Разработка урока в 6 классе на тему: Повторение темы План и карта на казахском языке

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Жарма ауданы

«Георгиевка орта мектебі» ММ












Тақырыбы: «План және карта»

6 «Б» сыныбы






География пәні мұғалімі:

Нұрсұлтанова Нұргүл Маратовна










Қалбатау

2015







«План және карта» тақырыбының қайталау сабағы.


Мақсаттары:


  1. Оқушыларға «масштаб», «азимут», «горизонталь» және олардың түрлері туралы білім бер, сандық масштабты атаулық масштабқа, атаулық масштабты сандық масштабқа аудару, азимуттың бағыттарын анықтау, жердің сұлбасын бейнелеу, географиялық координаталардыанықтау тәсілдеріне үйрету.


  1. План және картаның айырмашылықтарын анықтап, географиялық картаның маңызы, қажеттілігі туралы ұғым беру.


  1. Балалардың ой-қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыту. Олардың алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалану мүмкіндігін арттыру.

Сабақтың түрі: білім және қабілетті актуализациялау сабағы.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, дүниежүзілік жарты шарлар картасы, фишкалар, атластар (6 сынып).





Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезені: Балаларды отырғызу, сабақ жоспарымен таныстыру. Бүгінгі сабақта әр жауапқа фишка беріледі (●-5, ■-4, ▲-3).

  2. Қайталау кезені: - Бүгінгі сабағымызда үлкен тарау «План және карта» қайталау үшін әр-түрлі тапсырмаларды орындаймыз. Ең алдымен ережелерді естеріне салындар (№1 слайд) - оқушылар берілген сөздерге ереже айтады:

Азимут

Масштаб

Масштаб түрлері

Деңгейлегіш

Планшет

Горизонтальдар

Бергштрих

Жердің планы

Жергілікті жерді бағдарлау

Географиялық координаталар

Географиялық бойлық

Географиялық ендік


Тапсырма.

Айналып шығу әдісін пайдаланып, оқушылардың саяхатын бейнелендер. Масштаб- 1: 10 000.

Оқушылар мектептен шығып (1-ші нүкте), оңтүстік-шығысқа қарай бет алды. 500 метр жүріп , жемісті баққа келді (2-ші нүкте). Азимут 90º-қа бұрылып, 400 метр өткеннен кейін қылқанды орманға жетті (3-ші нүкте). Бір-аз уақыт демалып, тура солтүстікке 350 метр өтіп, төбеге шықты (4-ші нүкте). Төбенің биіктігі 10 метр. Горизонтальдар 5 метр сайын өткізілген. Төбеден түсіп солтүстік-батысқа қарай 150 метр жүріп, бұлаққа келді (5-ші нүкте). Осында оқушылар 2 топқа бөлінді. 1-ші топ оңтүстікке 120 метр жүріп, көлге жетті. Көлдің жағасы батпақты екен. Ал 2-ші топ бұлақтан су ішіп, мектепке қайтып келді. Азимут және 5-ші нүктеден 1-ші нүктеге дейін қашықтықты анықтаңдар.

-Енді бір топ оқушылардың саяхатын бейнелеу үшін (Актив студио ашылады) ең алдымен: 1) дайындық жұмыстарды жасау (солтүстік-оңтүстік бағытын көрсету, берілген масштабты сандықтан атаулыққа аудару);

2) жердің сұлбасын бейнелеу әдісін таңдау (айналып шығу әдісі);

3) 1-5 -ші нүктеге дейін бір оқушыдан шығып, жердің сұлбасын бейнелеу (оқушылар берілген нүктенің азимутын, бір нүктеден екінші нүктеге дейінгі қашықтықты анықтап, шартты белгілерді салып отырады);

4) қорытынды жұмыстар (сызықтарды, сандарды, нүктелерді өшіру).


  • Саяхатты жасау бізге план ғана емес географиялық карта да көмектеседі. Планнан картаға ауысу үшін Венн диаграммасын құрастырыңдар (№2 слайд): оқушылар жердің планының және картаның ерекшеліктерін анықтап, салыстырады (масштабын, жер көлемін, шартты белгілерін). Сонымен бірге ұқсастықтарын анықтайды.

  • Жергілікті жерді бағдарлау үшін кез келген нүктенің географиялық координаталарын анықтауға болады (№3 слайд):


  • Ол үшін үш топқа бөлінеміз: 1, 2, 3 - ші қатар. Әр топ географиялық координаталарды анықтап тақтаға жазып отырады.

Жауаптарды 1-2, 2-3, 3-1 қатарды тексереді қателерін айтып отырады. Фишка беріліп отырады.

  • Берілген географиялық координаталардың географиялық объектілерді анықтау (№4 слайд). Әр топ анықтап, картадан көрсетіп отырады.

  • Саяхатшының қателерін түзетіңдер:

Біз Сидней қаласынан (150ºб.б. 20ºо.е.) солтүстік-шығысқа қарай Коралл теңізіне (100ºш.б. 15ºс.е.) жеттік. Оңтүстікке қарай жүріп Мариан шұнғымасына жеттік. Оның тереңдігі 10 033 метр. Оңтүстік-батысқа қарай бет алдық. Ең терең және тұзды мұхитты кесіп өтіп, Отты жер аралына (68ºб.б. 55ºо.е.) жеттік. Гибралтар бұғазынан өтіп, ең суық құрлыққа жеттік. Сол жерде пингвин мен ақ аюды фотосуретке түсіріп, Мадагаскар аралына (15ºш.б. 20ºо.е.) жеттік. Осында ұшаққа отырып, Қара және Каспий теңіздердің арасында орналасқан Анд тауларына (45ºш.б. 0º ендік) келдік. Басқа ұшаққа отырып, ЕҚЫҰ саммиті өтетін қалаға (?) келдік.


  • Тексеру:

Сидней қаласы 150ºш.б. 34ºо.е.

Коралл теңізі 155ºш.б. 15ºо.е.

Солтүстікте Мариан шұнғымасы 11022 метр.

Оңтүстік- шығысқа қарай Отты жер аралы.

Тынық мұхит- ең тұзды емес. Дрейк бұғазын кесіп өтіп Антарктидаға жетті. Ақ аю солтүстік полюста мекендейді. Мадагаскар аралы 45ºш.б. Кавказ таулары 42ºс.е.- Қара және Каспий теңіздерінің арасында орналасқан.

Астана (71ºш.б. 52ºс.е.)


  1. Сабақты қорытындылау (фишкаларды санап, бағалау; күнделіктерге, журналға бағаларды қойып шығу).


  1. Үй жұмысы - ережелерді қайталау, картамен жұмыс істеу

© 2010-2022