Жанартаулар

Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады. Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты бірақ тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады. Қала көшелерінде жанартаудың күлі басып қалды.Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды.Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті салынды. Бұл сурет қазір Мәскеуде Трьетяков галереясында сақтаулы.Бірнеше ғасыр өткеннен кейін адамдар-археологтар – Помпей мен Г...
Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖанартауларӨтес орта мектебі















(6 «Б» сыныбындағы ашық көрнекі сабақ)







Өткізген: Нәдірова Гүлсім





2012-2013 оқу жылы

Сабақ: №19 Бекітемін:________________ _____

Сыныптар: 6 «Б» Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Мырзабайұлы Қ

Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер, бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты - Жанартаулардың географиялық координатасын анықтау арқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай дамыту.

Тәрбиелік мақсаты - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Д|ж физикалық картасы, жанартау макеттері, слаидтар жанартау түрлері бар плакаттар суретжанартау түрлері бар плакаттар суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдістері: Сөздік (сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру) көрнекілік(картадан көрсете білу, слаидтар көрсету), практикалық(географиялық координата анықтау)

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру

ІІ кезең - үй тапсырмасын сұрау

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгерту

IV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту

V кезең - үйге тапсырма

VІ кезең - бағалау

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғалім сөзі.

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше саяхат сабақ түрінде өтеді. Мен барлығыңызды жер қойнауына саяхат жасауға шақырамын. Ал енді жақсы көңілмен бір-бірімізге күлімдеп қараймыз да, ізденіс және шығармашылықпен сабағымызды бастаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын біздер білім қорын қоржынымызға жинаймыз. Себебі бізге жолда олар саяхаттау үшін керек болады. Ол үшін сіздерге шаңырақ кестесі арқылы сұрақтар қоямын және сөзжұмбақ шешуді тапсырамын. Бұл тапсырмаларда өткен сабақтың қоры жинақталған.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Жанартаулар


3-4 с



1

Ж

а

р

ы

қ

т

а

р

2

с

е

й

с

м

и

к

А

л

ы

қ


3

ж

е

р

с

і

л

к

і

Н

у


4

с

е

й

с

м

о

г

р

А

ф




5

я

д

Р

о



6

л

и

Т

о

с

ф

е

р

а


7

м

А

н

т

и

я



8

ц

у

н

а

м

и


1. Жер сілкіну салдарынан жер бетінде ..... пайда болады?

2. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар қалай аталады?

3. Жер қыртысы мен жоғары мантиядағы кенет ығысу мен ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері?

4. Жер сілкінуді зерттейтін құрал?

5. Жердің ең орталық өзегі?

6. Жер қыртысының қатты қабығы?

7. Жер қыртысы мен ядроның аралығында орналасқан қабат?

8.Жер сілкінуден пайда болатын толқындар қалай аталады?

Жарайсыңдар! Қоржынымызға білім жинақталды . Жолға шығайық.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Балалар сөзжұмбықтың шешуінен құпия сөз жанартау дегн сөз табылды. Бүгінгі сабағымыз сонымен не туралы болады деп ойлайсыңдар. Жанартау. Дұрыс айтасыңдар бүгінгі сабағымыз жанартау туралы болмақ. Жанартау сөзін естігенде қандай әсерде боласыңдар, оны қандай құбылыс деп ойлайсыңдар? Иә, от шашқан таулар.

Дұрыс айтасыңдар, енді сіздер жанартау туралы не білесіңдер? Теледидардан, кітаптан жанартау туралы естігендерің, көргендерің оқығандарың бар шығар. Сол білгендеріңді мына кестедегі білемін бағанасын толтырыңдар.

Білемін

Білгім келеді

Білдім







Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы. «Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер» жоспары

1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы

2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар

3. Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы.

4. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер.(Жоспар оқулық мәтіні бойынша айтылады да, төмендегі қосымша мәлімет беріледі). танысамыз

Дәптерлеріңе сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.

Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан - от құдайы.

Әрқашан адамдарды неге жанартау атқылайтындығы ойландырған.

Жанартау - көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас , т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат - лава тасып төгілетін конус формалы тау. Жанартау атқылауы - күрделі, қауіпті әрі қорқынышты табиғат құбылысы. Тастар мен күлді 15-20 м кейде 45 м дейін биіктікке атқылайды

Жыл сайын 15-20 км3 - магма- литосфераға шығады, ауаға әртүрлі газдар тарайды.

Жанартау атқылауы - реттелмейтін, қауіпті, кездейсоқ жағдай.

Магма ошағынан жоғары қарай өңеші, яғни, жанартау көмейі кетеді. Көмей жоғарғыдағы тостаған тәрізді ұңғы - кратермен аяқталады. Жанартау атқылаудың алдында жер астынан гүріл естіледі, кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды. Бу мен күл биік бағана тәрізді көтеріліп, жоғарғы жағына бұлт түрінде жайылады. Күл өте ұсақ тозаңдардан тұрады, ол жанартаудың етегі мен маңайын қалың қабат құрап басып қалады. Жанартау үстінде пайда болған бұлттан нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Тау беткейінен күл араласқан лай тасқыны сел болып ағылады.

24 тамыз 79 жылы адамзат тарихында ең күшті қорқыныш пен үрейге толы - жанартау атқылауы болды. Ол Италияда Неаполитон шығанағының жағалауында.(Везувии).

Түтін бұлттары Күн көзін басты, кенеттен жер астынан гуіл естіліп, ошақтан тас пен тозаң атқылай бастады. Басында жанартаудан шыгатын түтін мен буға ешкім көңіл бөлмеді.

Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады. Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты бірақ тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады. Қала көшелерінде жанартаудың күлі басып қалды.

Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды.

Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті салынды. Бұл сурет қазір Мәскеуде Трьетяков галереясында сақтаулы.

Бірнеше ғасыр өткеннен кейін адамдар-археологтар - Помпей мен Геркуланум қаласын тапты. Қалыңдығы 15 м кул басқан екен.

Сөнген жанартауды қалай ажыратуға болады? Таудың конус тәрізді пішіні, басындағы кратер жанартаудың бір кезде белсенді әрекеті болғанын көрсетеді. Адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат жоқ жанартауларды сөнген жанартау дейді. Ал ұдайы атқылап жататын жанартауларды сөнбеген жанартаулар дейді.

1669 ж Этна жанартауының атқылауы салдарынан 100 000 адам зардап шекті.

1815 ж Тамбор жанартауы адамзат тарихындағы күшті жанартаулардың бірі -92 000 адам өлді.

1883 ж Кракатау 32 000 адам өлді.

Жалпы жанартау су астында да атқылап тұрады. 10-20% су асты жанартауының үлесіне тиеді.

Орташалары мен кішілерін қоспағанда 2500 ірі жанартау атқылауы болған.

Жанартауларды ұйқыға кеткен деп атаған дәлірек. Өйткені, әлі күнге дейін ешкім дәл басып айта алмайды. Толық зерттеліп болмаған.

Адамдар сөнді деп атаған жанартаулардан осы күнге дейін зардап шегуде.

Ең қорқыныштысы -Риус жанартауы 5 ғасырдан кейін атқылады. Колумбияда биіктігі - 5398 м.

Жанартау атқылауы - кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян келтіреді.

Иә, бұл тек сыртқы көрінісі ғана. Жанартау құртушы ғана емес сонымен бірге «Ұлы қалыптастырушылар» да болып табылады.

Ғалымдардың айтуы бойынша атмосфера, гидро және литосфера - миллиардтаған жылдар бойы жанартау атқылаудан қалыптасқан себебі осы қабықтарға қажетті барлық құрылымдар табылады.

Осы мәліметке сүйеніп егер жанартау атқыламаса - Жер бетінде тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады.

Жанартау атқылауы - аралдарды қалыптастырады. Ява аралында ең көп адамдар тұрады тығыздығы жоғары.

1. Құнарлы топырақ

2. Химия өнеркәсібіне қажетті шикізат мол болады

3. Құрылыс материалдары

4.Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады.

5.Геотермальды энергия береді

6.Ыстық бұлақтар - минерал тасымалдағыш.

Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады. Өсімдікке қажет құрылымдардың барлығы болады. Сондай-ақ ауа мен суды тезөткізетін топырақ қалыптасады. Осыдан 2 000 жыл бұрын Везувии беткейінде адамдар жүзімнен көп өнім алғандығы туралы мәліметтер сақталған. Қаншалықты қорқынышшты болғанмен қазірде Везувии бөктерінде адамдар тұрады.

Мерапидің беткейінде күріш және т.б. дақылдар көп өнім алған. Испанияда-астық, Орталық Америкада-кофе, Оңтүстік Жапонияда - табиғи агрохимиялық қызметіне пайдалану егістік жанартау лавасының алынған фосфор, калий тұздарымен байытылған.

Жанартаулы аймақтың құнарлы топырағы адамдарды өзіне еріксіз тартады.

Шығыс Африкада - натрий карбонаты-сода. (содовое озеро).

Сонымен бірге химия өнеркәсібіне қажетті -күкірт, нашатыр, құрылыс материалдары. Пемзо -Италияда, Арменияда, Камчаткада. Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. Мыс: Қазақстанда мыс кені ежелгі жанартаудың көмейінде қалыптсқан. Молибден, вольфрам, мырыш, мыс, сурьма, күміс,қорғасын, алтын және т.б. Орталық Америка мыс белдеуі - Чили-Перу.

Кордильерада 137 орталықта мыс өндіріледі.

Никарагуа мен Гватемалада - алтын өндіріледі.Камчаткада Толбачикте мыс-мырыш-қорғасын рудалары қалыптасқан.

Авачин мен Ключи 100 000 т руда шығады.

Қиыр Шығыс өзендерінде көп болады. Жорамал бойынша күн сайын 56 т аллюминий, 36 т -темір ағызады екен. Курил өзендерінің барлығы дерлік металл тасығыш деп есептеледі.

Міне, табиғат берген осындай байлықтарымен қоса ең маңыздысы олардан алынатын -геотермальды энергия.ГеоТЭС-Жапония,Филлипин.АҚШ 1200 ыстық бұлақ бар,оның 100-нің суы қайнаған.Калифорния,Невада,Оригон,Монтана штаттарында.Осындай байлыққа Мексикада бай.Камчатка ,Исландияда-Рейкьявикте үйлердің -90 % жылытылады ыстық бұлақтардан шыққан сумен.

Жер бетінде жанартаулардың таралуы жер сілкіну және тау түзілу аймақтары болып келеді. Жанартаулар құрлықта ғана емес срнымен қатар мұхиттарда мен теңіз түбінде де болады. Жер шарының кейбір аудандарында жер асты суының температурасы жоғары болады және оның құрамында еріген түрде әр түрлі тұздар мен газдар кездеседі. Оларды минерал сулар дейді. Жанартаулық әрекеттердің бір көрінісі - гейзерлер. Гейзерлер дегеніміз мезгіл- мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын көз.

Жанартау туралы

ІV

  1. Жанартау қалай пайда болады?

  2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.

Жанартауды не үшін зерттеу керек? Қорыту сонымен бүгінгі сабақта Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартауды зерттеу не үшін қажет, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы айттық кімде қандай түсінбеген сұрақ бар.

Бекіту. Ендеше мына сұрақтарды қарастырайық.

1. Жанартау қалай пайда болады?

2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.

3. Жанартауды не үшін зерттеу керек?

4. Жер бетін қалыптастырудағы жанартаудың ролі қандай?

5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

Оқушылар тапсырманы орындайды.

V

Оқулықтағы осы тақырып бойынша берілген мәтінді оқу және түсіну. Үйге тапсырма беру. Параграф 21.Кескін картаға жер сілкінудің жиі қайталап тұратын аймақтарын және жанартаулардың таралуын көрсетіңдер. Жасаған карталарыңды физикалық картамен салыстырып, сейсмикалық және жанартаулы аймақтар орналасуының жер бедерімен байланысын анықтаңдар. Бұрын жанартау атқылаған жерге тап бодың дейік. Оның сөнген жанартау екендігін қандай белгілері бойынша дәлелдер едің?

Мұғалімді тыңдап, күнделігіне жазып алады.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



© 2010-2022