Құтты болсын жыл басы Әз-Наурыз!

 Жыл басы -Наурыз!  Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;  Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге  тәрбиелеу;  Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.  Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.  Барысы:  І Кіріспе  Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:  «Наурыз құтты болсын!»  «Жыл басы- наурыз...
Раздел География
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Дәншік» балабақшасы.

«ЛӘЙЛЕК» екінші сәбилер тобы

«Жыл басы -Наурыз!»

Өткізген: Ракишева А

Корпешова Ш

Музыка жетекшісі: Бекмұрат А

Құтты болсын жыл басы Әз-Наурыз!



Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт -дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы- наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Балалар қазір қай жыл мезгілі?

Көктем

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы.

Күн жылыды, қар еріді, табиғат жаңаруда балалар.

Әсем әуенмен КӨКТЕМ қонаққа келеді.

Көктем.
Көктем келді қуантып,
Сай - салаға су толды.
Құстар ұшып келгенде,
Барлық бала мәз болды.

Сәлемсіздер ме?!

Ән «Көктем келді»

Тақпақтар

Көктем : Мен сендерге қызықты ойын әкелдім «Краусель»

Би: «Қамажай»

Тәрбиеші: Наурыз мейрамында ұлттық ойындар ойнатылады. Сендер қандай ұлттық ойындарды атап бере аласыңдар?

«Қыз қуу», «Арқан тарту.» «Ақсерек-көксерек.» «Қуыр-қуыр қуырмаш.» тағы сол сияқты көп ойындар бар.

Ойын :«Арқан тарту»

Ән: «Наурыз келді Жаңа Жыл»

Шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Алақанда ашайық,

Жүрек жылуын салайық.

Күннің нұрын салайық,

Осы жақсы лебізді бір-бірімізге сыйлайық!

Би: «Қара жорға»

Көктем сыйлық беріп қошасып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Ата батасын береді.

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Назарларыңызғы рахмет!!!

© 2010-2022