Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары (8 сынып)

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологиялық тренинг


21 сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары» өткен сабақты қорытындылау

Сілтеме

Жоспар, оқулық, қосымша мәліметтер, суреттер, слайд

Жалпы мақсаты

Атмосферадағы ауа айналымы, фронталды зоналарды білу, циклон мен антициклондардың айырмашылықтарын түсіну, суреттерді қолдану, республика аумағындағы ауа массаларының ерекшеліктері мен қалыптасуын түсіну.

Күтілетін нәтиже

Фронталды зоналарды, атмосферадағы ауа айналымы біледі, циклон мен антициклондардың айырмашылықтарын түсінеді, суреттерді қолдану арқылы жұмыс жасай алады.

Негізгі идеялар

Қазақстан аумағында қалыптасқан ауа массаларының түрлерін, олардың ел аумағына әсерін, фронталдық зоналар дегеніміз не, циклон мен антициклонның ерекшеліктері мен олардың суреттері арқылы ажырату, сипаттама беруді үйренеді.

Оқыту құралдары

Қазақстанның климаттық карталары мен сызбалары

Тапсырмалары

Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар «Миға шабуыл»

Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» Жұмыс дәптері

Сұрақ-жауап «Не ұқтым?»

Кестемен жұмыс

Жұмыс дәптері

Тест тапсырмалары

І-тапсырма:

  1. Климат дегенеміз не?

  2. Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

ІІ-тапсырма:

Оқулық «Арман -ПВ» 100 бет 2 -кестені толтыру.

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)



Миға шабуыл.

1.Ауа массалары дегеніміз не?

2.Ауа массаларының қасиеттері

3.Атмосфераның жалпы алмасуы дегеніміз не?

4.Ауа массаларының трансформациясы дегеніміз не?

Мағынаны тану . ( мәтінмен жұмыс )

І-топ - Арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

ІІ-топ -Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

ІІІ- топ - Тропиктік арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау;

Әр топта сипаттама беру жоспары :

1) Ауа массасының қалыптасу орны. Қайдан келеді?

2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері

3) Қандай ауа райын қалыптастырады?

4) Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі?

5) Ауа райы қалай өзгереді? Антициклон , циклон , атмосфералық фронт


1. Қазақстан аумағына әсерін тигізетін ауа массаларының түрлері


2. Қайдан келеді?


3. Қандай ауа райын қалыптастырады?


4. Жыл мезгілдерінің қай кездерінде қандай ауа райы әкеледі?


Сергіту сәті

1.Антициклон (грекше anti - қарсы, cyclon - айналым) - біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады.

Циклон (гр. kyklon - айналушы, айналым) - атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады.

2.Жұмыс дәптер: Сызбалармен жұмыс жасап, циклон мен антициклонның қозғалысына сипаттама береді

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)

7. Жаңа сабақты бекіту:

1. Телеграмма

«Ертең облысымызда өтпелі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз болса, еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығыс өңірінде өтпелі атмосфералық фронттарда қандай ауа райы қалыптасады?»

2. Тест тапсырмасын орындау:

1. Ғаламдық климат қалыптастырушы факторды көрсетіңдер

А) географиялық ендік Ә) күн радиациясы б) жер бедері

2. Атмосферадан өтіп жер бетіне жететін радиация қалай аталады?

А) тура радиация, Ә) жиынтық радиация б) шашыранды радиация

3.Жиынтық радиациясының топырақ, су, қар жамылғысы сіңіріп жылыған радиация қалай аталады?

А) тура радиация Ә) шашыранды радиация б) жұтылған радиация

4. Ауа массасының бір жерден екінші жерге ауысуынан қасиетінің өзгеруі..... деп аталады.

А) трансформация ә) конденсация б) деформация

5. Қандай ауа массасы Қазақстан жерінде антициклондық ауа райын қалыптастырады?

А) тропиктік ауа массасы ә) арктикалық ауа массасы б) қоңыржай ауа массасы

6. Қазақстан жеріне батыстан ене отырып, жауын -шашын әкелетін ауа массасы?

а) арктикалық ауа массасы ә) тропиктік ауа массасы б) теңіздік қоңыржай ауа массасы

7. Қазақстанның оңтүстік облыстарына жаз айларында шаңды дауылдар мен аңызақ (ыстық жел) әкелетін ауа массасы?

А) тропиктік ауа массасы ә) арктикалық ауа массасы б) қоңыржай ауа массасы

Тест кілті :

1Ә,

2А,

3Б,

4А,

5Ә,

6Б,

7А;

Бағалау парақшасы

17-15 ұпай - «5»

11-14 ұпай - «4»

8-10 ұпай - «3»

1-7 ұпай - «2»

р/с

Оқушының аты-жөні

Өткен сабақ бойынша жауап беруі (5 ұпайға дейін)

Жаңа сабақ бойынша жауыптың нақтылығы (5 ұпайға дейін)

Дәптермен жұмыс (3 ұпайға дейін)

Телеграмма (2 ұпай)

Тест жұмысы (7 ұпай)

Қорытынды баға

1


2


3


4


5


6


7


8



Кері байланыс: стикерге бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді сал.



Атмосфералық фронт

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)

Циклон массалары құйын тәріздес қозғалыста болатын атмосфераның қысымы төмен аймағы

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)

Антициклон атмосфера қысымы жоғары аймақ Қысым орталығынан шетіне қарай азая береді

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)



Циклондағы ауа райы

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)


Антициклондағы ауа райы

Сабақ жоспары: Атмосфераның циркуляциясы . Ауа массалары (8 сынып)







Мұғалімнің сабағы туралы ой-пікіріңіз.


Қатысқан мұғалімнің аты-жөні:





Мұғалімнің сабағы туралы ой-пікіріңіз.


Қатысқан мұғалімнің аты-жөні:







© 2010-2022