Сабақтың тақырыбы: Жердің күг жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанғатаева Н.Е.

география пәнінің мұғалімі,

Атырау облысы

Атырау қаласы

№ 15 Абай атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Жердің күг жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері.

Мақсаты:
Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактвті тақта , глобус
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(15 мин) Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және рефераттарын қабылдау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Кескін карталарды тексере отырып, тақтаға шығарып оқушылардан саяхатшылардың жүзген, жүрген жолдары туралы сұрақтар қою. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Картадан саяхатшылардың жолдарын көрсету, түсіндіру.
3. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
(10 мин) Жердің Күн жүйесіндегі орны.
1. Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Бұрынғы білімдерін толықтыру. Күнді айнала қозғалысы және оның себебі, салдары туралы түсінік беріп, бірге талқылау. Интерактивті тақта арқылы суреттерді көрсету, оларды талдау.
2. Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жердің күн жүйесіндегі орнының тіршілік үшін маңыздылығы және оның себептерін түсіндіру. Басқа планеталармен салыстыру, оның айрмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға талпындыру.
3. Жердің пішіні мен мөлшері Оқушыларды Жер - шар тәріздес дене екенін дәлелдеуге сұрақтар қою арқылы талпындыру. Оның радиустарының өлшемдерін салыстырып, қорытындылату. Жер пішінінің маңызын сұрау, олардың жауабын салыстырып, толықтыру. «Геоид» ғылыми түсінігін енгізу.
4. Аристотель, Эратосфеннің меридиан ұзыныдығы қалай анықтағанын, Х.Колумбтың Америкаға саяхаты, Ф.Магелланның Жерді айналып шығу саяхаттары туралы слайд көрсетіп, жүрген жолдарын көрсету. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (10) Интерактивті тақтада берілген суреттерді талқылап, бүгінгі өткен жердің пішіні мен құрылысын еске түсіріп, оны бекіту. Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
(5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. Жер нешінші планета?
2. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
3. Жер қандай дене?
4. Жердің қандай өлшемдерін білесіңдер? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
(2 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин) § 3-4 оқу, 6 суретті салып келу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.



© 2010-2022