. Жайық, Ырғыс,Ертіс

Б. Есіл,Тобыл, Ертіс.

В.Сырдария, Есіл, Торғай

3. Солтүстік Қазақ жазығындағы шілде айнының орташа температурасы

А. +14с, +16с.

Б. +30с, +35с.

В. + 18с, +20с.

4. Тобыл өзенінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы

А. 800 км

Б. 1000 км

В. 300 км

5. Солтүстік Қазақ жазығы қай бағытқа қарай еңістеу?

А. Солтүстіктен - шығысқа

Б. Солтүстіктен - оңтүстікке

В. Оңтүстіктен - солтүстікке

6. Солтүстік Қазақ жазығы неше ауданға бөлінеді ? А.4

Б.5

В.8

7. Соколов - Сарыбай кен орнында не өндіріледі ?

А Мұнай

Б. Темір

В. Көмір

8. Есіл өзені қай таудан бастау алады?

А. Орал

Б. Маңғыстау

В. Нияз

9. Солтүстік Қазақ жазығынан Солтүстік Америкадан қандай аң? А.Ондатр Б.Елік

В.Дала күзені

10. Солтүстік Қазақ жазығына қандай қорық ұйымдастырылған ?

А. Үстірт

Б. Наурызым

В. Ақсу - Жабағалы

Бағалау .

Үйге тапсырма:

1. Кесте толтыру

2. Кескін картамен жұмыс

3. Солтүстік Қазақ жазығы, параграф 42

Наурызым қорығы, мәлімет.

Тақырыбы: № 39 Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты - Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, геологиялық құрлысын, ондағы пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын, климатының ерекшеліктерін, ішкі суын, жер бедерін, табиғат байлығының арасындағы байланысты аша білуге дағдыландыру;
Дамытушылық мақсаты - Өз бетімен білім алу қабілеттілігін дамыту. Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастарын, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты - Табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғат әсемдігін сезіну мен сүюге баулу негізінде сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: оқыта-үйрету, деңгейлеп, саралап оқыту әдісін қолдану, сұрақ- жауап баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Слайд - фильм, Қазақстанның физикалық, климаттық картасы.
Сабақтың барысы:
I кезең - ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
II кезең - үй тапсырмасын тексеру. Тест, географиялық диктант, карточка.
I - нұсқа
1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қандай бөлігі енеді?
2. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
3. Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?
4. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзендері?
5. Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған
III кезең - жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

1. Географиялық орны. Сарыарқа - өзіндік табиғи бітім-болмысымен дараланатын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып-жасарған мекеннің бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. Егер Қазақстанның географиялық картасына зер салсақ, оның орта тұсынан мыңдаған шақырымға созылған адырлы аймақты көреміз. Солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде Тұран ойпатымен, шығысында Сауыр Тарбағатай тауы жүйесімен, батысында Торғай жазығына дейін созылған, алып жонды ертеден-ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазы атамыздың «Сарыарқа» атты күйі бар. Бұл күйде алтын даланың суреті бейнеленіп қана қоймай, Сарыарқада еркіндік ізденген қазақ халқының жаны бар.
Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері толық, Солтүстік Қазақстан (оңтүстік бөлігі), Павлодар, Шығыс Қазақстан (батыс бөлігі), Қостанай облыстарының біраз жері кіреді. Батыс бөлігінің ені 900 шақырымнан астам, шығыс бөлігінің ені 400 шақырымға жуық. Сарыарқа - аласа таулы, төбелі, қырқалы, шоқылы, бұйратты жазық.
Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.
2. Геологиялық құрылысы, жер бедері. Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген. Облыс аумағының геологиялық дамуы күрделі және ұзақ болды, сондықтан ол тектоникалық күрделігімен және құрылым элементтерінің жастық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл бөліктегі ең биік тау - Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң (1565м).
Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).
Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.
Егерде тарихқа сүйенсек «Қарқаралы» деген атау, «Қарқары» деген ертедегі қазақ қыздарының бас киімінен шыққан.
Одан кейін Кент тауы, оның ең биік нүктесі Шаңкөз (1460м),
Одан әрірек Баянауыл (950м). Баянауыл территортясында Баянауыл ұлттық саябақ орналасқан. Шығысында Шыңғыстау тауы орналасқан (1300м). Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Сарыарқаның территориясында тегіс және ойыс жерлер көп. Мұндағы ірі ойыс - Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).
3.Пайдалы қазбалары. Сарыарқа - пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өңдірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі метталлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Ақсуда ас тұзы өндіріледі.
4. Климаты. Сарыарқа Еуразияның орталығында орналасқан. Оған айтарлықтай дәрежеде радияциялық факторларға тәуелді шұғыл континенттік, ылғалдығы жеткіліксіз климат, сондай-ақ оңтүстікке қарай тез өсіп отыратын қуаңшылық тән.
Сарыарқаның солтүстігінде қаңтардың орташа ауа температурасы -22°, оңтүстігінде-150, шілдеде тиісінше 20° және 25°. Қысқы минимум температура -50° дейін болады, ал жазғы максимум температура 40°-тан асады. Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы 35°-тан артады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 300-350 мм, оңтүстігінде 150-200 мм. Аласатаулы алқаптар ылғалды желдердің бір бөлігін ұстап қалады және сондақтан Көкшетау мен Қарқаралы алқаптарында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері көпжылдық есеп бойынша 400 мм-ден артады. Жауын-шашынның басым бөлігі солтүстігі мен орталық бөлігінде жылы кезеңге, ал оңтүстігінде қыс мерзіміне келеді. Солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның орта кезінде, ал оңтүстігінде әдеттегідей желтоқсанда түседі. Булану барлық жерде жауын-шашынның мөлшерінен асып тұрады.
5. Өзендері мен көлдері. Басты өзендері - Есіл, Нұра, Сарысу, Тоқырауын т. б. Өзендері қар суымен қоректенеді, көктемде тасып, жазда құрғап кетеді. Негізгі көлі Бурабай.
6. Табиғат зоналары. Сарыарқа жері дала, шөлейт, шөл зоналарына кіреді.
Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған.
7. Өсімдіктері мен жануарлары. Сарыарқаның жануарлар әлемі далалар мен аласа таулы өлкелерді, сондай-ақ, көптеген тұрақты және уақытша су көздері - өзендер мен көлдерді мекендейтін түрлерге бай. Орманды-далалы өңірлерде кеміргіштерден түрлі тышқандар; жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр; қояндардың ақ және сұр түрлері; тұяқтылардан елік пен бұлан кең тараған. Кәсіптік-аңшылық мәні бар құстардан бұлдырық пен шіл, құр көп болса, жыртқыш құстардан қаршығалар мен мола бүркіті жиі кездеседі. Далалық өлкелерде кеміргіштерден суыр мен саршұнақ; жыртқыштардан дала күзені; құстардан бозторғай; қанатты жыртқыштардан дала бүркіті мен тұрымтай көбейе түседі. Сарыарқаның оңтүстігіне қарай құм тышқаны мен қосаяқ, шөлейт қасқыры мен шөлейт аккісі, әсіресе рептилиялардан сұр геккон, дала агамасы, жүйрік кесіртке сияқты шөл мен шөлейт жануарлары кеңірек тарайды. Өзен-көлдерде шортан, аққайран, табан, т.б. көптеген балық түрлері бар.

IV кезең Бекіту сұрақтары.
1. Сарыарқаның ең биік тауы? (Қызыларай)
2. Сарыарқа қандай аудандармен шектеседі? (Солт. Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр)
3. Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады? (Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау)
4. Қарқаралы тауының шығу тарихы? (Қарқара қазақ қыздарының бас киім)
5. Сарыарқа өлкесінде қандай пайдалы қазбалар бар? (Тас көмір, мыс, темір, марганец)
6. Сарыарқаның негізгі өзендері? (Есіл, Нұра, Сарысу)
7. Сарыарқада қандай жануарлар мекендейді? (Қасқыр, түлкі, киік, дала тышқаны)
8. Сарыарқада 1968 жылы құрылған қорық? (Қорғалжын)

V кезең Үйге тапсырма: № 43 Сарыарқа. Пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру.
VI кезең - бағалау кезеңі
VII кезең - қорытындылау


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Орал тауы

Мақсаты:

Білімділік: Тұран жазығы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Мұғалжар тауы Үлкен Боқтыбай Айрық Атжақсы Жамантау

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Орал тауы қазақстанның батысында орналасқан ежелгі тау. Оған Мұғалжар тауы Үлкен Боқтыбай Айрық Атжақсы Жамантау кіреді

Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да,Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді.

Пайдалы қазбалары

қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау,Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар.

Климаты

Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді.

Су қоры

Таудан бірқатар өзендер (Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды) ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады.

Өсімдіктері мен жануарлары

Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Мұғалжардың ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырақ жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады. Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан түрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі,сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі

Оқушылар Орал тауының туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.

Т Орал тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына шөлейт және шөл зоналарының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда шөлдің қандай түрлері бар?

  3. Орал тауының биік нүктелері?

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Орал тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Мұғалжар тауы Үлкен Боқтыбай Айрық Атжақсы Жамантау атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.



Сабақтың тақырыбы: Алтай тауы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту;

Тәрбиелік:

Биік таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу;

Дамытушылық:

Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп биік тауларға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту;

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Сабақ әдісі:

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, сызбалар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:

әдебиет, география, экология, эстетика т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабақ қатысымдарын тексеремін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақ: «Орал тауы»



о



р



а



л



т


а



у


ы

1.Орал тауының биік нүктесі?

2.Тауды екіге бөліп жатқан ойыс?

3.Орал тауының оңтүстік бөлігі?

4.Таудағы өзен?

5.Таудағы кен орыны?

6.Биік нүктелерінің бірі?

7.Өсімдіктің аты?

8.Орал тауынан бастау алатын өзен?

Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақтары:

1.Тау қай қаланың тұсынан басталады?

2.Орал тауының қай бөлігі кіреді?

3.Мұжалжар тауының ұзындығы мен ені?

4.Таудың қойнауындағы пайдалы қазбалар?

5.Климаты қандай, жылдық жауын-шашын мөлшері?

6.Қандай өсімдіктер мен жануарлар кездеседі?

III.Жаңа сабақ

Алтай тауы

  • Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке.Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр.Оны Оңтүстік Алтай,Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады

Алтай

Оңтүстік Батыс, Кенді Қалба жотасы

Мұзтау(4506м) Сарышоқы(1606м)

Оңтүстік Алтай

  • Солтүстігінде Бұқтырма өзені,оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) .Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қара мен мұздықтар басқан үшкір шыңды бөліп келеді.

Батыс және Кенді Алтай

  • Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олардың бастылары:Листвяга, Холзун,Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов,Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.

Қалба жотасы

  • Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі.Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м ).Батысында жота бірте-бірте аласарып,Сарыарқаға ұласып кетті.

Пайдалы қазбалары : Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пен сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металл бар

Климаты : Климаты қоңыржай континентті.

Шілденің орташа t° +19+22°C

ал 1000 метр биіктікте +16+14°C

2500-2700 метр биіктікте +7+5°С

Қыс айларындағы орташа t° -15°C кей қазаншұңқұрларда -40°С дейін жетеді.

Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм

Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.

Өзендері мен көлдері :Алтайдың ең басты өзені - Ертіс.Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма,Үлбі т.б өзендер құяды.

Алтай көлге бай.Бұқтырма, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл.Ең үлкені Жайсан (ауданы 5510км кв)

Алтай тауында 328 мұздық бар.Жалпы ауданы 89,6 км кв

Өсімдіктері мен жануарлары: Орман алқаптарында: май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын. Жануарлары: аю, қабан, бұғы,таутеке, қар барысы мекендейді.

Географиялық диктант

1.Алтай ........ ойпатының басталып, ........... көліне дейінгі аралықты алып жатыр.Оның оңтүстігін ............... өзені мен .......... көлі, батысы ..........жотасы.

2.Жер бедерінің ерекшелігіне қарай .............. Алтай ....... ауданға бөлінеді.Олар - ..........., ............... және ................

3.Алтайдың қазақстандық бөлігінінің климаты ................................Шілдеде аласа тау беткейлерінде .............. болса, 1000 м биіктікте ................, 2500-2700 м биіктікте .....................аспайды.

4.Алтай өлкесі аңға бай.Орманда .................... өсіретін шаруашылықтары бар.Шығыс қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын қорғау мақсатында .............. жылы .................. қорығы ұйымдастырылды.

5..........................- Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен ........... биіктікте орналасқан. Ребусты шешіңдер:

Поурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакша,,,, ,,, ,,,, , ,,

Поурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакша


Жауабы: ............................

,,,, ,,

Поурочные планы по географии казакшаПоурочные планы по географии казакша

ы

Жауабы: ...................................................


VI. Бекіту сұрақтары:

  1. Алтайдың Қазақстандық бөлігі нешеге бөлінеді?

  2. А


    Л


    т


    а


    й


    Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі?

  3. Оңтүстік Алтай солтүстігінде қандай өзенмен шектеседі?

  4. Кенді Алтай қандай жоталардан тұрады?

  5. Қалба жотасының ең биік нүктесі?

  6. Алтайдан қандай пайдалы қазбалар алынады?

  7. Алтай тауының ең үлкен өзені?

  8. Көлдердің ең үлкені?

V.Сабақты қорытындылау:

1.Алтайдағы жота.

2.Ертіс өзенінің солтүстігіндегі жота.

3.Алтайдағы басты өзен.

4.Жоталардың бірі.

5.Алтайдағы көл.

VI. Үйге тапсырма: тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз

VII. Бағалау: Сабаққа жақсы араласып, белсенген оқушыларды бағалаймын

Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Жоңғар Алатауы

Мақсаты:

Білімділік: Жоңғар Алатауы ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Бесбақан, Мүзтау , Тастау, Мыңшүңқыр, Күнгей, Сайқан, Текелі

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Cолтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл казаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-250 км. Жетісу Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротола өзендері бөліп жатады. Осы екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.

Жоңғар Алатауы қазақстанның батысында орналасқан ежелгі тау. Оған Бесбақан, Мүзтау , Тастау, Мыңшүңқыр, Күнгей, Сайқан, Текелі жоталары кіреді

Жер бедері, геологиялық құрылысы

Оңтүстік Жетісу тау жүйесінің Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Қазақстан шекарасына таянған жерде Оркашар Барлык тауымен (3300 м) жалғаса отырып,

қарай Боротола өзеніне дейін Қытай -Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жоңғар Алатауы асимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.

ЖоңғарАлатауының қазақстандык бөлігі осы кақпаның батысынан басталады да, батыска

Жңғар Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Оның жоталары кембрийгедейінгі граниттер мен кристалды тақтатастардан түзілген.

Климаты, өзендері мен мүздықтары

Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм.

Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.

Жоңғар Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу) Балқашқабағытталған.

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары

Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтар кездеседі.


Оқушылар Жоңғар Алатауы туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.

Жоңғар Алатауы тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына Жоңғар Алатауының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда таудың қандай түрлері бар?

  3. Жоңғар Алатауыныңбиік нүктелері?

  4. өсімдіктер шөлге қалай бейімделген?

  5. Жоңғар Алатауы тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Бесбақан, Мүзтау , Тастау, Мыңшүңқыр, Күнгей, Сайқан, Текелі атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Сауыр-Тарбағатай

Мақсаты:

Білімділік: Сауыр-Тарбағатай ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның Тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Жайсан ,Қоңыр, Шілікті, Аягөз ,Қандысу, Жоғарғы Еміл

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Жайсан ,Қоңыр, Шілікті, Аягөз ,Қандысу, Жоғарғы Еміл

Жер бедері, геологиялық құрылысыСауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мүзтау (3816 м). Жотаның Қазакстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі кұз жар-тасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар.

Климаты мен өзендері

Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау

Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа карай қуаңдау.

Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Ұржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балкаш көліне жетеді.

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары

Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады.

Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі.

Жануарлар дүниесі жағынан Сауыр мен Тарбағатай, Алтай мен Тянь-Шаньның аралық ауданын кұрайды. Оны қоңыр аю, бүғы,елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі және т.б. аңдар мекендейді. Бұл жерде «Қазакстанның Қызыл кітабына» енген жолақты қарашүбар жылан, ақбас тырна, дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ұлар, бүркіт, лашын, ителгі, үкі және т.б. ұшырасады.


Оқушылар Сауыр-Тарбағатай туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.

Сауыр-Тарбағатай тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына Жоңғар Алатауының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда таудың қандай түрлері бар?

  3. Сауыр-Тарбағатай биік нүктелері?

  4. Сауыр-Тарбағатай тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Жайсан ,Қоңыр, Шілікті, Аягөз ,Қандысу, Жоғарғы Еміл атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.




Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Тянь-Шань

Мақсаты:

Білімділік: Тянь-Шань ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Географиялық орны Тянь-Шань Тянь-Шаньның орталық бөлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс жоталарыҚазақстанға, оңүстік-батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайғақарайды. Батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань (қыт. тянь - аспан, шань - тау), Тәңіртау - Азияның орталық бөлігіндегі аса ірі тау жүйесі.

Жер бедері, геологиялық құрылысыСолтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың метрден биік: Теріскей Алатауы (5218 м), Қле Алатауы (4973 м), Қырғыз Алатауы (4875 м).

Бұл бүкіл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Әсіресе, оның шығыс бөлігі барынша биік (Жеңіс шыңы - 7439 м, Хан Тәңірі - 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт деп аталатын беті белесті, 3000 - 4000 метр биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен қоршалған тау қыраттары тән.

Климаты мен өзендеріШілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20 - 25С, орта өңірде 15 - 17С, биік тау басында 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде -2 - 4С (оңтүстікте), -6 - 8С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады

. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз - сәуір) тура келеді. Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей).

Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарларықызғылт қоңыр және қоңыр топырақта астық тұқымдас түрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу, бетеге, өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі.

Тянь-Шань табиғаты мен оның өзіне тән өсімдіктер, жануарлар дүниесін қорғау үшін бірнеше корықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Олардың ішіндеАқсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931) қорықтары үлкен орын алады. 1996 жылыАлматы маңы Іле Алатауының ұлттық паркі кұрылды.

.


Оқушылар Тянь-Шань туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де жауын-шашын мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте өсімдік, жануарлар, топырақ түрлерінің өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге зоналардың климатын, өзендерін, топырағын, өсімдік пен жануарларын анықтайды. Алдымен оқушылар шөл зонасында өсетін өсімдіктердің түрлерін (сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, жусан) суреттен қарай отырып, бұл өсімдіктердің шөлді жерде өсуіне қандай бейімділігі бар екенін оқушылардан сұрағаннан кейін, олар бұл өсімдіктерінің жапырақтары тікенекке айналғанын, тамыры ұзын болатынын айтады. Оқушылар шөл зонасының климаты мен өсімдіктерінің өзгеруіне сәйкес жануарлар дүниесі де өзгеше болатынын, ондағы жануарлар да шөлдің табиғат жағдайына жақсы бейімделгенін айтуға тырысу керек. Оқушылар Орал тауының. жануарларын өздері атап өтеді.

Тянь-Шань тауының жануарлар дүниесіне тоқталып, оқушылардың іздену жұмыстарын тыңдайды, Қызыл Кітапқа енген жануарлар дүниесіне тоқталады. Оқушылар осы зонадағы қорықтарды атап, олар не мақсатпен ұйымдастырылғаны туралы өткен сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып айтады, өз пікірлерін ортаға салады.

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Климатының ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына Жоңғар Алатауының шекараларын сызыңдар.

  2. Қазақстанда таудың қандай түрлері бар?

  3. Сауыр-Тарбағатай биік нүктелері?

  4. Сауыр-Тарбағатай тауының жануарлары қорғану үшін қандай бейімділікке ие болған?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Табиғи қорлар және өндіріс

Мақсаты:

Білімділік: Табиғи қорлар және өндіріске сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда табиғат зоналарының қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалануОтын-энергетикалық қорлар

Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі

Минералдық қорлар

Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.

Климаттық қорлар

Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді.

Су қорлары

Қазақстанның су корларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздақтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар

Топырақ-өсімдік қорлары

топырақ, осімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл кор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.

Жануарлар дүниесінің қорлары

Республика аумағында омырткалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған. Олардың ішінде сүтқоректілердің 172 түрі, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, балықтардың 150 түрі кездеседі. Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 50 мыңнан асады.

.

.


Оқушылар Табиғи қорлар - туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де Табиғи қорлар - мөлшері өзгерсе ол бірте-бірте адам баласының тірлігіне өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге қазақстандағы табиғи қорларға шолу жасайды . Алдымен оқушылар Табиғи қорларды топтары бойынша атлас карда апйдалы қазбалар картасын пайдалана отыра әр қорлардың таралу географиясын анықтайды..

Пайдалы қазбалардың таралу географиясына тоқталады.

Табиғи қорлар - ерекшелігімен таныса отырып оның қалыптасуына әсер ететін факторларға баға береді.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі минералдық қорларды түсіріңдер.

  2. Табиғи қор дегеніміз не?

  3. Табиғи қорлар дың біздің облыста қай түрі басым?

  4. Су қорлары қай жерде аз?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Адам экологиясы. Адам тіршілігіне экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Мақсаты:

Білімділік: Адам экологиясы. Адам тіршілігіне экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

проблемаларға сипаттама беру. . Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда экологиялық проблемалардың қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Адам экологиясы, а н т р о п о э к о л о г и я - 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) және адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы;

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін, адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек

Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады

Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады.

Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон»қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде.

Мысалы, өнеркәсіпті қалаларға қарағанда шеткі ауылдарда ауа аз ластанған. Ал керісінше, орталықтандырылған су құбырлар жүйесінің болуына байланысты қалаларда ауыз судың сапасы жақсы.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін және металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар,Арал маңы, ядролық полигон аймағы кіреді. Экологиялық аудандардың екінші тобына ауыл шаруашылығы дамыған аудандар жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер қорларының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған. Экологиялық жағдайы басқалармен салыстырғанда біршама қолайлы аудандарға табиғат ландшафтылары аз өзгеріске ұшыраған, негізінен орманды дала мен таулы аймақтар жатады.

Оқушылар Адам экологиясы. Адам тіршілігіне экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

- туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де Табиғи орта- өзгерсе ол бірте-бірте адам баласының тірлігіне өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге қазақстандағы табиғи қорларға шолу жасайды . Алдымен оқушылар экологиялық тұрғыда нашарлаған топтары бойынша атлас картасын пайдалана отыра әр өндіріс әсерінен экологиялық апатта қалаларды анықтай отырып мәселені шешу жолдарын анықтауды үйрету.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандарды жеке жеке жіктеу.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

  2. Экология дегеніміз не??

  3. Қалалардағы дағдарыстың басты себептері?

  4. Экологиялық қолайлы аумақтарды анықта?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары

Мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның экологиялық проблемаларына сипаттама беру. . Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда экологиялық проблемалардың қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет.

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесіндеатмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатынкөксерке балықтарының кеміп кетуі;

осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Аралдың экологиялық проблемасы

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген.

Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады.

Оқушылар Адам экологиясы. Адам тіршілігіне экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

- туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де Табиғи орта- өзгерсе ол бірте-бірте адам баласының тірлігіне өзгеруіне әсерін тигізеді.

Оқушылар бұрын алған білімдеріне сүйене отырып, мұғаліммен бірге қазақстандағы табиғи қорларға шолу жасайды . Алдымен оқушылар экологиялық тұрғыда нашарлаған топтары бойынша атлас картасын пайдалана отыра әр өндіріс әсерінен экологиялық апатта қалаларды анықтай отырып мәселені шешу жолдарын анықтауды үйрету.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады:

  • экологиялық жағдайы нашар аудандар;

  • экологиялық жағдайы орташа аудандар;

  • экологиялық жагдайы салыстырмалы жақсы аудандарды жеке жеке жіктеу.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

  2. Экология дегеніміз не??

  3. Қалалардағы дағдарыстың басты себептері?

  4. Экологиялық қолайлы аумақтарды анықта?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Яғни кескін картаға табғиғ зоналардың шекараларын дұрыс түсіруге тырысады.

Кейін Қазақстанда құмды, сазды, тасты шөлдер бар екенін айтады. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатау, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле атауларын дәптерлеріне жазып алады.

Бұл зоналардағы өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне тоқталады. Оларды қорғау үшін қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылады.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.



Сабақ №

Күні:

Сынып:

Тақырыбы: Апатты табиғи құбылыстар

Мақсаты:

Білімділік: Апатты табиғи құбылыстарға сипаттама беру. . Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Апатты табиғи құбылыстар әсерімен болатын ірі апаттардың қоршаған орта мен адам өміріне қаупін түсіну

Дамытушылық: Оқушыларды тақырыптық карталарды салыстыра отырып Қазақстанда экологиялық проблемалардың қалыптасу жағдайын өздіктерінен анықтауға дағдыландыру. Проблемалық жағдайлар туғызу арқылы оқушы көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қазақстанның тауларының экологиялық проблемалармен таныса келе, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу.Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар, Қазақстанның физикалық картасы. Қызыл кітапқа кірген өсімдіктер мен жануарлар суреттері.

Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Бағалау кезеңі

2. Тақырыпты меңгеру кезеңі 5. Үй тапсырмасын беру кезеңі

3. Тақырыпты бекіту кезеңі 6. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Мұғалім оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

2

Табиғат апаттары (Стихийное бедствие) - алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай эндогенді (ішкі) және экзогенді(сыртқы) деп бөлуге болады. Эндогенді құбылыстар жер қыртысындағы өзгерістерден (жер сілкіну) туады. Қазақстанның оңтүстігіндегі биік таулар әлі калыптасып бітпеген жас таулар болғандықтан, сейсмикалық ауданға жатады. Сондықтан бұл аймақта жиі жер сілкінулер болып түрады. Мысалы, Алматыда 1889, 1911 жылдары апатты жер сілкіну болған.

Экзогенді апаттарға көбінесе адам әрекеті себепші болады. Республикамызда таулы аудандардың болуына байланысты сел, қар көшкіндері құбылыстары байқалады. Біздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулы аймақтарда 2724 мұздық бар. Осылардың еруінен және қардың қалың түсуіне байланысты күшті селтасқындары болып түрады.

Республиканың климат ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер жиі болады. Аңызақ Желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа төтеп беретіндей етіп салу, елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық) апат әкелетін өзгерістерді (теңіз деңгейінің көтерілуі, жұттардың болуы және т.б.) ескерген жөн.

Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау - озық қоғамның алғышарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаган орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз.

Оқушылар Табиғат апаттары Адам тіршілігіне келтіретін зияны мен шығындарымен танысады

- туралы білімдерін еске түсіргеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін мұқият тыңдап отырады. Осы жерде мұғалімнің сұрағына оқушылар өз пікірлерін айтады. Егер де Табиғат апаттары туындаған жағдайда не істейді, оның түрлерімен танысады. өзгерсе ол бірте-бірте адам баласының тірлігіне өзгеруіне әсерін тигізеді.

Жер сілкінуді алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының көмегімен (мінез-құлықтарының өзгерістеріне негізделген) жер сілкінуге болжам жасалады, оның тез таралыу жолдарын қарастырады.

3

Мұғалім жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар береді:

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

  2. Табиғи апатты құбылыс дегеніміз не??

  3. Табиғи апатты құбылыс басты себептері?

  4. Табиғи апатты құбылыс пайда болуына қарай түрлеріне сипаттама бер?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына оқулық пен тақырыптық карталарды пайдалана отырып жауап береді. Мұнда олар ең алдымен кескіноқулықпен басқада ақпараттармен жұмыс істейді.

Қазақстанда болатын батсы табиғи апаттар түрлерімне танысады. Олардан қорғану жолдарын анықтап қаратсыдады.

.

4

Оқушылардың сабақ үстіндегі оқу әрекетіне байланысты, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырып алады.

5

Үй тапсырмасына осы төрт зона туралы кесте толтыру. Тақырыпты қайталау.

6

Сабақтың артықшылықтары мен кмшіліктерін анықтап сабақты қорытындылайды.

Оқушылар сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақтың қызықты жерлерін айтып, сабақты қорытындылайды.


Тақырыбы:Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың тиімділігі
Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың тиімділігі ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам?
Құралжабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қазақстанның кескін картасына негізгі экологиялық ахуалы мүшкіл аумақтарды түсіріңдер.

  2. Табиғи апатты құбылыс дегеніміз не??

  3. Табиғи апатты құбылыс басты себептері?

Табиғи апатты құбылыс пайда болуына қарай түрлеріне сипаттама бер

ІІІ Жаңа сабақ

Табиғаттың болашақта өзгеру сипаты, адамның шаруашылық әрекетінің табиғатқа әсері, адамзаттың тағдыры сияқты мәселелер көптеген зерттеушілерді ойландырады. Сондықтан кез келген нысанды жобалауда алдын ала ғылыми болжамдардың қажет екендігі өз-өзінен түсінікті. Ғалымдардың болжамдары табиғаттың өзгеруіне талдау жасаумен бірге, болашақта адам әрекетінің сипаты кандай болуы керектігі жөнінде құнды мәліметтердін салаларын да қамтиды. Болжамдар бойынша, болашақта отын-энергетикалық және минералды қорлар мөлшері таусылады. Оған сәйкес өнеркәсіптің өсуі де төмендейді. Бұл жағдайды болдырмау үшін жер қойнауынан алынатын қазба байлықтарды өндіруде экономикалық тиімділігі мен қорын ескеріп, оларды ұтымды пайдалану тиімді.

Ауыл шаруашылығын дамытуда жер және су қорларын өсімдік байлықтарының өзгеру сипаты мен оған әсер ететін факторлар кешенді түрде қарастырылуы кажет. Кез келген өндірістің жобасы жан-жақты ғылыми болжамдарға сүйенгенде ғана тиімді болады. Мысалы, Қапшағай бөгенінің жобасында табиғат ерекшеліктері, олардың өзгеруінен болатын зардаптар мен материалдық шығындар ескерілмегендіктен, табиғи ортаға үлкен зиян тиіп отыр. Сол сияқты ірі өнеркәсіп орындарын орналастыруда оның айналасындағы ортаның құрам бөліктеріне әсері алдын ала жан-жақты ғылыми жағынан болжануы қажет. Мысалы, табиғат ерекшеліктерін ескермей, Алматы қаласында ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру қаланың экологиялық жағдайын нашарлатты. Табиғаттағы кездейсоқ апатты құбылыстарды алдын ала болжау жасау көп материалдық және адам шығынын болдырмауға көмектеседі. Мысалы, сейсмикалық аймақта орналасқан Қазақстанның таулы аудандары үшін мұның маңызы зор. Минералды су көздерін игеруде, курорт шаруашылығын өркендетуде де кешенді ғылыми болжамдар қажет. Ғылыми болжамдар табиғаттың байлықтарын дұрыс пайдалануға көмектесумен қатар, адамзат болашағы туралы мәселеде де маңызы зор. В.И. Вернадский «адамзат өркениеті үзіліп, жойылып кетуі мүмкін емес» деген болатын. Табиғи қорлар таусылған құнның өзінде адамзат ғылыми болжамдар арқылы жаңа шикізат, энергия көздерін анықтап, өз мұқтаждарын қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан аумағын шаруашылық жағынан игерудің қарқыны артты. Сондықтан сол аймаққа тән табиғи ландшафтылардың белгілі бір кайталанбас бөліктерін сақтап қалу мақсатында қорғалатын аумақтар ұйымдастыру кажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан құнды ұлттық байлығымыз болып саналады. Қазіргі кезде бір-бірімен тығыз байланысты табиғат құрам бөліктерінің жүйесі ретінде ландшафтыларды қорғау мәселесі ғылыми бағыт алды. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған«Ерекше корғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңы ерекше корғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтык, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді. Осы Заңның 1-бабында ерекше қорғалатын аумақтарға мынадай анықтама берілген: «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері». Сонымен қатар бүрыннан бар қорғалатын аумақтардың санын арттырып, аумағын үлғайту мәселесі қойылуда. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға:

  • 1. Мемлекеттік табиғи қорықтар;

  • 2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар;

- мемлекеттік табиғи резерваттар;

  • 3. Мемлекеттік табиғи саябақтар;

  • 4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

  • 5. Мемлекеттік қорық өңірлері;

  • 6. Мемлекеттік табиғи корықшалар;

  • 7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар;

  • 8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар;

  • 9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар;

  • 10. Мемлекеттік корғалатын табиғи аумақтардың ормандары;

  • 11. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су коймалары;

  • 12. Халықаралык маңызы бар сулы-батпақты алқаптар;

  • 13. Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды үлескілері

ІҮБағалау

Ү.Қорытынды «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері» сондықтан осы аумақты келер ұрпаққа сақтап қалу әрбір азаматтың парызы.

ҮІ. Үй тапсырмасы Оқулық материалымен жұмыс жасау. Өзі өлкелеріндегі ерекше қорғауға алынған аумақ туралы деректер әкелу.

Тақырыбы:Қорықтар. Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Қазақстандағы Ұлттық саябақтар мен қорықшалардың ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам?
Құралжабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау

    1. Қазақстандағы табиғи апатты аумақтар қай жерлерде таралыған?

    2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі қабылданған заңның негізгі мазмұны?

    3. Табиғи апатты құбылыс басты себептері?

  1. Табиғи апатты құбылыс пайда болуына қарай түрлеріне сипаттама бер

ІІІ Жаңа сабақ

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазакстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы. Қазіргі таңда қазақстанда жұмыс жасайтын қорықтар:

Ақсу-Жабағылы қорығы

1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр

Наурызым қорығы

1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191,4 мың гектаржерді алып жатыр

Алматы қорығы

1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. ]Барсакелмес қорығы

Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар

Қорғалжың қорығы

1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр.

Марқакөл қорығы

1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар,

Үстірт

Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектарреспубликадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан.

Батыс Алтай қорығы

1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің

Алакөл қорығы

1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты

Қаратау қорығы

2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың

Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық парк ұйымдастырылған.

ІҮБағалау

Ү.Қорытынды «Ерекше корғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи қорық қорын сактау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы үлескілері» сондықтан осы аумақты келер ұрпаққа сақтап қалу әрбір азаматтың парызы.

ҮІ. Үй тапсырмасы Оқулық материалымен жұмыс жасау. Өзі өлкелеріндегі ерекше қорғауға алынған аумақ туралы деректер әкелу.

Тақырыбы:Табиғатты пайдалану мен қорғаудың негіздері
Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Еліміздегі табиғатты қорғаудағы жасалып жатқан шаралармен заңдардың ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам?
Құралжабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау

  1. Қазақстандағы қорықшалардың қызметі?

  2. Қорықпен қорықшаның айырмашылығы

  3. Баянауыл ұлттық бағы туралы не білесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ

Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзарабайланыстылығы мен өзаратәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір құбылыс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзарабайланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.

Табиғат пен қоғамның өзараәсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзарабайланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процессін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзарабайланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.

Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. табиғат қорғаудың жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы нақты өзарабайланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған.. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.

Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзарабайланысынан бірнеше ережелер шығады:

1. барлық табиғат құбылыстарының көптеген әмндері бар;

2. рационалдық ереже;

3.жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі,кешенді міндет.

Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып, өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған , өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін , ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.

Ол гректің "oicos"-"үй, мекен, жай" деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.

Экология терминін ғылымға бірінші болып енгізген 1866 ж. белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Эрнест Геккель. Э.Геккель экологияға мынандай анықтама берді . Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортаға басқа органикалық және органикалық емес заттардың ара қатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың , олардың достары мен жауларының бір-бірімен байланыстарын зерттеу.

Сонымен , қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған.

ІҮБағалау

Ү.Қорытынды Сонымен , қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған.

ҮІ. Үй тапсырмасы Оқулық материалымен жұмыс жасау. Өзі өлкелеріндегі ерекше қорғауға алынған аумақ туралы деректер әкелу.





© 2010-2022