«Эрудит» интеллектуалды ойыны жоспары

Мақсаты:  Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын оята отырып, жан-жақты дүниетанымын кеңейту, әр елдің, сондай - ақ өздерінің туған ата мекенінің қызықты да күрделі географиясын қалай меңгергендіктерін бақылау, жаңаны білуге қызықтыру, тез ойлана білуге үйрету, географиядан алған білімдерін ортаға салуға үйрету, дағдыландыру. Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар дүниетанымы кеңейеді; 2. Жаңаны білуге қызығушылықтары артады; 3. Оқушылар ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерлікке, қиындықты ойлана...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 11 сынып ЖМБ.

Тақырыбы: «Эрудит» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын оята отырып, жан-жақты дүниетанымын кеңейту, әр елдің, сондай - ақ өздерінің туған ата мекенінің қызықты да күрделі географиясын қалай меңгергендіктерін бақылау, жаңаны білуге қызықтыру, тез ойлана білуге үйрету, географиядан алған білімдерін ортаға салуға үйрету, дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылар дүниетанымы кеңейеді;

2. Жаңаны білуге қызығушылықтары артады;

3. Оқушылар ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерлікке, қиындықты ойлана отырып шешуге үйренеді;

4. Логикалық ойлауын дамыта отырып география пәніне танымдық қызығушылығы артады.

Пәнаралық байланыс:Дүниежүзі тарихы мен мәдениеті, Қазақстан тарихы мен мәдениеті.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастырушылық. 2.Оқушылармен амандасып, сыныпты 3 топқа бөлу, әр топтың атауы,эмблемасы болу.

Мұғалім сөзі: Армысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс іс-шара 11сыныптармен алып отырмын,себебі: осындай іс-шара негізінде де ҰБТ-ге дайындалу барысын кеңейту мақсатында. Таңдау пәні география таңдаған 5-оқушы .сол оқушылармен жан-жақты жұмыс жасау барысын әрі сыныптың білім деңгейлерін ,қызықты да күрделі географиясын қалай меңгергендіктерін бақылау, жаңаны білуге қызықтыру, тез ойлана білуге үйрету, географиядан алған білімдерін ортаға салуға үйрету, дағдыландыру Сайыстың атауы «Эрудит» интеллектуалды ойын

8-таблоннан тұрады.

1 - таблон. «Тәуелсіз Қазақстан»

2 - таблон.. «Зерттеушілер»

3 - таблон.. «Әлем қалалары»

4 - таблон.. «Әлем елдері»

5 - таблон.. «Өнер»

6 - кезең. «Ғылымдар патшалығы»

7-кезең. « Әлемнің жеті кереметі»

8-кезең. « Табиғатты қорғау»

Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, «Эрудит » құпиясын ашып көрейік,ол үшін бұл сайысты осы 11 сыныптың үлгілі,озат оқушыларының бірі: Рахманбердиева Ақжан, келешекте журналист мамандығы таңдаған,ал Ақжан сөз өзіңде.іске сәт!

Жүргізуші:

Алғырлар мен тапқырлар келді міне

Бар өнерді ортамызға салмаққа.

Ал, кәнеки, шығады кім ортаға

Біліміне сенімділері қорқа ма?

Бастайық енді ойынды бөгелмей біз

Отырсын сайыскерлер партаға.

Әділқазы алқасы емес нанымпаз,

Кім көп білсе сол болады жеңімпаз.

Жүргізуші: Сайысымыз негізгі үш кезеңнен тұрады: 1-кезең «Сиқырлы ұяшықтар» деп аталады, 2-кезеңіміз «Бұл қай қала?» деп аталса, соңғы кезең «Тарихи тұлғаны таны» деп аталады. Әр кезеңде берілген дұрыс жауаптарға сәйкесінше ұпайлар беріліп отырады. Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділ - қазылар алқасын сайлап алайық.

Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Су да ағар таулардың саласымен.

Қара қылды қақ жарар алдарыңда,

Таныстырайық әділ қазы алқасымен .(Қазыларды таныстыру)

1.Директордың әдістемелік жұмыстарының орынбасары:Ахметова Л.Ш .

2 №1 мектептің география пәнінің мұғалімі.Сәуле Құлатаевна

3. №15 мектептің география пәнінің мұғалімі.Доғарова Фазира Ұзақбекқызы

Сайысты бастау:

1-кезең: «Сиқырлы ұяшықтар». Бұл кезеңде тақтада көрсетілген әр түрлі тақырыптарға сәйкес ұяшықтарын таңдап, әр топтағы үміткерлер кезектесіп жауап береді.

2-кезең: «Бұл қай қала?». Бұл кезеңде әлемге әйгілі қалалардың суреттері және үш қаланың атауы беріледі, суреттегі белгісіз қаланы табу қажет.

3-кезең: «Тарихи тұлғаны таны». Бұл кезеңде сайыскерлер география ғылымына үлес қосқан ғалымдар туралы қысқаша мәлімет арқылы белгісіз тұлғаны анықтау қажет.

Қорытынды. Әділ қазылар алқасы ұпай сандарын шығарып, жеңген топты марапаттайды.

Жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың, мың рахмет.



№7 орта мектебі КММ





«Эрудит»

интеллектуалдық - ойыны


(сабақтан тыс іс -шара)






«Эрудит» интеллектуалды ойыны жоспарыӨткізген:география пәнінің мұғалімі Кистаубаева Сауле.Каримовна.

Сыныбы:11 ЖМБ


Рудный қаласы

2014 - 2015 оқу жылы


© 2010-2022